Казахский язык класс 4 каз 1 Сөз тіркесін құрайтын бағыныңқы сөз



Дата07.05.2017
өлшемі160,93 Kb.
#15979
Казахский язык класс 4 каз

1_Сөз тіркесін құрайтын бағыныңқы сөз:

... келді

A) он тоғыз

B) үйіне

C) дәмді


D) қалалар

E) көршінің

2_

Қатесі бар нұсқаны табыңыз



A) қырандар

B) ойындар

C) қаламдар

D) тағамдар

E) баладар

3_

Басыңқы сыңары күрделі сөзбен берілген сөз тіркесін тап



A) Төртінші сынып

B) Қағазға жазып отыр

C) Күшті адам

D) Алтын сағат

E) Скрипкада ойнады

4_

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері



A) Жалаң, жайылма

B) Жай, құрмалас

C) Бірыңғай мүшелер

D) Хабарлы, сұраулы, лепті

E) Жақты, жақсыз

5_

Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем түрі



A) Сұраулы сөйлем

B) Лепті сөйлем.

C) Хабарлы сөйлем

D) Бұйрықты сөйлем

E) Күрделі сөйлем

6_

Сұраулы сөйлем қандай шылаулар арқылы жасалады?



A) Ма (ме), ба (бе), па (пе)

B) Ғана, қана

C) Және, мен, бен, пен

D) Емес


E) Да, де, та, те

7_

Сұраулы сөйлемді тап



A) Ертең күн суық болады дейді

B) Мына күннің суығын-ай

C) Ертең күн жылы болса екен

D) Ертең күн жылы болады ма екен

E) Ертең күн жылы болғанымен жел болуы мүмкін

8_

Ауызекі сөйлеуде және көркем әдебиетте көп қолданылады



A) Жай сөйлем

B) Құрмалас сөйлем

C) Хабарлы сөйлем

D) Сұраулы сөйлем

E) Лепті сөйлем

9_

Қазақстан Республикасының туын сипаттап тұрған дара мүше



A) қызыл

B) қызыл ала

C) жасыл

D) жасыл ала

E) көк

10_


Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады

A) пысықтауыш

B) анықтауыш

C) күрделі мүше

D) толықтауыш

E) дара мүше

11_

Лепті сөйлем жасауға қатысатын сөздер



A) Шылаулар

B) Зат есімдер

C) Сын есімдер

D) Көмекші сөздер

E) Одағай сөздер

12_


Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлем

A) Сен нешінші сыныпта оқисың?

B) Сыныпта неше бала бар?

C) Сабаққа неге кешіктің?

D) Концерт жақсы болған шығар?

E) Сендер жақта боран соғып тұр ма?

13_

Тыныс белгісі дұрыс қойылған құрмалас сөйлем



A) Ашық жерде, қайың кейде жеке де өседі, бірақ көбіне олар орман болып тұрады.

B) Ашық жерде қайың кейде жеке де өседі, бірақ, көбіне олар орман болып тұрады.

C) Ашық жерде қайың кейде жеке де өседі, бірақ көбіне олар, орман болып тұрады.

D) Ашық жерде қайың кейде, жеке де өседі, бірақ көбіне олар орман болып тұрады.

E) Ашық жерде қайың кейде жеке де өседі, бірақ көбіне олар орман болып тұрады.

14_


Күрделі баяндауышы бар сөйлем

A) Ешкі бақтым –еңіреп бақтым.

B) Қой бақтым – қоңырау тақтым.

C) Сиыр бақтым – сидаң қақтым.

D) Жылқы бақтым - жорғалаттым.

E) Түйе бақтым – түйме тақтым.

15_

Сын есімнен болған бірыңғай мүшелі сөйлемді тап



A) Менің әжем ажарлы, ұқыпты және мейірімді адам еді.

B) Төзімділік, сабырлық-адамның жеке қасиеттері.

C) Көлдің батысындағы сайда жуа мен жидек өседі.

D) Тойға атам да, әжем де баратын болды.

E) Абай Құнанбаев - ақын, аудармашы, философ

16_


Құрамында мәндес сөздері бар сөйлем

A) Татулық- табылмас бақыт.

B) Еңбек –адамның көркі, адам заманның көркі.

C) Жерлес, елдес, ауылдас- барлығы да бауырлас.

D) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл

E) Елін сатып асаған, екі күн-ақ жасаған.

17_

Екі түрлі мағынада қолданылған сөзді тап.



A) Кітап- білім бұлағы. Бұлақтың суы тәтті.

B) Батыр туса ел ырысы. Ер қанаты-тұлпар.

C) Қоянды қамыс өлтіреді. Жігітті намыс өлтіреді.

D) Аю ақырады. Ою ойады.

E) Үйдің бұрышы. Бұрыш ащы болады.

18_


Біріккен сөз қатысқан сөйлемді тап.

A) Жұмысшылар жұмысқа уақытында келмесе, жазаланада.

B) Бишілер би билеп, әншілер ән айтты.

C) Балалар жидек теріп жүріп, саңырауқұлаққа кезікті.

D) Кеше мектепте ата-аналар жиналысы болды.

E) Қайсардың тамаққа тәбеті тартпады.

19_

Қысқарған сөздің толық атауы. ТМД



A) Тәуелді Мемлекеттер Достастығы

B) Тек Мемлекеттің Достығы

C) Тәуелсіз Мұнайшылар Достығы

D) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

E) Тәуелді Мемлекеттердің Даласы

20_


Табыс септігінде тұрған сөз

A) Айтыпты

B) Жазды

C) Келді


D) Келбетті

E) Мұғалімді

21_

Жатыс септік сұрақтары



A) Кіммен? кімде? қайда?

B) Кімде? неде? қайда?

C) Кімнен? неден? қайдан?

D) Кімде? кімнен? немен?

E) Кімнің? ненің? Қайда?

22_


Жатыс септігінің жалғаулары

A) -мен, -бен, -пен.

B) -да, -де, -та, -те.

C) -ны, -ні, -ды, -ді.

D) -ға, -ге, -қа,-ке.

E) -ның, -нің, -дың,-дің, -тың, -тің.

23_

Табыс септік жалғаулы сөзді тап



Білегі күшті бірді, білімі күшті мыңды жығады.

A) Күшті, білегі.

B) Білегі,бірді.

C) Білімі, мыңды.

D) Мыңды, жығады.

E) Бірді, мыңды.

24_

Көп нүктенің орнына «қайда?» сұрағына жауап беретін керекті сөзді қой



Өзге ... сұлтан болғанша, өз ... ұлтан бол.

A) Еліңде, елінде

B) Елде, еліңде

C) Елінде, елімде

D) Елден, еліңмен

E) Елге, елмен

25_

Қай сөзге табыс септік жалғауы жалғанады



Арман... қызық... кітап...жылдам... оқы....

A) Арман


B) Қызық

C) Кітап


D) Жылдам

E) Оқы


26_

Табыс, жатыс септіктегі сөздер қатар келген сөйлемді тап

A) Құсбегі қыранын алып шығады.

B) Құсбегінің бойында ептілік пен ерлік астасып жатады.

C) Құсбегі - ең бірінші қыран құсты танып, таңдай білетін адам.

D) Аппақ қар жамылған далада қызыл түлкі зытып барады.

E) Құсбегі қызыл түлкіні жазықта кезіктірді.

27_


Шығыс септікте тұрған сөз

A) Қалаға

B) Қалалық

C) Қалада

D) Қаладан

E) Қала


28_

Тиісті септік жалғауын жалға

Айгүл хатты қалам... жазды.

A) -ен


B) -мен

C) -бен


D) -пен

E) -ның


29_

Буын үндестігіне бағынбайтын септік

A) Атау

B) Ілік


C) Барыс

D) Шығыс

E) Көмектес

30_


«Ауылдан» сөзі тіркесе алатын нұсқа

A) Сырты


B) Етегі

C) Келу


D) Адамы

E) Тұру


31_

Шығыс септіктегі сөздер

A) Анадан, жерден, көлмен.

B) Теңізден, өзеннен, көлге

C) Кітаптан, ертегімен, мектептен.

D) Айдан, аспаннан, ғарыштан.

E) Сабақтан, жүректен, жүрекке.

32_


Көмектес септік жалғаулы сөйлемді тап

A) Барыс аңдар (мен) қоректенеді.

B) «Асан (мен) Үсен» әңгімесін оқыдым.

C) Каусар дәптері (мен) қаламын сөмкесіне салды.

D) (Мен) – Тәуелсіз елдің болашағымын!

E) Етікшіні балға (мен) біз асырайды

33_

Көп нүктенің орнына қажетті сөздер



Жаман ... аяғым артық

Жаман ... таяғым артық

A) Атпен, жолдаспен

B) Атты, жолдасты

C) Атқа, жолдасқа

D) Аттың, жолдастың

E) Аттан, жолдастан

34_


Етістіктің сұрақтары

A) қандай? қай?

B) қанша? неше?

C) қайда? қашан?

D) қалай? қалайша?

E) не істеді? не қылды?

35_

Болымсыз етістік жұрнақтары



A) -ды, -ді, -ты, -ті.

B) -лы, -лі, -ды, -ді.

C) -ар, -ер, -р.

D) -ған, -ген, -қан, -кен.

E) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе.

