Казахстанского инженерно-педагогического университета дружбы народов серия «гуманитарно-педагогическая»



бет6/18
Дата02.05.2018
өлшемі3,96 Mb.
#40400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Кілттік сөздер: тарих, мекеме, Қазақстан, Түркістан, ағартушылық, білім.
Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы ағарту жұмысын қажет етеді. Тарих ғылымында әр уақыттың, әр кезеңнің өзіндік құндылығы бар. Әсіресе,Кеңес өкіметімен бірге Қазақстанда жаңадан дүниеге мемлекеттік мекемелердің алғашқы жиырма жылдағы өсіп- өркендеуін терең деректанулық талдау жасау арқылы көрсетуге болады. Кеңес өкіметінің құрылуымен қатар жаңа мемлекеттік мекеме жүйесі де қалыптаса бастады. 1920 жылғы қазан айында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Құрылтай съезінің шешімінің негізінде республика территориясында мәдени құрылысты басқарушы біріккен орталық орган құрылды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басына қарай Ресей империясының отар елдерінде әлеуметтік- экономикалық жағдай бұрынғыданда да ушыға түсті. Осы тарихи кезеңнің Түркістан халықтарының тағдырында ерекше орын алуы жаңа саяси –әлеуметтік күш – патша отарлау аппараты өзіне қызметке даярлаған ұлттық интеллигенцияның қалыптасып дамуымен байланысты еді. Тарих сахнасына көтерілген ұлттық интеллигенцияның көпшілігі өздері алған еуропалық білімді отаршылдыққа қарсы құралға айналдырды. Ә. Бөкейханов А. Байтұрсынов Б. Сыртанов Р. Мәрсеков сияқты зиялы қауым өкілдері халық ағарту мәселесіне ерекше ден қойды. Олар үкіметтің халық- ағарту саласы бойынша шығарылған кейбір заңдық ережелеріне ұлттық мүдде тұрғысынан қарап өз ой- пікірлерін ашық тұрде білдіре бастады. Бұл әсіресе Халық ағарту министрлігі 1906 жылы 31наурызда «Ресейдің шығыс және Оңтүстік Шығыс бөлігіндегі түз халықтарының батауыш училищелер туралы ережені» бекіткенде анық көрінді. Халық арасында «31 наурыз ережесі» деген антпен әйгілі болған бұл құжатта мұсылман халықтарының ана тілінде білім алуын барынша шектеу оларды орыс алфавитіне көшіруді заңдастырып барлық мұсылман оқу орындарын Халық ағарту министрлігінің қарамағына өткізу көзделген. Онда «түз халықтары училищелерінде алғашқы екі жылда ана тілінде кейінгі жылдары орыс тілінде оқиды», -деп көрсетілген [1]. Ал Жетісу өңіріндегі мқсылман зиялылары 1906 жылы 16-21 тамызда Нижний- Новогород қаласында өтіп жатқан жалпыресейлік мұсылман съезіне жеделхат жолдап «31 наурыз ережесіне» жергілікті халық наразылық танытандығын білдіреді. Сонымен қатар сиездің де мқсылман халықтарының мүддесін қорғауын сұраған еді. [2.]. Сиез делегаттары осындай мазмұндағы халық өтінішін ескере отырып «31 наурыз ережесіне» өзгертудің жолдарын қарастыру керек деген шешімге келді. Сөтіп олар халық ағарту министрі атына хат жолдап «31 наурыз ережесін» өзгертуді сұрайды. Онда: «Ішкі істер министрінің рұқсатымен Нижний – Новогород қаласында өткен Ресей мұсылмандары съезі империядағы барлық халыққа тегіс теңдік негіздерін жариялаған 17қазан манифесінің жүзеге асуын құаттай отырып » «31 наурыз ережесінің» бұған қайщы келетінін мәлімдейді» алуды қаматмасыз ету қажеттілігі айтылған еді.[3.]. Қазақстандағы Халық ағарту жұмыстарының жағдайы Патшалық Ресейдің ұзақ жылдар бойы жүргізген отаршылдық саясаты қазақ жерінде ұлттық білім беру жүйесінің өркендеуіне тосқауыл жасап келгені аян. Соған орай 1917 жылғы ақпан революциясының нәтиежесінде патша өкіметі құлағаннан кейін қазақ зиялылары ұлттық мектептерді ашуға, халықтың сауаттылық деңгейін көтеруге баса мән берді. Бұған сол тұста М. Жұмабаевтың былай деп жазғаны дәлел бола алады: «1917 жылғы үлкен толқын қалғып отырған қазақ азаматын да қағып оятты. Саясат hәм шаруашылық жағынан елінің қолын жеткіземін деп ұмтылған азамат қазақ мектебін де жаңа, жайлы, таза негізге құрмақшы болды. Қала сайын дерлік курстар ашылды. Көздерінде, көкіректернде ұшқындары бар мұғалімдер шығарылды. Мектеп пен тірі дүние ортасындағы қытай қорғанын бұзып, мектепті білім беріп, тұрмысқа даярлайтын, келешекте ел ісінің иесі беріп, тұрмысқа даярлайтын, келешекте ел ісіснің иесі беріп, тұрмысқа даярлайтын, келешекте ел ісінің иесі болатын азаматтар шығаратын жер жасауға бет алды».[4.].Патша өкіметі құлағаннан кейін қазақ жерінде облыстық деңгейде құрылған Қазақ комитеттері төңірегінде шоғырланған зиялы қауым өкілдері жер- жерде мектептер ашу, қазақ балаларына стипендия тағайындау, мұғалімдер даярлау ісін қолға алды. Мәселен, Семей облыстық Қазақ комитеті қазақтан жиналған земство салығын орыс балалары пайдаланып келгендігін айқындап, бұл қаржыдан бөлінген 70-ке жуық стипендияны Томскідегі техникалық институт, Семейдегі гимназия мен мұғалімдер курсында білім алып жатқан қазақ жастарына алып берді. Бұл іс негізінен қазақтар арасындағы ағартушылыққа серпін беру мақсатынан туындаған болатын [5]. Ақмола облыстық Қазақ комитеті облыстық қазақ сиезінің қаулысымен Ғалия, Хусайния, Расулия, Мұхамедия медреселерінде оқитын қазақ шәкірттеріне 50 стипендия тағайындап, оны алатын шәкірттерге мынандай шарт қойды: «1 Съез қаулысы бойынша стипендия пайдаланған шәкірттер Ақмола облысының қазағы болуы тиіс. 2. Стипендияны шәкірттер қанша жыл пайдаланса, медресе бітірген соң, сонша жыл Ақмола облысында қызмет етуге міндетті болсын» [6].

Ақмола облысындағы қазақтар қазақ оқушыларына деп қаржы да жинастыра бастады. Осы мақсатта Омбы уезінде-4200 сом, Қызылжар уезінде- 4620 сом, Көкшетау уезінде – 8500 сом жиналды. Бұл іс- шараға облыстық Қазақ комитеті жетекшілік жасады. Қазақ комитеттері оқу- ағарту жұмысында 1917 жылы шілдеде өткен бірінші жалпықазақ сиезінің шешімдерін басшылыққа алды. Онда: «Жалпы міндетті бастауыш оқу, бастапқы екі жылда оқуды ана тілінде жүргізсін, мектеп кітаптары болсын, өзге баспасөздер болсын- бәрі де «Қазақ газеті емлесісімен жазылсын» [7], - делінген еді. 1917 жылы 2-5 тамыз аралығында М. Т ынышбаевтың төрағалық етуімен, Е. Қасымов, Қ. Қожықов,Ә. Кенесарин секілді уездік ұлттық ұйымдардың өкілдері қатысуымен өткен Түркістан аймағы қазақ- қырғыздарының жалпы жиналысында ұлттық мектеп мәселесі негізгі мәселенің бірі ретінде күн тәртібіне қойылды. Онда бұл мәселеге орай бастауыш білім алу жалпыға бірдей міндетті болсын: мектепте балалар ана тілінде оқысын: оқу кітаптары мен баспасөздер «Қазақ» газеті қолданған емлемен жазылсын: орыс- түзем мектептері жабылсын, олардың орнына ұлттық мектептер ашылсын деген қаулы қабылданған еді[8]. Қазақ балалары білім алып жатқан орыс мектептерін ұлттық мектепке айналдыру жолында Қазақ комитеттері үлкен іс- тындырды. Осы жайлы «Сарыарқа» 1917 жылы былай деп жазды: «Биыл Алаш қаласында болған облыстық қазақ съезі барлық мектептер ұлт мектептеріне айналдырылсын, қазақша білім берсін деген қаулы жасаған еді. Ол қаулы тиісті жерлеріне жіберілді. Сол қаулы бойынша Зайсан уезінің комиссары Халел мырза Ғаббасов Зайсанға қараған қазақтардың арасындағы орыс- түзем мектептерін ұлт мектептеріне айналдырды» [9]. 1917 жылы 18 шілдеде Жетісу облыстық Қазақ комитеті ауылдар мен болыстарда күзде ашылуға даярланып жатқан ұлттық мектептер үшін оқулықтар алдыруды көздеп, бұл іске кітап дүкенінің иесі- Заки Зайнулинді тартып, оған арнап арнайы қаржы бөлді . Жетісу облысындағы Қазақ комитеті қазақ балаларының оқу жайына, ондағы мұғалімдер мен тәрбиеші азаматтардың білім деңгейіне, ұлт тілін меңгеру дәрежесіне қарай жұмысқа орналасуына араласып отырды. Верныйдағы ер балалар гимназиясында оқитын қазақ ондағы оқытушылардың ұлттық тілді білуін қадағалауға алды. 1917 жылы 13 тамызда Семей облыстық Қазақ комитетінің мәжілісінде ұлттық мектептерді ашу мәселесі арнайы қаралды. Осы мәжілістің барысында Семей, Кереку және Қарқаралы қалаларында кәсіптік білім беретін оқу орындарын ашу қажет, оған қазақ балаларын көптеп тарту қажет деген шешім қабылданды. Мұндай кәсіптік білім беру орындардың қатарында мұғалімдер даярлайтын курстар ашудың қажеттігі де аталып көрсетілді


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Правила о нпчальных училищах для инородцев, живущих в восточной и юго- восточной России утвержденные министерством народного просвещения 31 марта 1906 года о дополненные в 1907 г. Спб.,2000,3б.

  2. Политическая жизнь русских мусульман до Февральской революции.ьОксфорд, 2003.

  3. Вакыт. 2000.№ 927

  4. Нұрпейісов К. Тұтқындалған «Оян қазақ» Алматыда.// Қазақ әдебиеті, 2000,16 қараша

  5. Богданов И.М. Грамотность и образование в дореволюционной России и СССР Москва, 2001,62-б.

  6. Статическое сведения по начальному образованию в Россиской империи.Вып.Опыт срав...110-б.

  7. Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане. Алма- ата, 1962, 25- б.

  8. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, 2001,228-б.

  9. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы,2005 ,228-б.


КАЖДЫЙ РЕБЕНОК УНИКАЛЕН ДЛЯ РОДИТЕЛЯ
Тастан Т. Р. Доктор психологических наукРуководительЦентрально-Азиатскогоотделения

МАПН им.А.Мухамеджанова,г. Шымкент, Южно- Казахстанская область, Казахстан



Шликбаева Б. А. Кандидат психологических наук

Преподаватель Казахстанско-Российского медицинского университета Казахстан.



Абдилманова Э. Н. Соискатель МАПН.Преподаватель Казахстанско-Российского медицинского университета Казахстан

Помните, что будущее вашего ребенка во многом зависит от того, насколько он социализирован, адаптирован в обществе. Делайте все возможное, чтобы он привык находиться среди людей и при этом не концентрироваться на себе, умел и любил общаться, мог попросить о помощи.

 Каждый ребенок имеет право на особую заботу и помощь от нашего общества. Но есть дети, у которых физическое и умственное состояние требует повышенного к ним внимания. Это дети с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ), которые имеют разную степень инвалидности.

В общем случае, понятие “ребенок-инвалид” можно разделить на две категории. Одна группа детей-инвалидов — это дети с врожденными нарушениями работы различных органов чувств и с физическими недостатками или умственно отсталые дети.

Многочисленные исследования показали, что творческий потенциал таких детей огромен.

Их таланты представляют собой значительную культурную ценность. А эффект от гармоничного развития личности и успешной адаптации в обществе благотворно влияет здоровье детей.

Другая группа детей – это те, кто стали инвалидами в результате длительной болезни.

Воспитание и развитие таких детей является серьезной педагогической и медицинской задачей.

В силу огромной роли семьи, ближайшего окружения в процессе становления личности ребенка необходима такая организация социума, которая могла бы максимально стимулировать это развитие, сглаживать негативное влияние заболевания на психическое состояние ребенка.

Родители – основные участники психолого-педагогической помощи при ДЦП, особенно если ребенок по тем или иным причинам не посещает учебное учреждение.

Для создания благоприятных условий воспитания в семье необходимо знать особенности развития ребенка, его возможности и перспективы развития, организовать целенаправленные коррекционные занятия, сформировать адекватную оценку, развивать необходимые в жизни волевые качества. 

Для этого важно активное включение ребенка в повседневную жизнь семьи, в посильную трудовую деятельность, стремление к тому, чтобы ребенок не только обслуживал себя (самостоятельно ел, одевался, был опрятен), но и имел определенные обязанности, выполнение которых значимо для окружающих (накрыть на стол, убрать посуду). В результате у него появляются интерес к труду, чувство радости, что он может быть полезен. Уверенность в своих силах.

Часто родители, желая избавить ребенка от трудностей, постоянно опекают его, оберегают от всего, что может огорчить, не дают ничего делать самостоятельно. Такое воспитание по типу гиперопеки приводит к пассивности, отказу от деятельности. Доброе, терпеливое отношение близких должно сочетаться  с определенной требовательностью к ребенку. Нужно постепенно развивать правильное отношение к своему состоянию и возможностям. Родители не должны стыдиться своего ребенка. Тогда и он сам не будет стыдиться своей болезни, уходить в себя и свое одиночество.

Пока дети маленькие, родителям это кажется это неважным, они все делают за них, но, в конце концов, это перерастает в большую проблему, решить которую с годами все труднее. Если мать постоянно подменяет действия ребенка, происходит остановка его развития, растет страх беспомощности и зависимость от посторонней помощи, и в такой обстановке ребенок теряет самостоятельность. Все это приводит в конечном итоге к социальной пассивности. Физические недостатки ведут к изолированности ребенка от внешнего мира и общения со сверстниками и взрослыми. Создается замкнутый круг-звено «физических недостатков» сменяет звено «психических недостатков». Вырастая, подобный ребенок оказывается неспособным к самостоятельной жизни не столько из-за своего дефекта, сколько из-за несвоевременного формирования личностного развития.

Задача родителей (да и специалистов) состоит в разрыве этого порочного круга и создания условий для адекватного развития и формирования личности детей-инвалидов.

Вот несколько советов данным родителям:



  • Примите ситуацию как данность, смиритесь с нею, не думайте о том, как и почему это случилось, размышляйте о том, как с этим дальше жить. Помните, что все ваши страхи и «черные мысли» ребенок чувствует на интуитивном уровне. Поэтому если вы не хотите, чтобы ваш ребенок рос нервным, издерганным, мрачным, постарайтесь найти в себе силы с оптимизмом смотреть в будущее.

  • Никогда не жалейте ребёнка из-за того, что он не такой, как все.

  • Дарите ребёнку свою любовь и внимание, но не забывайте, что есть и другие члены семьи, которые в них тоже нуждаются. Стремитесь к тому, чтобы у всех членов семьи была возможность саморазвития и полноценной жизни.

  • Организуйте свой быт так, чтобы никто в семье не чувствовал себя "жертвой", отказываясь от своей личной жизни.

  • Не ограждайте ребёнка от обязанностей и проблем. Если состояние ребенка позволяет, придумайте ему простенькие домашние обязанности, постарайтесь научить ребенка заботиться о других. Решайте все дела вместе с ним.

  • Предоставьте ребёнку самостоятельность в действиях и принятии решений. Стимулируйте его приспособительную активность; помогайте в поиске своих скрытых возможностей. Развивайте умения и навыки по самообслуживанию

  •  Следите за своей внешностью и поведением. Ребёнок должен гордиться вами.

  •  Не бойтесь отказать ребёнку в чём-либо, если считаете его требования чрезмерными. Однако проанализируйте количество запретов, с которыми сталкивается ваш ребенок. Продумайте, все ли они обоснованы, нет ли возможности сократить ограничения, лишний раз проконсультируйтесь с врачом или психологом.

  • Чаще разговаривайте с ребёнком. Помните, что ни телевизор, ни радио не заменят вас.

  • Не ограничивайте ребёнка в общении со сверстниками.

  • Не отказывайтесь от встречи с друзьями, приглашайте их в гости. Пусть в вашей жизни найдется место и высоким чувствам, и маленьким радостям.

  • Чаще прибегайте к советам педагогов и психологов. Каждое определенное заболевание ребенка – инвалида требует специфического ухода, а также специальных знаний и умений. Больше читайте, и не только специальную литературу, но и художественную.

  • Общайтесь с семьями, где есть дети-инвалиды. Передавайте свой опыт и перенимайте чужой. Это важно не только для вас, но и для ребенка, которому вы можете оказать услугу на всю жизнь, найдя для него друзей или (что очень часто бывает) спутника жизни.

  • Не изводите себя упрёками. В этом случае велика вероятность того, что ребенок вырастет психологическом монстром, а это неизбежно усилит его социальную дезадаптацию и усугубит страдания. В том, что у вас больной ребёнок, вы не виноваты.

  • Старайтесь чувствовать себя спокойно и уверенно с ребенком – инвалидом на людях. Доброжелательно реагируйте на проявления интереса со стороны посторонних, не отталкивайте их от себя жалобами, раздражением, проявлением озлобления. Если ребенок переймет от вас подобный стиль общения с окружающими, его шансы найти себе друзей резко возрастут. Постарайтесь научить ребенка быть самим собой – и дома, и на людях. Чем раньше ребенок начнет общаться с другими детьми, тем больше шансов, что он сможет вести себя как «обыкновенный».

А также необходимо учитывать:

Как правило, дети с недостатками развития не умеют играть. У них не возникает замысла игровой деятельности, в лучшем случае они переставляют игрушки с места на место, бессмысленно манипулируя ими. Проявить живой интерес к чему-либо, воссоздать несложную жизненную ситуацию они не могут. Ваша задача – научить  ребенка играть.

Игра важна не только потому, что ребенок интересно проводит свободное время. В процессе игровой деятельности происходит коррекция психических функций ребенка (внимания, памяти, мышления и т.д.), развивается его эмоционально-волевая сфера.

Приучайте ребенка бережно относиться к игрушкам, содержать их в порядке, убирать на место. Когда он еще слишком мал, убирайте игрушки сами, а малыш пусть их подает. Со временем ребенок все будет делать сам, но под вашим контролем и руководством. И наконец, когда вы научите его всему необходимому, он справится с заданием самостоятельно.

У ребенка может вызвать интерес раскладывание палочек двух цветов в разные стороны. Сначала покажите малышу, как это делается, не забывая одновременно спрашивать, куда положить предмет того или иного цвета. Например, вы показываете ребенку желтую палочку и спрашиваете его: «Где лежит палочка такого же цвета? Куда ее положить?» Ребенок отвечает или чаще всего указывает жестом. Вы кладете желтую палочку рядом с желтыми и поясняете, что они одинаковые. Так раскладываются несколько пар палочек. Далее ребенок, по возможности самостоятельно, показывает, куда надо положить палочки.

Как правило, дети с недостатками развития неуклюжи, поэтому в режиме дня отведите определенное время подвижным играм. Приучайте ребенка лазать, бегать, ходить по выложенным на полу из веревок квадрату, кругу, различным линиям. Такие занятия помогут координации движений, восстановят нормальную походку. Научите малыша бросать мяч, доставать различные вещи, находящиеся в труднодоступных местах (встать на стул и достать со шкафа куклу). Постепенно, по мере развития ребенка, игры усложняйте, увеличивая расстояния пробега, число играющих.

Ребенок с ограниченными возможностями, как и любой другой, нуждается в контактах со сверстниками. Если в семье есть еще дети, это, как правило, благоприятно отражается на малыше, он легче общается с окружающими. Если у него братьев и сестер нет, то он нередко лишается детского общества. В этом случае познакомьте сына или дочь со здоровым ребенком младшего возраста и постарайтесь организовать их совместную игру. Старайтесь вовлечь его в игру с другими детьми.
ЛИТЕРАТУРЫ:


  1. Ткачева В.В. Психокоррекционная работа с матерями, воспитывающими детей с отклонениями в развитии. Практикум по формированию адекватных отношений. – М.: Издательство «Шом- Пресс», 1999-с. 62.

  2. Никулина В.Д.Рекомендации по психокоррекционной работе семьями , воспитывающими проблемного ребенка // Воспитание и обучение детей с отклонениями в развитии. – 2002.- №4.с. 40-47

  3. Шашкова О.В. Инвалиды. Права, льготы, поддержка. - М.: Эксмо, 2012. – 128с

ӘОЖ.371. 4. 42.


ПӘН МҰҒАЛІМІНІҢ СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ КЕЙБІР ФУНКЦИЯЛАРЫ
Омар Е. О., п.ғ.д.,профессор, Ережепова Д. Т. оқытушы, Сейдан А. студент

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті.

Шымкен қаласы, Қазақстан Республикасы
Summaru

The article highlights some of the features function leisure schoolboys in the conditions of extracurricular educational work.

Резюме

В статье освещены некоторые особенности функции досуга школьников в условиях внеклассной воспитательной работы.


Кәлттік сөздер:Қызығушылық, талап, міндет, әдіс,белсенді, дағды, ептілік, психофизиология, ұйымдастырушы, конструктивтілік, коммуникативті.

Сыныптан тыс тәрбие беру тәлім - тәрбие саласындағы педагог кызметінің ең белсенді түрі. Бұл қызмет өзінің көпқырлылық, яғни көпсалалық сипатымен өскелең ұрпақтардың сан – салалы сұраныстары мен тілеуін, қызығушылықтарын қанағаттандыра отырып, олардың даралық қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға арналғанын танытатын феномен.

Балалардың қол бос уақыттағы қызықтыратын сұранымдары, талап – тілектері, мақсаты, бағдарға алынған «әлеуметтік рефлекс» түрі болып табылады[1].Осы рефлекс арқылы өскелең ұрпақ рухани мен бейруханилық, пайдалы мен зиянкестік, өнегелік – ізгілік пен сүйкімсіздік сияқты қасиеттер мен бейқасиеттерді, қазыналық таным – талғамдарды т.б. санасында қалыптастыра бастайды. Сондықтанда өскелең ұрпақтардың сыныптан тыс уақыттағы көңіл қалауындағы қызығуларына негізделген тәрбие функциялары қоғамның маңызды мұраты болып табылады. Енді функция ұғымы мәнін ашайық. «Функция» ұғымының түсінігі (латын тілінен аударғанда) – міндет, қызметтер тобы, роль, арналу (белгілеу) деген мағынаны білдіреді. Осыдан тәрбиелік қызметтің барлық жағдайдағы арналуы ұрпақ болмысына, оның әр түрлі әрекеттеріне ықпал жасайтын, шығармашылыққа негізделген іс – шараларға балаларды белсенді түрде қатыстыру шарттылығын іске асыру болып табылатындығы белгілі болып тұр. Осыдан келіп тәрбие қызметі педагогикалық үрдістің белгілі бір нақты шарадан бастап сан – салалы, яғни пайда болған қызығушылық пен тілеу және оның қанағаттанбауы арасындағы қарама – қайшылықтағы мәселелерді шешуге негізделген ізденістер формасында ұйымдастырылып өтілуіне құрылу шарттылығын көрсетеді, яғни көрсетіп отыруы тиіс. Нәтижеде көп жағдайда сезіле берілмейтін балалардағы сапалық белгілердің ашылып, даму алуы орындалады.

Енді сыныптан тыс тәрбие жұмысының көп жағдайда ескеріле бермейтін жаратылыс заңдылығына мән беріп қарайтын болсақ оның ерекше бір шарттылықтағы функциясына «рекреациялық оралым» жатады. Рекреация – үзіліс, демалыс жасау деген түсінік мағынасын беретін ұғым. Осы мағыналық түсінікке мән бере қарасақ балалардың қол бос уақыттағы қызығушылықтары өздерінің психофизиологиялық сұранымын қанағаттандыру талабында жатқандығын аңғартады. Жалпы рекреация – адамның шығындалған (жұмсалған)күш – қуатын қайта қалпына келтіру психофизиологиялық үрдіс барысында болғандықтан бұл үрдісті ықпалдық іс – әрекет түрлерінің орын алмасуы, кезектесіп отыруы шарттылық болмақ. Сондықтанда қол бос уақыттағы тәрбие жұмысының аталған функциясының басты міндетінің бірі балалардың демалысын ұйымдастырып, психологиялық сейілуді жасап отыру керектігін ұйымдастыруды талапқа қояды.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының келесі бір функциясы - «гедонистік оралым». Гедонизм - грек сөзінен аударғанда «адам рахат тұрмысқа тырысады» деген түсінік мағынасын білдіретін ұғым. Бұл функция рекреативті оралыммен тығыз өрілімдік байланыста болатын функция. Түсінікті мағынада айтқанда гедонизм ұғымы – адамның рахатты көңіл көтеруі, ғанибеттенуі – деген мағынаны білдіретін сөз болғандықтан қол бос уақыттағы тәрбие мазмұнында қызығу туғызған талап-тілектерді таңдау еріктілігі ескерілуі тиіс.Қол бос уақыттағы осындай тәрбие функциялары арқылы балаларға жасалатын ықпалдарға реттеушілік орната отырып, өнегелі мінез – құлықтың жоғарғы формасына қол жеткізуге болады. Рухани құндылықты тәрбие нормаларын игере отырып, нормадан үлгі – нұсқаға ауысып, өскелең ұрпақтар өздерін бірте – бірте шығармашылықтағы өзін-өзі мақұлдауға даярлайды.Сыныптан тыс балалардың қол бос уақыт жағдайында өтілетін тәрбие жұмысының балаларда болатын ауырлық зорланған сәттерді бәсеңдетуге психологиялық жағдай жасауға мүмкіндігінің зор болуы да осындай жағдайдан. Әр түрлі ойын сауықтар арқылы көңіл көтеруді әрі белсенді демалуды ұйымдастырып, көңіл қалауындағы ықпалдарға тарту арқылы баланың психофизиологиялық және рухани сұраныстарының логикалық қанағаттануына жағдай жасай отырып, сыныптан тыс тәрбие жұмысы жоғарыдағы аталған функциялардың тығыз өзара байланыста бірін – бірі толықтыруын да жүзеге асырады. Аталған функциялардың басты ерекшелігі, мұнда оқушылар тәрбие ықпалы объектісі ғана емес ықпал субъектілері бола алатындығында, яғни іс-шара субъектісіне айналдыруында.

Сыныптан тыс балалардың қол бос уақытында орындалатын тәрбие жұмысы сондай-ақ мазмұнға байланысты: танымдық; рухани - шығармашылық; құндылық –бағдарлық; тәжірибені түрлендірушілік функцияларды да атқарады. Аталған қызмет топтарының мән-мағыналарын таратып айтқанда:



  • тақырыптық кештер, пікірталастар ой талқылар, үйірмелік жұмыстар т.б. ой – өрісті дамытатын (ақыл – ой тәрбиесі) іс-шаралары жасайтын ықпалдар нәтижесінде ақпараттарды меңгеру, жаңа білім толықтырумен қатар ақыл-ой тәрбиесі яғни ой-өрісті дамыту функциясы;

  • тәжірибелі – түрлендірушілік функциясында: салыстырулар, шендестірулер арқылы балалардың түрленуі мен жасампаздығын дамыту бағытындағы істер;

  • құндылық - бағдарламалық функцияда қоршаған әлемге (ортаға) деген түсінікке өзгерген түр жасау ықпалынан жаңа түсінік табудан құбылыстардың, табиғаттың сын-сымбатына баға беру, өзінің басқалардың амалдарын бағалау (адамгершілік, экологиялық тәрбие) сияқтылар ұйғарылып жүзеге асырылады.

Сондайақ аталған функциялар арқылы:

  • білім беру мекемелерінің (мектептердің қосымша білім беру ұйымдарының, көркемдік студиялар т.б) ұйымшыл, өмірге қабілетті пікірлес ұжымдарын қалыптастыру;

  • рухани жетілген, мәдениетті, көркем шығармашылықты орындаушыларды тәрбиелеуде іске асырылады.

Сыныптан тыс тәрбие берудегі аталған функциялардың ойдағыдай орындалуы әсіресе: көркемдік – публицистикалық, мәдени ойын- сауық жұмыстарының кеңістікті ұйымдастырушылық базасы ретінде көрінісін беретін болса;

- екіншіден сыныптан тыс тәрбиеге қатысушылардың өздері ынталық негізде бірлесе қатысуындағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырып өткізіп тұрса жүзеге асады. Тәрбие жұмысының бұл түрлеріне балалардың көпшілікті қамтылу себебі, қатысушыларға өз әлемін билеген түсінікті, аңсарды, сағыныш – үмітті орнықтыруға, дамытуға мүмкіндіктердің мол жасалуында. Қажетті жағдайдың жасалуы әрбір іс-шараға қатысушыға өз бойына танымдылықпен қатар рахатты көңіл көтеруді біріктіретін тәрбиелік шараларға қатысудың мүмкіншілігі барлық балаларға өз күшін сынауға, өзінің жетістіктерін салыстыруға жеткілікті жағдайдың бірдей болуы, сыныптан тыс тәрбие жұмысының көз тартымдылығын (артықшылығын) арттыра беретін жағдайларға жеткізетіндігі тәжірибеде расталған[2].

Қазіргі кезде ғылым мен өркениеттің қарқынды дамуы, оның ерекше сипат алуы, қоғамдық санада адамға деген ой – пікірде үлкен өзгеріс жасады. Атап айтқанда, қоғамдық санада адамзат баласы ғана барлық құбылыстың, оқиғалардың бірден-бір өлшемі бола алатындығы туралы пікірдің берік орын алғандығы объективті шындыққа айналып отыр[3]. Адамға тек маман ретінде, өндірістік күш ретінде қарау көзқарасының орнына оған бірегей құбылыс – тұлға ретінде қарау көз – қарасы берік орнығуда. Себебі жан –жақты кемелденген тұлға тәрбиелеу, қалыптастыру мен оның мән – мағынасы, гуманды-идеалдық тілек білдіру күйден қоғам дамуының аса қажеттіліктегі заңды әрекетіне айналды. Сондай – ақ дамыған елдерде техногендік мәдениеттен, адамгершілікті – өркениетті цивилизацияға көшу үрдісі нығайуда. Осыдан келіп қазіргі таңда өркениетті елдерде адам ғанибетті өмір сүру және демалу (рахатты тұрмыспен ғанибеттенуі) үшін жұмыс іздейді. Өмір сүрудің бар мағынасы тек жұмыс істеумен ғана шектелмейді, рахатты көңіл көтеруді біріктіретін құбылыстарға тартылып, игіліктерге бөленумен анықталады деген сенім берік орныққан. Осындай объективті жағдайлардан қазіргі кезде сыныптан тыс балалардың қол бос уақыттарын тиімді тәрбиелік ықпалды шараларға тарту, тиімді пайдалану тәрбие жұмысы түрлеріне деген талап – тілектерді арттыруда. Осындай жағдайдан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны, форма мән – мағынасында өзгерістің болуы табиғи заңдылылық. Сондықтан тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастыру мәселесінің жауапкершілігін күшейту мәселесі білім сапасын арттырусаясатындадаөзекті болып отыр.

Қорыта айтқанда тәрбие берудің заманауи құндылығында үлкен өзгеріс туды. Сондықтанда қазіргі уақытта сыныптан тыс қолбос уақыт аумағындағы тәрбие жұмысы сапалық деңгейімен, балалардың тәрбие түрлерін таңдау мүмкіндіктерімен де, оларға толық сәйкесті жауап бере алатын қызмет түрлерінің полифункциялығымен де оларды іске асырудың нақты мүмкіндіктерімен де ерекше даралануы шарт болып отыр. Ендеше сыныптан тыс жағдайдағы тәрбие жұмыстарын жүргізіудің әлеуметтік мәндегі түр терімдерін толықтыруға баса назар аудару керек дейміз.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет