Дінмұхамед Сұлтанғазин публицистикасы
Дінмұхамед Сұлтанғазин - журналист, аудармашы. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың немере туысы. Томск университетінде оқыған.
Көп жылдар "Дала уәлаяты" газетінде аудармашылық қызмет атқарған. Оның газетке басылған мақалаларының қай-қайсысынан да прогрестік, ағартушылық идеяны байқауға болады. Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласындағы істерін қолдап, оны қай жағынан да өзіне ұстаз тұтқан. Қазақ тілі туралы көлемді мақалалар жариялап, оның сол кездегі жағдайына, болашағына дұрыс талдау жасаған. Оның шет ел сөздерін орынсыз алудың дұрыс еместігі, алған кезде оны қалай транскрипциялау керектігі, қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен ерекшелігі, араб әліпбиінің қазақ сөздерін жазуға келе бермейтіндігі сияқты пікірлері әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |