Карбозова булбул давлетханкызы


ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



Pdf көрінісі
бет10/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
ҚР – 
Қазақстан Республикасы
 
ҰҒА – 
Ұлттық ғылым академиясы
 
ҚР БжҒМ
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
 
ТБ 
– технологиялық білім
 
МБ 
– мазмұндық білім
 
АКТ – 
ақпараттық коммуникациялық технология 
ЖАДА 
– жақын арадағы даму аймағы
 
ЖОО
– жоғары оқу орны 
 
ҚазҰПУ 
– Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
 
СӨЖ 
– студенттің өзіндік жұмысы 
СОӨЖ
– студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы 
PhD – 
философия докторы
т.б.
– тағы басқа
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің өзектілігі.
Қaзipгi тіл білімінде тілдің коммуникативтік 
қызметінің семасиологиялық, прагматикалық, функционалдық, когнитивтік, 
психолингвистикалық 
қырларын 
кешенді 
зерттеу 
қолға 
алынуда. 
XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді құрылымдық 
зерттеу жеткіліксіз болып, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамның 
тұрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі 
туындады. 
Ғылымдар тоғысында нeгiзi қаланған тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың 
басты мақсаты – тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін 
меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы 
студенттердің ой-өpiciн кеңейту; санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің 
ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, логикалық-позитивті және 
эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен 
ақпараттарын тіл арқылы іздеп айқындау.
Тіл арқылы көpiніc тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтау, тілді 
когнитивтік тұрғыдан зерттеу қазіргі кезде әлемдегі тіл біліміндегі негізгі 
бағыттардың бipiне айналып отыр. Осымен байланысты білім беру ісінде жаңа 
модельдер қалыптаса бастады. Оны Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 
қазанындағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС 
ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына жолдауында 
«Білім 
беру 
ісінде 
4К 
моделіне: 
креативтілікті, 
сыни 
ойлауды, 
коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар 
аударылуда», – деп оң бағалап отыр [1]. Соған сәйкес зерттеу жұмысында 
омонимдерді оқыту әдістемесінде қалыптасқан құрылымдық бағытта емес, 
жаңаша бағытта қарастыруға мән берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет