Келер ұрпақтың алдында зор жауапкершілік



Дата11.01.2017
өлшемі342,65 Kb.
#7337
Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы

№ 274 орта мектептің «1» сынып мұғалімі Ізтай Светлана Мырзабекқыз.

Келер ұрпақтың алдында зор жауапкершілік.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы


Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсеке басы білім, ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігінде» деген. Қазіргі кезде біздің мектебіміз білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан - жақты дамуын қамтамасыз етілуде. Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы. Ал білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздену. Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу - материалдарын терең ұғына білуге баулыу, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау - мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкін діктері әр түрлі болады. Дегенмен әр бала бір нәрсеге бейім болады. Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

2016/2017 оқу жылында алғашқы 12 жылдық бағдарламасымен 1 сынып қабылдадым. Осы бағдарламамен балалармен жұмыс жасай бастадым. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс - әретті үйрете отырып оқыту. Ол балалардың ойлау қабілетін дамыту туралы «Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі»,- деп атап көрсете келіп, мұғалім баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек.

Бастауыш оқу ісінің меңгерушісі Дүйсенова Сайлаукүлдің еңбегі зор десем артық айтпаған болар едім. Ол кісі 12 жылдық бағдарламасы бойынша бар білгенінің өзінің артынан ерген ұстаздарға үйретуден жалықпайды.

Мектебімізде Искакова Гүлнар, Тұрабаева Мереке, Медетова Алмагүл,Абдиева Ақмарал. Қосмамбетова Айнұр 12 жылдық оқу – тәрбие бағдарламасы бойынша алғашқы қадамын бастаған ұстаздар. Алғашқы 1 сыныптар бойынша өткізілген сауат ашу сабағынан ашық сабағымды жіберіп отырмын.





Күні:13.12.2016 жыл.

Сынып: 1 «Д»

Қатысқандар саны: 17

Қатыспағандар саны: 2

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Шаттық шеңбері.

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз

Сәлеметсіздер ме!

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Сейсенбінің сәті.

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!



Топқа бөлу. 1 топ. Алғырлар тобы.

2 топ. Тапқырлар тобы.

3 топ. Ақылдылар тобы.



Шаттық шебері


Сабақтың ортасы


Слайд.

Балалар, қазір қай мезгіл? Қыс мезгілі. Қыс мезгілінің айларын айтайықшы. Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс мезгілін сипаттап беріңдерші. Қар жауады. Күн суытады. Аяз болады. Қырау түседі.Боран болып, қар ұйытқиды.



Бағалау.__Өткен_сабақты_пысықтау_.__Алғырлар_тобына_тапсырма.'>Бағалау.

Өткен сабақты пысықтау.

Алғырлар тобына тапсырма.

Дауысты дыбысты жинау.(қар жинау)

а ұ ы і е о

Тапқырлар тобына тапсырма.

Дауыссыз дыбыстарлы жинау.(шырша ойыншығын ілу)

н л т ш с қ к

Ақылдылар тобына тапсырма.

(Күннің көзі жасау)

Ке - ме, іл-ім, са-на, да-ла, қа-ла,ша-на.

Әр топтан бір баладан шығып қорғап береді.



Балалар өздері бағалайды. (От шашу)

Жаңа сабақ. Ребус шешу. Слайд.

Ит, нан, етік суреті – ине.

Ине сөзінде бірінші дыбысы қалай айтылады? – Қане,И деп айтып көрелік.

Слайдтан көрсету. Идыбысының артикуляциясы туралы түсіндірме әңгіме. И – еріннің артқа қарай тартылуынан жасалатын езулік дауысты дыбысты белгілейтін таңба. И - көршілес буынның ыңғайына қарай бірде жуан (риза, тарихи, қи), бірде жіңішке (икем, игі, ки) дыбыс. И сөздің барлық буынында келеді.

Сөздерден и дыбысы бар сөздерді табу.

Ши,тиек,сирек,қиық,киім,ти.қара, маса, шашу, арал,олар, тара, лаула, шортан,суат,дала,,ыдыс, ұста.

Инелік атты өлең оқу. Инелік сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Оқулықпен жұмыс.

Ши – қамыстың кепкен түрі.


Ти– тиіспе, тиме деген сөздің мағынасы. Иек – адамның дене мүшесі
Тиек – домбыраның тиегі. Тиек болмаса домбыраны тарта алмаймыз.
Ирек- сызықтар.
Сирек – аз мағынаны білдіреді.
Иық – адамның дене мүшесі.
Қиық – мата қиындысы. Көздің қиығымен қарау.
Тиын – ақша.
Тиін – аң, жануар.
Ие – егесі, қожайыны
Шие – жеміс ағашы

( өзім оқимын, хормен оқу, тізбектеп оқыту )



Бағалау.

Балалар мен қазір Қастек Баянбай ағамыздың өлеңін оқып беремін. Өмірде не керек?Адамға өмірде көп нәрсе керек.



Керек

Ие керек итке,

Ине керек жіпке,

Икем керек іске,

Иық керек жүкке.(Қалған балаларға оқыту.)

Сергіту сәті.

Әріптер айту арқылы сол әріптер дауысты дыбыс болса шапалақтайды, дауыссыз дыбыс болса аяғымызбен тапырлатамыз. А,Д,О,Р,Ұ,М,Е,К,І,У Балалар сендер неге қолдарыңмен аяқтарыңды бірге жасадыңдар? Өйткені У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз.


Дәптермен жұмыс. Слайд.
«Жазу үлгілерінен» үлкен және кіші Ии әрпін көрсетіп, таныстыру, и әрпінің баспа түрі мен жазба түрін салыстыру, и дыбысының бас әрпі мен кіші әріптерін үлгі бойынша жазу, тиек сөзін буынға бөліп, әр буынды іштей дыбыстап, сөзді жазу, жазғанды оқып, оның дұрыс жазылуын тексеру.
№2 Айырмашылығын тап. Слайд.


-Балалар, тақтаға қарайық. Ненің суретін көріп тұрмыз? Тиін. Ал, енді мына суретті қаралық. Бұл ненің суреті? Тиын. –Ендеше, айтып көрелік. Айтылуы бірдей. Бірақ бұл сөздер әртүрлі мағынаны береді. Жазылғанда тек ы мен і әрпі өзгеріс береді.Жуан дауыстының қасында екінші буын жуан айтылады, жіңішке дауыстының қасында екінші буын жіңішке айтылады. – Тиын жануар. Ағаштан ағашқа секіріп жүретін жануар. Тиін күнделікті өмірде қолданыста жүретін ақша. Дүкенге барып сауда жасаймыз.



Бағалау.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Қызықты тапсырма



3 Фильм не туралы? -Балалар сендер кино түсіргенді жақсы көресіңдер ме? Ендеше, өзіміз шағын кино түсіріп көрелік. Топпен жұмыс. Әр топқа бөлім бойынша суретті тапсырма беріледі.

Фильмге ат қой. «Ит –адамның досы»

Оқулық, дәптерлер.




Сабақтың соңы



Рефлексия

Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

И дыбысы қандай дыбыс?

И дыбысына сөздер айт.



Микрафон


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Жақсы жауап берген балаларды мадақтау.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Балалар сендер бүгін өте жақсы сабаққа қатыстыңдар. Топтық жұмысқа қатыса білдіңдер.

Сөздер айта білдіңдер. Оны талдай білдіңдер.

Жарайсыңдар!

Балалар сабақты түсінгені туралы смайлктеді тақтаға іледі.


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет