Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қоғамдық-саяси ахуал және баспасөз



бет11/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қоғамдық-саяси ахуал және баспасөз

Соғыс жылдарында аудандық газеттер бұрынғы қалпында сақталып қана қойған жоқ, қайта өсті. Соғыстың алғашқы кезінде олардың саны 196-ға жетті, 1941 жылдың мамыр айында бұған тағы да үш газет қосылды. Айрымашылығы бұрын күн сайын шығып тұратын басылымдар енді аптасына үш рет екі бет көлеммен басылатын болды. Қазақстанның ірі кәсіпорындарында 44 көп тиражды газет жарық көрді. Соғыстың алғашқы кезеңінде республика көлемінеде тарайтын 228 газеттің 126-сы қазақ, 96-сы орыс, үшеуі ұйғыр, екеуі өзбек және корей тілінде болды. Олардың жалпы тиражы соғыстан бұрынғы жылдары 2 100 мың дана болса, енді 700 данаға дейін кемітілді.

Соғыс басталымысымен баспасөздің бүкіл мазмұны уақыт талабына сай «Барлығы майдан үшін!, Барлығы жеңіс үшін!» деген айбынды ұранға бағындырылды. Мысалы, «СҚ» газетінің 1941 жылдың 22 маусымдағы нөмірі әдеттегідей бейбітшілік сарынмен шыққанымен, 23 маусымдағы нөмірі бүтіндей неміс-фашист басқыншыларының кеңес үкіметіне зұлымдықпен шабуыл жасауына арналды.

1942 жылдың екінші жартысынан бастап қазақ тілінде майдандық газеттер шыға бастады. Қазақ мемлекеттік кітап палатасының анықтамасына қарағанда Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ тілінде 16 газет шығып тұрған. Оның алғашқысы Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивыизияның «Отан үшін» газетінің 1944 жылдың тамыз айының соңына дейін 109 нөмірі жарық көрген. Басылымның жауапты редакторы жазушы Л.Макеев, оның орынбасары журналист Қ.Сағынгдықов еді. Екінші «Отан үшін» газеті 1942 жылдың шілде айынан бастап Солтүстік-батыс майданында шыға бастаған. Оның 1943 жлдың қараша айына дейін 108 нөмірі жарық көреді. Газеттің алғашқы жауапты редакторы Н.Кружков, Д.Ускалаев болған. Олардың орыбасарлары К.Усманов, Ж.Молдағалиевтер еді.

Екінші Белорусь майданының басылымы «Майдан ақиқаты» солтүстік-батыс майдан таратылғаннан кейін «Отан үшін» газетінің орнына 1943 жылдың қараша айынан бастап шыға бастаған. Редакторы журналист Ахмет Елшібеков болды. Газет аптасына екі рет, 1945 жылдың маусым айына дейін «Неміс аккупанттарына өлім» деген ұранмен жарияланып тұрған.

Соғыс жеңіспен аяқталған соң бұрынғы Екінші Белорусь майданының аты жаңадан «Әскерлердің соллтүстік тобы» деп аталады да, осыған байланысты «Майдан ақиқаты» газетінің аты «Жеңіс туы» деп өзгертіледі. Бұл басылымның 1946 жылдың күзіне дейін 86 нөмірі жарық көреді де тоқтатылады. Онда әдеби қызметкер міндетін атқарғандар: С.Сейітов пен Ж.Молдағалиев.

Украин майданының органы «Сталин туы» газеті 1941 жылдың екінші жартысынан бастап Сталиград майданында шыға бастаған. 1943 жылдан бұл басылымның жанынан өзбек, татар, қазақ тілдерінде әскери газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі «Сталин туы» 1943 жылдың ақпан айынан бастап екі бет көлеммен өмірге жолдама алған.

«Қызыл Армия» газетінің тарихы 4-Украина майданының таратылуына байланысты басталады. Сөйтіп «Сталин туы» газетінің қызметкерлері 1-Белорус майданының қарамағына жіберіледі. 1-Белорус майданының органы «Қызыл Армия» газеті 1944 жжылдың 4 қарашасынан осылай жарыққа шығады. Газетте М.Дінішев, Қ.Әбдіқадыров, Т.Ақшолақов, З.Тұрарбеков қызмет істеген. Кейін басылым «Совет армиясы» деп өзгертілді.

Волхов майданының органы – «Майдан правдасы» газеті 1942 жылдың 30 қарашадан бастап шықты. Жауапты редакторы К.Павлов, орынбасары Н.Қорабаев. Газеттің 1942 жылы 9, 1943 - 101, 1944 - 14 нөмірі жарық көрген.

«Отан үшін ұрысқа» газеті жоғарыдағы газет қызметкерлерінің күшімен Карелия майданының органы ретінде 1944 жылдың 1 сәуірінен бастап, аптасына екі рет, екі беттік форматпен шыға бастаған.

«Отан қорғауда» газеті Ленинград майданының органы болып есептеледі. 1944 жылдың 3 қаңтарынан қазан айына дейін оның 84 нөмірі жарық көрген.

«Совет жауынгері» газеті 3-Украина майданының органы ретінде соғыстын алғы шебінде шығып тұрған. Мұнда Б.Момышұлының «Біз ұрыстарда ер жеттік» мақаласы жарияланған.

«Жауды жоюға» және «Жауға қарсы аттан» газеттері Брянск майданында шыққан. «Жауға қарсы аттан» 1-Прибалтика майданында шығарылған. Газеттің әдеби тілшісі Д.Әбілев болған.

«Дабыл» газеті қиыр шығыс майданының органы. Бас редакторы С.Устинов, Орынбасары А.Жүсіпов, Е.Қалиев. 1944 жылы қыркүйек айына дейін 74 нөмірі жарық көрді.

«Суворовшы» - 2-Прибалтика майданының органы. Газеттің редакторы Н.Бубнов, орынбасары Т.Мұсақұлов.

«Сталиндік жауынгер» және «Суворовшы қыспақ» газеттер Приморье тобы әсчкерлерінің органы. Екіншісі Забайкал-Амур әскери округінің органы. Алғашқы басылымның 1945 ж қазан айына дейін 80 нөмірі шықан.

«Қызыл әскер ақиқаты» - батыс майланының органы. Редакторы: Я.Форменок, Б.Юнусалиев, әдеби қызметкерлері Ғ.Әбішев, Т.Мұқанов, Қ.Нұрмұқановтар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет