Калиева Карылга Шакировна Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы



Дата02.07.2018
өлшемі368,4 Kb.
Калиева Карылга Шакировна
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,

И.Құрманов атындағы орта мектебінің

кітапхана меңгерушісі

Кітапханада және жалпы білім беретін мектептерде құқықтық тәрбие беру

Әділдіктің ешкімге зиян тигізбеу және қоғамға пайда

Келтіру сияқты екі қайнар көзі бар. ( Цицерон)
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі кездегі басты мақсаттарының бірі жас ұрпаққа салалы білім берумен бірге заман талабына сай құқықтық білім беруді де жолға қойды.

Осы мақсатта жас ұрпақ өкілінің азаматтық және құқықтық қоғам құрылысына белсене араласпатын жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды заман талабына сай менгерген айналада болып жатқан оқиғаларға қатысты өзіндік тұрғысы мен көзқарасы бар, өз Отаның шын сүйетін саналы азамат болып шығыуына септігін тигізетін іс шаралар мектеп кітапханасы арқылы да жүргізіліп келеді .

Әр елдің өз халқына арналған Ата заңы бар. Оған еліміздің қоғамдық құрылымы,жеке адамдар бостандығы мен құқығын қорғайтын баптар енгізілген.Аталған бұл заңға баптар сәйкестелініп жасалады.Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларация және Балалардың құқықтары жайлы конвенция бар. Балалардың құқықтарын қорғайтын конвенция да бастауыш мектепте ақысыз білім алуға, демалуға, емделу ге құқықтары бар.Ал,Қазақстан Республикасының Білім туралы заңдарына сәйкес тегін орта білім алу, бастапқы және кәсіби, конкурстық негізінде тегін орта кәсіби білім алуға кепіл дік берілетіні жайлы білімдерін жан жақты толықтыу.Мектеп кітапханасында өз құқықынды білесің бе ? бүрышы жүмыс жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 21 маусым 1995 жылы шығарған № 2147 қаулысы жалпыға бірдей міндетті құқықтық білім берудің негізгі мақсатын айқындап берді.Азаматтардың құқықтық білімі мен мәдениетін қалыптастыру, өз елінің заңдарын білуге, құрметтеуге және оны орындауға үйрету, өз құқығын қорғай білуге және өзгенің құқығын сыйлай білуге үйрету және тәрбиелеу. Сол арқылы елдегі заңсыздыққа, дәлелсіз қарсылықтарға тойтарыс беру.

Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қыркүйек 2002 жылғы № 949 жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясат тұжырымдамасы азаматтарға құқықтық білім берудің жаңа тәсілдерің айқындады. Егеменді тәуелсіз елдің азаматтары шың мәнінде еркін болуы керек, ол үшін әрбір азамат өзінің ұқұықтары мен міндеттерін білуі тиіс және қандай жағдайда болмасын басқа адамға зияның тигізбей, өз құқығың қорғауға қабілетті болуы тиіс. Өзін еленің шын мәнінде еркін болуы керек, ол үшін әрбір азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс және қандай жағдайда болмасын басқа адамға зияның тигізбей, өз құқығың қорғауға қабілетті болуы тиіс.Өзін елінің шың мәніндегі патриот азаматымын деп санайтын адам әрқашан саяси белсенді әлеуметтік бағыт ұстауы тиіс. Жалпыға бірдей міндетті құқықтық білім беру Қазақстан Республикасында 1995 жылдан бастап іске асырылуда. Адам құқығы аса маңызды демократиялық құндылық, ол өз бойына әдетте жеке адамның заң мойындаған және мемлекет қорғайтын еркіндігі мен құқығы екенің меңгерді. Адам құқығы халықаралық заң нормалары жүйесі ретінде алғаш рет 1940 жылы БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) қабылдаған. Адам құқық тарының жалпыға бірдей Декларащиясында тұжырымдалды және 1966 жылы азаматтық және саяси құқық туралы халық аралық бәтуа және экономикалық әлеуметтік, мәдени құқық туралы хадықаралық бәтуа бойынша кенейтілді. Өйткені құқықсыз әділеттілік жоқ. Адам өз әрекетімен көп пайда әкеледі.Өйткені ол заңды түсінеді,жағдайды жақсы бағалайды. Адам құқығын білу қоғамда өмір сұру үшін қажет. Ол отбасын құрайды, үй алады, өмірге жол таңдайды.Біз өркениетті қоғамда өмір сүреміз. Әр елде құқықтың өз ерекшелігі бар. Бірақ кейбір құқық барлық елдерде де болуы тиіс. Яғни ең негізгі құқықтың бірі өмір сұру құқығы. Әрине, адамдар заң алдында тең. Бірақ басқа азаматтардың құқығы на шек келтірмеуі керек. Басқалардың пікірімен санасып, әрбір адам өоғамдық ереже нормаларын сақтауға тиіс. Оқушылар осы пікірталас өз ойдарын қортындылады. Біздің құқығымыз бен еркіндігіміз, біздің адам ретіндегі қадір қасиетімізге қол сұғудан қорғап тұратын өзіндік бір қалқан. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға құқықтық білім беру жүйелі түрде пән болып енгізілген.

Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің мазмұны мен мәнін түсігуге, жалпы азаматтық құқықтық құндылықтар ды бағалауға, заңға бағынуға үйрету. Тәуелсіз мемлекеттін құқық жүйесі күн сайын күрделі өзгерістерге ұшырап, үздіксіз даму үстінде.Көптеген заң актілері қайта қабылданып, күн сайын өзгерістермен толықтыруларға ұшырауда.

Біздің болашағымыз жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек. Қазақстаның ұл - қыздары өмірдің қай саласында қабілетті екендігін көріп жүрміз. Қазірдің өзінде жастар маркетинттің, менеджменттің, коммерцияның, компьютерлік техниканың қыр сырын жақсы меңгеріп қалды. Жастарымызды заңды игеру, құқықтық өркениетті мемлекет құру, жауапкершілікті арттыру бағытында бейімдеу аға ұрпақтың борышы болса, жас ұрпағымыз, ХХ! Ғасырдың ауыр жүгі өздерінің иығына түсетінің сезінгені абзал. Бізде жеткіншек ұрпағымызды бос белбеу тірлікке емес, басқалармен бірдей бағын сынап, есесін жібермегендей нар тәуекел мен іскерлікке тәрбиелегеніміз дұрыс.

Құрман орта мектеп кітапханасының 2009 – 2010 оқу жылбойына

жасаған жұмысы жөнінде талдау.

Оқушыларға кітап таратып, оқулықты тұтыну еоежелерімен таныстырдым. Жыртылған кітаптарды жамаумен, емдеу жұмыстары жүрді.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан бұрышын жасау және оны жаңғыртып қайтадан жаңа жолдаулар қойылды.

Жас жеткіншектерді бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгеріп,ұшқыр ойға, шешен сөйлеуге баулу. Қасиет ті ана тілін қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Тіл тағдыры ел тағдыры» атты бүктеме жасалып, « Ана тілім ажарым, асыл мұрам» Әдеби композициялық кеш өткізілді.

