Алдымен келіскендей құрастыру түрлері рум құқығының деректерінің екінші түрі (анықтамасы) деп есептейміз. Сол деректер, құрастыру түрлері рум құқығының тарихы бойынша алты түрге бөлінеді. Оларды әдет құқығы (1), республиканың заңдары (2), сенатусконсульттер (3), преторлардың эдикттері (4), императорлардың конституциялары (5), заңгерлердің жауаптары (6) деп санаймыз.
Біріншісі (әдет құқығы).
Әдет құқығы халықтың әдеттерінен шықты. Бірақ, жай әдеттерді құқықтық әдеттер деп есептеуге болмайды. Тек қана халық әдеттеріне патшалар немесе республиканың сенаты қорғау жасаса (заңмен, заңсыз болса да) сол әдеттерге келісім берсе, олар құқықтық әдеттер болады.
Мысалы, бұрынғы заманда екі кісі некемен қосылса, ол жай халық әдеті болған. Одан кейін некені мемлекет заң ғұрпына қосты. Бүны құқықтық әдет деп есептейміз.
Екінші мысал мейрамдардан. Наурыз мейрамы бұрын тек
қана халық ішінде аталған. Ал қазір Наурыз мейрамы
мемлекеттік мейрам болып шықты. Енді оны құқықтық әдет деп
есептеуге болады. Айтпақшы, тарих бізге тағы бір қуанышты ескерткішті қалдырды. Білмесеңіз – біз бәріміз әрбір аптада бір мейрамды тойлаймыз. Бұл мейрам - жексенбі, орысша воскресение (қайта тірілу). Осы мейрам да рум құқығынан шықты, өйткені Рум императоры Константин Иса пайғамбардың тіріліуін әр жұма сайын тойлап демалыңыз деп заң шығарған. Осы заң ұмытылса да, біз оны білмей де орындаймыз.
Әрбір халықтың тарихында өзінің әдет құқығы болатын. Орыс әдет құқығы, қазақ әдет құқығы. Сонымен Рум халқының да өз әдет құқығы болған. Мемлекет нығайып, күшін көбейткен заманда әдет құқығының орнына заң құқығы келеді. Ал, тарихта сол әдеттерден құқықтық ескерткіштер қалады. Рум әдет құқығының ең белгілі ескерткіші «Он екі тақтадағы заңдары» қалған. Мәселен, қазақ халқында сондай-ақ ескерткіш - «Жеті жарғы» деген әдет-ғұрып жинағы.
Румдықтар әдет құқығын mores majorum (ата-ағалардың мұрасы) деп атаған Commentarii pontificum (абыздар жариясы), commentarii magistratum (бастықтар жариясы) деген ескерткіштер де әдет құқығына жатады.