Балаларды қабылдау
Ата-аналармен әңгімелесу
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Балабақша туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
|
«Жасырынбақ» ойын гимнастикасы Жасырынбақ ойнады, Саусақтарын бұғып ап, Міне, былай, міне, былай, Басын ішке тығып ап.
|
Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік!
Тақпақты дауыстап айтады, сонымен қатар ым және ишарамен өздерінің көңілді екенін көрсетеді.
|
Сергіту сәті.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым. Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын. Жоғары-төмен қарайық. Орнымызды табайық. Педагогтің үлгісі және сөздік нұсқаулары бойынша балалар орындық құрастырады. Педагог кейбір балалармен жеке-дара жұмыс жүргізеді.
|
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшаған елге ашқан.
Тілейміз тыныштық,
Ашық болсын көк аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
|
Ұйымдастыру кезеңі. Тосынсый. Қазақтың ұлттық киіміндегі қуыршақ Айнаға назарларын аударады. Қуыршақ өзімен бірге «сиқырлы қоржын» әкеліпті.
|