«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СОӨЖ
«АУРУ МЕХАНИЗМДЕРІ. ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ»
«ФАРМАКОЛОГИЯ» ПӘНІ
НҰСҚА 8
Орындаған: Серік Арайлым 3-023 ОМ
Тақырыбы: «Гипо- және гиперкортицизм синдромында қолданылатын гормональды препараттар»
Науқас дене салмағының жоғарылауынан, майдың біркелкі таралмауынан зардап шегеді, гиперпигментация, гирсутизм, аменорея, остеопороз, бұлшықет әлсіздігі байқалады. Науқаста бір бүйрек үсті безінің ісігі бар.
СҰРАҚТАР:
1. Жоғарыда аталған белгілердің пайда болуының себебі неде?
Жауап:Науқаста бір бүйрекүсті безінің ісігі бар екені белгілі.Ол ісік глюкокортикоидтарды артық өндіретін өспе – глюкостерома Иценко – Кушинг синдромын туындатады.Яғни,науқаста гиперкортицизм синдромы.Неге? Иценко- Кушинг синдромы өйткені АКТГ тәуелсіз.
Глюкокортикоидтардың артық өндірілуі әсерінен:
Май алмасуына әсері майдың қайта бөлінуімен байқалады,майдың біраз бөлігі бетте(ай тәрізді бет),мойын арқа бөлігінде,иықта т.б жиналады.
Әйелдерде андроген көптеп өндірілуінен гирсутизм,аменорея байқалады.
Кальций ионы көптеп шығарылуына байланысты остеопороз дамыған.
Глюкокортикоидтық гормондар глюкозаның аэробтық тотығуынан пайда болатын энергияға тәуелді шапшаң ет талшықтарының семуін туындатады,содан бұлшықеттер әлсіздігі.
2. Қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек?
Зәрдегі бос кортизол деңгейін анықтау
Дексаметазонды супрессия сынағы
Түн ортасында сарысудағы немесе сілекейдегі кортизол деңгейі
Плазмадағы AКТГ деңгейін анықтау; егер оны анықтау мүмкін болса – провокационной сынақ жүргізу
3. Қандай препараттарды тағайындау керек? Негіздеу.
Метирапон немесе кетоконазол және митотан (сирек) сияқты бүйрек үсті безінің тежегіштері препараттарды қолданады.Бұл препараттар глюкокортикоидтардың антагонисттері болып табылады,олардың синтезін тежейді(метирапон,митотан) ,кейбірі глюкокортикоид рецепторын тежейді..
4. Бұл препараттардың әсер ету механизмі.
Метирапон: Глюко- және минералокортикостероидтардың синтезіне қатысатын фермент 11-гидроксилазаны бәсекеге қабілетті және қайтымды тежейді.Нәтижесінде метирапон жыныстық гормондардың синтезіне іс жүзінде әсер етпей, осы стероидтардың синтезін бұзады..
Митатон: Ісікке қарсы агент. Митотан бүйрек үсті безінің жасушаларына цитотоксикалық әсер етеді, сонымен қатар ол жасушаларды бұзбай бүйрек үсті безінің қыртысының қызметін тежей алатын сияқты. Оның әсер етуінің нақты биохимиялық механизмі белгісіз. Қолданыстағы деректер митотанның шеткергі стероидтар алмасуын өзгертетінін, сондай-ақ бүйрек үсті безінің қыртысының қызметін тікелей тежейтінін көрсетеді. Митотанды қабылдау адамда кортизолдың бүйрек үсті метаболизмін өзгертеді, бұл қан плазмасындағы кортикостероидтар деңгейінің төмендеуі болмаса да, 17-гидроксикортикостероидтар концентрациясының төмендеуіне әкеледі. Шамасы, митотан 6-бета-гидрокси-холестериннің түзілуінің жоғарылауын тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |