«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ кіріспе



бет1/18
Дата30.11.2016
өлшемі5,5 Mb.
#2876
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
КІРІСПЕ

Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құру, пайдалану әдістемелері туралы ғылым.



Пәнді оқытудың мақсаты: білімгерлерге географиялық карталардың ерекшелігін, картографиялық проекциялардың түрлеріне түсінік беру

Пәнді оқытудың міндеттері:

1. Географиялық карталарда қолданатын масштабтың түрлерін түсіндіру.

2. Географиялық карталардың жіктелуін және ерекшелігін білу.

3. Топографиялық карта бойынша есептер шығару.

4. Географиялық карта бойынша профильдер түсіру.

5. Географиялық карталар бойынша картографиялық проекцияларды ажырата білу.


Лекция №1

Географиялық карталар туралы түсінік

1. Карталарды қолдану.

2. Картографияның құрылымы мазмұны мен бөлімі.

3. Географиялық карталардың қасиеті және негізгі элементі.

Карта – жер бетінің таңба үлгісіндегі моделі. Карта немісше Каrte-түп нұсқа, ал грекше chartes-жазуға пайдаланатын папирус парағы деген мағына білдіреді.

Картография – географиялық карталардағы табиғат құбылыстарымен картографиялық бейнелеулерді, карталардың шығару әдістерін және қолдануын зерттейтін ғылым.

Картография зерттейтін басты проблемалар:

1.Ғылымның теориялық негізі, оның ішінде картографияның пәні мен әдісі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы. Генерализация мен кескіндеу әдістерінің теориясы жатады.

2.Картография ғылымының даму тарихы.

3.Картографиялық деректер тану.

4. Карталарды жобалау және оны дайындау теориясы мен технологиясы.

5.Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдісі.

Географиялық карталарды әр түрлі саладағы мамандар, жорық жетекшілер, саяхатшылар мен оқушылар қолданады.

Картаны қолдану – бұл картографиялық бейнелеулерді қолдану жағын қарастырады. Карта мен атластарды мына уақытта қолданылады:



  1. Новигациялар мен жергілікті жерді бағдарлау (құрлықта, теңізде, әуеде).

  2. Шаруашылықта (жерді игеру, пайдалы қазбалар).

  3. Инженерлік жобалау және құрылыстық (жол қатынастар).

  4. Экологиялық жағдайды қадағалау, табиғатты қорғау және қауіпті құбылыстарды ескерту жасау.

  5. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде және болжау.

  6. Ішкі және сыртқы саясатты қамтамасыз ету жағдайын қарастыру және

шешім қабылдау.

Картография құрылымына қарай үлкен картографиялық пәндер жүйесін құрайды. Олар: картаны тану, картографиялық информатика, математикалық картография, картометрия, картаны құрастыру және проектілеу, безендіру, картаны шығару және қолдану.



Картаны тану - географиялық карталардың элементін, құрылымын, карталардың даму тарихын және карталарды қолдану жолдарын қарастырады.

Картографиялық информатика – карталардың жіктелуін және баға беруін, сақтау мен таралуын қарастырады.

Математикалық картография – карталардағы географиялық объектілердің нақтылығын қарастырады.

Картометрия – географиялық карталардағы объектілердің ұзындығын, ауданын өлшеуін қарастырады.

Картографияны оқытуда ең негізгі болып табылатын саланың бірі топография. Топография – жер бетінің біршама шағын учаскілерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді.

Картография гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарымен байланысты Гуманитарлық ғылымдарға: экономика, тарих, жаратылыстану ғылымдарға: физикалық география, ландшафттану, осының ішінде салалық ғылымдарға: геология, климатология мен метеорология, топырақтану, ботаника, зоология және нақты ғылымдарға: математика, геодезия, кибернетика, статистика жатады.

Ғылыми практикада модельдендіру нақты объектіні оқып білуде және жасауда орын бастаушы ретінде түсіндіріліп келеді. Картографияда «модель» деген термин қолданады және өзінің ерекшеліктері бар. Модель жер бедерін, географиялық қабықты, жер қыртысын және атмосферада тіршілік ететін тірі организмдермен әлеуметтік құбылыстармен адамның іс-әрекетінен болатын құбылыстарды көрсетеді. Осы «Картографиялық модельдендіру» ұғымын орыс ғалымы географ, картограф К.А.Салищев қолданды. Ғалым К.А.Салищев карталардың ең негізгі 4 функциясын атап көрсетті. Олар: коммуникативті, оперативті, танымдық, болжамдық.



Коммуникативті – картаны қолдану кезінде ең негізгі хабарлар беру;

Оперативті- карта бойынша практикалық жұмыстарды орындау;

Танымдық - әртүрлі саладағы мамандар мен оқушылар өздерінің білімін дамыту үшін қолданады.

Болжамдық- картографиялық моделдеу кезінде бір құбылысты бағыт бере отырып дамыту.

Географиялық карталардың элементтеріне: математикалық негіздер (масштаб, тор, проекция), картографиялық бейнелеулер (шартты белгілер), қосалқы элементтердің сипаттамасы (график, диаграмма, статистикалық көрсеткіштер), жабдықтау (картаның аты және масштабы, картографиялық торда сызықтардың бейнеленуі) жатады.

Географиялық карталар территорияларына, маңызына, мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі.

Территориясына қарай: материктік, мұхиттық жеке мемлекет

Маңызына қарай: оқулық карталар, ғылыми - анықтамалық, әскерлік, туристік және т.б.

Мазмұнына қарай: жалпы географиялық карталар және тақырыптық карталар.

Масштабына қарай: ірі масштаб, орта масштаб, ұсақ масштаб.

Бұл масштабтар жалпы географиялық және тематикалық карталарға тән. Ірі масштабты жалпы географиялық карталарды – топографиялық карталар, орта масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы топографиялық карталар, ал ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы карталар деп атайды.


Лекция №2,3.

Топографиялық карталар және оны пайдалану
1.Топографиялық карталардың қасиеттері.

2.Топографиялық карталардың номенклатурасы.

Топографиялық карталар шағын территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталардың әрбір беті трапеция болып табылады оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан.

Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады.

Мысал ретінде N-36-54-Г-а карта бетінің номенклатурасының 1:1000 000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.

N-36 бет 1:100 000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1,2,3 …, 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 54 нөмірлі бетінің номенклатурасы N-36-54 болады.

1:100000 масштабтағы N-36-54 картасының беті 1:50 000 масштабтағы картаның бетіне 4 бетіне сәйкес келеді: олар А,Б,В және Г әріптерімен белгіленді. Осы масштабтың екінші номенклатурасы N-36-54-Г болады.

Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады. Бұл беттер а,б,в,г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N-36-54-Г-а болады.

1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып, 1:10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256) болады.

1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді. Оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы картанаң ақырғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256-и) болады.

Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 1-кестеде берілген.

1-кесте- Карталардың номенклатурасы

Масштаб

Беттің өлшемі


Номенклатураның

үлгілері


Ендікте

Бойлықта

1:1000 000





N-36

1:500000





N-36-А

1:200000

40'



N-36-ХХХ

1:100000

20'

30'

N-36-54

1:50000

10'

15'

N-36-54-Г

1:25000

5'

7'30"

N-36-54-Г-а

1:10000

2'30"

3'45"

N-36-54-А-а-1

1:5000

1'15

1'52,5

N-36-54 (256)

1:2000

25"

37",5

N-36-54 (256-и)



Пландар мен карталардың шартты белгілері. Топографиялық карталардың шартты белгілері мен шартты белгілерден және оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады.


Шартты белгілер және олардың түрлі- түстері жердің әртүрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілер шартты белгілерді кескінділетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтер мен толықтыралды.

Біркелкі объектілердің әртүрлі масштабты топографиялық карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда, бірдей, тек көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сандық және сапалық сипаттамалары олардың өзіне тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске салатын бастапқы графикалық белгілермен беріледі.

Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және қасиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.

Лекция №4.

Топографиялық картадағы географиялық және тік бұрышты координаттар

1.Тік бұрышты Гаус-Крюгер проекциясы.

2.Географиялық тікбұрышты координаттарды анықтау.

1.1928 ж. КСРО-да барлық геодезия және топографиялық жұмыстарға арналған геодезия мәжілісінде Бессель эллипсоидында Гаусс - Крюгер проекциясы қабылданған болатын. Бұл проекцияда 1:500000 - нан ірі масштабты топографиялық карталарды жасай бастады, ал 1939 ж. бастап Гаусс-Крюгер проекциясы 1:500000 масштабты картасында қолданылды. 1825 ж. К.Гаусс алғашқы рет бір жазықтықты екіншісінің үстіне шексіз кіші бөлшектер түрінде бейнелеп сақтап отырудың жалпы шешімін тапты. 1912 ж. А.Крюгер жазықтықта қолданылған формулаларды есептеп, баспадан шығарды. Осыдан кейін бұл проекция Гаусс - Крюгер атауын алып, топография-геодезиялық жұмыстарда кең қолданыла бастады. Гаусс – Крюгердің тең бұрышты көлденең-цилиндрлі проекциялау заңы бойынша проекцияланады. Сондықтан жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6° сайын меридиандармен 60 зонаға бөлінеді, олар полюстен полюске дейін созылады. Зоналардың нөмірлері батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианнан жүргізіледі, ал Грнивич меридианы бірінші зонаның батыс шекарасы болып саналады. Әрбір зонаның ортадағы меридианы остік меридиан деп аталады.

Меридиандар мен параллельдер қисықтармен бейнеленеді, меридиан зонасы мен экваторға салыстырмалы түрде симметриялы, бірақ олардың қисықтығы шамалы болғандықтан, картаның батыс пен шығысындағы шегі түзу сызықтармен бейнеленеді. Карталардың солтүстік және оңтүстік шегімен сәйкес келетін параллельдер ірі масштабты карталарда түзумен бейнеленеді (1:2000-1:50000), ұсақ масштабтыкарталарда қисықпен бейнеленеді . Әрбір зонадағы тік бұрышты координаталарының басы осьтік меридиан зонасының экватормен қиылысу нүктесінде орналасады.

Гаусс - Крюгер проекциясы - геодезиялық проекция, жердің беті шартты түрде меридиандармен 60 зонаға бөлінеді.

Гаусс - Крюгер проекциясындағы аймақтарды санау гринвич меридианынан шығысқа жүргізіледі. Орта меридиан зонасы осьтік деп аталады. Шығыс жарты шарының кез келген аймағындағы L0 осьтік меридиан ұзақтығы мына формуламен есептеледі:

L0=6°* n -3°

Ал батыстағыда - мына формула :

L0=360°-(6°* n -3°),

n - аймақ нөмірі.

Топографиялық картаның беті солтүстік және оңтүстік жағынан параллельдермен, ал батыс және шығыс жағынан меридиандармен шектелген. Кескінделген заттар мен жергілікті жердің контурларының географиялық координаталарын анықтау мүмкіндігі болу үшін картада градус рамкасы балады. Ол карта бетінің ішкі және сыртқы рамкаларының аралығында орналасқан. Градус рамкасы шығыс пен батыс қабырғаларындағы ендіктің минуты мен солтүстік пен оңтүстік қабырғаларындағы бойлықтың минуты кезектесіп отыратын қара және ақ шашқалармен белгіленген. Әр ендік пен бойлықтың минуты алты тең бөлікке бөлінген. Осы белгіленген нүктелердің ара қашықтығы 10 секундке тең. Градус рамкасының жол-жол сызықтарын пайдаланып карта бетінде градус торын жүргізуге болады. Олар картада нүктелердің географиялық координаталарын анықтауға мүмкіндік береді.

Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады. Осы тордың квадратының қабырғасы километрлердің толық санымен белгіленеді, сондықтан оны километрлік деп атайды.

Оңтүстіктен солтүстікке қарай жүогізілген километрлік тордың сызықтары зонаның остьік меридианына параллель (Ох осіне), ал батыстан шығысқа қарай жүргізілген сызықтар экватордың жазықтықтағы проекциясының кескініне параллель (яғни Оу осіне) болады. Километрлік тордың көмегімен нүктелерің тікбұрышты координаталары анықталады.

Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рамкасы сызылады. Осы рамканың сыртында орналасқан жазулар және графиктер шектік безендіруге жатады. Әрбір топографиялық картаның үстіңгі жағында беттің номенклатурасы көрсетіледі. Рамканың төменгі жағынан мыналар орналасады:


  1. магнит тілінің орташа бұрылуы

  2. масштабтар

  3. жер бедері қимасының биіктіктері туралы мәлімет

  4. табан графигі

  5. түсірілген және жаңартылған жылы.

Лекция № 5.

Ұсақ масштабты карталардың математикалық негізі

1. Географиялық глобус.

2.Ұсақ масштабты карталардағы масштабтың ерекшеліктері.

3.Бұрмаланудың түрлері.

1. Глобус (лат. globus - шар) – Жер шарының неше есе кішірейтіліп берілген бейнесі. Глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Оның геометриялық пішіні мен аудандарының ара қатынасы нақты, еш өзгертусіз, яғни бұрмаланусыз беріледі.

Глобусты жасаған кезде карталарды дайындау кезінде қолданылатын шартты белгілер мен объектілерді орналастыру заңдылықтары қолданылады.

Олар карталар сияқты тақырыбына (жалпыгеографиялық және тақырыптық-саяси, геологиялық және т.б.), масштабына және мақсатына (оқулық, анықтамалық және т.б.) қарай ажыратылады.

Глобус жер шарының моделі, онда географиялық нысандардың пішіні анағұрлым дұрыс бейнеленген. Неміс картографы М.Бехайм XV ғасырда алғашқы глобусты жасаған. Үш түрлі масштабты глобус түрі бар. Үлкен глобус 1:30 000 000, яғни 30 млн есе кішірек, орташа глобус 1:50 000 000, яғни 50 млн есе кішірек, 1:83 000 000 кіші глобус, яғни 83 млн есе кішірейтілген.

Бірінші глобусты б.з.д. 150 ж. Кратет Малльский жасаған болатын.

Картадан айырмашылығы, глобуста бұрмаланулар жоқ, сондықтан глобус материктердің мен мұхиттардың орналасуы туралы жалпы мәлімет алу үшін ыңғайлы болып келеді. Бірақ глобус ұсақ масштабты болып келетіндіктен, белгілі бір жерді толығымен көрсете алмайды.

Әйгілі глобус түрлері:


  1. Жер алмасы ( XV ғ ) - әлемдегі ең ескі глобус .

  2. Краковтағы Ягеллонский глобусы - қазіргі кезде кездесетін әлемдегі ең ежелгі глобустардың бірі.

  3. В.Ломоносовтың мұражайындағы Готторпский глобусы . De : Gottorfer Riesenglobus ( XVІІ ғ )

  4. Блау глобусы (XVІІ ғ)- орыс мұражайының бірінші экспонаты.

  5. Дүние жүзінің глобусы (1982-1987)- ең үлкен айналмалы глобус. Диаметр 10 м, салмағы 30 т,

Италияның Апечо қаласындағы Коломбара аумағында. Глобус ағаштан жасалған, ішіне 600 адам сыйып кетеді.

  1. Венада глобустар музейі жұмыс істейді.

Глобустың құрылымы және оның ерекшелігі

1. Географиялық карталар Жердің пішінінің ерекшеліктерін көрсетеді. Ол геоид тәрізді, яғни дұрыс емес пішінді, белгілі алгоритмдермен суреттеле алмайды. Глобусты жасаған кезде Жерді шар тәріздес етіп алынуына не себеп болды? Себебі, Жер эллипсоидінің оқсінің арасындағы қашықтығы өте аз – 43 км ғана. Ұсақ масштабты модельдерінде бұл айырмашылықты елемесе де болады.

2. Глобустың беті тегіс болып келеді. Бедерлі глобустар сирек жасалады, кейде жер бетінің белгілі бір аумақтарының ірі масштабтағы үлгісі жасалады. Мысалы, 1:30 000 000 масштабта дүние жүзіндегі ең үлкен тау жүйесі Джомолунгманың (8848 м) биіктігі глобуста 0,34 мм болады. Бұл биіктіктегі айырмашылықты кішкентай шардың бетіне бейнелеу мүмкін болмағандықтан, глобус бетінің тегіс болуы айқындалған.

3. Егер бглобусты шар деп алсақ, оның осьтары барлық бағытта бірдей болады, ал меридиандар мен параллельдер – шеңбер бойымен сәйкес болады. Мұны оңай түсіндіруге болады: шар бетінің кез келген бағыттағы жазықтықпен түйісу сызықтары – шар тәрізді. Егер түйісу жазықтықтағы Жердің ортасы арқылы өтсе, үлкен шеңбер пайда болады. Үлкен шеңберлер болып меридиан және экватор сызықтығы алынған. Барлық меридиандардың радиусы бір-біріне тең болып келеді.

Егер шарды бөлетін жазықтық Жердің ортасы арқылы өтпесе, онда жазықтықпен түйіскен сызықтар кіші шеңбер құрайды. Экватордан басқа параллельден – кіші шеңбер болады. Оның радиустары экватордан полюске таман азая түседі.

4. Меридиан мен параллельдер арасындағы бұрыштар – глобустың кез келген нүктесінде түзу болады, яғни жер бетінің арасындағы бұрыштарына сәйкес болады.

5. Глобус масштабы кез келген нүктеде бірдей болады, сондықтан меридиандар арасындағы параллельдердің қашықтығы және бір параллельде орналасқан меридиандар бір-біріне тең. Глобустың масштабтарының тұрақтылығы қателіктер, яғни бұрмаланулар болмайтынын көрсетеді.

6. Бұрмалану жоқ болғандықтан, глобус бетінде кез келген фигураны көрсете алады. Сол себепті глобуста объектілердің пішіндері, бейнесі бұрмаланусыз беріледі – теңіз, материктер, мемлекеттер, ормандар т.б.

7. Глобустағы кез келген нүктелердің сызықтарының ұзындығы мен бұрыштарының бұрмалануы болмағандықтан, олардың аудандарында да қателік болмайды.

Глобусты пайдалану бүкіл Жер бетін көруге ыңғайлы. Глобустан көрінгендіктен материктер мен мұхиттардың байланысы, олардың орналасуы, өлшемдерінің ұқсастығы, полюстер мен экватордан қашықтығын есептеуге болады.

2. Ұсақ масштабты карталарда үлкен аумақтағы территориялар бейнеленеді. Бірақ Жер – геоид – қиындықтарға тап боламыз.

Егер Жердің глобусын кез келген бөліктерге кесіп алсақ, әрқайсысы сфераның бір бөлігі болады.

Ұсақ масштабты карталарда міндетті түрде сандық масштаб беріледі (мысалы, 1:4000000). Масштабтардың басқа түрлері – атаулы және сызықтық – берілмесе де болады.

Сандық масштаб – алымы бір санды, ал бөлімі жергілікті ауданның көкжиектік бағыттағы проекциялық сызығын картада қанша есе азаюына сәйкес болып келетін дұрыс бөлшек.

Сызықтық масштаб – қашықтықты есептеуге ыңғайлы болатындай бөліктерге бөлінген санды масштаб атауының түзу сызықты графиктік кескіні болып табылады.

Ұсақ масштабты карталардың картографиялық шартты белгілері шынайы жағдайын көрсетумен қатар, құбылыстың (елді мекендер, мен олардың дамуы) абстрактілі мінездемесін береді. Белгілер екі негізгі функцияны орындайды:

- біріншіден, кеңістіктегі нысандардың немесе құбылыстардың орналасуын көрсетеді;

- нысандардың түрін көрсетеді, олардың сапалық және сандық мінездемесін (мысалы, елді мекендер, ондағы халық саны, әкімшіліктік мәні, қала немесе ауылдық мекендерге бөлінуі, өндіріс салаларының дамуы және т.б.).

Ұсақ масштабты картададағы шартты белгілер топографиялық картадан айырмашылығы, оның стандартты еместігі. Алайда, кейбір шартты белгілерді нысандар мен құбылыстар тобына пайдалануда шектеулер болады. Әрбір нысандар тобына өзіне сәйкес шартты белгілер тобы болады. Елді мекендер, шартты түрде дөңгелекпен, темір жолдар – қызыл сызықтармен, жолдар – қара сызықпен, өзендер – көк сызықпен белгіленеді.

Ұсақ масштабты карталар топографиялық карталарға қарағанда жер бедерін толық көрсете алмайды. Бұл карталар жер бедерінің негізгі және жалпы құрылысын, оның үлкен формасын ғана көрсетеді.



Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталардан үлкен кеңістіктегі құрлықтар мен мұхиттарды, елдер мен теңіздерді, обьектілердің қашықтығы мен ауданын, таулар мен жазықтарды, үстірттерді, ірі өзендердің су жинақтаушы бассейндерін көруге болады.

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталар төмендегідей мәселелерді шешуге негізделген:



  1. жергілікті жердің жалпы географиясын оқыту

  2. табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды орнату үшін жалпы географиялық және тақырыптық элементтерді байланыстыра отырып, жергілікті жерді тереңдетіп оқыту

  3. географиялық негіздегі тақырыптық карталар мен атластарды қолдану;

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталар өз алдына жеке туынды ретінде жасалады, ал кейбіреулері бірнеше рет басылып шығады. Математикалық негіздеріне қарай әртүрлі (масштаб, проекция, градустық торлар) бірақ элементтер жиынтығының мазмұны стандартты: жағалық сызықтар, рельеф, халық орналасқан аймақ, қатынас жолдары. Өсімдіктер әлемі көбінесе ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда бейнеленбейді, түстер рельефті көрсету үшін қолданылады. Элементтердің мазмұнын көрсетуде белгілі бір стандарттар жоқ. Нақты жағдайда олар арнайы құжаттарды жасалады.

Дүние жүзінің картасы үшін мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтардың және ірі аймақтардың масштабты қатары айқындалмаған (орнықтырылмаған). Ол карталардың мазмұнына байланысты (мысалы, Ресейдің анықтамалық қабырға картасы үшін 1:2500000 масштаб қолайлы, жоғарғы мектептер үшін 1:400000 масштабты карталар сериясы қабылданған, карта сериясы кейде класс өлшеміне байланысты 1:500000 болады). Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды сақтау мен қолдануға ыңғайлы болу үшін парақтарға бөлінеді. Көппарақты халықаралық 1:2500000 масштабтағы карта барлық жер шарын қамтушы, көпжолақты проекцияны құрайды.

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды жасау барысында безендірілуі мен эстетикалық сапасына көңіл бөледі. Көркем рамкалар қолданылады. Өте жақсы безендірілгендері картина тәрізді көрінеді. Мысалы Памир-Тянь-Шань (1:800000) картасы, Кавказ (1:600000) және т.б жоғары мектептерге арналған аймақтық карталарды атауға болады.

Топографиялық карталар жекелеген шағын аймақтарға жасалады. Бұлар қабырға карталары, олардың масштабтары үлкейтілген, ал мазмұны ұсақ масштабты карталарға сәйкес келеді. Мысалы, облыстық 1:500000, 1:200000 масштабтағы карталар сериясы, Ресей федерациясының жалпы географиялық картасы (1:200000 – 1:100000)

Отандық және халықаралық картографияның дамуында «Халықаралық дүние жүзілік картасы 1:2500000» (1964-1976) үлкен роль атқарды. Осы карталардың жасалуын КСРО, Венгрия, ГДР, Болгария, Чехославакия елдері ат салысты. Бұл картографиялық туынды бірлескен ұжымдық ортақ технологиямен жасалды. Осы картаны жасау барысында әр елдің картографиялық қызметкерлері өздерінің тәжірибеоерін ортаға салды. Өте жоғары ұйымдастыру жұмыстары КСРО мен Венгрияда жасалды. Еліміздің енгізген басты еңбегі – картаның математикалық негізі. Карта ағылшын тілінде басылып шықты, дегенмен картаны жеке парақтары орыс тіліне аударылған.

Картаның негізгі міндеттері – жердің табиғи ресурстары бейнеленген тақырыптық карталар сериясына негіз болу. Бұл картаның халықаралық 1:1000000 масштабты картадан өзгешелігі мұнда тек материктер ғана емес, бүкіл әлем қамтылады. Картаның мазмұны екі позицияда:



  1. танымдық

  2. ғылыми-анықтамалық ретінде жасалған.

Сонымен қатар генерализацияны қолданудың графиктік көрінісі халық тығыздығына байланысты алдын-ала халық орналасқан аймақтарды аудандастыру ережелері мен нормалары көрсетілген. Карта гипсометриялық түспен берілген. Ал өсімдіктер жекелеген жерлер де ғана көрсетіледі. Халықаралық дүни жүз картасы (1:2500000) біркелкі халықаралық топонимикалық негіз де үлкен орын алады. Бұл географиялық ТЕРМИНДЕР МЕН ТОПОНИМДЕР бүкіл жер шары үшін бір жүйеге келтірілген, ал атаулардың көшірмесі бір принципке негізделген жалғыз басылым. Ұсақ масштабты карталар арасында жалпы географиялық ауыспалы тақырыптық карталар тобы ерекшеленеді. Ол жерде жалпы географиялық элементтің белгілі біреуі ғана жоғары дәрежеде толықтырылып көрсетіледі де, ал қалғандары екінші планға қалдырылады.

КСРО-ның 1:2500000 анықтамалық картасы 1947 жылы жасалғна. Онда барлыө географиялық элементтер көрсетілген. Картада халық қоныстанған аймақтар екі поанда берілен: 1) бастылары кара түспен, қалғандары көгілдір түспен.

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталар оқулық картографиясында кеңінен колданылады. Олар барлық оқу процесінде пайдаланылады. Мысалы; бастауыш сыныптарда жартышарлар картасы, орта буындарда материктер картасы, елдер картасы

мектептегі жалпы географиялық картаның өзіндік ерекшелітері бар:



  • карталар жинағы және оның мазмұны мектеп программасына және оқулыққа сай болуы керек

  • бұл карталарға арнайы математикалық негіздер жасалған.

  • Карталар қосымша жүктемелер алады (мысалы пайдалы қазбалар, саяхат маршруттары)

  • карта ашық және әртүрлі түстермен безендіріледі.

3. Кез келгенін проекцияда бұрмаланулар болады, олар төрт түрге бөлінеді:

  • Ұзындықтардың бұрмаланулары

  • Бұрыштардың бұрмаланулары

  • Аудандардың бұрмаланулары

  • Пішіндерінің бұрмаланулары

Ұзындықтардың бұрмалануы - негізгі бұрмалану түрі. Қалған бұрмаланулар осыдан шығады. Масштабтың нүктеден нүктеге өзгеруінен, кейде бағытына байланысты бір нүктенің шегінде өзгеріп отыруынан, тегіс бетте ұзындықтардың бұрмалану масштабының тұрақсыздығын көреміз.

Бұл картада масштабтың 2 түрі болатынын білдіреді:



  • Негізгі, ол картада белгіленеді, негізгі эллипсоидтің масштабы.

● Жеке масштаб - олар картада көп кездеседі, ол нүктеден нүктеге және бір нүкте

шегінде өзгеріп отырады.



Аудандардың бұрмаланулары ұзындықтардың бұрмалануынан шығады. Аудандардың бұрмалануы ретінде бастапқы эллипсоид ауданынан эллипстің бұрмалану ауданының ауытқуын қабылдайды.

Бұрыштардың бұрмаланулары ұзындықтардың бұрмалануларынан қисынды шығады. Картада бұрыштардың бұрмалану мінездемесі ретінде карта және эллипсоидтың бетiндегi тиiстi бағыттар арасындағы бұрыштардың айырымдарын қабылдайды.

Пішіндерінің бұрмалануы - бұрмалану түрі - эллипсоидтің созыңқылы түріндегі графикалық бейнеленуі.

Лекция №6,7.

Картографиялық проекциялар

1. Азимуттық проекция.

2. Цилиндрлік проекция.

3. Конустық проекция

Кеңістіктегі әр түрлі бейнелер мен заттарды қағаз бетінде кескіндеу үшін проекциялау әдісі қолданылады. Проекция – Жер эллипсоидын жазықтыққа түсіру.

Картографиялық проекциялар – глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін қолданылады. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады. Осы бұрмаланушылықты болдырмау үшін картографиялық проекция қолданылады.

Бұрмалану мүмкіншілігін азайту мақсатында географиялық карталарда әр түрлі проециялар қолданылады: тең бұрышты, тең ауданды, еркін проециялар.

Тең бұрышты проекциялар қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық объектілердің пішіндері нақты сақталады, бірақ олардың ұзындықтары мен ауданы өте күшті бұрмалануға ұшырайды. Мұндай проециялар теңіз кемелері мен ұшақтардың жүру жолдары мен ұшу бағыттарын нақтылау мақсатында пайдаланады.

Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл берілгенімен, географиялық объектілердің бұрыштары мен пішіндері күшті бұрмалануға ұшырайды. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің, мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.


Каталог: download -> version -> 1331928024 -> module -> 5989803582 -> name
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет