Картография және географиялық Деректер базасы



Дата07.02.2022
өлшемі234,8 Kb.
#88274
Байланысты:
алпамыс гео
kriterialdy bagalau PShO, алпамыс гео

Картография және географиялық
Деректер базасы

Жерді қашықтықтан зерделеу әдістері

Қашықтықтан зерделеу - Жер беті мен ондағы нысандар: атмосфера, гидросфера, жер қыртысының жоғарғы қабаты жайлы қашықтықтан дәл ақпарат алу. Ол қазіргі түсірілім аппараттары көмегімен авиациялық және ғарыштық әдістер арқылы іске асады. Қашықтықтан зерделеу зерттеулер үшін ғана емес, өндіріс, экология салаларындағы мәселелерді шешу үшін де қолданылады.
Ғарыштан түсіру әдісі-Жерді қашықтықтан зерделеу әдістеріне ақпаратты тікелей байланысқа түспей-ақ алатын барлық әдістер жатады, олардыішінде ғарыштан түсіру әдісін айтуға болды Біздің ғаламшарымыздың орбитасында үнемі Жер бетіне бақылау жүргізіп тұратын Жерді қашықтықтан зерделеудің 100- ден аса жасанды серіктері орналасқан. Олардың алдында тұрған міндет - табиғат құбылыстарының ғарыштық түсірілімін алу ғана емес, олардың пайда болу себептерін түсіндіруге көмегі тиетін сипаттамалар жинастыру.Жерсеріктен алған мәліметтер қазіргі таңда ең объективті болып табылады. Жерсерік суреттерінен кішігірім аудандардың дәл, нақты бейнесін алуға болады.

Тәсілдері-Жерді қашықтықтан зерделеудің активті және пассивті тәсілдері бар. Қашықтықтан әрі байланысқа түспей зерттеудің активті әдісі - лазерлік зерделеу. Жерді қашықтықтан зерделеудің ішінде алынатын ақпараттың көлеміне байланысты дәстүрлі аэрологиялық әдістермен салыстырғанда лазерлік сәулеленуді қолданудың мүмкіндігі мен артықшылықтары бар. Пассивті әдістер жылу сәулелерін тіркеуге негізделген, ол үшін атмосферадағы табиғи сәулелерді қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет