Байқаудың қорытындысын шығару және бағалау критерийлері: Байқау жұмыстарын бағалау үшін қазылар алқасы құрылады, оның құрамына кәсіби
видеографтардың өкілдері, қауымдастық мүшелерінің және KAZENERGY жас мамандары,
сондай-ақ қоғам қайраткерлері кіреді (қазылар алқасының тізімі кейінірек жарияланады).
Қазылар алқасы мазмұнды және техникалық сараптамалық бағалардан тұратын
анимациялық видеороликтерге сараптама жүргізеді.
Анимациялық видеороликтерді мазмұндық сараптамалық бағалау келесі критерийлер
бойынша жүзеге асырылады:
•
Байқау жұмысының мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі;
•
анимациялық видеороликтің ерекшелігі;
•
ақпараттың толық ашылуы;
•
ақпараттылық.
Анимациялық видеороликтерді техникалық сараптамалық бағалау келесі критерийлер
бойынша жүзеге асырылады:
•
видеотүсірілімнің сапасы;
•
арнайы экспрессивті құралдарды меңгеру деңгейі;
•
эстетикалығы (жалпы эмоционалдық қабылдау);
•
анимациялық видеороликтің мәлімделген талаптарға сәйкестігі.
Байқаудың барлық қатысушыларына қатысушы сертификаттары беріледі, байқау
жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады:
•
1-
орын – 300 000 теңге;
•
2 х 2-орын – 200 000 теңге;
•
2х 3-орын – 150 000 теңге.
КAZENERGY байқау жеңімпаздарына 2021 жылғы қыркүйекке жоспарланған жыл сайынғы
KAZENERGY Еуразиялық форумына қатысу мұмкіндігін ұсынады (жол жүру, тұру
ұйымдастырушылардың есебінен жабылады).
Анимациялық видеороликтер KAZENERGY қауымдастығының ресми youtube-арнасында
автордың аты-жөнін көрсете отырып орналастырылады.
Авторлық құқықтар және дербес деректер: •
Байқауға қатысатын жұмыста Қазақстан Республикасының Авторлық құқықтар
туралы заңнамасы талаптарының сақталуына осы жұмысты жіберген автор жауапты
болады;
•
Қатысушы байқауға жұмысты ұсына отырып, егер KAZENERGY-ге үшінші тұлғалардың
зияткерлік меншік нәтижелеріне құқықтарды бұзу туралы осындай жұмысты көрсетуге байланысты
наразылықтары қойылса, қатысушы ұсынылған наразылықтарды дербес реттеуге және (немесе)
үшінші тұлғалар шеккен барлық шығындарды өтеуге, сондай-ақ уәкілетті органдар белгілеген өзге
де төлемдерді өз есебінен өтеуге міндеттенеді;
•
Автор байқауға өзінің анимациялық видеороликтерін жібере отырып, байқау
ұйымдастырушыларына ұсынылған материалды коммерциялық емес мақсаттарда
пайдалануға (интернет желісінде, телебағдарламаларда орналастыру, шығармашылық
жобаларға қатысу, БАҚ-тағы жарияланымдар, одан әрі тираждау және т. б.) автоматты
түрде құқық береді.);
•
байқауға қатысушылар өздерінің дербес деректерін (тегі, аты, әкесінің аты,
электрондық пошта мекенжайлары және Конкурсқа қатысушылар хабарлаған өзге де
дербес деректер) өңдеуге келісімін береді..