Тақырыбы: «Ана- өмірдің шуағы.»
Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Түрі: әдеби-музыкалық монтаж
Барысы: интерактивті тақтада «АНА-ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ» жазуы.
Сынып іші: Мәди терең ойда, сынып ішінде ерсілі-қарсылы жүр.Сол кезде Азамат кіріп келіп:
Азамат: -Мәди, неге көңілсіз жүрсің?
Мәди: -Е-е, Азамат, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Азамат: -Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ ай……
Мәди:-Жо-о,жоқ! Жарамайды.Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Азамат:-Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды.Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде.Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік. ( Барлығы жапырлап шығады)
Мәди: ( Басын ұстап)-Бәрің тақпақ айтуға шықтыңдар ма?
Балалар: -Иә,бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Азамат: -Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты 8 наурыз туралы айтатын балалар айтсын, сосын тағы көре жатармыз.Сондықтан ең бірінші Жанат, Аружан, Ербол қалсын, қалғандарыңды сосын шақырамыз.
Жанат:
Бүгін –наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,
Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
Әдемі сөз- Ұсынамыз бүгін
Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Анаға айтар лебізі.
Аружан:
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де
Ербол:
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым
Сегізінші Наурызбен.
Аружан:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Мәди:
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Ана десем, шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
-Ана, ана, ана !
Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші!
Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде?
Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.
Азамат:
Міне, ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.
Мәди: -Дұрыс айтасың, Азамат. Ана ең жақын, ең ыстық адам.Ана әрқашанда баласы үшін жанын беруге дайын тұрады.Түнде ұйықтамастан баласына қамқор болады.Әр бала анасын жақсы көреді.
Азамат:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай,
Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзімде
Ертеңіңіз тұр күліп.
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Біліп тұрсың, жан анам
Міндеті үлкен ботаңның
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның!
Мәди: -Жарайсың, Азамат.Анаңды өте жақсы көреді екенсің! Бұның бәрі жақсы, бірақ бір нәрсе жетіспейтін сияқты.
Азамат: – Мәди, мүмкін аналарымызға шаттық күлкі сыйлармыз.
Мәди: – Ол қалай?
Азамат: -«Бала тілі бал» демекші, біздің кішкентай кезіміздегі қызықты оқиғаларды естеріне салайық!
Мәди: -Тамаша!!!
Шағын көріністер: 1. «Есеп»- Есенбол, Аман
2. «Қоштасу»- Ербол,Аружан-1
3. «Жасырынбақ»-Жанболат,Елдос
4. «Әже мен немере»-Шалхар, Жанат
5. «Ұғымтал оқушы»-Алишер,Диана
6 «Кәмпит сұрап едім»-Аружан-2, Айгерим
7. «Көп кәмпит беретін едің»-Ахбота,Айжан
Мәди: -Аналарымызға ұнай ма екен? ( көп ойланады)
Азамат: -Әрине ұнайды.Ана-ең аяулы жан.Қандай жағдайда болмасын әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан.
Шалхар:
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды жадыратып, күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
Аман:
Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әр бір күнім өлең.
Есенбол:
Сен менің астанамсың,
Қуанам, күлемін мен.
Саялар баспанамсың,
Жылтатын жүрегіңмен.
Суреттей салынбаған
Сенің бар қасиетің.
Сен күнсің жалындаған
Тіршілік бас иетін.
Диана:
Жан ана, жарық жанарың
Бір сенде кеңдігі даланың.
Балаңды құшақтап сүйгенде
Сеземін көктемнің самалын.
Айгерим:
Әлемге тыныштық тілеген
Жан ана жаныңа гүл егем.
Балалық жүрекпен айтылған
Махаббат белгісі бұл өлең.
Айжан, Елдос, Ахботаның орындауында «Анашым»
Мәди: – 8 наурыз күні аналарымызға көмектесуіміз керек!
Алишер: -Ал, мен…..
Ішіп болып тамақты,
Кірісемін жұмысқа
Жуам кесе, табақты
Су құйып ап ыдысқа
Көмектесем үнемі
Анамның ісі сонша көп,
Ойлап ылғи жүремін
«Қолқанаты» болсам деп.
Азамат: – Аналарға тек мейрам күні көмектеспей, күнде қолқанат болуымыз керек!
Мәди: – Азамат, мүмкін ана туралы кино түсіреміз?! «Ана -өмірдің шуағы» деп атаймыз.
Азамат: – Ойланып көрейік! (слайд)
Мәди : – Мен өскенде бұдан керемет кино түсіремін. АНА өмір бойы ең негізгі кейіпкер ғой! Сондықтан;
Жанболат:
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Жақсы оқыған сабағын
Балаға мен ағамын
Біздер үшін
Ананың
Бұлт баспасын қабағын!
Диана:
Ана деген көп шығар,
Анамдай менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Елдос:
Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Ағарпасын тентектер
Бір ананың самайын!
Мұрат, мүдде, мақсатың
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.
Ақбота:
Ана сүтінен барлық адам нәр алған,
Ол азығын өзімен бір жаралған.
Туа салып тұңғыш тапқан дәмін ол,
Күш қуат боп өн бойына таралған.
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар!
Айжан:
Өмірде ана- бақыт, ана- пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,
өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана
Ана!Ол біздің елде ардақты адам
Кішісі де, үлкені де ардақтаған
Өзінің аяулысы отанында
АНА деп біздің халық текке айтпаған!
Ақбота:
Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарсада өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.
Жасыңа жас қосылып, бақыт қонсын.
өмірде қызық көр жыл сайын.
Береке мен бірлікке ортаң толсын!