Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Камал Смайыл публицистикасы



бет61/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Камал Смайыл публицистикасы

Камал Смайылов 1932 жылдың 24 сәуірінде Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Сарлық ауылында туған. 1950 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика факультетінің журналистика бөлімінде оқыды. Студент Камал «Жас қалам» атты факультет қабырға газетінің бас редакторы болды. Соның бір нөмірінде оның Мұхтар Әуезовпен сұхбаты басылып, өзінің табандылығын танытқан еді. «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі, әдеби қызметкер болып жүргенінде жазған Камалдың публицистикалық туындыларында кең өріс алған көркемдік әдіс – реализм, яғни, сол заманның реализмі өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетті. Айналадағы өмірдің өзін терең ұғынып, күнделікті тіршіліктегі кейбір қарапайым адамдардың қатал тағдырына араша түсіп, шындықтың түйінін шешуге талпынды. Публицист қандай құбылысты, адамды болса да оқырманға көрсетерде қоғамдық, әлеуметтік тамырын, маңызын, пайдалы, зиянды жақтарын дәлелдеп, зерттеп барып ұсынғандығын байқаймыз.

Журналистік жұмысын «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болып бастаған ол кейіннен осы басылымның комсомол-жастар бөлімі жұмысын қолға алады. Камалдың жаңа ой, тың идеяға толы пікірлерінің нәтижесінде жастар газеті бетінде «Міне, комсомолдық істер!» деген арнаулы тұтас бет пайда болды. Ол кейін газетте тұрақты бөлімге, одан соң тұрақты айдарға айналып, республикадағы комсомол-жастар жүзеге асырып жатқан қыруар істердің сырын ашып, жанды тіршіліктерін бейнеледі. Бір алқа мәжілісінде К. Смайылов жергілікті жерлерге іссапарға шығатын редакция қызметкерлеріне міндетті түрде «Міне, комсомолдық істер!» деген айдарда кемі бір проблемалық материал жазуды жүктеу мәселесін көтерді. Кейіннен ол жүзеге асырылып, іссапарға барған журналистер айдарға материал жазуды дағдыға айналдырды.

Камал публицистикасында уақыт пен кеңістік, кешегі мен бүгінгі өмір шығарма идеясына қызмет етіп, кейіпкер психологиясы ашылады. Оқиғалардың уақыт тұрғысынан бұлайша аралас келуі, көркемдік құндылығы өз алдына, терең тарихи-философиялық мәні де бар. Камал шығармаларының негізгі обьектісі – адам мен қоғам. Бірқатар очерктерінде адамның сыртқы кейіп-кескінін суреттегенде портреттің негізгі өзегі автор концепциясымен астасып жатқанын байқайсыз. Камал шығармашылығында автор психологиясын білдіретін ішкі монолог, диалог, пейзаждар психологиялық әлемнің бейнелеуші-көркемдеуші құралдары әрі шығарма поэтикасының күшті компоненттері болып табылады. «Лениншіл жас» газетінде Капмалдың заметка, очерк, суреттемелерімен бірге, айтар ойы анық, осы кезге дейін өткірлігін жоғалтпаған өндіріс тақырыбындағы мақала, шолу, есеп, комментарийлері де аз емес.

Камал шығармашылығында тағы бір ескерер жай - ішкі қарама-қайшылыққа құрылған ой-толғаныстарында әлеуметтік, ар-ұждандық мәселелерге терең сезім толқынысымен жауап іздеу талабы байқалады. Публицистің позициясы, оның өмірге деген көзқарасы әдебиет пен өнердегі негізгі проблемалардың бірі – конфликт арқылы көрініс табады. Осы арқылы қаламгер қоғам дамуының негізгі тенденцияларын бойына жинақтаған типтік характерлер жасайды.

Смайылов шығармаларында теңеу, метафора, символдар да жиі кездеседі. Публицистік толғауларындағы басты нысана-қоғамдық шындық туғызған әлеуметтік-психологиялық қайшылықтарды сынау болғандықтан, басты екпіннің соған түсуі заңды да. Камал мақалаларында автор тарапынан баяндалып, расталатын сюжеттер көп. Нақты фактілер келітірп, тиісті құжаттармен куәлап, оқрманды лажсыздан сендіріп отырады. Оқиға деректілігін қоюландыра түсу мақсатында кейде бірінші жақтан баяндау тәсілін қолданады. Мұнымен қоса баяндаудың қолжазба хат түрін («Жолданбаған 27 хат»), күнделіктік түрін («Фильм осылай туады»), ауызша бяндау формаларын («Оянған ойлар») да әдемі қолданған. Баяндаудың мұндай әр алуандығы публицистік шығарманың әсерін күшейтіп, бір сарындылықтан арылтады. Публицист шығармаларының материалдық тіреші – деерктілік, ақиқат детельдарды тілге тиек ету, әр түрлі цифрлы дәйектерді пайдалану, өткенді еске түсіру, т.б.