36_


Болымсыз етістікті көрсет

A) жаңа баспа

B) бос жүрме

C) алма жеу

D) кеспе дайындау

E) дәмді сүзбе

37_

Туынды етістіктер қатары



A) боядым, сыздым

B) оқыдым, салдым

C) жаздым, шықтым

D) тоқтадым, сүрттім

E) жағаладым, тұздадым

38_


Күрделі етістік

A) Мен өлең оқыдым.

B) Ол шанамен сырғанады.

C) Ол әдемі киінді.

D) Сен қуанып қалдың.

E) Біз жаңалыққа қуандық.

39_

Жіктік жалғаулы етістіктер қатары



A) озатпын, білімдімін

B) алдамыз, оқимыз

C) суретшісің, бишісің

D) құттықтаймыз, сыйлаймыз

E) кішкентайсыңдар, баласыңдар

40_


Жіктік жалғаулы етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын анықта

Әжем туған ауылға,

Әкем туған ауылға,

Тұңғыш келе жатырмын.

A) II жақ, жекеше

B) I жақ, жекеше

C) II жақ, көпше

D) I жақ, көпше

E) III жақ, жекеше

41_


Болымсыз етістікті сөйлем

A) Aяулым ертең балабақшаға барады ма?

B) Сабаққа ден қоймасаң, озат бола алмайсың.

C) Әжемнің кеспесі әрқашан дәмді.

D) Дәрумені көп жемістердің бірі - алма.

E) Атам мені «жүгірмек» дейтін.

42_

Етістік неше шақтан тұрады?



A) 1

B) 2


C) 3

D) 4


E) 5

43_


Етістіктің шақтары нені білдіреді?

A) іс әрекеттің жүзеге асу мезгілін

B) іс әрекеттің жүзеге асу мекенін

C) іс әрекеттің жүзеге асу мақсатын

D) іс әрекеттің жүзеге асу себебін

E) іс әрекеттің жүзеге асу салдарын

44_

Етістіктің қай шақта тұрғанын анықта: Әлижан сурет салып отыр.



A) Осы шақ.

B) Өткен шақ

C) Келер шақ.

D) Бұрынғы шақ

E) Кеткен шақ

45_


Өткен шақ сұрақтары

A) не істеймін? не істейсің? не істедің?

B) не істеп отыр? не істеп жатыр ? не істедің?

C) не істедім? не істедің? не істеді?

D) не істеймін? не істеп тұр? не істедің?

E) не істеймін? не істедің? не істеп жатыр?

46_

Осы шақ ережесін анықта



A) Іс әрекеттің алда болатынын білдіреді

B) Іс әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіреді

C) Іс әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді

D) Іс әрекеттің мүлде болмайтынын білдіреді

E) Іс әрекеттің сөйлеп тұрған кездегісін білдіреді

47_


Осы шақтағы етістік

A) көріп келдім

B) оқығалы жатырмын

C) қазір барамын

D) кейін айтамын

E) қиналып отырмын

48_

Етістіктің қай шақта, қай жақта тұрғанын анықта.



Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады

A) Осы шақ, I жақ

B) Өткен шақ, II жақ

C) Келер шақ, III жақ

D) Келер шақ, II жақ

E) Өткен шақ, I жақ

49_


Заттың түсін, сынын, сапасын білдіретін сөз табы

A) Зат есім

B) Сын есім

C) Сан есім

D) Есімдік

E) Етістік

50_

Сын есімнің сұрақтары



A) кім? не?

B) калай? қай?

C) қанша? неше?

D) кімнің? ненің?

E) қандай? қай?

51_


Қарсы мәндес сын есімдер қатары

A) қоңыр, ақшыл

B) жасыл, қызыл

C) қара, бозғылт

D) тәтті, ащы

E) кішкентай, аласа

52_

Күрделі сын есімдердің жасалуы:



A) Жұрнақ жалғану арқылы

B) Жалғау жалғану арқылы

C) Жеке дара бір сөз арқылы

D) Жалғау мен жұрнақ жалғану

E) Екі не одан да көп сөз арқылы

53_


Дара сын есім

A) ұзын-ұзын

B) қара ала сиыр

C) өте биік ағаш

D) мейірімді адам

E) торы ала бие

54_

Қарсы мәндес жұптарын тап: суық, таяз, кең



A) ыстық, кең, тар

B) ыстық, терең, үлкен

C) ыстық, терең, тар

D) салқын, терең, тар

E) мұздай, терең, тар

55_


Күрделі сын есімді сөйлем

A) Асқар –жомарт бала.

B) Қой – момын мал.

C) Піл –ірі жануар.

D) Керік –бойы ұзын жануар.

E) Тауешкі – өте жылдам жануар.

56_

Күрделі сын есімді анықта



Наурызым қорығында қызыл жемсаулы қаз, дуадақ, ақ құр секілді құстар, қызыл түлкі, қара көк күзен секілді жануарлар мекендейді.

A) Наурызым қорығында

B) қызыл жемсаулы қаз, қара көк күзен

C) дуадақ, ақ құр секілді

D) құстар, қызыл түлкі

E) жануарлар мекендейді

57_

Сан есім ережесі



A) заттың сынын білдіреді

B) заттың атауын білдіреді

C) заттың санын білдіреді

D) заттың іс-әрекетін білдіреді

E) заттың көлемін білдіреді

58_


Сан есімдер қатары

A) аппақ, сары, алты

B) бір, екі, жеміс

C) он, жүз, дара

D) алты, жеті, сегіз

E) күрделі, мың, сан

59_

Жинақтық сан есімдер



A) бір, екі, үш

B) біреу, екеу, үшеу

C) бірінші, екінші, үшінші

D) бірінші, бір, біреу

E) бір, екінші, үшінші

60_


Күрделі сан есімдер

A) Бір саннан тұрады

B) Бір дыбыстан тұрады

C) Бірнеше дыбыстан тұрады

D) Бір сөзден тұрады

E) Екі немесе одан да көп сөзден тұрады

61_

Дара сан есімдер қатары



A) Бір, он бес, жүз

B) Он бір, екі жүз, жүз он

C) Жиырма екі, отыз, қырық

D) Елу бес, алпыс бес, жетпіс

E) Бес, алты, жеті

62_


Сан есімнің түрін анықта: Бір үйір жылқы.

A) Күрделі сан есім

B) Реттік сан есім

C) Мыңдық сан есім

D) Бірлік сан есім

E) Дара сан есім

63_

Дұрыс жазылған сан есім



A) 5-інші қабат

B) 2014-жыл

C) 4-сынып

D) I-жақ


E) 2-кг өрік

64_


Есімдердің орнына жұмсалатын сөздер тобы

A) Зат есімдер

B) Етістіктер

C) Үстеулер

D) Есімдіктер

E) Сын есімдер

65_

Жіктеу есімдігі



A) Біреу

B) Бәрі


C) Біздер

D) Сәбилер

E) Аналар

66_


Көп нүктенің орнына керекті есімдікті жаз

…. артымнан келе жатқандай болды.

A) Кейбір

B) Әрқашан

C) Әлдекім

D) Әрбір


E) Ешкім

67_


«Біз» есімдігінің жекеше түрі

A) Сен


B) Ол

C) Сіз


D) Мен

E) Сіздер

68_

«Мен, сен, ол» есімдіктері көмектес септігінде



A) Менің, сенің, оның

B) Маған, саған, оған

C) Мені, сені, оны

D) Менен, сенен, одан

E) Менімен, сенімен, онымен

69_


«Мен, сен,ол» есімдіктері табыс септігінде

A) Менің, сенің, оның

B) Маған, саған, оған

C) Мені, сені, оны

D) Менен, сенен, одан

E) Менімен, сенімен, онымен

70_

Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қой



... - талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

A) Сен

B) Ол


C) Біз

D) Мен


E) Сендер

71_


I жақ жіктік жалғауы

A) -мен, -бен,-пен.

B) -ың, -ің, -ң

C) -мын, -мін,-бын,-бін, -пын, -пін

D) -ым, -ім, -м

E) –ның ,-нің, -дың, -дің, -тың, -тің.

72_

Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есім



A) Тіліміз

B) Оқушымыз

C) Баламіз

D) Оқушым

E) Тілім

73_


III жақ тәуелдеулі зат есім

A) Білімім, ақылым

B) Білімді, ақылды

C) Білімің, ақылың

D) Білімі, ақылы

E) Білімге, ақылға

74_

Жіктелген сөзді тап



A) Жұмыс

B) Жұмысым

C) Жұмысшың

D) Жұмысшысың

E) Жұмысы

75_


Тәуелденіп септелген сөздер қатары

A) Немересіне, жиеніңе

B) Атама, көршінің

C) Ұстазға, шәкіртке

D) Отаныма, қалада

E) Мектепке, сыныбына

76_

III жақ тәуелдік жалғаудан кейін жалғанатын жатыс септік жалғауы



A) -да, -де

B) -та,-те

C) -а, -е

D) -қа, -ке

E) -нда, -нде

77_


Білегіңе сенбе, біліміңе сен.(мақал)

Асты сызылған сөздердің жалғаулары

A) тәуелдік жалғау I жақ + жатыс септігі

B) тәуелдік жалғау II жақ +барыс септігі

C) тәуелдік жалғау III жақ +барыс септігі

D) тәуелдік жалғау II жақ + жатыс септігі



E) тәуелдік жалғау I жақ + барыс септігі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет