Казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет13/19
Дата20.06.2018
өлшемі1,58 Mb.
#43701
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Зертханалық жағдайында: Al4C3+12H2O→4Al(OH)3↓+3CH4 алынады,

C+2S →t0 CS2 – күкіртті көміртек, улы, еріткіш ретінде қолданылады. Оттегімен әрекеттесіп, көміртек және күкірт диоксидтерін түзеді:

CS2 +3O20→CO2+2SO2, суда жоғары температурада гидролизге ұшырайды:

CS2+2H2O →150 CO2+2H2S; Электр доға температурасында көміртек азотпен тікелей қосылып, түссіз, улы газ түзеді: 2C + N2 → (CN2) – циан , егер сутегі қатысында жүрсе: 2C+N2+H2 →2HCN –циан қышқылы алынады. Түссіз,өте ұшқыш, өткір иісті, өте улы сұйық, тиген жерін көгертіп жібереді. Қышқылдық қасиеті нашар - әлсіз қышқыл. Сондықтан ол көгерткіш қышқыл деп те аталады. Оны алу үшін мына реакциаларды да пайдаланады:

2CH4+2NH3+3O2→2HCN+6H2O және 2KCN + H2SO4 2HCN + K2 SO4

Тұздары цианидтер деп аталады, олар улы. Натрий және калий цианидтеры алтын мен күмісті еріте алатындықтан, оларды алуға қолданылады. Цианидті калий ерітіндісін күкіртпен араластырып, роданид КCN+S → KCNS алады.

H-S-CN↔H-N=C=S таутамерлі екі түрі, радонды сутек қышқылы, аммоний және калий тұздары жиі қолданылады. HSCN↔HNCS; C+Si→SiC-кремний карбиді, карборунд алмаз сияқты қатты, қиын балқиды, муфель пештерін жасайды. Галогенидтермен әрекеттесіп, тетрагалогенидтер түзеді:

С + 2Г2 → СГ4 не метанды, не күкіртті көміртекті хлорлау арқылы алады:

CH4 + 4Cl2 = CCl4 + 4HCl; CS2 + 2Cl2 = CCl4 + 2S.

Көміртектің тетрабромиді мен тетраиодидін ССІ4 пен алюминий галогениді арасындағы алмасу реакциялары арқылы алады:

3CCl4 + 4AIBr3 = 3CBr4 + 4AICI3.

Қолданылуы: Алмаз қаттылығына байланысты кесуге, бұрғылауға қажетті құралдар жасауға, өңделген алмаз бриллиант ретінде қолданылады. Графит электродтар, тигельдер жасауға қолданылады.

Көміртек диоксиді соды, карбамид өндірісінде, тамақ өндірісінде, өрт сөндіру құралдарында қолданылады.

Көміртек тетрахлориді және күкірткөміртек еріткіш заттар; Цианидтер кендерден алтын және күміс алуға, гальванотехникада электролиттер құраушысы ретінде, металдарды электролиттік жолмен жалатуға қолданылады.

Карбамид азотты тыңайтқыш алуға, бояу алуға, косметикалық және медициналық препараттар алуға шикізат ретінде қолданылады.



Кремний, оксидтері, қышқылдары, қасиеттері, қолданылуы
14 Si )2 )8 )4 …3s23p23d Si оттегіге қосылғыштық энергиясы өте үлкен, соңдықтан SiO2 қосылысы көп. Кездесу. Ең көп элемент оттегі, сутегі, содан кейін Si . Si-қосылыс күйінде кездеседі: SiO2 – кремнезем, каолинит Al4(Si4O10)(OH)8, дала шпаттары Ме(AlSi3O8) Me = Na, K; слюдалар МеЭ(AlSi3O10)(OH, F)2 , мұндағы Me =Li,Na,K; Э = Al, Fe.

Алу: Өнеркәсіпте тазалығы 95-99 % - ті кремнийді электр пешінде кремнеземді кокспен тотықсыздандырып алады: SiO2+2С=Si+2CO (19000С).

Аса таза Si алу: алдымен ұшқыш SiCl4, SiH4 алады да, сосын оларды сутекпен не мырыш (магний) буымен тотықсыздандырады не термиялық ыдыратады:

SiCl4 + 2H2 = Si + 4HCl; SiH4 → Si + 2H2 ;

Зертханада: SiO2 + 2Mg → Si + 2MgO



Физикалық және химиялық қасиеттері: Кремний жартылай өткізгіш, алмаз тәрізді қатты, балқу, қайнау температуралары жоғары. Кристалды кремний инертті. Ұсақталған кремний фтормен қалыпты жағдайда, хлор және оттегімен 400-6000С температурада, азотпен 10000С әрекеттеседі:

Si + 2F2 → SiF4↑ ұшқыш зат; Si + Cl2, Br2, O2, S, N2 t0 SiСІ4, SiBr4, SiO2 , SiS2, Si3N4 стехиoметриялық қосылыстар береді.

Көміртек және бормен 20000С температурада әрекеттеседі:

Si+C, B→өте жоғары t0 карборунд, борид (SiC, B3Si) түзеді.

Кремний көптеген металдар балқымасында ериді де силицидтер түзеді:

Si + Me (магний, кальций, мыс, темір, висмут) → силицидтері түзіледі, стехиометриялық қосылыстар.

Қыздырғанда кремний фторсутекпен әрекеттеседі: Si+4HF→ SiF4+2H2 ;

Жоғары температурада мына реакциялар жүреді:

Si+HCl(HBr,HJ)→400-500C SiГ4 +2H2

Тотықтырғыштық қасиеттері бар оттекті қышқылдар кремнийді пассивтейді:

Si + HNO3, H2SO4 (қышқылдар) → әрекеттеспейді, тек қышқылдар қоспасында ериді:

3Si + 4HNO3 + 18HF → 3H2[SiF6] + 4NO + 8H2O кремнийфторлы қышқыл.

Si + 2NaOH + H2O → Na2SiO3 + 2H2 - Сілтілерде жақсы ериді, тұз түзеді. Қосылыстары: SiO2 , SiO-табиғатта жоқ, оны алады : SiO2 +C → SiO+CO;

SiO2 +Si →2SiO; SiO тоқ өткізбейді, изолятор ретінде қолданады. SiO2 – гетеротізбекті полимер. Кремний диоксиді инертті, тек фтор, фторсутек, оның судағы ерітінділері және сілтілердің ерітінділерімен әрекеттеседі:

SiO2 + F2, HF (газ, балқытқыш қышқыл) → SiF4+H2O;

SiF4 берігірек қосылыс, SiO2 –ге қарағанда, соңдықтан реакция жүреді.

SiO2 + 2NaOH →t0 Na2SiO3(силикат) + H2O

Силикаттар көбінесе SiO2+NaOH, Na2CO3, MeO(балқыма)→силикаттар; SiO2 + Na2CO3 → Na2SiO3 + CO2 ; SiO2 + PbO → PbSiO3 түзіледі.

SiO2 + қышқыл, су → жүрмейді; Кремний қышқылын мына реакция арқылы алады: Na2SiO3 +2HCl→H2SiO3 ↓ (кремний қышқылы) +2NaCl; хSiO2∙yH2O x=y=1, метакремний қышқылы H2SiO3 ; y=2, x=1 болса, орта кремний қышқылы H4SiO4 . H2SiO3 өте әлсіз қышқыл болғандықтан , суда еритін тұздары толық гидролизге ұшырайды.

Na2SiO3 + H2O →2 NaOH + H2SiO3 ↓ - силикагель.

Кремнийдің сутекті қосылыстары силандар: SiH4-силан; Mg2Si+4HCl→MgCl2+SiH4↑ CH4, C2H6 қатары сияқты SiH4, Si2H6,…Si18H18(октасилан)-ге дейін болады. Силандар улы, иісі жаман. SiH4-тотықсыздандырғыш SiH4+2O20→SiO2+2H2O

8KMnO4+3SiH4→8MnO2+3SiO2+8KOH+2H2O

8FeCl3+SiH4→8FeCl2+SiCl4-+4HCl

Силандар гидролизге түскіш SiH4 +2H2O → SiO2+2H2

H2[SiF6] – кремний фторлы сутек қышқылы, күшті қышқыл, 0,1н. ерітіндісінің диссоциалану дәрежесі 75%. Күшті дезинфектор. Тұздары – фторосиликаттар, көпшілігі ерімтал, өсімдік зиянкестерін жоюға қолданылады, эмаль жасағанда жұмсалады.

Si… 3s23p23d – болғандықтан, SiH4 +2HF→ SiГ4 (SiF4 , SiCl4 , SiBr4) – тікелей синтезбен алуға болады, түссіз, фторид –газ, хлорид,бромид – сұйық, иодид –қатты заттар, сумен әрекеттеседі, кремний диоксиді және галоген сутек түзіледі. SiS2 - дисульфид 2H2S+Si→SiS2+2H2 ; гидролиз SiS2+2H2O→SiO2+2H2S ; тұздары Na2SiO3 - еріген шыны, ерітіндісі -сұйық шыны деп аталады. Терезе, құты шынылары Na2ОСаО6SiО2 ; Шыныны мына реакция арқылы алады: Na2CO3+CaCO3+6SiO2→ Na2ОСаО6SiО2 +2CO2 Шыны жасыл болу үшін Fe2+ қосылыстарын қосылады. K2OPbO6SiO2 – хрусталь.



Қолданылуы: Si – жартылай өткізгіш болғандықтан электроникада, электротехникада қолданылады, диод, транзисторлар, фотоэлементтер асауға қолданылады. SiO2 –құм, құрылыс материалы, SiС2 – карбид тәріздес материал, сұйық шыныға, маталарға, ағашқа сіңдіреді, сонда ол отта жанбайды.

Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар :

1. Көміртек пен кремнийдің аллотропиялық түр өзгерістері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары;

2. Көмір қышқылы, диссоциациясы, тұздары, олардың гидролизі;

3. Көмір(ІІ) оксиді, қасиеттері, карбонилдері, тотығу-тотықсыздану реакциялары;

4. Кремний қышқылы, алу, қасиеттері, тұздары.

5. Кремнийдің бейметалдармен қосылыстары, олардың қасиеттері.


Германий топшасы элементтері
Gе, Sn, Рb элементтерінің электрондық конфигурациясы ns22 болғандықтан олар катион да анионда түзіп, қосылыс береді. Gе жартылай өткізгіш. Sn екі модификациялық түр өзгеріс береді: α- Sn- сұр түсті, кристалл зат-300С маңында ұнтаққа айналады; β- Sn- ақ түсті кристалды зат. Осы 3 элементте +4 және +2 тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстар береді: Gе4+, Sn4+, Рb4+ қатар бойынша тұрақтылық кемиді, ал Gе2+, Sn2+, Рb2+ тұрақтылығы артады, сондықтан Э2+ тотықсыздандырғыштар, Э4+-тотықтырғыштар болады. Бұл элементтер табиғатта аз; жер қыртысында Gе 7.10-4%, Sn 4.10-3%, Рb 1,6.10-3% кездеседі. Sn, Рb өздерінің кендері бар, Gе-шашыраңқы элемент,өзінің кені жоқ. 4Аg2S .GeS2- аргиродит; 3Сu2S . FeS . 2GeS2 – германит. SnО2-касситерит, Сu2S . FeS . SnS2-станнин. РbS-қорғасын жылтыры, галенит. РbSО4-англезит. РbСО3-церуссит.

Алу: GеО2 + 4НСI = GeCI4 +2H2O GeCI4 +2H2O → GeP2 +4HCI .

GеО2 +2Н2 =Gе + 2H2O, таза германий алынады.

2 РbS + 3О2 =2РbО + 2SО2, кендегі сульфидтер оксидтерге айналады, ары қарай оксидтерді тотықсыздандырады: РbО + СО = Рb + СО2

электролиз

2О +2Рb(NO3)2 ————→ 4НNO3 + 2Рb + О2-өндірісте электролиз арқылы алады.



электролиз

2О + Sn (NO3)2 ————→ 4НNO3 + 2 Sn + О2-өндірісте қалайыны да таза күйінде электролиз арқылы алады.


Химиялық қасиеттері
Жай жағдайда Sn, Gе, Рb ауамен, сумен әрекеттеспейді, ал қыздырғанда GеО2, SnО2,РbО оксидтері түзіледі. Металдардың кернеу қатарында германий сутегіден соң, қорғасын мен қалайы сутегінің алдында орналасқан, сондықтан германий сұйытылған қышқылдармен әрекеттеспейді, Sn ериді, ал қорғасын HCI, Н24 қышқылдарында ериді, бірақ біраздан соң қорғасынның еруі тоқтайды, себебі металдың беті ерімейтін сульфат, хлорид тұнбаларымен жабылады. Концентрлі HCI ерітіндісінде ериді:

Sn, Рb +4HCI конц→ Н2[ЭСI4] +2Н2

Концентрлі күкірт қышқылымен германий және қалайы тұз түзе әрекеттеседі:

Э + 4Н24 = Э(SО4)2 + 2 SО2 + 2Н2О,

қорғасын гидросульфат түзеді: Рb +3 Н24(<80%) = Pb(НSО4)2 +SО2+2Н2О

Концентрлі азот қышқылында германий мен қалайы германий және қалайы қышқылдарын түзеді:

Э + 4НNO3 = H2ЭО3 + 4NO22О. Бұл қышқылдарды хЭО2 . уН2О деп жазуға болады. Сұйытылған НNO3 қалайыны ерітіп, нитратын түзеді:

3Sn + 8 НNO3 =3Sn(NO3)2 +2 NO3 +4Н2О.

Концентрлі және сұйытылған НNO3 қорғасынды ерітеді, Pb(NO3)2 түзеді:

3Рb +8НNO3=3Pb(NO3)2 +2NO2↑ + 4Н2О



сұйыт

Рb +4НNO3=Pb(NO3)2 +2NO↑ + 2Н2О



конц

Қыздырса, Sn және Рb сілтілермен әрекеттеседі, бұл жағдай осы металдардың амфoтерлік табиғатын дәлелдейді:

Э +2КОН+2Н2О=К2[Э(OH)4] +Н2,

Германий сілтімен тек тотықтырғыштар қатысында әрекеттеседі:

Gе +2КОН +2Н2О + О2 = К2[Gе(ОН)6]

Германий қышқылдар қоспасында, патша арағында жақсы ериді:

Gе + 4НСI +4HNO3 =GeCI4+4NO2+4H2O

3Ge+4HNO3+18HF=3H2[GeF6]+4NO+8H2O

Бұл үш элемент те галогендермен, халькогендермен әрекеттеседі, сонымен бірге германий мен қалайы фосформен де әрекеттеседі:

Э + Г2→ ЭГ4(Ge, Sn),ЭГ2(Рb)

Э + S→ Э S2(Ge, Sn),Э S(Рb)

Ge, Sn + P → Э3Р4

Бұл элементтердің +2 және +4 тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері ЭО, ЭО2 белгілі: Э+О2 → ЭО2(Ge, Sn) түзілсе, қорғасын ЭО түзеді: 2Рb+О2 → 2РbО, қыздырғанда, ал тек күшті тотықтырғыштар қатысында қорғасын ЭО2 береді: Рb(СН3СОО)2+СаОСI2+H2O = PbО2+СаСI2+2CH3COOH

ЭО оксидтері негіздік қасит көрсетеді, сондықтан қышқылдармен әрекеттеседі:

ЭО+ Н24 =ЭSО4 + H2O, тұздары суда гидролизге ұшырайды

ЭSО4 + 2H2O ↔ Э(ОН)2 + H24

ЭО2 қышқылдармен әрекеттеспейді, себебі олар қышқылдық оксидтер, сілтілерде ериді, сонда германаттар, станнаттар, плюмбаттар түзіледі; суда ерігенде гидроксокомплекстер береді.

ЭО2 +2NaOH→Na2ЭО3+ H2O

ЭО2 +2NaOH+ 2H2O → Na2[Э(ОН)6] . Э(ОН)2 және Э(ОН)4 амфотерлі қасиет көрсетеді. Э2+ сәйкес тұздары германиттер, станниттер, плюмбиттер - күшті тотықсыздандырғыштар. Н2ЭО3 не Н4ЭО4 былай жазылады: ЭО2 . хH2О.

Алғаш алынғанда α-қалайы қышқылы түзіледі, ол тұз қышқылымен әрекеттеседі: Sn(ОН)4 +4НСI→ SnСI4 +4 H2O, біраз уақыттан соң β-қалайы қышқылына айналады, ол НСI әрекеттеспейді.



Қолданылуы: Германий жартылай өткізгіш ретінде қолданылады. Алғашқы транзистерлерді 1948 жылы алған, электроника өндірісінде қолданылады.

Қалайының мыспен құймасы –қола. Қола ғасырынан белгілі. Қорғасын -аккумуляторларда қолданылады. Рb рентген және γ-сәулелерінен қорғануға қолданылады. SnО2 шыны өндірісінде қолданылады.


Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар :

1.Германий топшасы элементтерінің гидроксидтері, диссоциациясы, тұздары, қасиеттері;

2.Германий топшасы элементтерінің (ІІ,ІV) оксидтері, қасиеттері, тотығу-тотықсыздану реакциялары;

3. Германий топшасы элементтерінің қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеруі;

4. Германий топшасы элементтерінің галогенидтері, гидролизі, сульфидтері, алу, қасиеттері.

5. Табиғатта кездесуі, қолданылуы.


VA топша элементтері (Азот,Фосфор ) Жалпы сипаттамасы. Азотты алу, химиялық және физикалық қасиеттері, қосылыстары,алу, қасиеттері , қолданылуы

Фосфорды алу, қолданылуы, қосылыстары, қасиеттері
Периодтық жүйенің V тобына екі типті элемент – N, P – және мышьяк топшасы элементтері мен ванадий топшасы элементтері кіреді. Азот - газ, фосфор - қатты зат, бұл екі элемент бейметалдар, мышьяк пен сурьма жартылай металдар, висмуттың металдың қасиеттері басым. VIA топта оттегінің күкіртке қарағанда активтігі жоғары болса, VA топта әсіресе ақ фосфордың азотқа қарағанда активтігі жоғары. Азот молекула күйінде болады, N2 молекуласын атомға бөлу үшін көп энергия керек. Ал азот атомы фосфор атомынан активті. ЭТ N =3,0; ЭТ Р =2,1. Азоттың электртерістігі тек оттегі мен фтордан кейін болғандықтан тек осы элементтердің атомдарымен байланыс түзгенде азот атомы оң полюстенеді. Хлормен, броммен түзетін қосылыстары ковалентті полюссізге жақын. Қалған элементтердің атомдарымен байланыс түзгенде азоттың атомы теріс полюстенеді.

7 N )2)5 …2s22p3 :N + 3H →:NH3 үш байланыс алмасу механизмі бойынша, яғни ковалентті байланысқа әр элемент өзінің электронын береді, ал NН4+ катионында бір байланыс донорлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген, яғни бір элемент электрон жұбын береді (азот), ол донор болады, екінші элемент бос орбиталь (сутегі катионы) ұсынады, ол акцептор болады. Азоттың максимал валентілігі IV. NН4+ катионында 4 байланыс болады. Азот қосылыстарында -3, -2, -1, +1, +2, +3, +4, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді, көп кездесетін қосылыстары -3, +5, +3 тотығу дәрежесіне сәйкес. Фосфор атомында тағы бес бос d – орбиталы болғандықтан ол максимал V валенттілік көрсетеді. Фосфор да қосылыстарында -3, +1, +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді, ең тұрақты қосылыстарындағы тотығу дәрежесі +5.

Кездесуі, алу. Жер қыртысында азот 0, 01 %, ауада 75% болады. Осы 2 элемент

(Р, N2) те жануарлар мен өсімдік организмінде кездеседі. NaNO3 –чили, KNO3 –үнді, Ca(NO3)2 - норвегия селитралары кен күйінде кездеседі, сонымен бірге ақуыз құрамында, мұнайда, тас көмірде болады. Азоты бар органикалық заттар шірігенде, отынды жаққанда қосылыстағы азот бос азотқа айналады. Ауадағы азот

N2 + О2 → NO → NO2+H2O → HNO2+HNO3 айналып, судағы металл иондарымен нитратқа айналады да, өсімдіктер бойына сіңіреді , сосын өсімдік арқылы тірі организмдегі ақуызға айналады, органикалық қалдықтар айрылғанда азот молекулалық күйде қайтадан атмосфераға өтеді.

Алу (Өндірісте): Сұйық ауадан алады, оттегіден тазалау үшін балқытылған мыс арқылы өткізеді , сонда мыс, мыс(ІІ) оксидіне CuO айналады.

Зертханада алу: 1) NaNO2 + NH4Cl → NaCl + NH4NO2 → N2 + 2H2O 2) 2NH3 + 3Br2 = 6HBr + N2 Таза азотты металдар азидтерін термиялық айыру арқылы алады: 2NaN3=2Na+3N2

Физикалық және химиялық қасиеттері: N2-суда, органикалық еріткіште ерімейді.

N ≡ N болғандықтан өте берік, жанбайды және жануды қолдамайды. Li +N2 →Li3N бөлме температурасында тек литий нитриді алынады.

Ме (активті металл) + N2 нитрид , реакция тек қыздырғанда жүреді.

N2 → N+N электр тоғымен айырады. Азот атомы электр разряды әсерінен түзіледі де:

N +күкіртпен, фосформен, сынаппен → әрекеттеседі, нитридтерін түзеді. N2 +H2, O2, C және басқа элементтер →2500-3000 C осындай өте жоғары температурада ғана қосылыстар береді ; Азот галогендермен тікелей әрекеттеспейді. Сутекті қосылыстары:

1) N2 +3H2 ↔2 NH3 өнеркәсіпте алу реакциясы, Ле Шателье принципі бойынша аммиак түзілетін жаққа тепе-теңдікті ығыстыру үшін температураны төмендету және қысымды жоғарлату қажет, себебі бұл реакция экзотермиялық: 400-5500С, 30МПа, катализатор ретінде темір - аздап алюминий мен калий оксидтері қосылған - қолданылады. NH3-улы, түссіз, өткір иісті газ. -330С температурада NH3 сұйық, -78 0С қатты болады, яғни tбалқ.= -78 0С ; tқайн. = -330С , оны (болат баллонда) р=7,1.105 -8,1.105 сұйық күйінде, жоғарғы қысым астында тасымалдайды. NH3 сұйық және қатты күйінде молекуласында сутектік байланыс болады. Суйық аммиакта сілтілік, сілтілік -жер металдар, күкірт, фосфор, йод, көптеген тұздар мен қышқылдар да ериді. Сұйық аммиактың өзіндік ионизациясы: 2NH3 сұйық ↔NH4+ + NH2 ; Кd = 1.8 10-33 судың диссоциация константасынан әлдеқайда аз. NH3 суда өте жақсы ериді: 00С 1көлем суда 1200 көлем NH3 ериді, сутектік байланыс әсерінен.

NH3+H2O ↔ NH4OH ↔ NH4+ + OH- Kd = 1.8 10-5 ; NH4+ - аммоний ионы, тұздары суда жақсы ериді, калий тұздарына ұқсас, себебі радиустары жақын: (NH4+)=0,142 нм, К+ (0,133 нм); тек гидролиз реакциясында айырмашылық болады, себебі КОН күшті негіз. NH4+ тұздары термиялық тұрақсыз, түзілетін өнімдері анионның қасиеттеріне байланысты. Егер анион тотықтырғыш болса, NH3 – құрамындағы азот тотығады:

NH4 NO3 →N2О + 2H2O. Бұл реакция формула ішіндегі конпропорциалану реакциясы.

2N-3 – 8e→2N+1

2N5+ + 8e →2N+

Егер анион -тотықтырғыш болмаса, тұз аммиакқа және қышқылға айрылады: (NH3)3PO4=3NH3+H3PO4 .

Аммиак тек тотықсыздандырғыш, ол ауада жанбайды, оттек атмосферасында ғана мына реакция жүреді: 4NH3+3O2=2N2+6H2O ,

ал катализатор қатысында және 750-9000С онда реакция былай жүреді:

4NH3+3O2=2N2+6H2O ,

ал катализатор қатысында және 750-9000С онда реакция былай жүреді:

4NH3 + 5O2 = 4NО + 6H2O, бұл реакция өнеркәсіпте азот қышқылын өндіру процесінде қолданылады.

Аммиак басқа да реагенттердің әсерінен тотығады:

2NH3 + 3CuO = 3Cu + N2 + 3H2O; 2NH3 + 3CI2 = N2 + 6HCI.

NH3 –молекуласында тотықтырғыш болса, мысалы - Н+ :

Na+NH3 → NaNH2 + 1/H2 ;

NH3 –бұл жерде қышқылдық қасиет көрсетіп тұр. NH3 тұздары- амидтер NaNH2 аммиак молекуласы бір протоннан айрылғанда; Na2NH-имид – екі протоннан айрылғанда; Na3N-нитрид - үш протоннан айрылғанда түзеді.

2) Азоттың басқа сутекті қосылысы N2H4 - гидразин (диамид)

2NH3 + NaOCl →N2H4 + NaCl +H2O реакциясы арқылы алынады;

N2H4 – түссіз, ұшқыш сұйықтық, аммиакқа ұқсас:

N2H4 + H2SO4→N2H6SO4 гидразин сульфаты – N2H2 ×H2SO4 .

2NH3 + H2SO4→(NH4)2SO4 ; N2H4 –те NH3 сияқты тотықсыздандырғыш.

N2H4 + О2 = N2+2H2O; N2H4+2I2 = N2+4HI ; Гидразин металдармен әрекеттескенде гидразинид түзіледі: 2 N2H4 +2Na→2NaN2H3+H2 ;

Азот қышқылын атомдық сутегімен тотықсыздандырып, гидроксиламин :

HNO3 + 6H = NH2OH + 2H2O алады. Ол түссіз кристалл, тұрақсыз, 1000С қопарылыс береді. Азоттың сутекті қосылыстары - NH3, N2H4, HN3. NH2OH молекулалары арасында сутектік байланыс болады, негіздік қасиеті

NH3 → N2H4→ NH2OH азаяды. Тұздары гидроксиламмоний деп аталады. NH2OH+ HCl→ NH2OH ×HCl→[ NH3OH]Cl; NH2OH - тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады, бірақ ол реакция ортасына байланысты:

HI + NH2OH → I2 + N2H4 +2H2O pH~8 ,

I2+2NH2OH=2HI+N2+2H2O pH ~ 9

3) HN3 – сутегі азиді. H+ -N-=N+=N- ; Бұл қосылыста азот атомдары II, III, IV валенттілік көрсетеді. Судағы ерітіндісі азотты сутек қышқылы, оны мына реакция арқылы алады: N2H4+HNO2=HN3+2H2O НN3 - әлсіз қышқыл, диспропорциялану реакциясына түседі HN3 + H2O → N20 + NH2OH

сусыз жағдайда HN3 қыздырғанда, шайқағанда жарылады:

2HN3 =3N2+H2 ;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет