Би «Ханшайым» қыздар тобы
1. Бастаушы: Аналар өмір жүрегі,
Балалар оның тірегі.
Өмір бойы аймалар,
Анамызды сүйеміз!
2. Бастаушы: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз
Қайратбек Шәрбат «Анаға сәлем» әнін орындайды
Ортаға үш қыз бен аналарын шығарамын да «Көзіңді жұм да таны» ойынын ойнатамын.
Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау.
Ойынның шарты: Аналардың көзі байланады, қыздардың орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған қыздардың аналары, өз қызын қалай да болса танып алуы керек. Жеңімпаз ана «Тапқыр ана!» дипломымен марапатталады.
Қуанышев Сейілбек «Анаға сәлем» әнін орындайды.
1. Бастаушы: «Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
2. Бастаушы: Қамымды ойлар күн- түні,
Анам- менің көктемім.
Ақтай алсам, үмітін,
Арманыма жеткенім.
Тағы да ортаға 3 ананы шақырып «Су тасы» ойынын ойнатамын.
Ойынның мақсаты: Аналарымыздың ептіліктерін тексеру
Ойынның шарты: Екі орындыққа кесеге құйылған су қойылады, келесі бетте екі орындықта бос кеселер тұрады. Аналар қасықпен тасып, бірінші кеседегі суды төкпей, шашпай екінші кесеге құю керек. Суды әдемі тасыған ана «Епті ана» дипломына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |