Рақымжан Дүйсенбаев публицистикасы
«ДУГ» - тың журналистік мектебінде шыңдалған талантты публицистердің бірі – Рахымжан Дүйсенбаев. Оның қызмет істеуі Р. Дүйсенбаев үшін үлкен мектеп болды. газетте Шоқан, Ыбырай, Абай салған ғартушылық дәстүр ашық жалғасын тапты. Сол кезде ағартушы – публицист ретінде елге танытқандардың бірі осы – Рахымжан Дүйсенбаев еді.
Ол қазақ хзалқының ұлт ретінде дамуының және жер бетінде сақталып қалуының негізі – дамыған алдыңғы қатарлы экономикада деп білді. Оның «Мал шаруасы осы бойында тұрғанда қазаққа пайдалы ма?» атты тақырыпта зерттеу негізінде жазылған. Автордың ойынша әрі таптық, әрі отарлық қанауға ұшырап отырған қазақ халқын басқа ұлттар қатарына ешкімде жеткізбейді. Халықтың өзі шын талаптанғанда ғана жақсылыққа қол жеткізеді. Көшпеліліктің салдарынан заман ағысына ілесе алмай келе жатқан қазақ халқы отырықшылыққа бой үйретуі керектігін айтады. Отырықшы болайық, бір жұтта малдан айырылып қалмас үшін қысқы азықты жазда дайындайық, қора салайық. Арзанға кетпесін десек, малдың тұқымын жақсартайық, малдан алынатын өнімді өзін өңдеп, ұқсата біл – деп Дүйсенбай публицист елді осындай іске бар ынта-жігерімен шақырады. Р.Дүйсенбай қай мәселені қозғаса да қай тақырыпты қамтысада жеріне жеткізе жаздады. Ащы тілмен өткір ойларымен ақиқаттың алдаспанымен кемшілік атауын тіліп түседі. Бұл оның батылдығын көрсетіп қана қоймайды, ел ішіндегі қиюы кеткен қисынсыз жәйттарды ыза-кегін аңғартады. Ол ертегі мысалдар жазып, қазақ өміріне бейімдеп жариялау арқылы да қоғамдық пікір қалыптастырады. «Қайырымсыз патшадан қулығын асырған уәзір туралы», «Түйе, түлкі һәм жолбарыс», атты ертегілерінде ақылдының күштіні жеңгендігі туралы қорқаулық пен жауыздық, жасырын зымияндық жайында сөз қозғайды. «ДУГ» бетінде білікті жазушылардың ертенгіні көптеп жазуында үлкен мән бар. Қазақ оқығандары, ертегі, мысал арқылы астарлап болса да патшалық ресейдің отаршылдық саясатын бейбаспақ әрекеттерін сынға алып отырады. Бұл елге өз ойын жеткізудің бірден бір төте жолы болатын. Дүйсенбаевтың да ертегі-мысал жазудың да басты себебі сол. Оның ертегілерін шартты фельетонның ертегі түріне жатқызуына әбден болады.
Достарыңызбен бөлісу: |