Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Қазақ журналистикасы тарихының 3 кезеңінде Алаш баспасөзі пайда болды



бет2/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Қазақ журналистикасы тарихының 3 кезеңінде Алаш баспасөзі пайда болды. Бұл кезеңде елімізде «Абай», «Сана» қоғамдық-саяси және әдеби журналы мен «Еркін қазақ», «Қазақ тілі» газеттері пайда болды.
Қазақ журналистикасы тарихының 4 кезеңі кеңестік баспасөзді қамтиды.

ХХ ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1917-1918 жылдары алғаш рет қазақ топырағында, қазақ тілінде бой көрсете бастаған большевиктік газеттер Кеңес өкіметі жылдарында ұзақ уақыт бойы елімізде шығып тұрған бірден-бір мерзімді басылымға айналды. Демек, бүгінге дейінгі бізге белгілі болған қазақ басылымдарының ішіндегі өмір сүрген уақыты жағынан да, саны мен көлемі жағынан да ең көбі большевиктік мерзімді басылым болып отырғандығы өмір шындығы.

Большевиктік баспасөз - қоғам дамуы барысында қалыптасқан тарихи жағдайға байланысты жүргізілген обьективті іс әрекеттердің субьективті жемісі. Басқаша айтсақ, большевиктер партиясының елімізде өкімет билігін толық өз қолдарына алуы салдарынан, елде орнаған жүйенің мақсатына сай жүргізілген саяси шараларға байланысты нақты субьектілердің (редакторлар, авторлар, баспагерлер т.б) іс-әрекетінің арқасында дүниеге келген жазба деректер. Большевиктер партиясының, олардың көсемі В.Лениннің мерзімді басылымға қаншалықты көңіл бөлгені, оны өз мақсаттарына жету жолында қалай пайдаланғандығы кеңестік тарихнамадан белгілі. Олар мерзімді басылымды коллективті үгіттеуші, коллективті насихаттаушы және коллективті ұйымдастырушы ретінде барынша тиімді пайдалана білді. Газет-журналдарды партияның қуатты қаруы ретінде алдымен патша өкіметіне, кейіннен уақытша өкіметке қарсы шеберлікпен қолданды. Қазан төңкерісі қарсаңында коммунистердің 75 газет пен журналдары болды, оның 25-і күнделікті еді. 1917 жылы қазанда олардың жалпы тиражы аптасына 3,5млн-ға жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет