«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту-әдістемелік кешен



бет1/7
Дата13.11.2016
өлшемі1,64 Mb.
#1628
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


3 деңгейдегі СМК құжаты


ПОӘК


ПОӘК


042.39.1.ХХ/01-2013

ПОӘК

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша оқу - әдістемелік материалдар



__.__.20__ж

№__ басылым



«Кәсіби қазақ тілі»

пәнін оқыту-әдістемелік кешен
5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған

оқу - әдістемелік материалдар


Семей

2013


МАЗМҰНЫ





Глоссарий






Практикалық тапсырмалар






Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары






1. Глоссарий
Айналдыру жолағыПолоса прокрутки – қапшықтардың терезелерін басқару элементі. Сырғытпасы бар жолақ болып табылады. Терезедегі мәліметтер жұмыс аймағына сыймаған жағдайда ғана ол экранда бейнеленеді. Терезенің жұмыс аймағынан тыс тұрған қапшықтағы барды қарап шығуға мүмкіндік береді.

АқпаратИнформация – адамның қоршаған әлем туралы хабар алушылыған айқындайтын мағлұматтар.

Ақпарат Информация – айналадағы дүние туралы мағлұматтар.

Ақпарат – Информация – объектілер мен құбылыстар, олар туралы бар анықталмағандық дәрежесін азайтатын олардың параметрлері, қасиеттері мен қалып-күйі туралы мағлұматтар.

Ақпарат (жаңалық енгізу тұрғысынан) – Информация – хабарламалар (сигналдар) арқылы берілетін шынайы әлемнің ақиқаттық көрінісі.

Ақпарат – Инфор­ма­ция; information) 1) таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлетiн белгiлi бiр объектiлер, құбылыстар немесе жан-жануарлар дұниесi туралы мағлұматтар. 2) есептеу техника­сында – компьютерге енгiзiлетiн, оның жадында сақта­лынатын, қажет кезiнде өңделiнетiн және сыртқы ортаға берiлетiн мәлiметтер жиыны.

Ақпарат берушi (Информатор; informator) –1) қандай да бiр бiлiм немесе өндірiс саласында ақпараттық қызмет атқаратын маман. 2) пайдаланушыға автоматтық түрде хабар жеткiзетiн жүйе. 3) қолданбалы бағдарламалар бумасының құрауышы. Ол берiлген бумамен мәселенi шешу барысы туралы хабар беруге арналған.

Ақпарат теориясындағы битБит в теории информации – екі тең ықтимал хабарды ("жаңа"–"ескі", "жұп"–"тақ" және т.б. типті) ажырату үшін қажетті ақпарат мөлшері. Компьютерлік техникада бит деп мәліметтер мен командаларды машинаішілік ұсынуға пайдаланылатын "0" және "1" екі таңбаның бірін сақтауға қажетті компьютер жадының ең аз «үлесін» айтады.

Ақпараттық ұрлық (Плагиат (Plagiarism)) – басқа адамдар әзірлеген мәліметтер мен ақпаратты өзінің меншікті шығармасы ретінде көрсетіп пайдалану.

Ақпараттық іздестіру жүйесіИнформационно-поисковая система мәліметтер базасындағы ақпаратты іздестіруге арналған жүйе.

Анимация – мультипликация әсерін жасайтын экрандағы объектілердің түрін, формасын, мөлшерін немесе өзара орналасуын өзгерту.



Аспаптар тақтасыПанель инстртрументов – қапшықтар мен қосымшалардың терезелеріндегі басқару элементі. Батырмалары бар тақта болып табылады. Жиі пайдаланылатын қомандаларға қатынауды жеңілдетеді.

Аудиоконференция – желілік технология жүйелерді, қатынастық жүйелерді, компьютерлік технологияларды немесе телефонды пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамның дыбыстық қарым–қатынасы.

Әдістемелік жасақтамаМетодическое обеспечение – курсты оқып білу бойынша әр түрлі тасуыштардағы оқу материалдары, әдістемелік ұсыныстар мен кеңестер.

Әдістемелік құрал – Методическое пособие – оқу пәнін (оның тарауын, бөлімін) оқыту әдістемесі бойынша немесе тәрбиелеу әдістемесі бойынша материалдары бар оқу басылымы.

Бағдарламалық жасақтамаПрограммное обеспечение – компьютермен жұмыс істеуде пайдаланылатын бағдарламалық және ақпараттық ресурстардың (мәліметтердің) жиынтық атауы. Компьютерлік жүйенің қажетті элементі.

