Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Сұлтанбек Қожанұлы – публицист



бет80/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Сұлтанбек Қожанұлы – публицист

Қазақ баспасөзінің тарихын өз кезеңі үшін орны зор, мәні үлкен ұлттық баспасөз органдары «Бірлік туы», «Ақ жол» газеттерінің редакторы болған, басқа да басылымдардың беттерінде ой – пікірлерін білдіріп отырған, қоғам тағдырына жіті үңіле білген ірі қайраткер Сұлтанбек Қожановтың еңбсктерінсіз, оның есімінсіз көзге елестету мүмкін емес.

С. Қожановтың «Жалаң ұрандардан іске көшу керек», «Кешіктірмей келісу керек», «Партия бастасын», «Тағы да атқамінерлер пайдаланып кететін болды», «Ұлт мәселесі — іс мәселесі», «Көп жұмылса іс бітеді», «Оқытушыларды ескеру керек», «Менің жауабым», «Тілмаш жайынан», «Бас пайдаңды көзде», «Съездер тақырыбы», «Жақындық па, жалақорлық па?», «Еңбек еткен алады», «Өзінен кеткендік», «Сайлау науқанында», «Егістік –шабындық жерді бөлу туралы» деген мақалалары және «Түркістан автономиясы қалай құрылды?» сияқты еңбектері түбегейлі зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Ол алдағы күннің міндеті десек, тап қазір кейінге қалдырмай мойындап, әділ бағасын беруге тиісті мәселеміз — Сұлтанбек Қожановтың халық қамын жеген зор қайраткерлік қызметімен қатар қазақ баспасөзінің негізін салып, алғаш туын тігіскендердің бірі болғандығы. Және алуан тақырыпқа қалам тартып, жас буын журналистерді баулуға, ұшан – теңіз еңбек сіңіргендігі




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет