Тұжырымдама / Концепция / Сonception
(лат.
conceptio
– түсіну, жүйе) - 1.
Басты ой, жетекші идея. Тұжырымдама әрекеттер стратегиясын анықтайды. 2.
Әлемде, табиғатта, қоғамда болып жатқан құбылыстарға байланысты қалыптасқан
көзқарастар жүйесі. 3. Қандай да бір зат, құбылыс немесе үдерісті түсінудің
(түсіндірудің, түйсінудің) белгілі бір тәсілі; затқа қатысты негізгі көзқарас,
оны жүйелі түрде жариялауға арналған жетекші идея, өзара бір-бірімен тығыз
байланысты және бір-бірінен туындайтын көзқарастар жиынтығы, таңдап алған
тапсырманы шешу жолдарының жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |