Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Тәуелсіздік жылдарындағы «Егемен Қазақстан» газеті



бет16/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Тәуелсіздік жылдарындағы «Егемен Қазақстан» газеті

Егемен Қазақстанның» тарихы 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынбор алғашқы саны жарық көрген "Ұшқын" газетінен басталады. Одан кейін газеттің аты бірнеше рет өзгерді. Басылым 1920 жылы "Еңбек туы", 1921 жылы "Еңбекші" қазақ", келесі жылы "Еңбекшіл қазақ", 1932 жылы "Социалды Қазақстан" деген атпен шықты. Ал 1937 жылы "Социалистік Қазақстан" болып өзгерілді де, осы атпен ол 54 жыл бойы жарық көріп тұрды.
1991 жылдың маусымында республика тәуелсіздік алуға санаулы айлар қалғанда басылымның аты "Егеменді Қазақстан" болып өзгертілді. Бұл кезде оның бас редакторы белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза еді. "Егеменді" – жаңа дәуірмен бірге қолданысқа жаңа ене бастаған сөз болатын. 1993 жылдың 1 қаңтарынан лингвистердің пікірлерінен туған талқылаудан кейін газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен басылым атауындағы "-ді" жұрнағы алынып, "Егемен Қазақстан" болып өзгерді. Осы атпен газет 23 жылдан бері шығып келеді.
2016 жылдың қыркүйегінен басылым жаңа дизаин, жаңа форматта және барлық беттері түрлі-түсті болып шыға бастады.
Алғаш жарыққа шыққан кезден бастап Қазақстанның астаналары ауысуымен бірге басылымның редакциясы да бірнеше рет қоныс аударып, әр кезеңде Қызылордада, Алматыда орналасты. 1999 жылы редакция Қазақстанның жаңа елордасы Астанаға қоныс аударды.
Газеттің бас ғимараты Астана қаласында, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13-үй мекенжайында орналасқан. Ғимарат газет редакциясы үшін арнайы салынған.
Алғашқы тарихынан бастап басылымда қазақ ұлтының ірі мемлекет қайраткерлері мен көрнекті қаламгерлері қызмет етті, газетке басшылық етті, өздерінің шығармаларын жариялады. Олардың қатарында Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов сияқты тұлғаларды атауға болады. Жаңа дәуірде "Егемен Қазақстанды" Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Сауытбек Әбдірахманов сияқты қаламгерлер басқарды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет