Нашақорлықтың алдын алу
Қазіргі таңдағы басты мәселе Нашақорлық пен Спид бойынша жылдық жоспарға негізгі шаралар қамтылып,бекітілген болатын.
Қыркүйек айында барлық сынып бөлмелерінде нашақорлық туралы мәліметтер денсаулық бұрышына ілінді. Осы айда 9 сыныптардың арасында «біз бақытты елдің балаларымыз» атты әңгіме өткізілді. «Есірткісіз болашақ» газет конкурсын 5-6 сынып арасында ұйымдастырылды, 6 сыныбымен А.Ж.Сулейменова «Ғасыр дерті» атты , «Жат қылықтардың жастар тәрбиесіне теріс әсері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Сонымен қатар мектеп психологтары «Нашақорлық дегеніміз не?» атты сауалнаманы 5-10 сынып аралығында алып , ата-аналар жиналысында «Тұңғиық түбі есірткі» тақырыбында слайдпен-баяндаманы жасады.
Сонымен қатар ауылдық дәрігері Иванова Т.П. СПИД және Есірткі туралы сұрақ-жауап кешін ұйымдастырып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мектеп психологы сынып жетекшілерімен «Жолама» атты есірткі тартуға қарсы күрес рейдтерін жасады. Жасөспірімдердің есірткімен әуестенуі неге апаратындығы туралы «Детство» атты бейнетаспаны 8-9-10 сынып оқушыларына көрсетілді.
«Қауіп дәрежесі» тақырыбында психолог 10-11 сынып оқушыларынан тест алса, «Денсаулық зор байлық» тақырыбында 7 сыныптарға мини лекция оқыды.
«Әке көрген оқ жонар...» тақырыбы аясында жоғары сынып ер балаларымен өткізілген жұмыстар
Жоғары сынып ер балаларымен «Әке көрген оқ жонар...» тақырыбы бойынша, «үлгілі бала – қандай бала?, оқушының тәртібі қандай болуы керек?, мектеп қабырғасында, күнделікті өмірде сәлемдесу тәртібі туралы» мәселелер қарастырылды. Әңгіме барысында 8-9 сынып ұлдары өздерінің
ойларын ашық жеткізіп, ұсыныстарын айтты. Психологиялық ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде оқушылардың бойында көптеген ақпараттармен қамтылып, сергіп қайтты. Бұл жобаның жалғасы сынып сағаттарында жалғасын тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |