.@Ештеңежоқжер #### Арпалыс. Айдала. Терістіктен темірдей қарып ызғырық жел еседі. Жападан-жалғыз. Шалқасынан жатыр. Бүкіл ту сырты тұтаса мұздап, тұрайын десе, тұра алмайды. Өзіне не болғанын білмейді. Аттан жығылған деуге сынған, мертіккен ештеңесі жоқ сияқты. Бірақ, тұла бойы ап-ауыр.Жып-жылы бірдеңе маңдайын қайта-қайта сипалайды. Бұл не болды екен? Жүгенін сылдырлатып, қасына кеп, жылқы қайыратын шара көз шабдар айғыры жұп-жұмсақ еріндерімен мандайын ұйпалап, иіскеп тұрғаннан сау ма? Жоқ, әлде… Бірақ, олай болуы мүмкін емес. Ол ешқашан бұның маңайына бүйтіп жақындап көрген жоқ. Тек анадайдан анда-санда ғана бір жылжып қоятын. Ал, қазір қасына келгендей. Маңдайынан сипағандай. Құлағына бірдеңе деп күбірлегендей. Асты сызылған сөздің антонимін көрсетіңіз. @Үнемі #### Аулада биік емен ағашы бар. Ағашқа көктемде құстар ұя салатын. Сайран балаларды жақсы көреді. Ол құстарға жемсалып жүрді. Таңертең өткінші жаңбыр жауды. Жел тұрды. Кәрі емен теңселе ырғалды. Ұялардың бірі құлап түскелі тұр. Балапандардың аянышты даусы естіледі. Сайран шыдаптұра алмады. Ол биік еменге өрмелеп шықты. Көйлегінің жыртылғанын да елемеді. Ұяны жайлы орынға көшірді. Мәтінде қандай қасиет көрініс тапты? @қамқорлық #### Африкадаға жайып ұя жасайтын құс бар. Олардың ұясының сыртқы көрінісі шөмеле тәріздес. Қалыңдығы – екі метр, кеңдігі бес метр. Кірер аузында түтік тәрізді жіңішке дәлізі бар. Ол дәлізден жылан балаларға жете алмайды. Дәліз іші тікенекпен қоршалған. Мәтінге қандай тақырып қоюға болады?@құрылысшы құс #### Бала Шоқан. Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тіліндегі әдебиет кітаптарын құныға оқитын болып алды. Бірақ ондай кітаптар Шоқан қолына көп түсе бермейді. Әсіресе корпус кітапханасында әдебиет кітаптары жоқтың қасы. Ал аздаған кітаптар рота балаларының қолынан босамайды. Оның өзін де кезек күтіп, әрең дегенде қолдарына түсіреді. Осы кітаптардың әсерінен болар. Шоқан мен Григорийдің ізденгіш ойшыл мінездері өздерінің сыныптарындағы көп балаларға әсерін тигізіп, кітап оқу, ілім іздену балалар арасында жақсы өрістеді. Соның арқасында Шоқан бастаған сыныптың балалары озық, тәртіпті сыныпқа, үлгілі оқушылар атына ие бола берді. Шоқан қандай кітаптарға қызықты