Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


«Тәржіман» газеті – түркі тілдес халықтарға ортақ басылым



бет26/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

«Тәржіман» газеті – түркі тілдес халықтарға ортақ басылым

Исмаил Гаспринский 1883 жылдан бастап өзі түзген әліпби негізінде «Тілде, істе, пікірде бірлік» деген ұранмен «Тәржіман» газетін шығарып, мұсылман халықтарын саяси оянуға шақырады.

Ол туралы Ә.Бөкейхан: «Исмайыл мырза «Тәржіман»-ды өзі жазған, баспаханада харіпті өзі тізген, мәшинәда өзі басқан, газетаны өзі бүктеген, шаһардағы алушыларға өзі үлестірген. Сөйтіп бейнеттеніп жүріп «Тәржіман»-ның бір жағын орысша, бір жағын түрікше толтырып, жеті сайын шығарып, таратып тұрған», – деп оның газетті оңайшылықпен шығармағанын, газет шығару үшін қанша бейнеттенгенін атап өтеді.

Баспа үйін ашу, қағаз бен сия сатып алу, мақала жазу, газетті басу бір басына жүктеледі. «Тәржіман» бастапқыда аптасына бір рет шықса, кейіннен күн сайын шыға бастайды. Газет шыға бастаған кезде көпшілікті қызықтыратын, өзекті мәселелерді терең талдап, халыққа жариялап отырады. Ақиқатты бұлтартпасыз жазатын және халықты ойлануға шақыратын газет үкімет жауаптыларына ұнай қоймайды. Баспа үйі мен басушыны тексерулер, жазалау, тінтулер болады. Бірақ, бұлар Исмаил мырзаны тоқтата алған жоқ, қайта жігерін жанып, күшіне күш қосты.

Исмаил мырзаның бір ерекшелігі оның бірнеше тілді меңгергендігі болып табылады. Барлық түрік тілдерімен қатар орыс және француз тілін де жетік білетін.

Бірнеше тілден аударып «Тәржіманда» жариялаған бірқатар хабарлары арқылы бұлай жасай алмаған бауырларына көп көмек тигізді. Қазан төңкерісіне дейін «Тәржіман» секілді ұзақ мерзім, яғни 33 жыл бойы басылған басқа түрік-мұсылман газеті жоқ. Газет барлығы 35 жыл басылды, бұл жылдары түрік жұртына қызмет етті.

Бұл жан айқай жайлы Сұлтанмахмұт Торайғырұлы «Суыққа тоңып ыстыққа піскен, ащы-тұщыны ішкен дегендей көпті көрген қариямыз «Тәржіман» ақсақал 1331-інші номерінде жерді шарт жүгініп қолындағы мойыл таяғыменен жерді сабап, «Қазақ, қырғыз, башқұрттар-ау. Топырақ. Топырақ. Топырақ» деп сақалынан суы сорғалап бай-байлап отыр» деп оның сөздерінің қазақ ақсақалдарына ұқсамайтындығын, құрметке бөлену үшін айтылған жалаң, екіжүзді, бос сөздер еместігін, қолымен ұстап, көзімен көрген және басынан өткізген ащы тәжірибемен, ашына айтылған сөзге ұқсайтындығын қазаққа тағы да қайталап айтып жеткізеді.

Түркі халықтарының тағдыры, тілі, діні, салт-дәстүрі, тарихы, ауыз әдебиеті, аңыздары, мақалдары, ойшылдары, хандары және батырлары газеттің қозғаған маңызды мәселелері болып табылады. Бұл мәселелердің көпшілігінің қазірдің өзінде маңызын жоғалтпағанын және өзектілігін білеміз. Кедергі қойылғанына қарамастан «Тәржіман» қазақ халқының мәдениеті мен тарихымен де айналысты.

«Біздің Қырым жақта екі түрлі халық бар болатын. Біразы көшпенді еді. Солар жүз жылдың ішінде тарих бетінен жоғалып кетті. Ал, егін, бақшамен күн көріс жасағандар сақталып қалып, олардың сандары арта түсті.

Құдайға шүкіршілік, Торғай қырғыздарының ішінде егін ісімен айналыса бастағандар көп. Сырдария уәләяты, Ташкент және Шымкент қалалары қазақтарының арасында да бұл іс қолға алына бастады. Қырғыз-қазақ бауырларымыз әрдайым аман-саулықта болсын» деп егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа бет бұрған қазақ халқының ісіне қуанады.

Сонымен қатар қазақтардың жер мәселесіне бей-жай қарамай, өз ойын білдіреді: «Қырғыздардың өздерінен артылған жерлері бар болса және мемлекет істері үшін керек болса артық жер алынсын, көшіп келушілерге берілсін, алайда алынған жерлердің әділетті түрде құны төленсін, бұл қаражат қырғыз-қазақтардың түрлі қажеттіліктеріне, ғылым мен мәдениетті таратуға, балалар үйі мен ауруханалар салуға жұмсалуы керек.

Егер қырғыз-қазақтардың ешқандай жері болмай, барлық жердің мемлекеттікі екендігі анықталса да қырғыздарды ренжітуге болмайтындықтан оларға қажетті жерді және өзен жағалауларын көшіп келушілерге бермеу керек. Өйткені, қырғыздар да осы отанның ұрпағы. Солай емес пе?».

Исмаил мырза 1914 жылы 24 қыркүйекте қайтыс болған кезінде бүкіл мұсылман әлемі, әсіресе түрік халықтары қатты қайғырып, аза тұтты. Бұл қайғылы хабарға қазақ халқы да қатты қамықты. Мұны қазақ қаламгерлерінің жазған қазанамаларынан байқауға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет