Келісемін: Тексерілді:
Әдістеме бірлестік Директордың тәрбие ісі
Жетекшісі: жөніндегі орынбасары
Ильясов Ж.И Жетпісбаев Н.Б_____
Тақырыбы:
Қазақстан Республикалық апталық аясында
«Толағай отбасылық сайысы»
2 сыныптар
Өткізетін: Серкешов Б.Б
Дене шынықтыру пәні мұғалімі.
Астана 2017
Тақырыбы : «Толағай» отбасылық сайысы
Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Ата- ана мен оқушылардың арасындағы қарым қатынасты дамыту. Салауаттану – адам жанының да тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығайуы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Кегли, баскетбол доптары, секіргіш, жалаушалар, шеңбер кілемше,
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
___________________________________
_____________________________________
_________________________________
______________________________________
_____________________________________
__________________________________________ Отбасыларымызды шақырамыз.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және қонақтар қауымы! Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде ҚР мемлекеттік әнұранымен бастаймыз.
Барысы:
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар,ата- аналар және бүгінгі күнгі сайыстын қонақтары! Бүгінгі сайысымызда сіздерге өз сыныбымыздағы ата аналармен біріге өткізгелі отырған отбасылық сайысымызды көрсеткелі отырмыз. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді, ал сол отбасы мен мектеп ұжымы бірлесе отырып жұмыс жасаса онда бала тәрбиесінде алда болар едік. Ендеше сөз кезегін 77 мектеп гимназиясының директоры Байменова Гүлжамал Пердебаевнаға береміз.
Жүргізуші: Олай болса, әр топты топ аты мен ұраның айтуға шақырамыз.
Жүргізуші: Ойнымызды бастамас бұрын, қатысушыларымызды ортаға шақырып дене жаттығуларын жасаймыз.
Флэшмоб «Көңілді күн» (Музыка ойнатылып, сол музыкаға оқушылардың артынан жаттығу жасау)
Жүргізуші: Сайыскерлеріміз дайындалғанша мектебіміздін ару қыздырының қазақша биін тамашалаймыз.
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен
таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. 77 Мектеп - гимназия директоры: Байменова Г.П
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жетпысбаева Н.Б
3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Кайсаева А.А, Субебаева А.Д
Жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата - ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек! Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтетін дене шынықтыру мұғалімі Серкешов Берік Болатұлы
Алғашқы сайыс «Кім жылдам?» » деп аталады.
1 Бұл сайыста сайыскерлер шапшаңдықтарын көрсетуі керек.
Шарты: Қатысушылар сөреден бастап мәреге дейін
жылдам жүгіріп жетулері керек.
Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА…..
2-сайыс «Теңбіл доп» сайысы.
Шарты: Әкелер футбол добын екі аяғының ортасына салып, текшелерді құлатпай мәреге оралады. Ал аналар болса, баскетбол добын еденге домалатып, текшелердің арасынан өтеді. Ұлдар әке жолын, қыздар ананың жүріп өткен жолын қайталап, сайысты аяқтайды.
Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА…..
3- сайыс : «Секіргішпен секіру»
Ойынның шарты: Қатысушылар секіргішпен секіріп, сөреден
бастап мәреге дейін жылдам секіріп
келулері керек. .
Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА…..
4-сайыс: «Кедергілер алаңы»
Ойынның шарты: Кіші баласы шеңберді секіргіш ретінде пайдаланып, жарыс жолының ортасына бір қолымен ұстап тұрады. Әкесі өрмекшідей жорғалап, шеңбердің ішінен өтіп, белгіленген жердің кілемше үстінен аунап, бес рет дене көтергіш жаттығуларын жасап, жарыс алаңына кері оралады, ал аналар дене жаттығуларын тізерлеп жасайды. Ал балалары әке мен ана жолын қайталайды, тек дене жаттығуларын жасамайды. Ал кіші баласы 5-ші ойыншы мәреге жеткен соң, текшелер арасымен шеңбермен секіріп, мәреге оралуы тиіс. Қай топ мәреге бірінші жетеді, сол топ жеңімпаз.
5 сайыс:
6 сайыс: Арқан тартыс
Жүргізуші:Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар. Әділ қазы алқасы сайыс қортындысын шығарғанша
Біз Бейсенов Бақыттын орындалуында «Көк тудың желбірегені» әнін тамашалаймыз.
Жүргізуші:Сайысымыздың қортындысын шығаруға кезекті әділқазы алқасына сөз кезегін береміз. (Әділқазыларды тыңдау)
Жүргізуші: Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар! (Ән «Толағай»)
Достарыңызбен бөлісу: |