Тәлімгерлік / Менторинг / Mentoring -
ұзақ уақытқа созылатын,
тәлімгер
мен
тәлім алушы
арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру
үдерісі. Ол
тәлім алушының
педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің
білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай
қарқын алуына көмектеседі.
Коучинг
үдерісі
тәлімгерлік
үдерісімен байланысты:
коучинг
нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға
бағытталса,
тәлімгерлік
оған жүйелі кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.
Технологиялық білімдер (ТБ) / Технологические знания (ТЗ) / Technological
Knowledge
- оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық
бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл санаттағы білімдер
технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды
басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |