Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


«Әйел теңдігі» журналы мен ондағы көтерілген мәселелер



бет10/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

«Әйел теңдігі» журналы мен ондағы көтерілген мәселелер

«Теңдік» 1925 жылы 5 мамырда Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда шыға бастады. Газет редакторы Сара Есова болды. «Тендіктің» алғашқы нөмірінде жарияланған С.Есованың «Баспасөз күнінде» атты мақаласында газеттің негізгі мақсатын танытатын мынадай сөздер бар:

«...Бүгін еңбекшілердің туын көтеріп, алдағы істердің айқайшысы болып әйелді теңдікке, азаттыққа сүйрейтін «Теңдік» туып отыр. Бұл — зары кең даланы күңіренткен еңбекші қара шаруа әйелдерінің саңылауын ашып, оларды әлеумет ісіне араластырып, жұртшылық жұмысына жұмылдыратын көптің «Теңдігі». «Тендік» езілген әйел, қорлықтағы күндер тіршілігінің айнасы. Сондықтан жер-жердегі қара шаруа, еңбекші әйелдер газетті алдырып, өз тіршіліктерін жазып тұруды міндет санау керек".

Жеті нөмірінен соң «Теңдік» газеті 1926 жылдың шілде айында журналға айналып, «Әйел теңдігі» деп аталды. Журналдың бұлай аталу себебі, кеңес үкіметі түрлі заң шығарып, әйелдерге ерлермен тең құқык, берсе де, бас бостандығын ала алмай, мал бергеннің күңі болып жүрген әйел екі ауылдың бірінен кездесетін. Демек, әйелдердің бостандық, теңдік алу мәселесі әлі толық шешіле қоймаған.

Журналда партия тіршілігі бөлімі, дені саудын жаны сау, біздің жұмысымыз, әдебиет бөлімі, кітап сыйы, жастар бөлімі, әйелдерге кеңес, өнер-білім үйрену, заң бөлімі, сұрау-жауаптар, тілшілер бөлімі болды.

С.Сейфуллин, І.Жансүгіровтер де журналға алғашқы санынан бастап қатысып отырды. Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш шыққан қоғам қайраткері Алма Оразбаева, педагог-галым, жазушы-аудармашы, журналист Нәзипа Құлжанова, Мәриям Бектембекова, Зәйдә Ақышева, Зейнеп Тоқберлиновалар редколлегия мүшесі болды. Мәриям Хәкімжанова 1930 жылы осында жұмысқа орналасып, 1933 жылы журналдың жауапты хатшысы болды.

Журнал беттерінде Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейсенбай Кенжебаевтың, Алма Оразбаеваның, Сара Есованың қазақтың тұңғыш ақын қызы Шолпан Иманбаеваның, белгілі қоғам қайраткері Нағима Арықованың тағы басқа да көрнекті азаматтардың мақалалары басылған.

Қазақ әдебиетінің ірге тасын қалаушылар — Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов қатысқан журналдағы әдебиет бөлімі ең қызық.ты, тартымды бөлім болды. Осы аталған төрт алыптың бірсыпыра әңгімелері, позмалары, өлеңдері алғаш рет «Әйел теңдігінде» жарияланды. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» {№27} повесі мен «Раушан коммунист» (1928) повесі алғаш рет осы журналда басылды.

Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин журналдың шығарушылар алқасында мүше болумен бірге жас жазушылардың өлеңдерін түзетіп жариялағанда да көп көмек көрсетті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет