Дұрыс жауап: В
Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі не екенін анықтаңыз.
А) Дыбыс.
В) Буын.
С) Әріп.
D) Сөз.
Е) Фонема.
Дұрыс жауап: В
Буын құрай алмайтын дыбыстарды белгілеңіз.
А) Дауыссыз дыбыстар.
В) Дауысты дыбыстар.
С) Дыбыстардың барлығы.
D) Сөз құрамындағы дыбыс.
Е) Бірнеше дыбыстар.
Дұрыс жауап: А
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды анықтаңыз.
А) Ашық буын.
В) Тұйық буын.
С) Бітеу буын.
D) Жалаң буын.
Е) Ашық буын мен тұйық буын.
Дұрыс жауап: В
Тұйық буынды белгілеңіз.
А) Ант, аз.
В) Егін, өрті.
С) Қант, қар.
D) Аға, қала.
Е) Төркін, ашық.
Дұрыс жауап: А
Бітеу буынның анықтамасын белгілеңіз.
A) Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын.
B) Жалғыз дауыстыдан болған жалаң буын.
C) Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын.
D) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған.
E) Дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буын.
Дұрыс жауап: С
Бітеу буынды белгілеңіз.
A) Дала, ұлан.
B) Өктем, оқ.
C) Тал, төрт.
D) Ел, жетім.
E) Ие, ата.
Дұрыс жауап: С
Тасымалданбайтын сөздер тобын анықтаңыз.
A) Атақты, шалқу, маңызды.
B) От, қарт, сия.
C) Ғарыш, бетін, мұндай.
D) Сабақ, мектеп, таңертең.
E) Күндіз, келесі, тамаша.
Дұрыс жауап: В
Дұрыс тасымалданбаған сөзді белгілеңіз.
А) Егінші.
В) Же – рді.
С) Кей – де.
D) Біз – ге.
Е) Ға – лым.
Дұрыс жауап: В
Қай қатардағы сөздерде тасымал дауыстыдан басталатынын анықтаңыз.
А) Мектеп, сұрақ.
В) Жолаушы, көлік .
С) Тиын, қиыр.
D) Мысал, жанр.
Е) Тегіс, сәулесі.
Дұрыс жауап: С
Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз.
А) Ке – ю.
В) Таңер – теңгі.
С) Күнн – ің.
D) Шалқул – ар .
Е) Самға – у.
Дұрыс жауап: В
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды белгілеңіз.
A) -ға (-ге), -та (-те).
B) -ты (-ті), -ды (-ді).
C) -нікі (-дікі), -тай, -тал, -еке.
D) -лы (-лі), -ғы (-гі).
E) -ар (-ер), -р.
Дұрыс жауап: С
Ілгерінді ықпалға жататын сөздерді белгілеңіз.
A) Ашса, кітабы.
B) Тастан, жазға.
C) Теуіп, жабады.
D) Сабағы, көнбеді.
E) Қолғабы, тарағы.
Дұрыс жауап: В
Кейінді ықпалға жататын мысалдарды белгілеңіз.
A) Қазақстан, адамнан.
B) Бұрымнан, сұранысқа.
C) Тарағы, жазса.
D) Анаға, табаққа.
E) Мектепке, қаптан.
Дұрыс жауап: С
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды белгілеңіз.
A) -ік, -ім.
B) -ме, -бе.
C) -гіш, -ғақ.
D) -ов, -ин.
E) -ін, -мек.
Дұрыс жауап: D
«Орфография» деген сөздің мағынасын белгілеңіз.
A) «Дұрыс айтамын».
B) «Дұрыс жазамын».
C) Дұрыс айтамын, дұрыс жазамын.
D) Ұлттық тіл нормасының жиынтығы.
E) Сөз бен қосымша шегіндегі дыбыстары үндесіп айтылатын сөздер.
Дұрыс жауап: В
Орфографиялық нормасы сақталмай жазылған сөзді белгілеңіз.
A) Жазсын.
B) Қара ала.
C) Көссіз.
D) Кек алу.
E) Сақ адам.
Дұрыс жауап: С
Сөзге негіз болатын түпкі бөлшекті көрсетіңіз.
A) Қосымшалы сөз.
B) Түбір сөз .
C) Қос сөз.
D) Қысқарған сөз.
E) Туынды сөз.
Дұрыс жауап: В
Сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақты белгілеңіз.
A) Сөз түрлендіруші жұрнақ.
B) Сөз тудырушы жұрнақ.
C) Жалаң жұрнақ.
D) Күрделі жұрнақ.
E) Қосымша мағына үстейтін жұрнақ.
Дұрыс жауап: В
Бір түбірден түрлі жұрнақ арқылы жасалған сөздер қалай аталатынын анықтаңыз.
A) Түбірлес сөздер.
B) Қосымшалы сөздер.
C) Біріккен сөздер.
D) Туынды сөздер.
E) Қысқарған сөздер.
Дұрыс жауап: А
Екі не одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жасалған сөздерді анықтаңыз.
A) Қос сөз.
B) Қысқарған сөздер .
C) Біріккен сөздер.
D) Туынды сөздер.
E) Қосымшалы сөздер.
Дұрыс жауап: С
Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар біріккен сөзді анықтаңыз.
A) Сырдария.
B) Жолбарыс.
C) Өнеркәсіп.
D) Қабырғалы.
E) Әділбек.
Дұрыс жауап: С
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздерді белгілеңіз.
A) Қабылдау.
B) Қанағат.
C) Өсімтал.
D) Қарағай.
E) Зәбір-жапа.
Дұрыс жауап: Е
Апар сөзі қандай сөздерден қысқарып жасалғанын анықтаңыз.
A) Алып бар.
B) Әкеп бер.
C) Алып кел.
D) Әкеліп бер.
E) Алып бер.
Дұрыс жауап: А
Жалпы есімге тән ұғымды белгілеңіз.
A) Жеке заттар атауы.
B) Атау сөздер.
C) Жалпылама атау.
D) Үнемі бас әріппен жазылады.
E) Заттарды даралап атайтын есімдер.
Дұрыс жауап: С
Дерексіз зат есімдерді белгілеңіз.
A) Қайың, ағаш, құдық.
B) Қалам, кітап, сақа.
C) Гүлзар, теледидар, қоржын.
D) Жылқышы, ауыл, дала.
E) Сана, қуаныш, ыза.
Дұрыс жауап: Е
Күрделі зат есімдерге жататын сөздерді белгілеңіз.
A) Кеме, оқушы, көрермен.
B) Тас, шыбын-шіркей, үйшік.
C) Еңбекақы, бақа -шаян, Есіл өзені.
D) Малшы, қырат,аудан.
E) Төңірек,ұсақ, кеміргіш.
Дұрыс жауап: С
Сөздерге қосымша мағына ғана үстейтін жұрнақтарды белгілеңіз.
A) -й,-тай,-қай,-еке.
B) -шы, -ші, -шылық,-шілік.
C) -кер, -гер,-хана.
D) -қы,-кі,-ғы
E) -с,-ыс,-іс.
Дұрыс жауап: D
Үндестік заңына бағынбайтын септік жалғауын көрсетіңіз.
A) Барыс септік жалғауы.
B) Шығыс септік жалғауы.
C) Көмектес септік жалғауы.
D) Табыс септік жалғауы
E) Жатыс септік жалғауы.
Дұрыс жауап: С
Зат есімнің баяндауыш қызметіндегі ерекшелігін көрсетіңіз.
A) Жіктеліп қолданылады.
B) Атау тұлғалы зат есім түрінде қолданылады.
C) Ілік септігінде қолданылады.
D) Барыс, табыс септігінде қолданылады.
E) Шығыс , көмектес септігінде қоланылады.
Дұрыс жауап: А
Ілік септігіндегі зат есімнің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.
Қазақстанның солтүстік аймақтарында күн құбылмалы.
A) Бастауыш.
B) Баяндауыш.
C) Анықтауыш
D) Пысықтауыш.
E) Толықтауыш.
Дұрыс жауап: С
Көмекші есімге тән ұғымды белгілеңіз.
A) Толық мағынаға ие болды.
B) Сөйлем мүшесі бола береді.
C) Негізгі зат есімдермен тіркесіп жұмсалады.
D) Жіктік жалғауы жалғана бермейді.
E) Көмекші сөздер тобына жатпайды.
Дұрыс жауап: С
Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз;
A) -ар, -ер, -р;
B) -ған, -ген;
C) -қыш, -кіш;
D) -ғы, -гі;
E) -малы, -мелі;
Дұрыс жауап: D
Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
A) Таңдамалы шығарма.
B) Білгіш жан.
C) Қызыл тал.
D) Қайыңды өлке.
E) Көшпелі халық.
Дұрыс жауап: С
Қатыстық сын есім қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Қызыл тал мен ақ қайыңның бұтақтары жылтырап күнмен шағылысады.
B) Көл ортасында қалың жасыл қамыс.
C) Жаз бойы жасыл шалғыны жапырылмайды.
D) Содан соң қысқы қора маңының лайсаңынан да құтылады.
E) Күздеудің отын әбден тауыспай , мал тұяғын тигізбейді.
Дұрыс жауап: D
Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.
A) -рақ,-лау,-ғыш.
B) -сыз,-лы,-ды.
C) -лық,-лік,-дық.
D) -ғыш,-ғыр,-шақ.
E) -малы, -мелі, -палы.
Дұрыс жауап: А
Cалыстырмалы шырай қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Таза ауа, салқын Алатаудың биік басынан ақырын есіп, баяу шалқыды.
B) Бораш бір ақ құбалау ғана, қағілездеу бала екен.
C) Мөлдір қара көзінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай.
D) Күздің күні де ұзақ.
E) Қалың орман, сазды батпақтарды күртік қар басқан.
Дұрыс жауап: В
Күшейтпелі шырайдың анықтамасын белгілеңіз.
A) Заттың түрі мен түсін,сапасын білдіретін негізгі сын есім.
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық , кемдігін салыстырумен көрсететін шырай.
C) Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не кем екендігін көрсететін шырай.
D) Белгілі бір қосымшалар жалғану арқылы жасалатын шырай.
E) Бір заттың екінші бір затқа, құбылысқа қатысын білдіретін сын есім.
Дұрыс жауап: С
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Қырғауыл - құстың жаманы.
A) Бастауыш.
B) Баяндауыш.
C) Анықтауыш.
D) Толықтауыш.
E) Пысықтауыш.
Дұрыс жауап: В
Бастауыш қызметінде тұрған сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Күн желсіз, тып-тыныш.
B) Мұнара көкке өрмелей тым биіктеп барады.
C) Күннен күнге өзгеріп келе жатқан мұнараны қызықтайтын болды.
D) Ұялшақ сыбағасынан құр қалар.
E) Туған жерге туың тік.
Дұрыс жауап: D
Заттық ұғымда қолданылатын сан есімдерді анықтаңыз.
A) Реттік сан есім.
B) Есептік, жинақтық сан есімдер.
C) Болжалдық сан есім.
D) Топтау сан есім.
E) Болжалдық реттік сан есімдер.
Дұрыс жауап: В
Көптелмейтін әрі тәуелді жалғауларын қабылдамайтын сан есімді көрсетіңіз.
A) Реттік сан есім
B) Есептік сан есім.
C) Жинақтық сан есім.
D) Бөлшектік сан есім.
E) Топтау сан есім.
Дұрыс жауап: D
-aу, -еу жұрнағы арқылы жасалатын сан есімнің түрін көрсетіңіз.
А) Бөлшектік сан есім.
В) Болжалдық сан есім.
С) Есептік сан есім.
D) Топтау сан есім.
Е) Жинақтық сан есім.
Дұрыс жауап: Е
Болжалдық сан есімді жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.
A) -лаған, -деген, -лап, -дай;
B) -ыншы, -інші, -ншы;
C) -нан, -тен, -дан;
D) -дан, -сі, -і;
E) -ның, -ы, -тан;
Дұрыс жауап: А
Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді анықтап тұрған сөзімен белгілеңіз.
Екі жылдың ішінде діни кітаптарды, қиссаларды өз бетімше жеңіл оқитын болдым (Ә.Тәжібаев).
Жылдың ішінде.
Екі жылдың ішінде.
Екі жылдың.
Екі жылдың ішінде оқитын болдым.
Екі жылдың ішінде жеңіл оқитын болдым.
Дұрыс жауап: С
Жинақтық сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
А) Баяндауыш.
В) Бастауыш.
С) Анықтауыш.
D) Пысықтауыш.
Е) Толықтауыш.
Дұрыс жауап: В
Сан есімнің септік тұлғасы мен сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.
Қырық бесте көзілдіріксіз оқи алмайтын болдық.
А) Жатыс септік, пысықтауыш.
В) Барыс септік, толықтауыш.
С) Атау септік, бастауыш.
D) Ілік септік, анықтауыш.
Е) Табыс септік, толықтауыш.
Дұрыс жауап: А
Сөйлемнің күрделі мүшесі қызметіндегі сан есімді белгілеңіз.
Гектарынан 12 центнер бидай орылуда.
Гектарынан 12 центнер.
12 центнер бидай.
Центнер бидай.
Центнер бидай орылуда.
12 центнер
Дұрыс жауап: Е
Тәуелденіп келген есімдік түрін белгілеңіз.
А) Өз, бұған.
В) Осысы, мынауың.
С) Бұны, кіммін?
D) Өзіммен, қайсыбіреу.
Е) Кімде-кім, әркім.
Дұрыс жауап: В
Сөйлем ішіндегі есімдіктің түрін, тұлғасын анықтаңыз.
Әжем түтіндеткен самаурынның қасында отырып маған ғана сөйлейді.
A) Жіктеу есімдігі,барыс септігінде.
B) Сілтеу есімдігі,табыс септігінде.
C) Сұрау есімдігі, шығыс септігінде.
D) Белгісіздік есімдігі, атау септігінде.
E) Өздік есімдігі, ілік септігінде.
Дұрыс жауап: А
“Онда” есімдігінің емлесіндегі ерекшелікті табыңыз.
A) Жатыс септікте ол есімдігіндегі “л” дыбысы “н” дыбысына айналады.
B) Ілік септікте түбірдегі “л” дыбысы “н” дыбысына айналады.
C) Көмектес септікте түбірдегі “л” дыбысы “н” дыбысына айналады.
D) “Л, н” дыбыстары түсіп қалған түбірге -да жалғанады.
E) Табыс септік жалғауы жалғанғанда “л” дыбысы түсіп қалады.
Дұрыс жауап: А
Есімдікке -ы, -і дәнекері арқылы жалғанатын септікті анықтаңыз
А) Шығыс септік.
В) Көмектес септік.
С) Табыс септік.
D) Барыс септік.
Е) Ілік септік.
Дұрыс жауап: В
Сөйлем ішіндегі есімдіктің қызметін анықтаңыз.
Мені шешем жеті жасымнан бастап өзі оқытты.
A) Бастауыш.
B) Толықтауыш.
C) Пысықтауыш.
D) Анықтауыш.
E) Баяндауыш.
Дұрыс жауап: В
Есімдіктің қай сөз табының орнында қолданылып тұрғанын анықтаңыз.
Анасы әлдеқашан ұйықтап қалған баласын оятқысы келмеді.
А) Үстеу.
В) Зат есім.
С) Сын есім.
D) Сұрау есімдігі.
Е) Есімше.
Дұрыс жауап: А
Түрленіп жұмсалған есімдік түрін анықтаңыз.
Осы біз кімбіз?
A) Сұрау есімдігі.
B) Сілтеу есімдігі.
C) Жіктеу есімдігі.
D) Сілтеу,жіктеу есімдіктері.
E) Белгісіздік есімдігі.
Дұрыс жауап: А
Баяндауышы зат есімнен болғанда бастауыш қызметіндегі сілтеу есімдігінен кейін қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
А) Үтір.
В) Қос нүкте.
С) Сызықша.
D) Леп белгісі.
Е) Дефис.
Дұрыс жауап: С
Туынды етістікті белгілеңіз.
A) Оқып.
B) Шегеле.
C) Оқыса.
D) Барған.
E) Келетін.
Дұрыс жауап: В
Негізгі етістік пен көмекші етістіктен тұратын етістік түрін белгілеңіз.
А) Салт етістік.
В) Сабақты етістік.
С) Туынды етістік.
D) Күрделі етістік.
Е) Дара етістік.
Дұрыс жауап: D
Жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалатын етістік түрін белгілеңіз.
A) Сабақты етістік.
B) Болымды етістік.
C) Болымсыз етістік.
D) Салт етістік.
E) Туынды етістік.
Дұрыс жауап: С
Сабақты етістік талап ететін септікті көрсетіңіз.
А) Атау септік.
В) Шығыс септік.
С) Табыс септік
D) Көмектес септік.
Е) Жатыс септік.
Дұрыс жауап: С
Салт етістікті анықтаңыз.
А) Тыңда.
В) Көрді.
С) Оқыды.
D) Шықты.
Е) Шешті.
Дұрыс жауап: D
Сөйлемде қимылдың иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен орындалатынын білдіретін етісті белгілеңіз.
A) Өзгелік етіс.
B) Өздік етіс.
C) Ортақ етіс.
D) Ырықсыз етіс.
E) Өздік, ортақ етістер.
Дұрыс жауап: D
Өзгелік етістің жұрнақтарын белгілеңіз.
А) -н, -ын, -ін.
В) -ғыз, -гіз, -дыр.
С) -ыл, -іл, -л.
D) -ыс, -іс, -с.
Е) Жатыс септік.
Дұрыс жауап: В
Ортақ етіс қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
А) Мектеп оқушылары шетелдегі достарымен хат жазысты.
В) Мұғалім оқушыға сабақ айтқызды.
С) Баласына қисса оқытты.
D) Алыстан бір қара көрінді.
Е) Шөп те шабылды.
Дұрыс жауап: А
Тәуелденіп тұрған есімшелерді көрсетіңіз.
A) Келетінің, береріңіз.
B) Келерсіздер, көрген.
C) Айтқанда, келетіннен.
D) Баратын, айтпақ.
E) Бермек, келер.
Дұрыс жауап: А
Есімшенің сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Ондай тұста сені сынап өлең де жазатынмын.
А) Бастауыш.
В) Баяндауыш.
С) Толықтауыш.
D) Анықтауыш.
Е) Пысықтауыш.
Дұрыс жауап: В
Көсемшенің сөйлем ішіндегі қызметін белгілеңіз.
Сол әсерім бүгінде бұзылмай сақталған.
А) Пысықтауыш.
В) Анықтауыш.
С) Толықтауыш.
D) Бастауыш.
Е) Баяндауыш.
Дұрыс жауап: А
Сөйлем ішінде тұйық етістік ретінде қолданылған сөзді белгілеңіз.
А) Біреудің қолымен отты көсеу – кісілікке жатпайды.
В) Сабау – жүнді сабалайтын шыбық.
С) Қызға жиналған дүние-мүлікті жасау дейді.
D) Қашауды іздеген атам қорада көп айналды.
Е) Егеу де оңай табылмайды.
Дұрыс жауап: А
Сөйлемдегі етістіктің шақтарын белгілеңіз.
Жұрт дуадақты мылтықпен атады, мен қолмен ұстап беремін.
A) Нақ осы шақ.
B) Ауыспалы осы шақ.
C) Келер шақ.
D) Ауыспалы келер шақ.
E) Жедел өткен шақ.
Дұрыс жауап: В
Мақсатты келер шақты көрсетіңіз.
А) Оқиды.
В) Келерсіз.
С) Отыр.
D) Оқып отыр.
Е) Бармақшы.
Дұрыс жауап: Е
Ауыспалы өткен шақты көрсетіңіз.
А) Ол ауылға жиі баратын еді.
В) Ол ауылға ертең баратын еді.
С) Ол ауылға барыпты.
D) Ол ауылға барған.
Е) Ол ауылға барды.
Дұрыс жауап: А
Үш шақтың бірінде қолданылатын рай түрін белгілеңіз.
A) Қалау рай.
B) Бұйрық рай.
C) Ашық рай.
D) Шартты рай.
E) Қалау рай мен бұйрық рай.
Дұрыс жауап: С
Көбінесе ІІ жаққа қаратылып, қимылдың орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрін белгілеңіз.
А) Бұйрық рай.
В) Қалау рай.
С) Шартты рай.
D) Ашық рай.
Е) Қалау рай, шартты рай.
Дұрыс жауап: А
Қалау рай қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
А) Тағы да қайталаймын.
В) Өзіме сеніп жазбасам.
С) Жау жолына атам сені, Бомба бол да, жарыл жүрек!
D) Ол да тілегін айтқысы келді.
Е) Қасым қаладан шетіректегі ескі мекенінде тұратын.
Дұрыс жауап: D
Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшелігін көрсетіңіз.
А) Құбылыстардың атауларын білдіреді.
В) Іс-қимылдың мекенін, амалын білдіреді.
С) Айналадағы әр түрлі дыбысқа, жеке қимылға еліктеуді білдіреді.
D) Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын білдіреді.
Е) Іс-әрекеттің өту кезеңін білдіреді.
Дұрыс жауап: С
Еліктеуіш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
А) Мұхаң сылаң еткен қызылға қара бүркітін жібереді.
В) Бұл өлеңге бүгінгі оқушылар пәлендей елең етпеуі де мүмкін .
С) Ойламаған жерде қойым дүр ете түсті.
D) Ол жарқ етіп туды да, жалт етіп өше қалды ғой.
Е) Бұл жолы ол ұшуға ұмтылған жас бүркіттей қомданып, жалбаң-жалбаң етті.
Дұрыс жауап: С
Еліктеуіш қатарын анықтаңыз.
А) Жарқ-жұрқ, ербең, ажыраң.
В) Болпаң, елпең, кіржің.
С) Адыраң-едірең, сидаң.
D) Шаң-шұң, пыр-пыр, салп.
Е) Қалт, жалт, далаң-далаң.
Дұрыс жауап: D
Бейнелеуіш сөздер қатарын белгілеңіз.
А) Дүңк-дүңк, шарт-шұрт.
В) Қарш-қарш, арс-арс.
С) Жалп,селк, бүгжең.
D) Қорс, қаңғыр-күңгір.
Е) Ырс-ырс, қорс-қорс.
Дұрыс жауап: С
Бейнелеуіш сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ауыл сыртынан саңқ етіп бұйрық берген дауыс шықты.
В) Ауыздықтарын қарш-қарш шайнап аттар тыпыршиды .
С) Екі көзі үлкейіп ашу шақыратындай жалт-жұлт етеді.
D) Олар сарт-сұрт еткен дауысқа жалт қарады.
Е) Шабыттан қызынған ақынның маңдайы тершіп, даусы саңқылдап шықты.
Дұрыс жауап: С
Еліктеу сөздің құрамын, түрін анықтаңыз.
Үйден алып шыққанында баланың жаны жоқтай, былқ-сылқ етіп буыны кетіп қалған.
А) Күрделі еліктеу, бейнелеуіш сөз.
В) Негізгі еліктеу, бейнелеуіш сөз.
С) Туынды еліктеу, дыбыстық.
D) Дыбыстық еліктеуіш, негізгі еліктеу.
Е) Негізгі еліктеу, дыбыстық.
Дұрыс жауап: А
Еліктеу сөздің қызметін белгілеңіз.
Екі көзі үлкейіп ашу шақыратындай жалт-жұлт етеді.
А) Бастауыш.
В) Анықтауыш.
С) Толықтауыш.
D) Пысықтауыш.
Е) Баяндауыш.
Дұрыс жауап: Е
Еліктеуіш сөздің түрін, қызметін анықтаңыз.
Ауыздықтарын қарш-қарш шайнап аттар тыпыршиды.
А) Қайталанған дыбыстық еліктеуіш,пысықтауыш.
В) Қосарланған бейнелеуіш, анықтауыш .
С) Туынды еліктеу, толықтауыш.
D) Негізгі түбір еліктеу, баяндауыш.
Е) Күрделі еліктеу, бастауыш .
Дұрыс жауап: А
Еліктеу сөзден жасалған сөз табын анықтаңыз.
Үйдің іші күннің көзінен жарқырай түсті.
А) Туынды етістік.
В) Туынды үстеу.
С) Туынды еліктеу сөз.
D) Туынды сөз.
Е) Негізгі еліктеу сөз.
Дұрыс жауап: А
Бейнелеуіш сөздің сөйлем ішіндегі мағынасын анықтаңыз.
Майлы саз жас баланың еңбегінше былқ-былқ етеді.
А) Жұп-жұмсақ.
В) Жеңіл.
С) Жұп-жұқа.
D) Шіп-шикі.
Е) Қап-қалың.
Дұрыс жауап: А
Одағай қатысын тұрған сөйлемді белгілеңіз.
А) Сен де сал орамалға,жиекеңдей жыршы боласың.
В) Қош,бәдік,бұдан көшсең ,алысқа көш.
С) Кезегіңді атқар,ең болмаса кітап өлеңін айт.
D) Бәрекелді,домбырасын да ала келіпті!
Е) Арнайы іздеп келдім,ақсақал.
Дұрыс жауап: D
Мәніне қарай одағайдың қай түрі екенін анықтаңыз. Пәлі, пай-пай.
А) Жекіру одағайлары
В) Көңіл күйі одағайлары.
С) Шақыру, жекіру одағайлары.
D) Шақыру одағайлары.
Е) Тыйым салу мәнді одағайлар.
Дұрыс жауап: В
Одағайдан кейін қойылатын тыныс белгісін белгілеңіз.
А) Үтір
В) Дефис.
С) Сызықша.
D) Қос нүкте
Е) Сұрау белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |