Кейіпкерге хат! Сәлеметсіз бе, Фогг мырза! Қалыңыз қалай?



Дата30.12.2019
өлшемі22,5 Kb.
#55394
Байланысты:
Кейіпкерге хат!

Кейіпкерге хат!
Сәлеметсіз бе, Фогг мырза! Қалыңыз қалай?

Мен сіз жайлы француз халқының талантты жазушысы Жюль Верннің «Әлемді 80 күн ішінде шарлау» шығармасынан оқып білдім. Шығарманы оқу барысында сіздің жүрегі мейірімге толы, жаны жанашырлыққа құштар, көңілі дархан даладай кең жан екендігіңізге көз жеткіздім. Сонымен қатар сіздің бойыңыздағы қайсарлыққа, уәдеге беріктігіңіз бен қойған мақсатқа жете білетін қасиеттеріңізге тәнті болдым. Сіз жолыңызда кездескен қиындықтарға мойымай, тек алға ұмтылып, кедергілерге төтеп бере алдыңыз. Сіздің және сенімді серігіңіз Паспарту мырзаның өмірінде орын алған әрбір оқиға маған ерекше әсер қалдырды. Сіздің үнді жерінде Ауданы ажалдан арашалап қалғаныңызға шексіз риза болдым, мұныңызды нағыз ерліктің үлгісі деп білемін. Шығарманы оқи отырып, мен де сіздермен бірге сол сәттерді басымнан өткергім келді. Шіркін, солай болса ғой...

Мен бүгінде сіздер жайлы шығарманы өзімнің достарым мен құрбыларыма насихаттап, оқуға кеңес берудемін. Сіздің серігіңіз Паспарту секілді мен де пілге отырып көрген емеспін. Менің де пілге отырғым келеді. Негізі мен әлемді 80 күнде шарлап шығуға болатынына сенемін. Қазір дамыған заман ғой, бәрін алдын ала жоспарлап, ойластырып қойған болсаң, онда әлемді осы аралықта армансыз шарлап шығуға болатынына күмәнім жоқ. Бәлкім, одан да қысқа мерзім жеткілікті болар...

Сіз қазір қайдасыз? Әлі де әлемді шарлап жүрсіз бе? Паспарту серігіңіз бен Ауда ханым жаныңызда ма? Менен оларға үлкен сәлем айтыңыз! Осымен хатымды аяқтағаным жөн болар. Мен сіздердің алдағы сапарларыңыз бен саяхаттарыңызға сәттілік тілеймін, қызықты да көңілді оқиғаларыңыз көп болсын!




Сәлеммен, 7-сынып оқушысы Марат Аружан.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет