Казакстан республикасының білім және ғылым министрлігі


ТАҚЫРЫП 12. Биопрепараттарды айырып алу, шоғырлау және тазалау



бет41/49
Дата07.02.2022
өлшемі0,72 Mb.
#88176
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Байланысты:
stud.kz-74553

ТАҚЫРЫП 12. Биопрепараттарды айырып алу, шоғырлау және тазалау


Сабақ мақсаты. Биопрепараттарды айырып алу, шоғырлау және тазалау әдістерінің негіздерімен танысу.
Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар.
Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

  1. Биопрепараттарды айырып алу механикалық және жылутехникалық әдістер.

  2. Сублимациялық кептіру.

  3. Әр түрлі заттардан жасалған мембраналармен, ядролық мембраналармен қолдану.

Ферментация үдірісі аяқталғанда дақылды суйықтықтың құрамында микроағзалар, қоректік ортаның қалдықтары, еритін және ерімейтін заттар болады. Микроағзалардың өнімдері, немесе дақылды суйықтықта ерітілген, немесе микроағзалардың жасұшаларының ішінде орналасқан олардың метаболиттері биосинтездің ақырғы өнімі болу мүмкін. Осы жағдайлардың бәрінде ақырғы өнім алу үшін микроағзалардың жиынын дақылды суйықтықтан бөліп алу керек. Дақылды суйықтықтар – ұқсас физико-химиялық қасиеттері бар күрделі қоспалар. Ерітілген минералды тұздар, көмірсулар, ақуыздар және басқа органикалық заттардан басқа осы дақылды суйықтықтардың құрамында полидисперстік коллоидтық бөлшектер бар. Осы суспензиялардың дисперстік фазасы микроағзалардың мицелияларынан және жасұшаларынан, қатты бөлшектерден тұрады. Микроағзалардың мөлшері дақылды суйықтықтарда төмен болады. Бір литрде 5-10 гр кебу биожиын болады.


Микроағзалардың жасұшалы биожиынын дақылды суйықтықтан келесі әдістермен бөлуге болады:

  1. механикалық (тұндыру, сүзу, центрифугадан өткізу);

  2. теплотехникалық (кептіру).

Ақырғы өнімді бір әдістің көмегімен алу киынға түседі. Сондықтан бір неше әдістің құрастыруымен қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет