Саралау: Қолдау қажет ететін оқушыларға берілетін сөз тіркестері: қонақжай, қайырымды, қарсы алды, құрметтейді, шақырады
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Сабақтан алған білімін қортындылайды
|
Сабақ бойынша жинаған білімін қорытады
|
Қ.Б. «Көршіңді мадақта»
|
«Sinkwein» әдісі
|
Сабақтың соңында
1 минут
|
Қ.Б. «Чемодан, еттартқыш, себет»
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).
|
Қажеттілігі бар оқушыларға қолдану деңгейінде диалог құрастыруға қажетті пайдалы тіркестерді беру арқылы қолдауды ұйымдастырамын.
|
Сабақ барысында оқушыларға қолдау көрсету мақсатында қалыптастырушы бағалауды «Бағдаршам», «Көршіңді мадақта», «Sinkwein», «Чемодан, еттартқыш,себет», «Жетон» әдіс-тәсілдер арқылы жүргіземін. «Бағдаршам» тәсіл арқылы қолдауды қажет етіп отырған оқушылар қызыл түсті көтеріп, көмек қажет екендігін білдіреді. Бұл дер кезінде кері байланыс жасауға, қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
|
Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, денсаулық сақтау технологиялары қолданылады. Бұл,әсіресе,жұмыс формасы арқылы көрініс табады. Оқушылар жеке,топпен,жұппен жұмыс істеп үнемі қозғалыста болады. Әрі оқушыларда кедергі болмау үшін үнемі қолдау жасалып отырды. Психологиялық оң ахуал тудыруға баса назар аударылады.
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
Сабақ тапсырмалары мақсатқа бағытталған. Оны арнайы критерийлер арқылы анықтауға мүмкіндік жасалған. Критерийлерді орындау үшін дескрипторлар айқын көрсетілген. Сабақта әлі де болса, қалыптастырушы бағалау пысықтауды қажет етеді. Бұл сабаққа оқушылардың алдыңғы білімдеріне негізделе отырып жоспарланды. Бүгінгі сабақ оқушылардың айтылым,тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ол үшін біз сабақта айтылым,тыңдалым құрылымдарын көбірек пайдаландық.
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:Сабақ басында оқушылардың сабаққа деген қызы,ушылығын арттыру мақсатында қолданылған жаттығулар.
2: Жаңа тақырыпқа шығу барысында суреттерді орналастыру тапсырмасы
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: Тыңдалым және айтылым дағдыларына байланысты түрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындау.
2:Оқушылардың өз ойын еркін айту дағдысын қалыптастыруға арналған шығармашылық жұмыстарды ұсыну.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1: Кері байланыс алу арқылы оқушылардың келесі сабақта нені білгілері келетіндігін, қандай әдіс-тәсілді қолданғанда белсенділік танытқанындары жөнінде ақпарат алдым.
|
Қосымша 1
Қосымша 2
Төр-сыйлы орын
Төр-қонақ бөлменің жоғарғы жағы. Ол-жасы үлкен адамдар,қонақтар отыратын сыйлы орын.Қазақ үйге келген қонақты «төрлетіңіз»,«төрге шығыңыз» деп қарсы алады. Көрпе төсеп, жастық қойып, төрге отырғызып, құрмет көрсетеді.Қазақ халқында дастарханға үлкендерден бұрын отыру ұят болып саналады. Себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап, төрден орын береді. Үлкен кісілер-көпті көрген, сыйлы кісілер. Қазақта «төріңнен қар кетпесін» деген сөз бар. Себебі қарт тілегін айтып, батасын береді. Дастархан төрінде қарттар,одан төмен жастар отырады.Тамаққа да үлкендерден бұрын қол созуға болмайды. Ол-әдепсіздіктің белгісі. Дастарқанда үлкендермен жарысып сөйлеу де ұят болып саналады. Қазақ дастарханы дос, бауыр,туыс қана емес, кез келген адамға ашық. Қазақтар бір-бірінің үйіне барып, жиі араласқанды ұнатады. Әсіресе, ата-аналарын әрқашан құрметтеп, үйіне шақырып, төрге отырғызу-қазақ баласы үшін әрі міндет, әрі парыз. Өйткені дастархан-жақсылықтың басы, қуаныштың белгісі,дәстүрдің көп жалғасы.
Қосымша 3
Төр қандай орын?
Неліктен қазақ халқы үйге келген қонақты қонақжайлылықпен қарсы алады?
Қонаққа қалай құрмет көрсеткен?
Неліктен қазақ халқы қазақ халқы ата-аналарын төрге отырғызған?
Қазақта қарт туралы қандай аталы сөз бар?
Неліктен төрде қарттар отырады?
Дастарханға кім бата береді?
Қосымша 4
1.Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашады. _____ ____
2. Қонақтың алдына ең дәмді, тәтті тағамдар қоймаған. ______ ____
3. Қазақ халқы қонақты қарсы алуға мән бермеген. ______ ______
4. Қазақ халқы қонақтарды төрге отырғызған. ________ _______
5. Дастарқанда үлкендермен жарысып сөйлеу де ұят болып саналады._______
6. Қазақ халқында дастарханға үлкендерден бұрын жастар отырады. _______
7. Тамаққа да үлкендерден бұрын қол созуға болады. _______
8. Қазақтар бір-бірінің үйіне барып, жиі араласқанды ұнатады. ________ __
9. Ата-аналарын төрге отырғызу-қазақ баласы үшін міндет емес. ________ __
10. Дастархан-жақсылықтың басы, қуаныштың белгісі, дәстүрдің көп жалғасы. ________ _______
Достарыңызбен бөлісу: |