Республика күніне байланысты буклеттер, нақыл сөздер,жаслып ашық кітап көрмелері болды. Жетінші қараша күні Мұғалімдер күніне арнап «Менің сүйікті ұстазым» атты оқушылардың шығармашылығымен жұмыс жасалды. Қазақстанның халық ақыны, жазушы Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Көкірегімде төрт сәуле бар» атты әдеби музыкалық кеш өтті. Оқушы ларңа М.Шаханов шығармашылығы мен өмірінен мағлұмат беру, елінің тәуелсіздігі жолында қосқан үлестеріне,еңбектеріне шолу жасау.Оқушылардың мәнерлеп оқу қабілеттерін шыңдау,оқушы зердесін дамыту, ата аналармен байланысты нығайту. Халықымыз дың асыл ұлдарын құрметтеуге, өнерді үйренуге тәрбиелеу. Ертегі адам даналығының қиял ғажайып туындысы, ол адамды қуанышқа кенелтеді, өз күшіне, болашағына деген сенімін үштап,батырлыққа, адамгершілікке, шынайлыққа тәрбиелей отырып Ертегілер әлеміне саяхат оқушыларды кітапханаға әкеліп ертегілер еліне енгізілді. Желтоқсан дүние жүзілік СПИД -ке қарсы күрес күніне байланысты «Дені сау ұрпақ жарқын болашақ» атты оқушылармен мәнжазба жұмысы өткізілді. Жас ұрпаққа адам денмаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары, бағалы байлық екенің түсіндіру. «Біз ғасыр дертіне қарсымыз» атты кеш өткізілді.Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға құмарландыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, тіл байлығын дамыту, сахнада өзін ұстау мәдениетін үйрету мақсатында « Білім көзі – кітапта» атты оқушылармен жұмыс жасалды.Қазіргі кезде мектептің алдына қойылған талаптардың бірі жан жақты жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп кітапханасында шығармашылықпен жұмыс жасау заман талабына сай мәдениеттің түрі болып табылады осы мақсатта « Ғасырға сапар шеккен кітап» атты кітап көрмесі өтті. М.Мақатаевтың поэзиясынаң халыққа кең таралуының мәңі және оның өміршендігінің сыры неде екенің таныту мақсатында Мақатаевтың 79 жыл толуына байланысты «Ғасыр ақыны Мұқағали »атты кеш болды. Оқушыларды кітапты құрметтей білуге, ұқыптап ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру ақыл, ой өрісін дамыту мақсатында «Кітап ақылшы досым» атты тәрбие сағаты болды. Мектептегі қыз бала мен ер бала тәрбиесіне байланысты жоғары сынып оқушыларының өмірге дайындығы мәселесіне қатысты Көктем аруы атты байқау өтті. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстар туралы мақал мәтелдер мен жұмбақтар шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру мақсатында» Қош келдіңдер қанатты» достар атты бүктеме жасалды. Отбасы апталығына байланысты Алдымен сүй, ардақта ата анаңды атты ертеңгілік болды. Мамыр Қазақстан Қарулы күштерінің туған күніне байланысты «Әскер- әліміз, армия абыройымыз»кездесу кеші болды. Кітап қабылдау . Кітап емдеу шеберханасы өткізілді.

Құрман орта мектеп кітапханасының 2010 – 2011 оқу жылбойына

жасаған жұмысы жөнінде талдау.

Оқушыларға кітап таратып, оқулықты тұтыну ережелерімен таныстырдым. Жыртылған кітаптарды жамаумен, емдеу жұмыстары жүрді.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан бұрышын жасау және оны жаңғыртып қайтадан жаңа жолдаулар қойылды.

Қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күніне байланысты Тіл тағдыры ел тағдыры атты бүктеме жасалды.Орта буынды класс аралық Тіл қаруы сөз, сөз қаруы ой атты оқушылармен жұмыс жүргізіліп Кітап көрмелері үйымдастырылды.Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын ой өрісін дамыту, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани тәлім тәрбие беру мақсатында Болашаққа кітаппен оқырмандар байқауы болды.

. Ертегі адам даналығының қиял ғажайып туындысы, ол адамды қуанышқа кенелтеді, өз күшіне, болашағына деген сенімін үштап,батырлыққа, адамгершілікке, шынайлыққа тәрбиелей отырып Ертегілер әлеміне саяхат оқушыларды кітапханаға әкеліп ертегілер еліне енгізілді. Балаларды ұстаздарын сыйлай білуге, қадірлеу құрмет көрсетуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты нығайту. Танымдық қабілетін дамыту, қызығушылығын,белсенділігін арттыру мақсатында «Менің сүйікті ұстазым « оқушылардың шығармаларымен жүмыс. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары, бағалы байлық екенің түсіндіру мақсатында Біз ғасыр дертіне қарсымыз атты кеш болды. Халқымыздың ғасырлар бойы өз ұрпағын ар ожданы таза, адамгершілігіне жетелеген азамат етіп тәрбиелеуге, халықтық педагогикалық әдіс тәсілдерге пайдалына білуге үйрету мақсатында « Көктем аруы» атты байқау болды. Қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсыновтың 135 жылдығына орай кітап көрмесі болды. Құстар туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, құстар тіршілігі туралы мағлұмат бере отырып «Қош келдіңдер, қанатты достар» атты бүктеме жасалды. Ғұламаның бәрі кітапхана алдында қарыздар атты пікір сайыс сабағы болды. Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерің көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Оқырмандар конференциясы « Әдебиетке балалықты әкелген» атты конференция болды .« Мектеп кітапханасы - ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың басты сатысы» тақырыбындағы кітапханашылардың аудандық семинары болды. Семинарда презентация «кітапхана - ғажайып әлем», « Ғұламаның бәрі кітапхана алдында» қарыздар пікірсайыс сабағы 8-ші а сынып оқушыларымен болды. « Бауыржанға бір ғасыр» Бауыржан Момышқлының 100 жылдығына байланысты конференция сабағы болды. Мамыр айында кітап емдеу шеберханасында кітапхана мүшелері кітап жөндеді.

Құрман орта мектеп кітапханасының 2011 – 2012 оқу жылбойына

жасаған жұмысы жөнінде талдау.

Оқушыларға кітап таратып, оқулықты тұтыну ережелерімен таныстырдым. Жыртылған кітаптарды жамаумен, емдеу жұмыстары жүрді.

2011 – 2012 оқу жылында Құрман орта мектебінің кітапхана мүшелерімен бірлесіп мынандай жұмыстар жасалды. Оқушыларға оқу танымдық тәрбие беру, ой өрісін, ізденпаздығын дамыту, озық ойлы оқушыларды анықтау, сөздік қорын байыту, мәдениетін жетілдіру мақсатында төртінші класс оқушыларымен ойын жарыс өткізілді.

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі кездегі басты мақсаттарының бірі жас ұрпаққа сапалы білім берумен бірге заман талабына сай құқықтық білім беруде жолға қойылды.Осы мақсатта апталық лейнейкада Кітапханада және жалпы білім беретін мектептерде құқықтық тәрбие беру туралы баяндама жасадым.Оқушыларды өз құқықтарын білуге, түсінуге үйрету. Оның маңыздылығын ашып көрсету. Демократиялық қоғамның негізі принципі заң алдында барлығының тең екенің түсіндіру, ұғындыру мақсатында Өз құқығынды білесің ? бе атты жетінші класс оқушыларымен тәрбие сағаты болды. Қоғам дүниенің табиғаттан ерекшеленген бөлігі. Ол ерекшеленудің негізгі қоғамның даму еркіндігінде, оның саналы, ерікті адамдардан құралуында «Қоғам және жасөспірім» атты дөңгелек үстел оныншы класс оқушыларымен өткізілді. Азаматтардың құқықтық білімі мен мәдениетін қалыптастыру, өз елінің заңдарын білуге, құрметтеуге және оны орындауға үйрету, өз құқығын қорғай білуге және өзгенің құқығын сыйлай білуге үйрету мақсатында « Сенің құқығын сенің байлығын» атты ашық кітап көрмесі өткізіліп оқушыларға өз құқтары туралы түсіндірілді.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізіліп газет, журнал беттеріндегі мақалалардан бұрыш жасақталып, оқушыларды таныстырып, Арандатуға бой алдырмайық тақырыбында баяндама оқылды. Қазақстанның басынан өткізген тарихи оқиғалары, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктері арқылы оқушыларды Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу барысында Туған жер тұғыры атты ауысша журнал өткізілді. ЖҚТБ ның адам өміріне зиянды әсері арқылы, сана сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге оқушылардын жауапкершіліктерін орнықтыру, рухани деңгейде жағымсыз іс әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында ЖҚТБ әлемдік індет атты тәрбие сағаты болды. « Нашақорлық қоғамның рухани ауруы » атты тәрбие сағаты жетінші класс оқушыларымен өткізілді. 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай мектеп кітапханасында отбасы күніне арналған «Әулеттің кітаптан алар мұрасы» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.Бұл кітап көрмесінің мақсаты баланы терең ой мен саналы білімге жеткізуде кітаптын алатын орнын түсіндіру, кітапты таңдау, оны оқып баланың жүрегіне жеткізудегі ата- ана рөлі

Құрман орта мектеп кітапханасының 2012 – 2013 оқу жылбойына

жасаған жұмысы жөнінде талдау.

Оқушыларға кітап таратып, оқулықты тұтыну ережелерімен таныстырдым. Жыртылған кітаптарды жамаумен, емдеу жұмыстары жүрді.

Тәуелсіз Қазақстанның келешегі - жас ұрпақты тәрбиелейтін мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапханада осы міндетті бірге атқарады .Мектеп кітапханасы - мектептің бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен, рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу, әрбір адамның келер шаңырағы - кітапхана.

Кітапхана - адамның білім көкжиегін кеңейтеді десек, ал Жүсіп

Баласағұнның сөзімен айтқанда « Білім адам - баласының ортақ қазынасы» Сондықтан да кітапханаға келіп, әдеби көркем шығармаларды, түрлі газет -журналдарды оқыған адамның мерейі өсіп, рухани азық алып, дөңгеленген дүниеден хабарлар болады.

Бүгінгі таңда алда тұрған мақсат - білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса, біздің барлық іс - әрекетіміз, осы бағытта болу керек. Ал ұрпақ білімді қайдан алады ? Әрине .кітаптан . «Кітапхана- білімнің күн шуағы» деуіміздін мәні осында Өйткені тәрбие мен білім - егіз ұғым десек, тәрбие мен білім берудің, жаңа жолын кітапханадан табамыз. Олай болса осы мақсатты ұстана отырып мектеп кітапханасында атқарылған іс шаралар Мақтанышым ана тіл атты ертенгілік алтыншы класс оқушыларымен өткізілді Оқушыларды өз тілін дұрыс меңгеріп, ана тілінде сөйлеуін, сүйіспеншілігін арттыру. Отанды сүюге,би, шешендерімізді құрметтеуге, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында. Оқушыларға табиғат ұғымының мәнің ашып түсіндіру, табиғатты аялап сүюге тәрбиелеу, оған үнемі қамқорлық жасауды насихаттау, жерге деген мейірім мен ықыласын ояту, экономикалық білім беру, елініңңң байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету мақсатында Табиғат - тіршілік иесі атты ой -пікір өткізілді. Мектеп леникасында оқушыларға Тәрбие бастауы мейрімділік атты баяндама оқылды. 7 қазан ұстаздар күніне байланысты 8-10 класс аралық Мектеп - тірегі, Ұстаз- жүрегі атты мәнжазба жазылды. Балалардын каникул кезінде Сөз зергері атты Сөзден ғажайып мүсін сомдаған Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы балаларға түсінік беріліп оқушылар өздерінің ойларын ортаға салды. 1 желтоқсан тұңғыш президент күніне орай . Елі сүйген ,Елін сүйген елбасы атты баяндама жасалып компьютер технологиясы арқылы слайт көрсетілді.

« Қазақстан – 2050 » стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н,Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы леникада оқылып көрме үйымдастырылды. Адами қарым қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортаға шындық пен ақиқат туралы түсінік беру, оқушылардың шыңдықты жасырмай айта білу, өтірік пен шындықтың ара жігі дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету, оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, шынайлыққа тәрбиелеу мақсатында «Шындық шыңы – ақиқат» атты пікір сайыс сабағы өткізілді. Салауатты өмір салты атты тәрбие сағаты оқушыларға денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау барысында. 7 класс оқушыларымен өткізілді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық атты кітап көрмесі мен нақыл сөздер жазылып оқушыларға ананы қадірлеуге, еңбегін бағалай білуге, адамгершілікке, туған елді, отбасы мүшелерін құрметке бөлеп ардақтауға тәрбиелеу барысында өткізілді. Осы істелген жұмыстармен қатар мектеп кітапханасында оқулықтарға рейт жүргізу барысында класстарда оқулықтарда жыл сайын толықтырылуда . 2011 жылы кітап саны 16720 мыңға толықтырылса , 2012 жылы 17781 мыңға толықтырылды. Оқулықтармен қатар әдеби кітаптарда келуде. Жыл сайын газет – журнал баспаларын жазылдырып алудамыз. Кітапхана мүшелері Тнеева М және Сисенбаева Қ екі оқушы болып кітаптарға рейт жүргізілді. Тексеру барысында оқушылардың кітап күтіп ұстауы, тазалығы жақсы, бірақ кітаптың қапталуы көңілге қонымсыз болды. Тексеру барысында ескертулер берілді, атап айтқанда 5 класс, класс жетекшісі Жиі. С, 7аб кластар класс жеткшісі: Сатығалиев.Б, Жалелов.Е. Бірақ Бір жеті бойы тексерудің барысында бұл кластар өздерінің ескертулерін түзетті. Тағы бір айта кетерлік жайт, мектептегі оқушылардың күнделікті жүретін пәндерді үйге тастап кету, ұмытып кету секілді жағдайлар орын алған жоқ. Бұл мектеп көлемінде бірінші рет жүргізілген тексеру болғандықтан оқушылардың аттары аталмауда. Дегенмен барлық кластардың кітапты қаптап, таза ұстауы қанағаттанарлық деңгейде. Мұнымен тексеру тоқтатылып, шектеліп қалмайды, біз одан әрі де тексеруді жалғастырамыз. Баланы терең ой мен саналы білімге жетілдіруде кітаптың орнын түсіндіру, кітап таңдау, оны оқып баланың жүрегіне жеткізудегі ата ана ролі .

Ата ана мен бала арасындағы кітап жайлы көз қарастарын білу, қоғамға парасаты биік азамат тәрбиелеудегі алатын орны туралы «Әулеттің кітаптан алар мұрасы » атты тәрбие сағаты өткізілді. Мектеп леникасында «Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі кітапхана» атты баяндама жасалды. Мектеп оқушыларымен бірлесіп кітаптарды емдеу жоғалған жыртылған кітаптарды түгенделді.

Құрман орта мектеп кітапханасының 2012 – 2013 оқу жылбойына

жасаған жұмысы жөнінде талдау.

Оқушыларға кітап таратып, оқулықты тұтыну ережелерімен таныстырдым. Жыртылған кітаптарды жамаумен, емдеу жұмыстары жүрді.

Бекітемін :

ТІЖО Аманбаева Б



Құрман орта мектебі

көрме

Дайындаған : Мектеп кітапханашысы

Қалиева Қарылға

Оқу жылы 2013 – 2014 жыл

Ауызша журнал мақсаты : ЖҚТБ дерті жайлы ұғым беру. Шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың ЖҚТБ ның адам ағзасына зиянды әсерлерін нақты үғындыру.

Дамытушылық : Оқушылардың адам құндылығының дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. Салауатты өмір негізінде білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік : ЖҚТБ ның адам өміріне зиянды әсері арқылы, сана сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге оқушылардың жауапкершіліктерін орнықтыру, рухани деңгейде жағымсыз іс әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Газет, журнал материалдары әр түрлі плакаттар мен суреттер, қажетті әдебиеттер.

Жүргізуші : Қайырлы күн, құрметті оөушылар, ұстаздар

1 желтоқсан «Халықаралық ЖҚТБ мен күрес»күніне арналған «ЖҚТБ туралы білесіз бе ? » атты ауызша журналымызға қош келдіңіздер !

Қазақстан Республикасының Президенті Н,Ә.Назарбаев «Халық денсаулығы» атты Мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту, мемлекеттің бірінші кезендегі атқаратын шараларының бірі екендігін атап көрсеткені баршамызға мәлім. Қазақстан азаматтарының денсаулығына әсер ететін барлық факторлар жан жақты қарастырылған бұл бағдарламаның басты мүраты халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалды жақсарту. Адамның ақыл ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл ғалымы әл- Фараби «Жасжеткіншектеріңізді көрсетініз, менсіздердің болашақтарыңызды айтып берейін » деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты? Қоғамымызға төніп түрған қоғамдық індеттер жайында талқылау. Жүргізуші : Бүгіегі таңда мемлекетіміздің төніп тұрған, салауатты өмір сүруге кері ықпалын тигізіп отырған,қоғамға кеңінен таныс қауіпті дерт - ЖҚТБ құлашын кең жаюда . Елбасының «Қазақстан - 2030» «Қазақстан халқына жолдпуы»-біздің болашағымыздың сара бағыты. Болашақ жастардікі Сондық тан , олардың дені сау,білімді де тәрбиелі азамат болуы ел үшін, халық үшін ұрпақ үшін ең үлкен бақыт емес пе ?

Емделмейтін ауру ЖҚТБ пайда болғалы жирма бес жылдам астам уақыт өтті.ХХ1 ғасырдың басында АҚТҚ жүқтырғандардың саны әлемде 40 миллионға жетті. 21 миллионнан астам адам осы дерттен көз жүмды. Ал біздің еліміз Қазақстан Республикасында ондайлардың саны 4 мыңға жуық.

Ең алдымен ЖҚТБ қысқартылған сөздің мағынасын талдайық. 1 1.ЖҚТБ деген нені білдіреді ? Ж Жұқтырылған демек, адам оны біреуден жұқтырған.

Қ Қорғаныш адамды аурудан қорғайтын иммундық жүйе.

Т Тапшылығы қорғаныш болуға тиісті мөлшерден кем.

Б Белгілері аурудың симптомдарының тобы (синдромы)

Жүргізуші ; ЖҚТБ ауруы 1981жылы Африка құрлығының оңтүстігінде маймылдарға тәжірибе жасап жүрген кезде, маймылдардан адамға жұқты деген деректер кездеседі 1987 жылы бұл сұмдық дерт Қазақстанға жетіп үлгерген. Елімізде бүл аурулармен ауыратындардың 484-3 пайызы нашақорлар екен. 2030 жылы елімізде 24 мектеп оқушысы, 20 мектеп жасындағы қараусыз балалар, алпыс бес студент АҚТҚ жұқпасымен тіркеліп. Мүндай дертке шалдыққан адам шамамен бес, сегіз жыл ғана өмір сүреді екен.



2. АҚТҚ қандай сөздерді құрайды ? Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы .

3.Бұл аурулардың қоздырғышы не ? Вирус

4. Бұл аурулар неліктен қорқынышты деп ойлайсыңдар ? Аурулардың және вирусты жұқтырған адамдарды емдейтін дәрі дәрмек жоқ.

5. ЖҚТБ қандай жолдармен жұғады ?

Қан арқылы (тікелей қан құйғанда,инелерді ауыстырмай бірігіп пайдаланғанда) Ауру ананың сүті арқылы. Жыныстық жолмен жақындасқанда бір адамнан екінші адамға жұғады.



6. Аурудан қалай сақтанған жөн ?

Ине пайдаланғанда,Қан құйғызғанда, Түлғалық кейпінен айырылады. Ең басты қорғаушы әркімнің мінезі құлқы, тәртібі және тазалығы. Сон дай ақ, өзін өзі сенімді болу.

Жүргізуші :.6. Қазіргі таңда ЖҚТБ дан сақтандыратың вакция бар ма ?

Оқушы : ЖҚТБ бұл бойдағы қорғаныш қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам аурулар қатеріне төтеп беретін мүмкіндігі жоқ қалып. Қазіргі кезде мүндай вакция жоқ. Дегенмен оны жасау жөнінде дүние жүзінде көптеген елдердегі сан алуан зертханаларда оларды қауырт іздестіру жүмыстары және тәжірибелер жүргізілуде. АКТҚ жүқтырған адамдарды ЖҚТБ ның дамуынан сақтандыратын вакцина алу мақсатында жұмыстар жүргізілуде



7. ЖҚТБ дан өлмеудің бірақ жолы бар, ол қандай ? Вирусты жұқтырмау. 8.ЖҚТБ ға ұшырағандардың негізгі ошағына айналған қандай қалалар ? Қарағанды, Теміртау, Алматы.

9. ЖҚТБ мен ауырған адамдар қай елдерде көбейіп бара жатыр ?

Дүние жүзі бойынша Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Қазақстанда

10.

Жүргізуші ; Осымен бүгінгі ауызша журналымызды ЖҚТБ дертіне қарсы өлең жолдарымен қортындылаймың. Бес нәрседен қашық бол, жақсы болам десеңіз жалқаулық, жамандық, жасандылық, жайбасарлық, жағымпаздық.



Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз ; жүйріктік, жинақылық, жасампаздық, жүзгіштік, жылдамдық.

Бес нәрсемен қас бол, қор болмаймын десеңіз ; ішімдік, темекі, нашақорлық, ұрылық, зорлық.

Бес нәрсемен дос бол, адам болам десеңіз ; кісілік, ізгілік, ізеттілік, ілім, ғылым.

Саяси аспект : Жалпы ұлттық көлемдегі проблема, ол мемлекет қауіпсіздігіне де көп қауіп тудырады.

Медициналық аспект : Психологиялық және тән тәуелдігі. Толеранттық есірткіге үйрену.

Психологиялық аспект : Түлғалық кейпінен айырылады. Ең басты қорғаушы әркімнің мінезі құлқы, тәртібі және тазалығы. Сон дай ақ, өзін өзі сенімді болу. ЖҚТБ мен ауыратындарды шеттетіп кемсіту адамгершілікке жат. Бұл аурудан ұрпағымызды аман алып қалудың жолы адамгершілік, салауаттылық, жыныстық тәрбиеге аса мән беру. Жастарды құндылыққа дәріптеуіміз керек. Алдын алу істері жөніндегі бағдарламаның негізгі принциптері :

1 «Қорғаныс формаларын» күшейту,» қауіп факторларын» азайту. 2 Интерактивті тәрбие жұмыстарын жүргізу. 3 ЖҚТБ, нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы насихат жұмыстарын күшейту. 4 Мемлекет мәдениетіне бейімделу. 5 Белсенді азаматтық позицяны үстау. 6 Кең масштабты,бейімдеушілік, қоғамдастықтарды тарту. 7 Жас категорияларына сейкес болу. 8 Жастар мен жасөспірімдерді бос уақытын ұйымдастыру.

Жүргізуші :. Қазіргі таңда ЖҚТБ дан сақтандыратың вакция бар ма ?

Оқушы : ЖҚТБ бұл бойдағы қорғаныш қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам аурулар қатеріне төтеп беретін мүмкіндігі жоқ қалып. Қазіргі кезде мүндай вакция жоқ. Дегенмен оны жасау жөнінде дүние жүзінде көптеген елдердегі сан алуан зертханаларда оларды қауырт іздестіру жүмыстары және тәжірибелер жүргізілуде. АКТҚ жүқтырған адамдарды ЖҚТБ ның дамуынан сақтандыратын вакцина алу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Жүргізуші : Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін тағы бір індет нашақорлық. Себебі, бұл ауруды адам баласы өзі қолдан жасайды.ЖҚТБ дертіне себепші болатындығы туралы да көп естиміз. ЖҚТБ орталығының статистік мәліметтер.

Бабалар өсиеті :

Жайлаған ел кетсе көл құлазиды, Жайылған мал кетсе бел құлазиды, Парқың кетсе сөз құлазиды. Қатары кетсе ер құлазиды. Періште : Уа, достым ! Ояншы, көзінді ашшы, Жұлдыз толы аспанға, Көз салшы, Жаман дерттең арылып, Адамдықпен табыссаңышы, Кем емес күлімдеген күннің көзі, Халқымның нұрға толы жүзін көрші, Дамыған елу елдің қатарына, Енген күннің куәгері сен болшы, періште : Уа, достым, ояншы, көзінді ашшы. Айналаға бір қарашы. Жаңа қоғам, Жаңа адам. Жаңа ғасыр, Тік көтеріп мені де бара жатыр, ХХ! Ғасырда шарт жүгініп Айтсам деген тілегім санада тұр. Мен адаммын, Салауатты өмір кешкен, Сені де шақырамын бірге көшке, Елімнің көк байрағы, Тік көтерген. Періште : Адамдықтан безіп мен емес айды аңсаған, Елден безіп, Мен емес надандықтан жайлаған, Қара жерден үзілсе, Қайран табаң, Тікенегін жерімнің қайдан табам ? Айналып қайта келем, қайта келем, Жаңа ғасыр, Жаңа күн, Жаңа әлем, Автор: Уайым түбі тұңғиық, батасын да кетесің, Бабалар өсиеті, Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің, Тұр ойлан есінді жи. Әлі ақ құрметке жетесін, Нашоқор : (оянады) Мен, мен адаммын ғой, Адасып бұл өмірден қалғанмын ғой, Жоқ, жоқ керек емес, мүның бары, Жаңа өмірге қадам басамын ғой, Мен емес пе, елімнің болашағы, Мен емеспе елімнің қос қанаты, Біз емес пе, отанның арқа сүйер, Тірек болар ер Азаматы, Жаңа ғасыр Жаңа қоғам, Жаңа Адам. Жаңа өмірге, асқақтатып есік ашам,

Жүргізуші : Мамандарға оқушылар тарапынан тағы сұрақ. Елімізде біз сияқты салауатты өмірге бастайтын қандай жоспарлар мен жүргізілетін істер бар. Жастарды салауатты өмір салтына қалыптастыру мәселесі маңызды міндеттердің бірі Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында республикамыздың ауқымды жүмыстапр жүргізілуде. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының1998 жылғы 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 30маусымдағы САлауатты өмір салтын қалыптастыру түжырымдамасы т,б. Аталған құжаттарда басты назарда болған мәселенің бірі жастар тәрбиесі, оның ішінде қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасы болатын.

Жүргізуші : АҚТҚ ЖҚТБ нашақорлықтың т,б аурулардың болмауы үшін қоғамызда пайда болған келеңсіз дертерге қандай ині істер жургізілді. Ен маныздысы салауаттық адамның дүниеге келген сәтінен бастап, оған бүкіл халықтық, бүқаралық сипат беруіміз керек. Оны үздіксіз, жүйелі мақсатпен жүргізіп отыруымыз қажет. Оның уақытша ғана мәні бар науқанға айналып кетуіне жол бермеуіміз шарт. Міне, осыдан ақ жастарды салауаттылыққа тәрбиелеу көкейкесті мәселе екендігін түсінікті.Осы бағытты дұрыс ұстанғанда келеңсіз ауру дерттерден арыламыз.



Жүргізуші : ХХ! Ғасырда қоғам тек жалағ адамдартобынан ғана, емес сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, ерекше тұлғалардың түруы тиіс. Олай болса, осы келеңсіз жағдайлардың алдың алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олардың жан жақты дамуына қалыпты жағдай туғызуды көздейді.

Құрман орта мектебі

Нашақорлық

қоғамның рухани

ауруы

Дайындаған : Мектеп кітапханашысы

Қалиева Қарылға

Оқу жылы 2011 – 2012 жыл

Нашақорлық қоғамның рухани ауруы

Мақсаты : оқушыларға нашақорлық індеті зардаптарының қаншалықты ауыр екенін түсіндіру.

Тәрбиелілігі : Салауатты өмір салтын насихаттау,өз ой толғамдарын ашық бөлісуге , жолдастарының пікірлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы : оқушылардың бейнелі ойлау деректерді дәлелдей, салыстыра білу, берілген мәліметтерден негізгісін ажырата білу дағдыларын дамыту. Ортада сөйлеуге, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : нақыл сөздер, тақырыптар жазылған плакаттар, суреттер кітап көрмесі.

Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту. Оқушылар,мына суретке (Өрмекшінің суреті) зер салып, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың арнаулы не болмақ, не туралы әңгімелеспекпіз соны ойлап көріңіздерші.(Оқушылардың жауабы тындалады.)

Дұрыс,бүгін біздер нащақорлық олардың қоғам үшін зияны, зардабы жайлы әңгімелеспекпіз. Ата бабаларымыз Денсаулық зор байлық деген сөн тегін айтпаған. Денсаулық әркімнің жеке байлығы болса, дені сау адам қоғам байлығы. Ал, әрбір адам жеке қоғамды құрайды. Күні кешеге дейін» Нашақор» деген ату қазақ халқында юолған емес. Енді міне, газет журнал, теледидар деректеріне сүйенсек, республика аймағы бойынша жиырма мыңнан астам нашақордың бар екені анықталып отыр. Есірткі бір басын кессең, екінші басы шыға келетің жеті басты жалмауыз сияқты. Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Жәй дәмін аламын деп жүріп, анашаның соңына түсіп кеткендердің үлес салмағы 10 % ға жетті.Біреулердің азғырғанына еріп, есірт кіге бой ұрғандар 20-6 % Есірткіні ине арқылы тамырынан жіберушілер бауыр ауруына және СПИД дертіне шалдығады. Бірік кен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша Ауғанстан мен Тәжік станда 4 мың 600 тонна апиын сақталып отырған. Қазақстан халқына « Қазақстан- 2030» Жолдауына арналған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта қандай күйде көргімізкеледі. Олар ауқатты өмір сүре ме ? Дендері сау әрі білімді, білікті бола ма ? деген сұрағының жаңы бар.Сондықтан егер ел болашағымыз десек, ұлт болашағымыз десек болашағымыз нұрлы,еліміздің ертені көркем болсың десек, ел болып, халық болып анашаны ауыздықтайық. Оны жақсылыққа, не жамандыққа бағыттау өздеріне байланысты.

Тақырып бойынша топтық жұмыстар.

Нашақорлық біздің еліміздің жүрек ауыртар, ашы шындығына айналды. Нашақор жандар біздің ортамызда да жүруі мүмін. Осындай бір жанның баяндаған әңгімесін тындайық.

Менің әке шешем арақты көп ішетін. Екеуі қосылып ішіп, біздерді ұмытып кетті. Үйдегі бар тәуірін араққа айырбастап, не сатып жіберіп отырды. Бауырларымыздың жағдайлары мені қатты ойландыратын. Кей кезде үйде тіпті қара нанның да болмау қалатың кездері болды.Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгілі, тіпті кейде үйден безіп кеткім келеді. Сөйтіп, жүріп мен жаңа достармен таныстым. Олар маған ақша беріп қамқорлық жасады. Күнде кешкілік ермегіміз анаша шегіп, ән салып, көшедегі жүргізіушілерге тиісу болды. Достарым менен анаша тартуымды талап етті,қарызға әбден баттым. Енді мен қарызды қайтару үшін ұрлық жасауға кірістім. Сөйтіп, қылмыс үстінде қолға түсіп, қазір өз жазамды өтеудемін. Енді бостандыққа шықсам, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп, бауырларымды асырағым келеді.

Балалар енді ойланып көріңдерші, кейіпкеріміздің нашақорлыққа итермелеген не ?

Отбасындағы тұрмыстың нашарлығы, оқи алмай қалуы, ата ананың маскүнемдікке салынуы.Егер нашақорлық тек тұрмысы ауыр артада пайда болады десеңдер, екінші кейіпкерімізді тыңдап көріндер. Менің отбасым өте ауқатты юолды.Әкем үлкен бір фирманың есепшісі еді. Бірақ олардың маған қарауға уақыттары болмайтың. Мен қатты жалғызсырай бастадым. Қалтамда ақша болса да, мен қалай жүмсауды білмедім. Өз үйімде көніл көтеретін кештердің бірінде бір жаңа достармен таныстым. Анашаның дәмін сол кеште татып, енді соған байланып қалдым. Достарымды күтудемін, қараңғы үйде отыратын болдым. Есімді танып құлап қалғанымды көрген ата анам ләрігер шақыртқанда барып, менің нашоқор екенімді білді. Қазір емдеу үстіндемін Екі адам, екі тағдыр. Екінші кейіпкеріміздің нашақорлыққа ұрыну себебі неде деп ойлайсыңдар ?

Ойын : Суреттер сөйлейді .

Алдарыңызда түрлі түрлі суреттер. Суреттерде әр түрлі жағдайлар, адамдар бейнелеңген. Сіздің мақсаттарыныз осы суреттерді бүгінгі тәрбие сағатымен байланыстырыныз.

Құрман орта мектебі

Туған жер

тұғыры

(ауысша журнал)

Дайындаған : Мектеп кітапханашысы

Қалиева Қарылға

Оқу жылы 2011 – 2012 жыл

23 сентябрь 2011 жыл

  1. Өткізілген жұмыс аты Тіл анасы - сөз

  2. Қатынасқан оқырман тобы және мақсаты Оқушыларға оқу танымдық тәрбие беру, ой өрісін, ізденімпаздығын дамыту, озық ойлы оқушыларды анықтау, сөздік қорын байыту, мәдениетін жетілдіру.

  3. Өткізілген орны Кітапханада.

  4. Қатынасушылар саны 30

  5. Техникалық құралдардын пайдалануы

  6. Өткізілген жұмыс түрі Ойын - жарыс

  7. Жауапты адам 4 класс жетекшісі Базарова және кітапханашы Қалиева Қ

  8. Кітапхананың қортындысы Оқушылардың ұпай саның есептеп, жеңіпазды анықтап марапаттау

  9. Пайдаланылған әдебиеттер Сыныптан тыс жұмыстар.

16 қараша 2011 жыл

  1. Өткізілген жұмыс аты Баяндама: Кітапханада және жалпы білім беретін мектептерде құқықтық тәрбие беру.

  2. Қатынасқан оқырман тобы және мақсаты Қазаөстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі кездегі басты мақсаттарының бірі жас ұрпаққа сапалы білім берумен бірге заман талабына сай құқықтық білім беруді де жолға қойылды.

  3. Өткізілген орны Апталық лейнейкада

  4. Қатысушылар саны 112

  5. Техникалық құралдарды пайдалану

  6. Өткізілген жұмыс түрі баяндама

  7. Жауапты адам мектеп кітапханашысы Қалиева Қ.Ш.

  8. Кітапхананың қортындысы оқушыларымызды заңды игеру,құқықтық өркениетті мемлекет құру,жауапкершілік ті арттыру бағытына бейімдеу.

  9. Пайдаланылған әдебиеттер Бала және тәрбие құралы

17 желтоқсан 2011 жы

1.Өткізілген жұмыс аты (ауысша журнал) Туған жер тұғыры.

2 .Қатынасқан оқырман тобы және мақсаты Қазақстанның басынан өткізген тарихи оқиғалары,тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктері арқылы оқушыларды Отанды сүюге, патриотизге тәрбиелеу.

3 Өткізілген орны мультимедия кабинеті

4 Қатынасушылар саны 28

5 Техникалық құралдарды пайдалануы

6 Өткізілетін жұмыс түрі ашық журнал

7 Жауапты адам 11 класс оқушылары, кітапханашы

8 Кітапхананың қортындысы Еліміздің Тәуелсіз дігін алып, егемен ел болғанына 20 жыл толады Осы уақыт ішінде елеулі өзгерістерге қол жеткізуі туралы.

9 Пайдаланған әдебиеттер. Газет, журналдар мектептегі кітапхана

18 желтоқсан 2011 жыл

1Өткізілген жұмыс аты Нашақорлық

қоғамның рухани ауруы

2 Өткізілген орны кітапхана

3 Қатынасқан оқырман тобы және мақсаты оқушыларға нашақорлық індеті зардаптарының қаншалықты ауыр екенін түсіндіру.

4 Қатынасушылар саны 20

5 Техникалық құралдарды пайдалануы

6 Өткізілетін жұмыс түрі тәрбие сағаты

7 Жауапты адам 7 класс оқушылары,

Кітапханашы

8 Кітапхананың қортындысы оқушылардың бейнелі ойлау деректерді дәлелдей, салыстыра білу, берілген мәліметтерден негізгісін ажырата білу дағдыларын дамыту. Ортада сөйлеуге, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.

9 Пайдаланған әдебиеттер. Мектептегі мерекелер, газеттер

18 желтоқсан 2011 жыл

1Өткізілген жұмыс аты ЖҚТБ- әлемдік індет

2 Өткізілген орны

3 Қатынасқан оқырман тобы және мақсаты ЖҚТБ дерті жайлы ұғым беру. Шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың ЖҚТБ ның адам ағзасына зиянды әсерлерін нақты үғындыру.

4 Қатынасушылар саны 20

5 Техникалық құралдарды пайдалануы

6 Өткізілетін жұмыс түрі тәрбие сағаты

7 Жауапты адам 11 класс оқушылары,

Кітапханашы

8 Кітапхананың қортындысы : ЖҚТБ ның адам өміріне зиянды әсері арқылы, сана сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге оқушылардың жауапкершіліктерін орнықтыру, рухани деңгейде жағымсыз іс әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

9 Пайдаланған әдебиеттер.Мектептегі кітапхана

Құрман орта мектебі

Өз құқығыңды

білесің бе ?

Дайындаған : Мектеп кітапханашысы

Қалиева Қарылға

Оқу жылы 2011 – 2012 жыл

Мақсаты : оқушыларды өз құқықтарын білуге, түсінуге үйрету. Оның маңыздылығын ашып көрсету. Демократиялық қоғамның негізі принципі заң алдында барлығының тең екенің түсіндіру, ұғындыру. Өздерінің құқығын қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдісі ; ойталқы, кіші топтармен жұмыс, сауалнама, пікірталас.

Көрнекілігі ; нақыл сөздер жызылған плакаттар, КР Конституциясы

Адам құқығы дегеніміз не ? Адам құқығы туралы қандай халықаралық құжат білесіңдер ?

Адам құқығы аса маңызды демократиялық құндылық ол бойынша әдетте жеке адамның заң майындаған және мемлекет қорғайтын еркіндігі мен құқығын жинақтайды. Иә, балалар, адам құқығы халықаралық заң нормалары ретінде 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында тұжырымдалды және 1966 жылы Азаматтық және саяси құқық туралы халық аралық Бәтуа және Экономикалық әлеуметтік, мәдени құқық туралы халықаралық Бәтуа (пакт) бойынша кеңей тілді.

Әрбір адам өзінің құқығын неге білу керек ? Ол қандай мүмкіндік береді ? Өйткені құқықсыз әділеттілік жоқ, Адам өз іс әрекетімен көп пайда әкеледі. Өйткені, ол заңды түсінеді. Жағдайды жақсы бағалайды. Адам құқын білу қоғамда өмір сүру үшін қажет. Ол отбасын құрады, үй алады, өмірге жол тандайды.

Пікір алысу (оқушылар көрсетілген нақыл сөздер бойынша өз ойларын жинақтап, қорытындылайды )

Әділ заң аспан тірегі (Ж,Баласағұн)

Әділдіктің ешкімге зиян тигізбеу және қоғамға пайда келтіру сияқты екі қайнар көзі бар. (Цицерон)

Заң жоқ жерде, бостандық та жоқ ,( Дж Лок)

Біз өркениетті қоғамда өмір сүреміз. Әр елде құқықтың өз ерекшелігі бар. Бірақ кейбір құқық барлық елдерде бірдей болуы тиіс. Яғни, ең негізгі құқықтың бірі өмір сүру құқы. Адамға қажетті тағы қандай құқықтар бар ?

14 – бап

1.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2.Тегіне,әлеуметтік,лауазымды және мүліктік жағдайына жынысына,нәсіліне,ұлтына,тіліне діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

15 – бап

Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

16 – бап

Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Занда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауға ұстауға болады. Тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге қстауға болады.

Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың көмегін пайдалануға құқылы.

17 бап

Адамның қадір қасиетіне қол сұғылмайды.

Ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

Әрине, адамдар заң алдында тең. Бірақ басқа азаматтардың құқына шек келтірмеу керек. Балалардың піеірімен санасып, әрбір адам қоғамдық ереже нормаларын сақтауы тиіс. (оқушыларға жазбаша сауалнама жүргізіледі

Сендердің құқықтарың бұзылған жағдайда бастан кешірдіңдер ме ?

Қандай құқықтарын бұзылды, сонда сендер не сезіндіңдер?

Сендер өз құқықтарынды қорғай алдыңдар ма? Қалай ?

Ал, қорғай алмасаңдар, неге?

Қорытынды.

29 қараша 2011 жыл

1 Өткізілген жұмыс аты Өз құқығыңды білесің бе ?

2 Қатынасқан оқырман тобы және мақсаты : оқушыларды өз құқықтарын білуге, түсінуге үйрету. Оның маңыздылығын ашып көрсету. Демократиялық қоғамның негізі принципі заң алдында барлығының тең екенің түсіндіру, ұғындыру. Өздерінің құқығын қорғай білуге тәрбиелеу.

3 Өткізілген орны кітапханада

4 Қатынасушылар саны 22

5 Техникалық құралдардын пайдалануы слайт арқылы көрсету

6 Өткізілген жұмыс түрі Тәрбие сағаты

7 Жауапты адам 7 класс оқушыларымен класжетекші,кітапханашы

8 Кітапхананың қортындысы:

9 Пайдаланылған әдебиеттер ҚР Конституциясы, мектептегі кітапхана

22 март 2011 жыл

1 Өткізілген жұмыс аты Әдебиетке балалықты әкелген



2 Қатынасқан оқырман тобы және мақсаты : Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығар машылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Елжандыққа тәрбиедеу

3 Өткізілген орны мультимедия кабинеті

4 Қатынасушылар саны 27

5 Техникалық құралдардын пайдалануы слайт арқылы көрсету

6 Өткізілген жұмыс түрі оқырмандар конференциясы

7 Жауапты адам 6 класс оқушыларымен класжетекші,кітапханашы

8 Кітапхананың қортындысы: Артында өшпес мұралар қалдырған аса биік дарын, қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаев көзі тірісінде ұстаздығынан жазбай,рухани тірлігін жалғастыра беретіні хақ. Бұл шығарманың басты мақсаты жақсылыққа тәрбиелеу.

9 Пайдаланылған әдебиеттер Б.Соқпақбаевтың менің атым Қожа кітабы.

3 наурыз 2011 жыл

1 Өткізілген жұмыс аты Көктем аруы



2 Қатынасқан оқырман тобы және мақсаты: Көктем мерекесі Наурыз айы ұлы мерекелер айы асыл аналар мен ару қыздар мерекесі.Баланың анаға деген құрметті сезімің сүйіспеншілігін арттыру.

3 Өткізілген орны мультимедия кабинеті

4 Қатынасушылар саны 29

5 Техникалық құралдардын пайдалануы слайт арқылы көрсету

6 Өткізілген жұмыс түрі жарыс

7 Жауапты адам 10 класс оқушыларымен класжетекші, кітапханашы

8 Кітапхананың қортындысы:

9 Пайдалынған әдебиеттер Мектептегі мерекелер

1 Өткізілген жұмыс аты Салауаттылық нұрлы болашақ



2 Қатынасқан оқырман тобы және мақсаты Ұлттық намысты аяқ асты ететің, адам денсаулығына зиян келтіретін пиғылниеттер : темекі мен ішімдік, есірткінің қоғамға, адамзатқа тигізетін зияндарын оқушыларға түсіндіру.

3 Өткізілген орны мультимедия кабинеті

4 Қатынасушылар саны 30

5 Техникалық құралдардын пайдалануы слайт арқылы көрсету

6 Өткізілген жұмыс түрі тәрбие сағаты

7 Жауапты адам 5 класс оқушыларымен класжетекші,кітапханашы

8 Кітапхананың қортындысы:Абайдын он жетінші қара сөзін оқып, оқушыларға талдап, түсіндіріп ақыл қайрат, жылы жүрек, ғылым арқылы жәман әдеттерден арылуға болатынына баса назар аудару.

9 Пайдалынған әдебиеттер Мектептегі мерекелер

Дінге деген оқушылардың көзқарасын қалыптастыру, діннің ізгілік негіздері мен бірлігінің таныту. Болашақ ұрпаққа тәрбиелей отырып, халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату. Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың «Біз тегіміз- түрік, дініміз- Ислам екенің ұмытпауымыз керек, ол үшін қасиетті кітап- Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек, Дінімізді, тілімізді сақтау- ұлттығымызды, мемлекеттігімізді сақтайды»,- деген қанатты сөзімен атқаруға тиісті ісімізді,жүретін жолымызды, оқитын кітап, үйрететін білім ғылымымызды анық көрсетті Құран Кәрімде :

«Оқы! Жаратқан Иеннің атымен оқы ! Адамды ол (ұйыған) қаннан жаратты, Оқы! Сенің Тәңірін ең ардақты ! Ол қаламмен жазу үйретті, Адамдарға білмейтінді білдірді»

(Алақ сүресі )

Ислам адамды имандылыққа,адамгершілікке тәрбиелейтін дін. Әлемде бұл дінді қабылдап, мұсылман болып жатқан адамдардың саны жыл сайын арта түсуде. Былғары қолғап шебері Касиус Клей мұсылман дінін қабылдап, аты жөнің Мұхаммед Әли деп өзгерткен.

Әйгілі рок жұлдызы Майкл Джексон да ислам дініне өтіп, күніне бес уақыт намазын оқыған. Мешіт салдырған. Олардын бұл дінді қабылдауына не түрткі болды деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Баспасөз беттерінен алынған мына мысалдар олардың мұсылмандыққа қалай келгендіктерінен хабар береді.

Кезінде американдық ғарышкер Айри айдын бетіне аяғы тиген кезде құлағына әлдебір түсініксіз дауыс келгенің жазған.Дереу магнитофон таспасына түсіріп, дауысты зерттеп көрсе, азан шақырған адамны4 дауысы екені анықталады. Осы ғажап құбылысқа таң қалған ғарышкер Алланың құдіретіне қалтықсыз сеніп, ислам дінің қабылдайды.

Пайғамбарымыз Тазалық иманның жартысы деген. Демек үнемі таза жүруге, денсаулықты сақтауға ислам дінінің әсері, пайдасы туралы әңгімеленді. Сол арқылы балалар тәрбиелі, салауатты өмір сүруге үйретіледі. Аласапыранға толы еліміздің тарихына, халықтың қалпы мен ұлттық болмысына таразы көзбен қарайықшы. Сонда біз тапқанымыздан жоғалтқанымыз, қол жеткізгенімізден айырылып қалғанымыз көп екеніне көз жеткіздік. Коммунистік партияның атестік насихаты дінімізге кеселін тигізді. Адамдар құдайға , бір біріне деген сенімдерін жоғалтып, діни тәрбиенің өз бетімен кеткендігі де шындық. Ал шын мәнінде діннің діни тәрбиенің адам өміріне маңызы зор. Абай атамыз Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас сөз ешқашан да жаман болмас деген. Ал Ы.Алтынсариннің « бір Аллаға сыйынып, кел, балалар оқылық!» деген сөзі өмір бойы айтылып келеді Күні кешегі Кеңқияқ,Шүбарши елді мекендерінде болған келенсіз оқиға өңірді ғана емес, елімізді дүр сілкіндіргені рас. Дінді бетперде етіп жамылып, ел ішін дүрліктірген қаныпезерлердің қылығын ешкім де ақтай алмаса керек. Бейбіт елдің тыныштығын бұзған басбұзарларды ауыздықтау кезінде ерліктін үлгісін көрсеткен батыр ұлдарымыз өз қызметіне деген адалдықтың үлгісін көрсетті. Олар кеуделерін оққа төсеп, бейбіт өмірдін елдің тыныштығын қорғауға жанқиярлыққа барды. Олардың бұл ерлік тері атақ даңқ үшін емес, егемен еліміздің тыныштығы үшін жасағаны ақиқат. Бұл ең алдымен, елі, туған халқы үшін қасық қанын қиятын ата дәстүрдің үзілмегендігін көрсетсе, екіншіден, жас ұрпақтың патриоттық сезімнің мықтылығын тағы бір дәлелдейді. Осындай батыр ұлдары бар елдің ертені де өміршен екені сөзсіз.

Құрман орта мектебі

Баяндама : « Арандатуға бой

алдырмайық »

Дайындаған : Мектеп кітапханашысы

Қалиева Қарылға

Құрман орта мектебінің

11 «А» сынып оқушысы

Нұрықов Жантас Жайықұлына

М І Н Е З Д Е М Е

Нұрықов Жантас Жайықұлы 1994 жылы 12 қантарда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Коптоғай селосында дүниеге келген. 2000 жылы 1құркүйекте Құрман мектеп бала-бақшасына даярлық сыныбына қабылданды.

Жантастың оқуға ынтасы жоғары, өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды. Сабақ үлгерімі жақсы, оқу екпіндісі. Гуманитарлық бағыттағы пәндерді сүйіп оқиды, соның ішінде тарих пәніне қызығушылығы жоғары Жантас бос уақытында аудандық спорт мектебі жанындағы волейбол секциясына қатынасады. Мектепшілік, аудандық облыстық волейболдан жарыстарға қатысып, түрлі марапаттарға ие болып жүр, салауатты өмір салтын қолдайтын оқушы. Мектептік спорттық өміріне өзінің көптеген үлесін қосып жүрген оқушылардың бірі. Мінезі салмақты, әр ортаға өзін бейімдей біледі. Елгезек, кішіпейіл, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Өте еңбекқор, әркез қол ұшын беруге дайын тұрады. Жантас өз ойын ашық айта алады. Сыныпта, мектепте өтетін іс- шараларға белсене қатынасады. Сынып оқушыларымен, ұстаздармен жақсы қарым - қатынаста. Өз білімін шыңдау мақсатында тарих пәндерінің қосымша сабақтарына үнемі қатысып отырады. Республикалық, облыстық баспасөздерді тұрақты түрде жаздырып алып, өз білімін әрқашан толықтырып отырады. Жантас жанұясында кенже бала, ата – анасымен қарым -қатынасы өте жоғары деңгейде. Сабағында жақсы оқып, үй шаруасында қолғабыс етуге де үлгеретін қағылез бала. Болашақта өзінің үлгілі тәртібімен, игі істерімен талай биіктерден көрінетініне сенімім мол.

Мектеп директоры : Ә.М. Избасаров

Сынып жетекшісі : Ж.Т. Тынышева

Құрман орта мектебінің 11 «А» сынып

оқушысы Нұрықов Жантас Жайықұлына

көршісі Мусиров Ерболдан

М І Н Е З Д Е М Е

Мен Нұрықов Жантас Жайықұлының көршісімін. Жантастын ортадағы қарым- қатынасы жақсы. Көршілермен жақсы араласады. Сабақта үлгілі, класында тәртібі жақсы. Мектептегі, аудандағы спорт аралық жарыстарға қатысып жақсы жағынан көрініп орындар алып келіп жүр. Сабақта үлгілі, класында тәртібі жақсы. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор көрсете білетін азамат болатынына сенімдімін. Бауырмашыл, шыншыл, әділ, өзіне сенімді бала. Елгезек берілген тапсырманы сол уақытта орындайға дайын.

Көршісі : Е.Мусиров.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу