Кәсіби қазақ тілі 2 сабақ Сабақтың тақырыбы: Менің болашақ мамандығым



Дата07.02.2022
өлшемі16,58 Kb.
#90132
түріСабақ
Байланысты:
Кәсіби қазақ тілі 2сабак


Кәсіби қазақ тілі
2 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің болашақ мамандығым
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, мүсінші, суретші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, сазгер, режиссер, т.б.
Өзінің мамандық парызын атқару үшін дәрігерлер терең кәсіптік білімге ғана емес, сонымен бірге жоғары адамгершілік азаматтық сапаларға, қайырымдылыққа ие болуға тиіс. Кімде-кім дәрігердің шапағатты да қиындығы мол мамандығына өмірін арнағысы келсе, бұл туралы байыпты ойлануы керек. Бұл мамандық иелері бір мезгілде дәрігер, психолог және педагог болуы тиіс. Адам жанының арашасы-дәрігер.


1-тапсырма. Жаңа сөздерді оқыңыз, жаттап алыңыз.
Мамандық – профессия, специальность
өмір – жизнь
түр – вид
маман – специалист
болу үшін – чтобы стать
еңбек ету – трудиться
өндіріс – производство
бақташы – животновод
аяқ киім жөндеуші – обувщик
сағат шебері – часовой мастер
тұрмыстық қызмет – бытовое обслуживание
адам жанының арашасы – спасатель человеческой жизни
сала – сфера
жататын – относящийся
сапа – качество
қайырымдылық – милосердие
шапағат – сострадательность
адамгершілік – человечность
бір мезгілде – одновременно
бағбан – садовник
зергер – ювелир
кәсіби парыз – профессиональный долг
2-тапсырма. /Ответить на вопросы/ Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қандай мамандық түрлері бар?
2. Өз ісінің білікті маманы болуы үшін не істеу керек?
3. Қандай мамандар ауылда жұмыс істейді?
4. Тұрмыстық қызмет көрсететін салада кімдер істейді?
5. Сенің болашақ мамандығын қандай?
6. Дәрігер мамандығын игеру қиын ба? Неліктен?


3-тапсырма. -а, -е жұрнақтарының бірін қойып, орыс тіліне аударыңыз.
1. Мен қалада тұр...мын. 2. Менің шешем дүкеннен азық-түлік әкел...ді. 3. Біздің отбасымыз кешке теледидар көр...ді. 4. Талғат суретті жақсы сал...ды. 5. Жанат шаңғы теб...ді. 6. Сен кереуетте жат...сың. 7. Сіздер қайда қыдыр...сыздар? 8. Сендер көп сөйлес...сіңдер. 9. Сіз маған күнде кел...сіз.


4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Я газеты не читаю, Алия читает. 2. Ты в магазин не ходишь, я хожу. 3. Ты не живешь в этом доме, Талгат живет. 4. Мурат не спит на этой кровати, Асет спит. 5. Мы не смотрим телевизор, наши друзья смотрят. 6. Он не гуляют в парке, мы гуляем. 7. Самат не играет в футбол, Нурлан и Ахан играют. 8. Его мама не работает на заводе, папа работает. 9. Ты не думаешь, Салтанат думает. 10. Асель не поет, Жанат поет.


5-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
Шопан, экономист, малшы, болу үшін, тұрмыстық қызмет көрсететін салада жұмыс істеу керек, инженер, ғалым, дәрігер, мұғалім, менеджер, заңгер, жазушы, әнші, суретші, тілші, агроном, мал дәрігері, құрылысшы, өнер саласында жұмыс істеу керек, тракторшы, геолог, биші, ұшқыш, сағат шебері, балықшы, сатушы, бағбан, мүсінші, сәулетші, аспаз, балташы, мақташы, мамандық алу керек, шаштараз, зергер, жорналшы, оқу керек, аудармашы, сырнайшы, әртіс, ауылда тұруы керек, режиссер.


6-тапсырма. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыз.
Мамандық, дәрігер.


Мысалы:
М-дауыссыз дыбыс, үнді
А-
М-
А
Н-
Д-
Ы-
Қ-

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет