12.ән «Анаға сый» Секенова Гульзат Секенов Бекзат
13. 3-4 сынып ковбой биі
14. Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Кең құшағың аясындай гүл бақтың аналарымызға арналған би шашуымыз қазақ биі 5-6 сынып
15. песня «Аналар алтын» Секенов Бекзат, Каскырбай Нурсултан
Выход участников
Жүргізуші: Аяулы аналар,Ұстаздар,Ару қыздар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Ана деген ақылшың, Ана барда батырсың. Қасында кім болса да, Тек анаңа жақынсын.
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
8 – Наурыз Аналар мерекесі
( екі бала бастайды)
1 – бала: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(балалар аналарына сыйлық береді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
Ән: «Аналар мерекесі»
Бір бала ортаға шығады
- Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін - деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын.
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.
Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Менің әжем айдай»
Али: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
Нұралы:Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Ойын: «Әжемнің жібі»
Балалар әжелеріне арналған ағылшын тілінде тақпақтар айтады
Қоңырау дыбысы естіледі.
Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр? (Шымылдықтың артынан Кузя шығады)
Кузя: Мен кішкентай үй әулиемін
Шақыр мені үйге сен
Ешкімді кіргізбей
Тазалық жүргізем
Әжелер мен аналарға
Көмектесемін мен
Құттықтап әжелерді, қыздарды және аналарды.
Күнде, күнде күн сәулесі,
Тұрсын қағып терезе
Сендерге сыйлық ретінде қоңырау беремін. Қоңырауды сылдырлатып қонақ шақырыңдар үйлерге.
Жүргізуші: Рақмет саған Кузя.
Қоңырау соғады, музыка әуенімен әжелер кіріп би билейді
Би «Бабушки старушки»
Жүргізуші: Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар
Ән әуенімен Кикимора кіреді
Кикимора: Орман аралап жүрсем
Қоңырауды естідім
Қатты дыбысымен
Әкелді мені мұнда.
Мен қырсық, жаман емеспін
Мен тентек қызбын
Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады.
Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Кикимора
Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.
Кикимора: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні
Кикимора: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Ал біздің балалар саған мақтау тартады
Балалар кезекпен: әдемі, көңілді, ақылды сөздер айтады
Кикимора: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой әуенге билейді
Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі билей алады.
Би «Шақыру»
Кузя кіріп көңілсіз айтады:
Кузя: Маған ешкім ботқа пісірмейді
Менің жөтелімді ешкім емдемейді
Менің анам жоқ
Ешкімге керек жоқпын
Сен Кикимора жаман емессің
Сен көңілді, күлкүлісің
Күлімдеп маған тез
Болшы сен анашым...
Кикимора: Әрине қымбаттым.Сен боласың ұлым менің. (Қуанып билейді) Енді менде ұлым бар, ана болдым!
Жүргізуші: «Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.
Ән: «Ақ мамам»
Кикимора: Қандай тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді. Жүре ғой ұлым мен саған ботқа пісіріп берейін. Сау болыңдар. (қоңырау соғылады)
Көрініс «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Әйгерім:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі
Анасы:
Әйгерімжан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
Қоңырау соғады
Үш аспазшы шығады.біреуі ең басты аспазшы
Біз – екі аспазшымыз
Бізге бәрі айтады
Сендер тәтті қуырып
Балаларға бересіңдер деп
Ең басты аспазшы ұйықтап кетеді
Аспазшы жүгіріп жүріп айтады: қамыр тасыды, компот пен борщ пісіру керек. Көмектесіңдерші бізге балалар.
Жүргізуші: Пісіруге көмектесеміз.
Ойын «Жеміс - жидектер»
Ойын біткен соң кастрөлдің ішінен кәмпиттер т.б. сыйлықтар шығады
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңыздар!
Жүр: Армысыздар құрметті қонақтар мен бүгінгі
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Күн мен жер бетіне молынан шуағын шашып,
тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады.
Құрметті ұстаздар, әріптес құрбылар, апайлар сіздерді айтулы төл мерекемен шын жүрегімізден құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, өмірде бақыт, еңбектеріңізге мол табыс тілейміз!
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар.
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен қасиетті Аналар!
Ортаға «Анашым» атты өлең жолдарымен ұл-қыздарымызды қарсы алыңыздар!
Жүр: Ана –жұмақ, мен-шуақ, саябағы,
Ана-шырақ, мен –сұрақ санадағы.
Ана-теңіз, мен қайық тербелген,
Ана-бұлақ, мен құрақ жағадағы.
Бүгін сіздер «Ана-тіршілік тірегі» атты тәрбие сағатына қатысып отырсыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |