Калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың процесстік немесе қарапайым әдісі - Бұл тәсіл көбінесе біртекті немесе бірдей өнімді сериямен немесе үзіліссіз өндірістік циклы бар технологиялық процесстерде қолданылады. Шығындар белгілі бір кезең үшін өндірістік бөлімшелер бойынша қорытындыланады.
- Есептік кезеңнің әрбір бөлімшеде аяқталмаған өндіріс жеке шот ашылады. Мұнда есептік кезеңнің басында және соңында аяқталмаған өндіріс шартты түрде дайын өнім ретінде саналады. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеумен тұрады.
- I процесс:
- - негізгі материалдар 2000$
- -негізгі жұмысшыладың еңбекақысы 3000$
- -өндірістік жанама шығындар 5000$
- II процесс:
- -I процесіндегі өзіндік құн 10 000$
- -негізгі материалдар 1000$
- -өнімдеу 6000$
- Егер аяқталмаған өндіріс жоқ болса, өнім бірлігінің өзіндік құны келесідей есептеледі:
- Өзіндік құн = Шығындар/дайын өнім саны
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындарды есептеудің процесстік тәсілінің 4 нұсқасы бар: - Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындарды есептеудің процесстік тәсілінің 4 нұсқасы бар:
- 1-ші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар барлық шығарылған өнімнің шығындарына белгілі баптар бойынша есепке алынады. Бұл нұсқада өнім бірлігінің өзіндік құны берілген формуламен анықталады.
- 2-ші нұсқаны аяқталған өндірісі бар кәсіпорындар қолданады. Мұнда дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасындағы шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Аяқталмаған өндірісті инвентарлық әдісін пайдалана отырып бағалайды.
- 3-ші нұсқаны бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін кәсіпорындар қолданады. Мұнда тұтас алған өндіріс бойынша шығындарды қарапайым әдіспен есепке алады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа келісімді бағасы бойынша бағаланады, және өнім шығарылған үлесіне тепе-тең мөлшерде бөлінеді.
- 4-ші нұсқаны өнімнің өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін процесстері немесе бөлістері бойынша жүргізілген кәсіпорындар қолданады. Мұнда шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процесстік және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланады.
Процесстік тәсілде нормативті шығындар әрқашан өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Бұл кезде өнімнің өзіндік құны келесідей есептеледі: - Процесстік тәсілде нормативті шығындар әрқашан өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Бұл кезде өнімнің өзіндік құны келесідей есептеледі:
- Өзіндік құн= ∑ Толық шығындар/Өнімнің нормативті шығарылуы
- Мысалы, өндіріс процесінде 11 000 дана бұйымдар қолданады, 1000 данасы нормативті шығындар, 1 бұйым бағасы 10$
- Өзіндік құн=(11 000*10$)/11 000 – 1000
- Егер нормативті шығындар сатылса, нормативті шығындардың сатылу құны өнімнің өзіндік құнын азайтады. Бұл кезде өнімнің өзіндік құны келесідей есептеледі:
- Өзіндік құн= ∑ Толық шығындар-Норм.шығындардың шығарылуы/Өнімнің нормативті шығарылуы
- Мысалы, нормативті шығындардың шығарылуы 1000 данасы 1,5$ сатылвдф, онда
- Өнімнің өзіндік құны=((11 000*10$)-(1000*1,5))/11 000-1000=10,85
- Нормативтіден жоғары шығындар табыстар мен шығындар шотына жатқызылады. Егер нормативтіден жоғары шығындар сатылса, сату бағасы өзіндік құнына әсерін тигізбейді. Олар нормативтіден жоғары шығындардан пайда болатын зияндарды азайтады.
- Мысалы, 9500 дана өнім шығарылды, 500 дана нормативтіден жоғары шығындар және келесідей есептеледі:
- Өзіндік құн=110 000/1000 =11
Достарыңызбен бөлісу: |