2. Клиникалық көріністерді реттеу үшін қандай препарат тағайындау керек?
L-Тироксин немесе L- тироксин натрий тұзын тағайындауға болады.
3. Препаратқа сипаттама беріңіз.
Ішке тағайындалатын препарат, алайда сирек жағдайларда көк тамыр ішіне де тағайындайды. Әсері біртіндеп басталады, сондай ақ жоғарғы шегіне 8-10 күннен кейін жетеді. клиникалық эффекті қабылдаған соң 3-5 күн үшінде көрінеді. Диффузды зоб кезінде пайдаланылатын болса оның мөлшері 3-6 айда кішірейеді. Аш ішектің жоғары бөлімдерінде сіңіріледі. Қабылданған препараттың тек 80% ғана толық сіңірілуге ұшырайды. Ол ішектер арқылы және де бүйрек арқылы шығарылады. Ағзадан шығарылуы шамамен 9-10 күнді құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |