Кажыбаева Гульнар Рапиховна Көкшетау қаласы «Балапан» бала бақшасының тәрбиеші әдіскері



Дата01.05.2017
өлшемі201,91 Kb.
Кажыбаева Гульнар Рапиховна

Көкшетау қаласы

«Балапан» бала бақшасының тәрбиеші - әдіскері
Сиқырлы аралдар
Білім беру саласы: таным

Бөлімдері: математика, айналамен таныстыру, құрастыру, экология.

Тақырыбы: «Сиқырлы аралдар»

Мақсаты:

1. Балалар түрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін жинақтау.

2. Балалардың сөйлеу әрекетін, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту.

3. Балалар арасындағы қарым-қатынас, қиын кезде біріне-бірі көмекке келу, сыйластықты қалыптастырып, бауырмал болу сезімдерін тәрбиелеу.



Көрнекі кұралдар: сұрақтар жазылған карточкалар, сандық жұмбақ, сиқырлы қорап, сабақ мазмұнына байланысты слайд.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Шаттық шеңбері:

- Балалар, қандай жарқыраған көңілді күн бүгін. Бізге беріп тұрған жылуын сезіп тұрсыңдар ма? Балалардың жауабы. Олай болса бәріне сәлем жолдайық.

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел, қосылып айтайық бір- бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Қонақтардың бәріне айтамыз біз...

Балалар: Сәлем!

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін керемет те, қызықты, ал кей кездері қауіпке толы саяхатқа шығамыз. Орнымызға жайғасайық.

(Теңіз толқын дауысы шығады)

Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңдаршы, бір дыбыс шығады, ол ненің дыбысы екен?

Балалар: судың, көлдің, теңіз толқыны.

Тәрбиеші: Балалар экранға назар аударайық, қараңдаршы теңіз толқыны жағаға бір ескі құпиялы бөтелкені шығарып тастады. Оның ішінде бір нәрсе бар. Кәне, оны ашып не екенін көрейік.



  • Бұл карта

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл ескі карта, оны біз дұрыстап қарастырайық, бәрімізге көріну үшін картаны экранға қосайық. Балалар бұл картада не бейнеленген?

  • Аралдар, жол бағыты.

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл картада аралдан аралға дейін салынған жол бағыты. Ал соңғы аралда не көріп тұрсыңдар?

  • Сандық.

  • Ал сандықта не болуы мүмкін?

  • Қазына

  • Дұрыс. Картада қазына қайда жасырылғанын көрсетеді, бірақ ол қазынаға жету үшін біз аралдарға саяхат жасаймыз. Әр аралда біздерді қиын және өте қызық тапсырмалар күтеді. Ал, ол тапсырмаларды тек ұқыпты, ақылды, алғыр, тыңдай білетін, ойлай білетін балалар орындай алады. Тапсырмаларды орындап, мына сандыққа келетін кілтті табамыз.

  • Сендер саяхатқа дайынсыңдар ма?

  • Сапарға немен аттанарымызды бірінші тапсырманы орындалғаннан кейін білесіңдер.

  • Алдарыңда жатқан қағаздарға қараңдар.Олардың бетінде нүктелер мен цифрлар салынған. Енді назарымызды экранға аударайық және мұқият тыңдаймыз: Нүктелерді тік сызықтармен сандардың орналасу ретімен қосу қажет.

  • Мұқият қараймыз: сол жақтағы нүктелерді төменнен жоғары қосамыз (1-ден 10-ға дейін), ал оң жақтағы нүктелерді жоғарыдан төмен қосамыз ( 10-нан 1-ге дейін).

(балалар тапсырманы орындайды, баяу музыка ойнап тұрады).

  • Балалар, сол жақтағы нүктелерді қай тәртіпте қосқандарыңды кім айтып береді?

  • Бұл есеп қалай аталады? (тура есеп санау)

  • Ал оң жақтағы нүктелерді қай тәртіпте қосқандарыңды кім айтады? (кері есеп санау)

  • Тапсырманы өте жақсы орындап шықтыңдар, қағазымызда қандай зат пайда болды?

  • Кеме.

  • Ал енді өзімізді теңізшілер ретінде сезініп, сиқырлы аралдарға кемемен саяхатқа аттанайық ( музыка). Міне, ғажап, біз бірінші аралға келдік.

  • «Жалғыз қалған балалар аралы» Ойын: «Шешуін тап»

  • Балалардың ата-аналары алыс сапарға кетіп қалыпты. Қашан келетінін балалар білмейді екен. Біздің мақсатымыз олардың ата-аналары қай күні келетінін анықтау.

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Апта күндерін атап беріңдер?

  • Дүйсенбіде олар рация арқылы байланысқа шығып: «Бүгін, ертең, бүрсүгіні келмейміз. Жұма және келесі екі күн қатты теңіз дауылы болады, біз жолға шыға алмаймыз...», осы жерде байланыстан ажырап қалған екен. Енді балалары ата-аналарының қай күні келетінін білмейді. Оны анықтау үшін мына белгілерге қарайық.

(Апта күндері нүктелермен белгіленген, келмейтін күндерді сызып тастау керек) Алдымен, бірінші, екінші...деп санап шығады.

Жауабы: ата-аналар бейсенбі күні келеді.



  • Өте жақсы, тапсырманы орындадыңдар, сондықтан бірінші кілтті алуға болады.

  • Ал біздің саяхатымыз жалғасады.

  • Келесі арал бізді «Бұл не?» деген ойынға шақырады. Бала аңнын маскасын киеді, басқалары маскаға сипаттама береді. Маска киген бала сипаттама бойынша қандай аң екенін айтып береді.

  • Өте жақсы. Бәрін орындап шықтыңдар. Арал тұрғындары бізге келесі кілтті сыйлады. Балалар, бұл нешінші кілт?

  • Екінші

  • Арал тұрғындары бізді биге шақыралы (Сергіту сәті «Чунга-чанга»)

  • Міне, келесі аралға да келіп қалдық. Мына жерде бәрі ойдағыдай емес. Неге, балалар?

  • Өйткені, бір белгі естіп тұрмыз, бұл ерекше белгі

  • Мұндай белгіні қандай жағдайда береді? Кім біледі?

  • Бұл аралға көмек қажет. Ендеше, арал тұрғындарына көмекке барайық.

  • Бұл аралда не болып жатыр екен сонда?

  • Құстар суда, ал балықтар аспанда.

  • Балалар, шын мәнініде қалай болу керек?

  • Керісінше. Құстар –аспанда ұшу керек, ал балықтар суда жүзуге тиісті.

  • Қараңдар, бұл аралда тағы не болып жатқанын.

  • Түнде күн жарқырап тұр.

  • Ал, түнде аспанда не болу керек?

  • Ай болу керек.

  • Мұнда қараңдар. Жазда қар жауып тұр. Қар қыста жауады ғой.

  • Жарайсыңдар,балалар. Арал тұрғындары оларға көмек көрсеткеніміз үшін біздерге ризашылығын білдіреді. Және тағы бір кілтті сыйлады.

  • Бұл кілт нешінші болады?

  • Үшінші

  • Қазынаға толы сиқырлы сандық жасырылған сонғы аралға да келдік, ал мынау арал тұрғындары. Балалар, арал тұрғындарына не болған?

  • Олардың бәрі көңілсіз.

  • Неге көңілсіз екенін білесіңдер ме? Өйткені оларда біз сияқты саяхатқа атттанғысы келеді екен, бірақ оларда көлік жоқ. Қалай көмектесуге болады?

  • Оларға қайықтар сыйлау керек.

  • Біз өз қайықтарымызды оларға сыйлыққа тарту ете алмаймыз, сондықтан үстелдің бұрышында жатқан шаршы қағаздардан оларға қайықтар жасап берейік.

  • Шаршыны алдарыңа бір бұрышын жоғары қаратып қойыңдар. Енді екі бұрышын біріне-бірін тура ортасында қосыңдар. Кәмпит пішіні пайда болды. Енді сол кәмпитті төменге қарай көлденең сызық бойынша екі бүктеу қажет, сонда нағыз қайық болып шығады.

  • Қандай әдемі қайықтар. Қайықтар арал тұрғыңдарына ұнайды ма екен қалай ойлайсыңдар?

  • Иә, олардың көнілдері көтерілді.

  • Міне, біз қазынаға да жеттік. (Сандық ашылады. Алдымен хат алынады. Оқылады: - Сендер ең қымбат қазына таптыңдар, ол – сендердің білімдерің. Бүгінгі саяхатта жасаған жұмысымыздың бәрі – қазына. Сандықтың ішінде алтын орамадағы шоколадты кәмпиттер.) Балалар тәрбиешімен бірге кемеге отырады.

Міне, біз үйге де оралдық.

  • Ал, енді сыйлықтарды алмас бұрын, қайда және немен сапарға аттанғанымызды есімізге түсірейік.

  • Біздің саяхатымызда бәрінен де не ұнады?- деп сұрауға болады.

Сыйлықтар таратылады

  • Біз теңізшілер командасы болмасақ та, бәріміздің достығымыз өте жарасып тұр.

Сыйлықтар таратылады.

Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу