Жүр: «Отан-ана», «Жер-ана», «Табиғат-ана», «Ана тілі», «Ана қайраткер», «Ана тіршіліктің тірегі» міне осы тақырыптар төңірегінде ой қозғаймыз.
Вед: Не понимаю... Не понимаю...
Жүр: Нені тағы түсінбей жүрсің?
Вед: Не понимаю, почему это одному дню в календаре-такая честь. Что это за праздник такой –восьмое марта?
Жүр: Не понимаешь? Ребята, объясним ему?
Все: Объясним!
Жүр: Начнем с самого простого. Посмотри вокруг! Взгляни на небо! Вздохни по глубже!
Вед: Ну, посмотрел... Ну взглянул... Ну вздохнул... Ну и что?
Все: Как что?
Песня: /Сегодня мамин праздник/ 1-4 «б» кл Жүр: АНА, АНА, АНА! Не деген мейірімді, шапағатты сөздер еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші! Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен? Жақсылық атаулының барлығы да ананың ақ сүтінен жаралған.Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы ана болмақ. Алғашқы сөзімізді аналардың анасы әжелерге, аналардың көмекшісі әпкелеріміз бен қарындастарымызға арнаймыз. Қабыл алыңыздар!
Карина:Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем!
Нұрсұлтан:Менің әжем нәр әжем,
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін,
Әр сүйгені дәрі әжем.
Жания:Менің әжем жыр әжем
Шуағы мол ақ әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.
Әділет: Менің әжем гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Апам үшін мен үшін,
Нағыз ана тілі-әжем