Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет62/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

Пероксидазалар


Құрамы
Пероксидазалар – тірі жасушалардағы әртүрлі заттардың тотығуын сутек пероксидінің көмегі арқылы катализдейтін екі компонентті оксидоредуктазалар класының бір топ ферменттері.


Құрылымы
Пероксидазаның простетикалық тобы бір гемнен тұрады, оның құрамына үш валентті темір кіреді. Каталаза мен пероксидазалардың гемінің құрамы бірдей, ал олардың қызмет ету қабілеттерінің әртүрлілігі пероксидазаның белоктық бөлігінің ерекшелігінде болады.


Әсер ету механизмі
Пероксидаза сутек пероксидін су мен атомдық оттекке дейін тотықсыздандырады, бірақ бұл уақытта міндетті түрде тотықсыздандырғыш болатын басқа бір заттың тотығуы жүреді. Адам ағзасында мұндай затқа трипептид -глутатион(гамма-глутамилцистеилглицин) жатады. Сондықтан адам ағзасындағы пероксидазаны глутатионпероксидаза деп те атайды.
Н2О2 → Н2О + [О]
Биологиялық рөлі
Пероксидазаларға сутек пероксидін тотықтыратын ферменттердің бір тобын жатқызады: классикалық пероксидаза, НАД-пероксидаза, НАДФ-пероксидаза, май қышқылдарының пероксидазасы, глутатионпероксидаза, цитохромпероксидаза және басқалары. Гемоглобин де әлсіз пероксидаздық қасиет көрсетеді, соның негізіне оған сапалық реакция бензидин сынамасы болады. Барлық пероксидазалар төмендегі схемамен жұмыс істейді:

Пероксидаза жануарлар мен өсімдіктердің тіндерінде, сүтте, лейкоциттерде, кейбір бактерияларда болады, ол фенолдарды, аминдерді, кейбір гетероциклді қосылыстардың тотығуын катализдейді.


Пероксидаза пастерленбеген сүтте болады. Сүт өндірісінде пероксидазаға реакцияны сүттің пастерленуінің өнімділігін тексеру үшін қолданады (сүттің пероксидазасы 80ОС та инактивтенеді).
Пероксидазаға реакцияны құс етінің ескірген ескірмегендігін тексеру үшін де қолданады (суда жүзбейтіндерін). Жаңа сойылған ет - оң реакция, ал ескісі –теріс реакция береді.


Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар

1. ФЕРМЕНТТЕР - КАТАЛАЗА МЕН ПЕРОКСИДАЗАЛАР ЖАТАДЫ



    1. лиазаға

    2. изомеразаға

    3. трансферазаға

    4. оксидоредуктазаға

2. ЕКІКОМПОНЕНТТІ ФЕРМЕНТТЕР



    1. липаза

    2. амилаза

    3. каталаза

    4. пероксидаза

    5. цитохромдар

    6. НАД-ДГ

3. КАТАЛАЗА



  1. әрбір өсімдік және жануар жасушаларында болады

  2. Н2О2 ні усыздандыру арқылы қорғаныштық қызмет атқарады

  3. сутек пероксидін су мен оттек молекуласына дейін ыдыратады

  4. сутек пероксидін су мен атомдық оттекке дейін ыдыратады

4. ЖАРАҚАТ КЕЗІНДЕ ТҮЗІЛГЕН ҚАНДЫ 3% СУТЕК ПЕРОКСИДІМЕН ТАЗАЛАУ КЕЗІНДЕ ҚАНДАҒЫ ФЕРМЕНТТІҢ ӘСЕРІНЕН СУТЕК ПЕРОКСИДІНІҢ ЫДЫРАУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ КӨПІРШІК ПАЙДА БОЛАДЫ. ТӨМЕНДЕГІ КӨРСЕТІЛГЕНДЕРДЕН ОСЫ ФЕРМЕНТТІ ТАҢДАҢЫЗ

  1. моноаминоксидаза

  2. карбоангидраза

  3. цитохромоксидаза

  4. каталаза

  5. лактатдегирогеназа

5. КАТАЛАЗАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РӨЛІ



    1. мембрана липидтерін пероксидтік тотығудан қорғайды

    2. сутек пероксидін усыздандыруға қатысады

    3. тін белоктарын ыдыратуға қатысады

    4. тіндерді оттекпен қамтамасыз етеді

6. ҚАНДА ПЕРОКСИДАЗАНЫҢ БАРЛЫҒЫН АНЫҚТАЙТЫН РЕАКЦИЯ



  1. Фелинг

  2. Троммер

  3. Нингидрин

  4. Йод ерітіндісі

  5. күмі айна реакциясы

  6. бензидин сынамасы

7. ГЕМ- ПРОСТЕТИКАЛЫҚ ТОП РЕТІНДЕ ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ



    1. гемоглобиннің

    2. пероксидазаның

    3. каталазаның

    4. липазаның

8. ТӨМЕНДЕГІЛЕРДЕН НАҚТЫ ЖАУАПТАРДЫ ТАҢДАҢЫЗ



  1. каталаза гемі бар ферментке жатады

  2. каталазаның жетіспеушілігінен тұқымқуалаушылық ауруы каталаземия дамиды

  3. пероксидаза сутек пероксидін су мен атомдық оттекке дейін ыдыратады

  4. каталаза сутек пероксидінің синтезін катализдейді

9. ТӨМЕНДЕГІ СХЕМАДАҒЫ ӘРБІР САНДАРҒА ФЕРМЕНТТЕРДІ ТАҢДАҢЫЗДАР


1 2 3 4
Малат→НАДH →КоQH2 → цитохром → ½ О2
А. Цитохромоксидаза.
Б. Малатдегидрогеназа.
В. К0QH2- дегидрогеназа.
Г. НАДH- дегидрогеназа.

10. АҒЗАДА КАТАЛАЗА, ПЕРОКСИДАЗА, ЦИТОХРОМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН. ТІНДІК ТЫНЫСАЛУ ПРОЦЕСТЕРІ БҰЗЫЛҒАН. ҚАНДАЙ МЕТАЛЛ ИОНДАЫНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БАЙҚАЛАДЫ


1) магний, фтор
2) темір, мыс
3) хром, кальций
4) йод, фтор
5) натрий, калий

18 квантталған мәтін тест тапсырмасымен






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет