III. Жаңа сабақты меңгеру
Алкандар – көміртектің барлық атомдары дара (σ-) сигма байланыспен байланысқан жалпы формуласы мынандай көмірсутектер CnH2n+2
Қарапайым қаныққан көмірсутек - метан адамдарға өте ерте кезден белгілі. Оны кен немесе батпақ газы деп атаған. Көміртек атомы гибридтелген күйде болады. Көміртекте бұрышы 109028/ минутқа тең, тетраэдр төбесіне бағытталған, 4 теңдей гибридтелген орбиталі бар. Метан молекуласының кеңістікте орналасуын көміртек атомының электрондық құрылысы анықтайды. С-Н барлық 4 ковалентті байланыстары көміртек атомының орбиталі мен сутек атомы орбиталінің қаптасуы арқылы түзіледі. Барлық байланыс сигма –түріне жатады. Сутек атомының ядросының центрі тетраэдр төбесінде жатады.
Егер көміртектің қалған валенттіктері сутек атомымен толығымен байланысса, бұларды қаныққан көмірсутектер, парафиндер, алкандар деп атау белгіленген.
Органикалық химияда бір кластың барлық заттарын бір қатарға жинақтауға болады, оны гомологтық қатар деп атаймыз. Бұл қасиеттері бірдей құрылысында бір немесе бірнеше -СН2- топқа айырмасы бар органикалық қосылыстар қатарын айтамыз. Бір гомологтық қатардың өкілдерін гомологтар деп атаймыз. Құрылымдық формула, қысқартылған құрылымдық формула, молекулалық немесе эмпирикалық формула.
Молекуладағы барлық байланыс бірдей. Егер молекуладағы бір байланысты үзсе әрбір атом жұптаспаған электроны бар екі бөлшекке айналады: сутек атомы, метил радикалы. Бұл гомолиттік айырылу. Енді екі метил радикалын қосамыз. Метан гомологы –этан алынады. Бірақ құрамдары бірдей құрылыстары әртүрлі заттар болады. Бұлар изомерлер. Бутан изомері молекуласындағы атомдардың байланысу тәртібі әртүрлі. Бұл құрылымдық изомерия. «Біріншілік», «екіншілік», «үшіншілік», «төртіншілік»:
1 2 3 4 5
СН3-СН2-СН2-СН2-СН3
1, 5 – біріншілік атомдар, бір көміртек атомымен байланысқан; 2, 3, 4 – екіншілік көміртек атомы, көміртектің екі атомымен байланысқан, үшіншілік үш атомымен, төртіншілік төрт атомымен байланысқан.
CH3 CH3 Біріншілік-1,6 радикалдардағы (барлығы-5)
6 5 4 3 2 1 екіншілік-5,3
H3C- CH2-CH-CH2 – C - CH3 үшіншілік- 4
CH3 төртіншілік-2
Достарыңызбен бөлісу: |