Камал Смайыловтың очерктері арқылы қолғамның кез-келген саласына дендеп енуге болады. Автормен бірге оқиғаға тікелей қатысып, оның ой-толғаныстарымен, ішкі пайым-көзқарасымен еріксіз еріп отырасың. Оның очекртерінде әдемі пейзаж, сұлу сурет жоқ. Есесіне эмоциональды көркем-публицистикалық орманы талдаулар арқылы, оқиғалар мен құбылыстарды синтездеу негізінде толықтыруға тырысады.

1960 жылы жаңадан ашылған қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми-көпшілік, танымдық-техникалық «Білім және еңбек» (қазіргі Зерде) журналының бас редакторы болды. 1962 жылы Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланды. 1964 жылы КСР Министрлер Кеңесінің жаңадан ұйымдастырылған Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, соған қоса, бір мезетте 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының директоры, 1971 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, 1973 жылдан ҚР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 1980 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің телевизия және радиохабар жөніндегі Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болды. 1988 жылы «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), 1989 жылы «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналдарының бас редакторы қызметтерін атқарды.

Өзінің редакторлық жолы тұрғысында Камал Смайылов былай деп жазады: «Мен сонау «Лениншіл жастан» ауысып, тұңғыш қазақ ғылыми-көпшілік журналы «Білім және еңбек» ашылғанда, соның бірінші редакторы болып тағайындалдым. Ол – қазіргі «Зерде» журналы. Содан 1988 жылы Орталық партия Комитетінің бөлімдері қысқартылғанда мен «Енді журналистикама қайтарыңыздаршы» деп «Мәдениет және тұрмыс» журналының бас редакторы болып келдім. «Мәдениет және тұрмыс» журналы осыдан отыз жыл бұрын шыға бастаған. Бір ғажабы, журналдың басқа әріптестеріне қарағанда бағасы қымбат болса да, тиражы көп жылдар бойына 350-380 мың дана деңгейінде келе жатқаны. Демек, журнал өзінің ең алғаш, өз кезінде алдына қойған мақсат-міндетін орындап шықты деуге болады. Кейіннен атын «Парасат» деп өзгерттік, бағытын бұрды. Сосын мен «Қазақстан коммунисі» журналына бас редактор болдым» (151, К.Смайылов. 1992). Камал Смайылов қазақ телевизиясы саласында әуелі республикалық мемлекеттік комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Көп жыл бойы саяси-қоғамдық қызметтер атқарды: Орталық комсомол комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы болды. Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, С. Сейфуллин атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы-публицист шығармашылық өмірінде 300-ге жуық мақала жазып, 17 кітап жариялаған екен. «Сенің бақытың», «ХХ ғасырға саяхат», «Фильм осылай туды», «Өмірдің өзімен өлшесек», «Ғасыр қырқасында», «Оянған ойлар», «Жолданбаған 27 хат», «Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда» (Шерхан Мұртазамен бірге жазған), «Жеті қыр, бір сыр», «Қиғаш кітап» еңбектері жарық көрген.



Камал Сейітжанұлы Қазақ КСР Телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары болып, теледидар деген күрделі жұмыс саласында қызмет істеді. Ол жаңа идеялы телерадиохабарлардың өзегіне айналды, қарамағындағы жүздеген адамдардың ойына қозғау салып, тың талпыныстарға түрткі болды. Қазақ республикалық теледидарының тарихына енген «Айтыс», «Тамаша», «Терме», «Азия дауысы» секілді іргелі жұмыстар жоқтан барға айналып, жүзеге асырған К. Смайылов еді. Ол кино саласын да жақсы білетін. «Қазақфильм» киностудиясында өткізген жылдары «Қыз Жібек», «Атаманнның ақыры» секілді асулы фильмдердің бүкіл ұйымдастыру жұмыстарына ұйытқы болған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет