Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


«Қазақ» газетіндегі тіл мәселесіне қатысты мақалалар



бет12/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

«Қазақ» газетіндегі тіл мәселесіне қатысты мақалалар

«Қазақ» газеті Алаш басылымдарының ішінде тіл мәселесін ең көп жазған және талдаған басылым. Әсіресе қазақ емлесіне байланысты А.Байтұрсынұлының, Ә.Бөкейханның, Шәкәрімнің және тағы басқа көптеген авторлардың мақалалары жарық көрді. Газеттегі тіл мәселесіне қатысты алғашқы мақала «Оренбург. 10 февраль» деп аталады.

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нəрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер əуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. Қазақтың осы күнгі ісінің бетіне қарағанда һəм мұнан былай ісіміздің беті осы болса, қазақ тілі азып жоғалуға ықтимал. Біз келімсек жұрттан кем болмас үшін оқымай тұра алмаймыз. Оқымасақ басқалармен қатар тіршілік ете алмайтынымыз сүттей ақ, күндей жарық. Оқығанда ісіміз осы қалпында болса, тіліміздің азып жоғалуы да анық. Қазақтың балалары қалай оқып жүр?» ,- деп жазылған аталмыш мақалада. Сол кездегі тілдің ауыр халіне алаңадаған алаш арыстары «Біздің газетіміздің таңбасы «Қазақ», яғни қазақтығымызды сақтау Қазақтық əрине аты мен тілі жоғалмаса сақталады. Бұл айтқанымыз русша, я басқаша оқымасын деген емес, русша тілін де білу керек. Бірақ өз тілінен жиренбеске керек деген сөз. Тұтынбаған нəрсе жоғалады. Он жыл, он бес жыл еңбек етіп, қиналып рус яки əдеби тілдерді үйренгендерге өз тілімен жазуды үйрену қиын деп ешкім айта алмас. Русша біздің де, əдеби тілді білудің де орындары бар. Біздің қарауымызша оларды өз орындарына жұмсау тиіс. Ақырында айтатынымыз, əдеби тілді сүйетін бауырларымызға газетті қазақтың қара тілімен жазғанымыз ұнамсыз көрінсе, ол кемшілігімізге кешу өтінеміз. Жұрт үшін шығарылған нəрсе жұртқа жақын болуы тиіс. Аспандағанмен жерден алыс кете алмаспыз. Артылдық дегенмен елден алыс кете алмаспыз», - деп аяқтайды. Мақаалның жазылу стиліне қарап, А.Батұрсынұлы екенін жазбай тануға болады.

Келесі бір «Жазу мәселесі» атты мақалада қазақ дыбыстарына байланысты жазылған. Араб қарпімен қазақша жазудың ерекшеліктерін талдай келіп, Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған әліпбидегі дыбыстардың айтылуы мен жазылуына байланысты қарама-қарасы пікірлер жарияланған.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет