Казахский язык “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз. A биік сезім. B биік тау. C биік ой. D биік тұлға. E биік сөз. Дұрыс жауап



бет5/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,55 Mb.
#34516
1   2   3   4   5   6   7
Дұрыс жауап: А

Септеулік шылау қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

А) Бұл сегізге жаңа толған мен үшін жаңалық еді.

В) Қазақ еліне біз де барамыз.

С) Әрине, жақындық пен достық та оңайлыққа түсе бермейді.

D) Әйтсе де іштей қысылып келем.

Е) Кешегі мақаласы мені, мені ғана емес-ау, бүкіл достарымды қуантты.

Дұрыс жауап: А
Септеулік шылаулар қатарын белгілеңіз.

А) да, де, та, те.

В) пен, мен, бен.

С) ма, ме, ба, бе.

D) үшін, сайын, жайында.

Е) әсіресе, -ау, -ақ.



Дұрыс жауап: D

Жалғаулықтар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

А) Абай туралы ұзақ сөйлеген Мұхаңның сөзі ерекше әсер етті.

В) Алғашқы көргеннен-ақ мен оның үлкен адамгершілік мейірімін сездім.

С) Үлкенмен де, баламен де әзілдесетін.

D) Түндегі жаңбырдан кейін ашылған күн беткейді құлпыртты.

Е) Осы шабысымызды біз көпке дейін ұмыта алмай жүрдік.

Дұрыс жауап: С
Жалғаулық шылаулар қатарын белгілеңіз.

А) жайлы, сияқты, бұрын.

В) бірге, соң, кейін.

С) ғана, тұрмақ, және.

D) да, де, та, те.

Е) -ау, -ай, әсіресе.



Дұрыс жауап: D
Бірыңғай мүшелер мен ыңғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстыратын шылауларды белгілеңіз.

А) бірге, өйткені, әсіресе.

В) -ау, -ай, әсіресе.

С) ма, ме, ба, бе.

D) және, мен (бен,пен).

Е) ғана, тек, кейде.



Дұрыс жауап: D

Демеулік шылаулар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

А) Ғасырлар бойы жасап келе жатқан, бірақ өмірі қартаймайтын адам тәрізді.

В) Ол – кезінде сонет жазуда да алдына жан салмаған ақын.

С) Жеті сайын көрісіп, ұзақ-ұзақ сөйлесіп, сырластық.

D) Біз Ахаңмен күй туралы бұл жолы көп сырластық.

Е) Содан кейін бұл жағын азайта бастадым.

Дұрыс жауап: В
Демеуліктер қатарын көрсетіңіз.

А) Біресе, бірде, әлде.

В) Егер, егерде, болмаса.

С) Қатар, жуық, тарта.

D) ғана, -мыс, -ды (-ді).

Е) Немесе, я, яки.



Дұрыс жауап: D

Дефис арқылы жазылатын шылауларды белгілеңіз.

А) бірақ, дегенмен.

В) және, мен.

С) мыс, ай.

D) ма, ме.

Е) бұрын, бірге.

Дұрыс жауап: С
-да (-де, -та, -те) демеулік шылауының жалғаулық шылаудан ерекшілігін анықтаңыз.

А) Бірыңғай мүшелер мен ыңғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырады.

В) Сөйлем мен сөйлемді салаластыра байланыстырады.

С) Өзі қатысты сөзге қосымша күшейткіш мән үстеп тұрады.

D) Сөйлемге сұрау мәнін үстеп тұрады.

Е) Септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келеді.



Дұрыс жауап: С
Сөздердің байланысу тәсілдері

Септік, тәуелдік, жалғаулары арқылы байланысу тәсілін белгілеңіз.

А) Шылаулар арқылы.

В) Орын тәртібі арқылы.

С) Жалғаулар арқылы.

D) Интонация арқылы.

Е) Септеулік шылаулар арқылы.

Дұрыс жауап: С

Орын тәртібі арқылы байланысып тұрған сөздерді белгілеңіз.

А) Тас жол.

В) Мынау - жолдасым.

С) Телефон арқылы.

D) Әуежайға келдік.

Е) Біз беттедік.

Дұрыс жауап: А
Байланысу түрін анықтаңыз.

Алтын сәуле.

А) Қосымшалар арқылы.

В) Септеулік шылаулар арқылы.

С) Орын тәртібі арқылы.

D) Интонация арқылы.

Е) Шылаулар арқылы.



Дұрыс жауап: С
Сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы байланысу тәсілін анықтаңыз.

А) Матасу.

В) Қиысу.

С) Меңгеру.

D) Қабысу.

Е) Жанасу.



Дұрыс жауап: В
Сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктері арқылы байланысу тәсілін белгілеңіз.

А) Матасу.

В) Жанасу.

С) Меңгеру.

D) Қиысу.

Е) Қабысу.



Дұрыс жауап: С
Қиысу қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мен ертеден білетінмін.

В) Оқу үшін келдім.

С) Кітапты қолына алды.

D) Бір сыныпта жиырма бес бала.

Е) Көпір арқылы өтті.



Дұрыс жауап: А
Есімді сөз тіркесіне тән сипаттаманы белгілеңіз.

А) Басыңқы сөзі етістіктен болған сөз тіркесі.

В) Басыңқы сөзі есімнен болған сөз тіркесі.

С) Басыңқы, бағыныңқы сөздері есімнен болған сөз тіркестері.

D) Басыңқы,бағыныңқы сөздері етістіктен болған сөз тіркестері.

Е) Басыңқы сөзі етістік пен зат есімнен болған сөз тіркестері.



Дұрыс жауап: В
Есімді тіркеске жататын мысалды көрсетіңіз.

А) Үзілісті күту.

В) Балалармен әңгімелесу.

С) Техникамен жабдықтап алды.

D) Сөзге сараң.

Е) Ойланып сөйлеу.



Дұрыс жауап: D

Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз.

А) Қаладан қашық.

В) Балалармен әңгімелесу.

С) Судан таза.

D) Жасыл жайлау.

Е) Орындалған арман.

Дұрыс жауап: В
Біршама тиянақты ойды білдіретін синтаксистік бірліктің не екенін анықтаңыз.

А) Сөз тіркесі.

В) Сөз.

С) Тұрақты тіркес.



D) Сөйлем.

Е) Сөздердің байланысу түрі.



Дұрыс жауап: D

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

А) 3.

В) 5.


С) 6.

D) 7.


Е) 4.

Дұрыс жауап: А

Хабарлы сөйлемге берілген анықтаманы көрсетіңіз.

А) Бір нәрсе жайында білу мақсатында айтылған сөйлем.

В) Тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.

С) Ерекше әуенмен айтылатын сөйлем.

D) Баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем.

Е) Айтқанда дауыс ырғағы сөйлем соңында көтеріңкі қалыпта болады.

Дұрыс жауап: D

-aу, -ақ, ғой демеулік шылаулары арқылы жасалатын сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Лепті сөйлем.

В) Сұраулы сөйлем.

С) Хабарлы сөйлем.

D) Бұйрықты сөйлем.

Е) Атаулы сөйлем.



Дұрыс жауап: А

Интонациясы жағынан қандай сөйлем екенін белгілеңіз.



Жаным-ау, Мейрам ба мынау?!

А) Сұраулы сөйлем.

В) Атаулы сөйлем.

С) Хабарлы сөйлем.

D) Бұйрықты сөйлем.

Е) Лепті, сұраулы сөйлем.



Дұрыс жауап: Е

Атау септігінде тұрып, іс-қимылдың иесін білдіретін сөйлем мүшесін белгілеңіз.

A) Баяндауыш.

B) Анықтауыш.

C) Толықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Бастауыш.

Дұрыс жауап: Е
Күрделі бастауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.

Бірақ одан ән ажары бұзылар емес.

A) Сөз тіркесінен.

B) Негізгі сөз бен көмекші есімнен.

C) Заттанған сын есім.

D) Затттанған сан есім.

E) Етістіктің есімше түрі.



Дұрыс жауап: А
Бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болатын сөйлем мүшесін анықтаңыз.

A) Толықтауыш.

B) Бастауыш.

C) Баяндауыш.

D) Анықтауыш.

E) Пысықтауыш.



Дұрыс жауап: С
Сөйлемдегі баяндауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.

Сауда орталығында кәсіпкерді өзбек саудагері мұзға отырғызып кетіпті.

A) Сөз тіркесінен.

B) Күрделі етістіктен.

C) Күрделі сын есімнен.

D) Негізгі сөз бен көмекші есімнен.

E) Тұрақты сөз тіркесінен.

Дұрыс жауап: Е

Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы сызықшаның қызметін көрсет.



Бюрократ менмендермен алысу-«Қызылкеншінің» міндеті.

A) Бастауыш пен баяндауыш атау тұлғада тұр.

B) Бастауыш сілтеу есімдігінен болып тұр.

C) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен

D) Бастауыш заттанған сын есімнен

E) Бастауыш күрделі сын есімнен.



Дұрыс жауап: С
Бастауыштан кейін қойылған сызықшаның қызметін анықтаңыз.

Жүз жиырма беске бөлінеді.

A) Бастауыш сан есімнен, баяндауыш етістіктен болып тұр

B) Баяндауыш етістіктен болып тұр.

C) Бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін.

D) Есімшеден болған бастауышты шатастырмас үшін.

E) Бастауыш заттанған сан есімнен болып тұр.



Дұрыс жауап: С

Зат есімнен болған мүшелерді сын, сапа, сан, иелік жағынан сипаттайтын сөйлем мүшесін анықтаңыз.

A) Бастауыш.

B) Баяндауыш.

C) Анықтауыш.

D) Толықтауыш.

E) Пысықтауыш.

Дұрыс жауап: С
Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

A) Шырағым, сағындырмай, сарғайтпай келіп тұр

B) Абай халық үшін, халық Абай үшін алысады.

C) Көпшіліктің сыны қатты айтылады.

D) Сұраудың қажеті де болған жоқ.

E) Жамбылмен тату-тәтті өткізген үш күн естен шықпас.



Дұрыс жауап: Е
Оңашаланған айқындауыш мүше қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

A) Бірінің де жылын, бірінің де аты-жөнін ұмытпаған-ау

B) Жамбыл ,Орынбай, Шашубай ақындарды біз алғаш сонда көргенбіз.

C) Бұл алыста жатқан домбырашы, қобызшы туралы, Нартай, Тайжан туралы, дүбірімен елеңдеткен жиын болды.

D) Ауылға комбайн-самоход келіп жеткен.

E) Шахта-алыптың жобасы да жасалды.



Дұрыс жауап: С
Жалпылауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

A) Біз өте бір ғажап, аса қуанышты жаңа талапқа қадам бастық.

B) Өлеңдеріміз шалағай, тілі кедей, ұйқысы кедір, әлсіз шыққан шығар.

C) Абай өлеңін қайта көшіруге, жеңіл қайталай салуға болмайды.

D) Шашубай, Орынбай, Доскей ақындар-осының бәрі халық сүйген ақындар еді.

E) Ертең дәл осы мезгілде, осы үйде кездесейік



Дұрыс жауап: D
Жай сөйлем түрін анықтаңыз

Біз оны құшағымызды жайып күтіп алдық.

A) Жақсыз сөйлем.

B) Сұраулы сөйлем.

C) Толымсыз сөйлем.

D) Жақты сөйлем.

E) Атаулы сөйлем.



Дұрыс жауап: Е
Жақсыз сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.

A) -қы,-ғы,-кі,-гі жұрнақты қалау райлы етістіктен.

B) -ғылы,-гелі,-қалы,-келі көсемше жұрнақтары арқылы

C) -ған,-ген есімше жұрнақтары.

D) -са,-се шартты райлы етістіктен.

E) -ар, -ер жұрнақты етістіктен.



Дұрыс жауап: А
Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді белгілеңіз.

A) Жақты сөйлем.

B) Жақсыз сөйлем.

C) Толымды сөйлем.

D) Жайылма сөйлем

E) Жалаң сөйлем



Дұрыс жауап: Е
Құрылысына қарай жақсыз сөйлем болып тұрған жайылма сөйлемді көрсетіңіз

A) Менің арзан сөзді айтқым келмеді.

B) Егін өсіп келеді.

C) Біз екеу едік.

D) Ауыл іші. Түн.

E) Сабақ басталып кетті.



Дұрыс жауап: В
Баяндауыштары тиянақты, өзара тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрін белгілеңіз.

A) Салалас құрмалас сөйлем.

B) Сабақтас құрмалас сөйлем.

C) Шартты бағыныңқы сабақтас.

D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

E) Аралас құрмалас сөйлем.



Дұрыс жауап: А
Салаластың түрін анықтаңыз.

Ол бастапқыдан да бетер сұлу сөйледі,өз сөзін өзі қызықтап тыңдай бастады.

A) Ыңғайлас салалас.

B) Қарсылықты салалас.

C) Түсіндірмелі салалас.

D) Себеп-салдар салалас .

E) Талғаулы салалас.



Дұрыс жауап: А
Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз?

B) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

C) Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады.

D) Қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан.

E) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр,бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.



Дұрыс жауап: В
Саластың түрін және тыныс белгісін анықтаңыз.

Сізге айтар тілегім сол мені ұшқыштың оқуына жіберіңіз.

А) Себеп-салдар салалас, үтір қойылады.

В) Қарсылықты салалас, үтір және сызықша қойылады.

С) Түсіндірмелі салалас, қос нүкте қойылады.

D) Ыңғайлас салалас, сызықша қойылады.

Е) Талғаулы салалас, үтір қойылады.



Дұрыс жауап: С
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

Май құйған шала сөнсе де,шам-шырақ сөнбес өмірде.

A) Көсемше жұрнағы арқылы.

B) Шартты райдың –се жұрнағы арқылы.

C) Күрделі етістіктен.

D) Етістіктің шартты рай түріне де шылауының тіркесіп келуінен.

E) Бағыныңқысының баяндауышы күрделі етістіктен.



Дұрыс жауап: D

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін белгілеңіз.



Иса сахнаға әуелі домбырасымен шығып, алдымен «желдірмеге» басатын.

A) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Себеп бағыныңқы сабақтас.

D) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.



Дұрыс жауап: Е

Мақсат бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын көрсетіңіз.

A) -айын деп.

B) -ып,-іп.

C) -қан+дықтан.

D) -қан+ша.

E) -са,-се.

Дұрыс жауап: А

Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем баяндауышының тұлғалық белгісін анықтаңыз.

А) Етістік негізді -ысымен (-ісімен)

В) Жалғаулық шылаулар арқылы.

С) Көсемше негізді -дегенмен.

D) -қан+ы болмаса тұлғалық белгісі.

Е) Көсемшенің жұрнағына біткен болымсыз етістік түрі.

Дұрыс жауап: Е

Құрмаластың түрін анықтаңыз.



Шолақ ақбоз аттың құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді,ат етпетінен түсті.

А) Себеп-салдар салалас.

В) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

С) Ыңғайлас салалас.

D)Түсіндірмелі салалас.

Е) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.



Дұрыс жауап: С

Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

A) Ал, Қалам, сол кешті жаз, бірақ қызба.

B) Екіншіден, Л.Соболевсіз біздің әдебиет тарихы да толық емес.

C) Ойпырым-ай, алла-ай, жасаған, қысылды ғой шыбын жан!

D) Тәңірі, өзіңе жылайын.

E) Сөйлей бер, Ғабе, құлағымыз сізде!

Дұрыс жауап: С

Одағай сөзден кейінгі тиісті тыныс белгісін белгілеңіз.



- Апыр-ау Нәзікеңбісің?

Қайдан қалай кездестік!

A) «Апыр-ау» сөзінен кейін леп белгісін қою.

B) «Апыр-ау» сөзінен кейін үтір қою.

C) Дефис қою.

D) Екі жағынан үтір қою.

E) «Апырау» сөзінен кейін үтір, сызықша қою.



Дұрыс жауап: В

Одағай сөз сөйлем ішінде қандай мағынаға ие болып тұрғанын анықтаңыз.



Түу, мына нанның қабарып сүйкімді пісуін-ай!

A) Көңіл күйі одағайы, ренжу мәнінде.

B) Жекіру одағайы, тыйым салу.

C) Көңіл күйі одағайы, өкіну мәнінде.

D) Көңіл күйі одағайы, аңсау мәнінде.

E) Көңіл күйі одағайы, шақыру.



Дұрыс жауап: D
Оқшау сөздің қай түріне жататынын белгілеңіз.

Бәсе.

A) Қаратпа сөз.

B) Қыстырма сөз.

C) Одағай сөз

D) Көңіл күйі одағайы.

E) Қыстырма сөз, одағай сөз.



Дұрыс жауап: В

Біреудің сөзін ешбір өзгеріссіз қолдану жолы не екенін көрсетіңіз.

A) Төлеу сөз

B) Төл сөз

C) Автор сөзі.

D) Автор сөзі мен төл сөз.

E) Төл сөз бен төлеу сөз.

Дұрыс жауап: В

Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, мазмұны ғана сақталатын сөзді анықтаңыз.

A) Автор сөзі.

B) Төл сөз бен автор сөзі.

C) Автор сөзі мен төлеу сөз.

D) Төл сөз бен төлеу сөз

E) Төлеу сөз.

Дұрыс жауап: Е

Төлеу сөзді анықтаңыз

A) «Тәңірі ием, атпады ғой таңың!»-деді күңіреніп.

B) «Үш жұрттың тілін білген өзгеден үш есе биік тұрады», - деген халық

C) Мағжан шешен өлсе, артында сөзі қалатынын айтты.

D) «Қайтуды ертең сөйлесейік»,-дедім.

E) Абай адамгершілік, адамдық жайын қозғайды.

Дұрыс жауап: С

Төл сөз бен автор сөзінің байланысу жолын белгілеңіз.

A) Арқылы шылаумен.

B) Де көмекші етістігі арқылы

C) Төлеу сөз бен автор сөзі арқылы

D) Біреудің сөзі арқылы.

E) Сөйлеушінің өз сөзі арқылы.

Правильный ответ}=В

Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз келгенде қойылатын тыныс белгілерін көрсетіңіз.

A) Алғашқысының алдынан сызықша қойылады.

B) Соңғы төл сөздің алдынан сызықша қойылады.

C) Алғашқысының алдынан сызықша қойылып, соңғысы тырнақшаға алынады.

D) Соңғысының алдынан қос нүкте қойылады.

E) Алғашқы төл сөз де, соңғы төл сөз де тырнақшаға алынады.

Дұрыс жауап: С

Шешендік сөздің отаны саналатын елді көрсетіңіз.

A) Египет.

B) Ассирия.

C) Вавилон.

D) Үндістан.

E) Эллада.

Дұрыс жауап: Е
Платонның ойларын дамытқан адамды анықтаңыз.

A) Сократ.

B) Аристотель.

C) Цицерон.

D) Квинтилиан.

E) Демосфен.



Дұрыс жауап: В
Қазақ шешендік өнерінің ХІ-ХІІ ғасырларындағы өкілдерін анықтаңыз.

A) Жиренше, Асан қайғы.

B) Төле , Қазыбек билер.

C) Әйтеке би, Асан қайғы.

D) Майқы би, Аяз би.

E) Төле би, Әйтеке би.



Дұрыс жауап: D
Академиялық шешендікке тән стиль түбірлерін белгілеңіз.

A) Публистистикалық стиль, сөйлеу.

B) Ғылыми, ресми, публистистикалық.

C) Көркем әдебиет, публистистикалық .

D) Публистистикалық, ресми.

E) Көркем әдебиет, ресми.



Дұрыс жауап: В

Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Құлақ салды.

B) Құлақ етін жеді.

C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.

D) Құлағым ауырып жүр.

E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.

Дұрыс жауап: D

Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.

А) Күн сәулесі нұрын шашады.

B) Терезеден күн түсіп тұр.

C) Күнсіздерге күн болған.

D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.

E) Күн ыстық екен.

Дұрыс жауап: С

Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Бұл іс менің қолым екен.

B) Өз қолымен берді.

C) Әділ, Шалабайлар – байдың қол шоқпары.

D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады.

E) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?

Дұрыс жауап: В
Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.

А) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де...

B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ.

C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес.

D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты.

E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.



Дұрыс жауап: А

Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.



Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.

А) Жүзіктің.

B) Көзінен.

C) Өткендей.

D) Пысық.

E) Жігіт.



Дұрыс жауап: В

Көп мағыналы сөзді табыңыз.



Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.

А) Жақындаса.

B) Обаның.

C) Басында.

D) Жалпиған.

Е) Адам.


Дұрыс жауап: С

Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.

А) Жігер, күш.

B) Сыр, шық.

C) Терезе, есік.

D) Оқтау, тұтқа.

E) Түбір, түн.

Дұрыс жауап: В

Омоним сөзді көрсетіңіз.

А) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді.

B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ.

С) Мөңкенің үйі таң атқанша кісіден құр болмады.

D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ.

E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.

Дұрыс жауап: С

Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Еңбек - өмір ажары.

B) Жақсы ұл – елдің туы.

C) Айна - айна емес, халық- айна.

D) Көпке күл шашпа.

E) Мал сақтама, ар сақта.

Дұрыс жауап: А

Синоним болатын қатарды табыңыз.

А) Еріншек, сараң.

B) Ауыл-аймақ, ағайын.

C) Күйзелу, сүйсіну.

D) Келемеждеу, мазақтау.

E) Тоңу, шаршау.

Дұрыс жауап: D

Антонимдері бар қатарды белгілеңіз.

А) Ар жазасы бар жазадан ауыр.

B) Малсыз болсаң да, арсыз болма.

C) Шеберден - олжа, шешеннен - сауға.

D) Еңбек – дәулет, бедел – сәулет.

E) Ағайын бір өліде, бір тіріде.

Дұрыс жауап: Е

Антонимді бар қатарды белгілеңіз.

А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ.

B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады.

С) Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты.

D) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр.

E) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.

Дұрыс жауап: А

Тұрақты тіркесті анықтаңыз.

А) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.

B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.

C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.

D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.

E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.

Дұрыс жауап: В

Мақалды табыңыз.

А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.

B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

C) Өңім екенін, түсім екенін білмедім.

D) Ғылым таппай мақтанба.

E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Дұрыс жауап: Е

Тұрақты тіркесті анықтаңыз.

А) Немересі алдындағы асын тауысып ішті.

B) Таяуда әкемізге ас береміз.

C) Ас дайындау – сенің міндетің.

D) Ас алдында жеңіл сусын пайдалы.

E) Бұл дәмханада ыстық ас берілмейді екен.

Дұрыс жауап: В

Диалект сөзді табыңыз.

А) Қуырдақ.

B) Қамыр.

С) Табақ.

D) Кәсе.


E) Қазан.

Дұрыс жауап: D

Кәсіби сөзді табыңыз.

А) Жапырақ, гүлдесте.

B) Қоза, терімші.

C) Өсімдік, жеміс-жидек.

D) Жүзім, құлпынай.

E) Сәбіз, қарбыз.

Дұрыс жауап: В

Диалект сөзді табыңыз.

А) Нағашы.

B) Құдағай.

C) Бөле.

D) Абысын.

E) Құдаша.

Дұрыс жауап: В

Кәсіби сөзді қатарды табыңыз.

А) Қауын, қала.

B) Есік, қақпа.

C) Көзілдірік, дәрі-дәрмек.

D) Компьютер, монитор.

E) Әңгелек, торлама.

Дұрыс жауап: Е

Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) Оңтүстікте қыс тез өтеді.

B) Кәрі тарих – кәрі шежіре.

C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.

D) Үйдің іші ала-көлеңке.

E) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет