242
сарындарды замана шындығын, оқиғалық құбыстарды,
кейіпкерлердің ішкі әлемін, жан
дүниесін, жалпыадамдық және ұлттық құндылықтарды танытушы көркемдік таңба ретінде
көрсеттік. Атап айтқанда, зерттеу нысанына алынған әңгімелерде бөрі образы ескі тотемдік
сананы
танытушы, еркіндік, бостандық,
азаттықтың символы, постмодерн заман иелерінің
адамдық болмысын, мінез
-
құлқын айқындайтын
көркемдік бейне ретінде; ағаш бейнесі
тотемдік мәнге ие әрі саяси келеңсіз оқиғаларды астарлап жеткізетін әдеби образ әрі адамдық
мінез
-
құлықты табиғат детальдарымен (бала тәрбиесі мен жас талшыбық) параллельді
суреттеу арқылы айқындайтын әлеуетке ие; бақсы, су перісі мен Бекторы пері образы ырым
-
тыйымдардан сақтандырушы күш;
сұлулық пен әдемілік символы; ғашықтық кейіпкер, т.б.
негізінде бедерленген.
Түйіндеп айтқанда,
халықтың ұлттық танымы, жады,тарихы, мәдениетімен тығыз
байланысты фольклорлық мотивтерді сөз өнері аясынан қарастыру жоғары ғылыми
-
танымдық маңызға ие. Бұған
қоса, мұндай зерттеулер өркениет
кеңістігінде ұлттық реңкті
сақтау мен халықтың болашағын мығым ету барысында белгілі бір деңгейде оң әсер ететіні
мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: