Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ахуал және қазақ баспасөзі



бет58/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ахуал және қазақ баспасөзі

«Торғай газеті» көпшілікке пайдалы материалдарды қазақ әрпімен және араб әріптерімен қазақ тілінде жиі-жиі жариялап отырды. Әсіресе, сол кездегі жұртқа, эпидемияға байланысты материалдар, қоғамдық құбылыстарды сынайтын фельетондар, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап басып отырды.

Орыс алфавитін икемдеп, таза қазақ тілінде материалдар жариялау баспасөз тарихында осы «Тургайская газетадан» басталады. Орынборда шығатын баспасөз органдарына жетекшілік еткен Торғай облыстық басқармасының газет столының төрағасы Ә.Балғынбаев болды (1902—1906 жылдар), Ә.Балғынбаев туралы деректі толық болмаса да Қазақ Совет Энциклопедиясынан алуға болады (2-том, 128-бет). Онда оның журналистік қызметіне қатысты бір-екі сөйлем жазылған: «Торғай облыстық ведомостволары» газетінің редакторы (1902) Ә.Балғынбаев тек әкімшілік жұмыспен ғана айналыспай өзі де жиі-жиі мақалалар жазып тұрды. Қазақ тіліндегі материалдарды орыс газеттеріне аударып беріп отырды.

Ә.Балғынбаевтың публицистік қызметі «Тургайская газетаның» 1895 жылғы 45-нөмірінде «Қарабұтақтағы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы мақаласынан басталады.

«Тургайская газетаның» 1904 жылғы 48-санынан бастап Ә.Балғынбаевтың әлденеше нөмірге жарияланған «Қырғыз-қазақ тұрмысының очерктері» қосалқы тақырыпшасымен «Бесіктен молаға дейін» (От колыбели до могилы) фельетоны көшпенді қазақ халқының денсаулық сақтау ісінің кемшіліктерін өлтіре сынаумен бірге, олардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын тозығы жеткен көлеңкелі жағын әшкереледі.

Ә.Балғынбаев сол кездегі Орынборда шығып тұрған басылымдар ғылыми макалаларын және халық ертегілері, аңыз т.б. дүниелерді орыс тіліне аударып жариялап отырды.

Революциялық қозғалыс жылдарында «Торғай газеті» прогресшіл бағыт ұстады. Әсіресе қазақтың байлардан, патша самодержавиесінен көрген қорлығын сипаттайтын және сын нысанасына алған материалдар көптеп жарияланды.

«Серке» газсті 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция әсерінен шыққан басылым. Бұл газет жайында Б.Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзі тарихынан мәліметтер» деген кітабында бірталай мағлұматтар берілген.

«Серке» газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып, Петербургте шығып тұрған «Улфат» газетіне қосымша ретіндс Шәймерден Қосшығұловтың басқаруымен, Хажы Ибаргимовтың редакторлығымен шыққан. Патша орындарының рұқсаты бойынша алғашында екі жетіде бір шығатын болып анықталса да, бірақ «Серкенің» екі нөмірі ғана шығып, тоқтап қалған. Жазылу бағасы бір жылға 2 сом, жарты жылға 1 сом 25 тиын, жеке саны 10 тиын. Ал, бүгінгі таңда бұл газеттің жабылуына басты себеп белгілі ақын-журналист Міржақып Дулатовтың «Жастарға» атты өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласының жариялануы болды деген де дерек бар.

Начало формы

Конец формы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет