«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» республикалық марафонының ЕРЕЖЕСІ
Сәлеметсің бе, қымбатты оқушы!
«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» МАРАФОНЫНА ҚОШ КЕЛДІҢ!
МАРАФОНҒА 2-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Марафонға қатысу арқылы кітап оқуға белсенділігің артады;
Ата-анаңмен бірлесе оқып, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғыртасың;
Рухани байлығың, жалпы ой-өрісің дамиды, жоғары эстетикалық талап-талғамың қалыптасады.
Электронды кітаптарды оқуды меңгересің;
Кітап оқу арқылы білімнің, ізгіліктің биік шыңына көтерілесің;
Кітап сенің ақылшың, сыршыл әрі шынайы досыңа айналады.
І. «КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» МАРАФОНЫ 2 ТУР БОЛЫП ӨТЕДІ. І ТУР: 2024 жыл 21-31 наурыз КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫ. ІІ ТУР: 2024 жыл 15-26 сәуір аралығы - БАЙҚАУ.
ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕСІ І ТУР – КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫ
21-31 наурыз аралығында https://bilim-shini.kz/ru сілтемесін басып, сайтқа кіру;
Анкетаны қатесіз толтыру;
Кітапты жүктеп алу;
Сертификатты жүктеп алу;
Кітап оқу 15-сәуірге дейін жалғасады.
КІТАП ОҚУ ТЕГІН.
ІІ ТУР. БАЙҚАУ
Оқыған кітаптар бойынша 15-26 сәуір аралығында БАЙҚАУ өтеді.
БАЙҚАУҒА қатысу үшін 15-26 сәуір аралығында https://bilim-shini.kz/kz сілтемесін басып, «МАРАФОН-БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАМЫН» батырмасын басу керек.
Кесте шығады. Қатысушының ИИН жазылу керек.
Оқыған кітаптар бойынша 20 тест сұрағы беріледі.
Жауап беруге 20 минут уақыт беріледі.
Тест аяқталған соң жауаптар нәтижесі шығады.
Марапат қағаздарды жүктеп алу.
IІІ. БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ 4.1. Бас жүлде – 20 дұрыс жауап. ДИПЛОМ + сыйлық+Жетекші мұғалімге АЛҒЫС ХАТ + Ата-анаға АЛҒЫС ХАТ 4.2. І орын – 16-19 дұрыс жауап. Оқушыға І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ (электронды нұсқа) 4.3. ІІ орын – 13-15 дұрыс жауап. Оқушыға ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ(электронды нұсқа) 4.4. ІІІ орын – 8-15 дұрыс жауап. Оқушыға ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ (электронды нұсқа) 4.5. Орын алмаған оқушыларға СЕРТИФИКАТ. (электронды)
БАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАРЫ КІТАП ОҚЫҒАН МЕКТЕПКЕ КІТАПТАР ТОПТАМАСЫ СЫЙЛЫҚҚА БЕРІЛЕДІ. Қосымша байланыс үшін:
https://wa.me/77754243727
https://wa.me/77754037284