Байт – 8 бит. Электрондық жатты өлшеудің ең аз бірлігі ретінде де қарастырылдады.

Бас меню Главное меню – операциялық жүйенің қосымшалары мен қызметтік іс-әрекетіне тез қатынас құру үшін арналған Windows 95/98 операциялық жүйесінің Жұмыс үстелін басқарудың негізгі элементі. Іске қосу батырмасында шертіп шақырылады.

Басқару тақтасыПанель управления – компьютер мен операциялық жүйені баптау үшін пайдаланылатын жүйе құралдарының таңбашалары бар Windows 95/98-дің арнайы қапшығы.

Баспа жүйесіИздательская система – дайын баспа өнімінің үлгісін көбейтуге компьютерлік дайындықты қамтамасыз ететін жүйе.

Безендіру – Иллюстрация объективтік әлемнің заттары, процестері мен құбылыстары туралы студенттердің нақты түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын бейнелі көрнекілік құрал. Безендіруге жататындар: фототүсірілімдер, суреттер, нобайлар, сызбалар, жоспарлар, қарталар, схемалар, графиктер, диаграммалар және т.б.

Бит – «Иә» немесе «Жоқ» логикалық мәнді өрнектейтін және 0 немесе 1 екілік сандармен белгіленетін ақпараттың ең аз бірлігі.

Блок-схема – алгоритмді графикалық ұсыну тәсілі.

Бот (Bot) – сондай-ақ «өрмекші» (spider) ретінде белгілі. «Өрмекшінің» анықтамасын қараңыздар.

Брандмауэр (Firewall) – компьютерді немесе желіні сыртқы қауіптен қорғауғу арналған бағдарламалық және/немесе аппараттық жасақтама.

Браузер – web-бетті көрінерлік етуге және гиперсілтеменің көмегімен web кеңістігі бойынша орын ауыстыруға арналған клиенттік бағдарламалық жасақтама.

Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор) Всемирная паутина World Wide Web (WWW) – гиперортаға негізделген Интернеттегі ақпаратты ұйымдастыру жүйесі.

Веб-бет – Веб-страница (Web page) – белгілі бір ақпараты бар дербес бет. Веб-беттердің топтастырылған жинағы веб-сайтты құрайды.

Веб-сайт (Web site) – жергілікті гиперсілтемелермен байланысқан құжаттардың (веб-беттердің) жиынтығы.

Вирус (Virus) – өзін көшірмелейтін және компьютерлер мен желілердің жұмыс істеуін бұзатын шағын бағдарлама.

ГипермәтінГипертекст – бірлестік түрда байланыс жасайтын блоктар түрінде ұсынылған мәтін.

Дербес компьютерПерсональный компьютер – ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу үшін арналған электрондық аспап.

Дискіні форматтауФорматирование диска – дискіге ентаңба салу және оған қызметтік ақпаратты жазу. Дискіге мәліметтер жазуға оны дайындаудың қажетті кезеңі болып саналады.

Драйвер бағдарламалар мен қосымшалардың жабдықтармен, мысалы, бейнеадаптермен, өзара әрекетін басқаратын қосалқы бағдарлама.

Жедел жадОперативная память – бағдарламалармен жұмыс істеу кезінде динамикалық түрде пайдаланылатын компьютер жадының түрі. Мәліметтерді өңдеу немесе қабылдау/жеткізу кезінде оларды қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

Желі – Сеть (Network) – қандайда бір тәсілмен жалғастырылған, адамдар ақпараттар алмаса алатын және жабдықты бірге пайдалана алатын компьютерлер тобы.

ИнтернетInternet – көптеген елдегі университеттерді, үкіметтік ғылыми-зерттеу зертханаларын, әскери ұйымдар мен коммерсиялық компанияларды қамтитын әлемдегі ірі желілір жиынтығы.

Интерпретатор – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессорға түсінікті машиналық кодта тәржімелеуді орындайтын қызметтік бағдарлама (транслятор). Түсініктеме беру процесі тікелей бағдарламаны орындау кезінде болады (Компилятормен салыстырыңыз).

Информатика – есептегіш техника құралдарымен ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу тәсілдерін, сондай-ақ осы құралдардың жұмыс істеу қағидалары мен оларды басқару әдістерін жүйелейтін техникалық ғылым.

Компилятор – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодында тәржімелеуді орындайтын қызметтік бағдарлама (транслятор).

Меню – біреуі таңдалынатын пункттер (әдетте командалар) жинағы болып табылатын басқару элементі. Менюдің пункті келесі деңгейдің салынған менюдің) менюі бола алады.

Модем (модулятор/демодулятор) – Modem – компьютерді аналогтық телекоммуникациялық желілермен жалғастыратын және цифрлық мәліметтерді аналогтық формаға және керісінше түрлендіретін жабдық.

Объект – мәліметтердің жеке элементтері үшін ортақ ұғым. Көбінесе жеке құжат немесе құжаттың бөлігі түрінде болады, мысалы, басқа құжатқа кірістіріле алатын бөлік.

Интернеттің стандарттық хаттамасы.



Принтер – тікелей қағазға басылатын ақпаратты басып шығаруға арналған құрылғы.

Спам (Spam) – тұтынушыға әлде-не сатуға ұсыныстары бар электрондық пошталық қоқыс.

Файлоперациялық жүйемен тіркелген, меншікті атауы бар байттардың тізбегі.

Электрондық кітапханаЭлектронная библиотека тез іздестіру және нақты басылымға қатынау үшін арналған электрондық тасуыштардағы оқулық әдебиеттер басылымдарының ұйымдастырылған қоймасы.

Электрондық пошта (Electronic mail, email) – Интернет бойынша жөнелтілетін хабарлама.


2.Тапсырматар
1-практикалық сабақ

1. Мамандықтың терминологиялық өрісін қарастыру.

Техникалық әдебиеттің арнайы лексикасы, терминжасамның негізгі әдістері: аналитикалық, синтетикалық.

2. Мәтін: Ақпарат

Бұл күнде ЭЕМ ақпаратты өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады.70-жылдарды электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін-жеке пайдаланатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты.Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалынды.(Laptop немесе Notebook).Қазіргі кезде ДК адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады.Соның ішінде медицинада кеңінен қолданылады.Мәліметтер базасын жүргізу,халықаралық жаңалықтар туралы жедел ақпарат алу.Науқастарға компьютерлік диогностика жүргізу.Түрлі физиологиялық қисықтарға автоматты талдау жұмыстарын жүргізу.

Ақпараттың ЭЕМ-де берілуі жəне өлшем бірліктері. «Ақпарат» термині «informatio» деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді.

Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары — бəрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады да, ол ақпараттың өлшем бірлігі болып табылады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (Ьіnагу digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды «байт» (ағылшынның bуtе деген сөзінен) деп атау келісілген. Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа орналасқан 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код. Мысалы: Е → 10000101, / → 00101111,

8 → 00111000 т.с.с. Іс жүзінде байттан үлкен мегабайт, гигабайт, терабайт өлшемдері де пайдаланылады.

1 байт =8 бит

1024 байт=1 Кбайт (килобайт)

1024 Кбайт=1 Мбайт (мегабайт)

1024 Мбайт=1Гбайт (гигабайт)

1024 Гбайт=1Тбайт (терабайт)

Сөздік

ақпарат - информация

ДК дербес компьютер - ПК персональный компьютер

тізбек - последовательность

қисық - кривой

Сұрақтар

1. Ақпарат дегеніміз не?

2. Өлшем бірліктері қандай?

Мәтінге берілген тапсырмалар:

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;

2) Сұрақтарға жауап беріңіз;


2- практикалық сабақ

1. Кәсіби қызмет бабында сәлемдесу. Алғыс білдіру.

2. Қазақстандағы ақпараттың жағдайы, оның қорғалуы туралы өз пікірлерін айту, бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы диалог құру, қарастыру. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдана білу.
3- практикалық сабақ

1. Қызметкердің өмірбаянын жазу.

2. Мәтін: Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі. Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы.

Колонка — дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Мәліметтерді сақтау құрылғылары

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-тасуыштары жатады.

Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар.ZІР — Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.

Ақпараттарды сақтау құрылғысы.

Жады — деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Жады — компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі жəне сыртқы.

Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қамтамасыз етеді, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды. Ішкі жадта есте сақтайтын құрылғының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ж\е жедел жадтайтын құрылғы

Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады ж\е қашан болса да, қандай болса да міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.



Сөздік

құрылғы - устройство

жады - память

тұрақты - постоянный

жедел - оперативный

Сұрақтар

1. Мәліметтерді сақтау құрылғылары қандай?

2. Баспа құрылғыларының түрлері

3. Жадының түрлері қандай?



Мәтінге берілген тапсырмалар:

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;

2) Сұрақтарға жауап беріңіз;

4- практикалық сабақ

1. Мамандық. Жұмыс орны тақырыптарында мәтіндер жазу.

2. Мәтін: Компьютердің негізгі құрылғылары, олардың қызметі және өзара байланысы

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреәді.

1.Жүйелік блок – компьютердің негізгі құрылғысы

2.Монитор– компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

3.Перне тақтасы – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы.

4.Тышқан –«графикалық» басқару құрылғысы.



Жүйелік блок

Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:

• процессор– компьютердің ең негізгі құрылғысы, программаларды орындайды жəне басқа құрылғыларды басқарады.

• жедел жад (RAM) –ауқымды информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан программалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса, жедел жадыда информация өшіп қалады.

• тұрақты есте сақтау жады (ROM) – ЭЕМ-нің жұмысы барысында мазмұны өзгертілмейтін жад, бұл жадқа мəліметтер оныдайындап жатқан кезде жазылады.

• қоректендіру блогы

• енгізу-шығару порттары

• ақпарат тасушылар

Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

• Шығару құрылғысы

• Мəліметтерді алмасу құрылғысы

• Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары: Принтерлер мен плоттерлер. Принтер (баспа құрылғысы) мəтіндік жəне графикалық мəліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш жəне термографиялық түрлері бар

Колонка — дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Енгізу құрылғылары:Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Мəліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мəліметтерге қол жеткізе алады.

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мəлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мəліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек — 2500 бит/сек аралығында

Сөздік

желілік - сетевой

қоректендіру блогы - блок питания

жүйелік - системный

сия бүріккіш - струйный

Сұрақтар

1. Компьютердің қандай негізгі құрылғылары бар?

2. Шығару құрылғыларының түрлері

3. Енгізу құрылғыларының түрлері қандай?

4. Алмасу құрылғыларының түрлері

Мәтінге берілген тапсырмалар:

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;

2) Сұрақтарға жауап беріңіз;

5- практикалық сабақ

1. Қызметкерге түйіндеме даярлау.

2. Мәтін: Амалдық жүйе, оның классификациясы жəне функциялары.

Амалдық жүйе — компьютердің жабдықтық және бағдарламалық қорларын басқаруға арналған бағдарлама. Амалдық жүйенің негізгі тапсырмалары жадыны бақылау және үйлестіру, әмірлердің орындалуын реттеу, енгізу және шығару құрылғыларын бақылау, желі қызметін жеңілдету және файлдарды басқару боп табылады. Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін амалдық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған амалдық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix. Амалдық жүйенің айырмашылықтарының бірі:1.Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді. 2.Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бүкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін амалдық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлі тілдесуді қамтамасыз етеді. Әрбір компьютерлік бағдарлама АЖ-ның қызметтерін пайдаланады. Windows (тікелей аударғанда – терезелер) бейне беттің терезелерге бөлінуі арқасында осындай атауға ие болды. Әрбір терезе іске қосуға болатын қандай да бір ақпараттан, кескін немесе бағдарламадан тұрады. Бейне бетте бір мезгілде бірнеше терезе орналастырып қойып, бірінен біріне ауысып жүруге болады. Windows жүйесінің негізгі функциялары:

- компьютердің барлық құрал-жабдықтарын (аппараттарын) басқару;

- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

- қолданбалы программаларды іске қосу.

Бүған қоса Windows жүйесі:

- бір уақьпта бірнеше программалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасу;

- масштаб бойынша өзгеріле алатын шрифтер қолдану;

- мультимедиа мүмкіндіктерін қолдану;

- жалпы ортақтастырылған анықтамалық жүйені пайдалану істерін қамтамасыз ете алады.

Сөздік

амалдық жүйе - операционная система

бағдарлама - программа

жүйелік - системный

жабдық - обеспечение

Сұрақтар

1. Амалдық жүйе деген не?

2. Қандай амалдық жүйелерді білесің?

3. Windows жүйесінің ерекшеліктері?



Мәтінге берілген тапсырмалар:

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;

2) Сұрақтарға жауап беріңіз;

6- практикалық сабақ

1. Функционалдық стильдер: бұйрық дайындау.

2. Мәтін:

Электронды пошта қызметі. Outlook Express бағдарламасы.

Электронды пошта немесе e-mail, – Интернеттің недәуір жиі қолданылатын мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын дүние жүзі бойынша миллиондаған хабарламалар жөнелтіліп, қабылдап алынып жатады. Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар кез келген адам e-mail деген атпен белгілі хабарламаларды жөнелтіп, қабылдай алады. Электронды пошта жұмысы кәдімгі поштаға өте ұқсас. Онда да жеткізу қызметі, пошта жәшіктері, мекенжайлар мен хаттар бар. Электронды хат санаулы секундтар ішінде жеткізіледі. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар (хат, бандероль, посылкалар) емес, ақпараттық мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі. Электронды хабарламаларды жіберіп, қабылдай алу үшін сізге Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жабдықтар қажет. Ол не бүкіләлемдік торап құрамына кіреді, не сіздің компьютеріңіздегі бөлек бағдарлама болып табылады, мысалы, Microsoft Outlook. Бағдарламалық жабдықтың екі түрі де бірдей жұмыс істейді және мынадай қадамдарды көздейді:

- Сіз хат жазасыз.

- Жөнелту батырмасын шертесіз. Сіздің бағдарламаңыз хабарламаны сандық пішімге ауыстырады.

- Сандық хабарлама Интернет арқылы пошталық серверге жетеді.

- Пошталық сервер қабылданған поштаны жинап, сұрыптайды да, жекелеген адресаттарға жібереді.

Электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап ала алу үшін Сізге электронды пошта мекен жайы (электронды поштаның тіркеулік жазбасы) қажет. Электронды хаттарды тегін жөнелтіп, қабылдай алу үшін электронды поштаның тіркеулік жазбасын жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттар қызметіне жүгінуге болады: http://mail.kz, http://mail.ru, http://hotmail және т.б.

Электронды поштаның әрбір тіркеулік жазбасы үшін Сіз бірегей пайдаланушы аты мен құпия сөз аласыз, бұлар Сізге электронды поштаны әр тексерген сайын қажет болып отырады. Сізге біреу электрондық хат жіберсе, ол Сіздің бірегей пошта мекен жайыңыз арқылы тек Сізге ғана жетеді.

Пошта жәшіктерінің атаулары мынадай көріністе болады: ат@үйшік, бұндағы ат (Логин) – пошта серверінде тіркелу кезінде көрсетілетін бірегей ат. Үйшік Сіз таңдаған пошта серверін көрсетеді. Үйшік атауы кем дегенде нүкте арқылы бөлінген екі бөліктен тұрады, олар: жоғарғы деңгей үйшігі және екінші деңгейлі үйшік: mail.kz, ok.kz, host.kz және т.б.

Пошта қызметі сайтына кіру үшін алдымен Internet желісіне қосылып, web-шолғышты іске қосамыз да, мекен жай жолағына пошта серверінің мекенжайын енгіземіз.

Қабылдап алған хатты оқығаннан кейін Outlook Express бағдарламасы терезесінде Жауап қайтару батырмасын басуыңызға болады. Өзіңізге келген хабарламаны өзге адамға жөнелту үшін Қайта жөнелту батырмасын басыңыз.

Хатқа бұрыннан бар файлды, ол не сызбалық кескін, дыбыс, мәтіндік құжат, мұрағат болсын, қоса салу қажет болған жағдайда Outlook Express бағдарламасында Тіркеу әмірін пайдалана аламыз. Осы жетенің көмегімен Сіз өз хатыңызға қажетті файлды тіркей аласыз.



Сөздік

хат - письмо

тіркеу - регистрация

мұрағат - архив

шолғыш - обозреватель

Сұрақтар

1. Электронды пошта қалай жұмыс істейді?

2. Outlook Express бағдарламасы жұмысын ата.

3. Электронды хат деген не?



Мәтінге берілген тапсырмалар:

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;

2) Сұрақтарға жауап беріңіз;

7- практикалық сабақ

1. Өтініш жаза білу.

2. Мәтін: Сілтеуіш бағдарламасын қосу жəне оның қызметі.

Сілтеуіш – файлдарды басқаруға, қоасалқы программаларды жүктеуге,құжаттарды ашу тәрізді мүмкіндіктерге жағдай жасап,дербес компьютердің барлық мазмұнын көру мүмкіндігін туғызады. Ашу үшін Бастау батырмасын басып, Бағдарламалар – Қалыпталған – Сілтеуіш әмірлерін таңдаңыз.

Сілтеуіш терезесі Тақырып жолынан, Мәзір жолағынан, Құралдар үстелінен, Мекен жай жолағынан, жұмыс аймағынан тұрады.

Сілтеуіш терезесінің жұмыс аймағы екі бөлікке бөлінген:

1) сол жақта – каталогтар бұтағы;

2) оң жақта – қалталар мазмұнын қарап шығу терезесі.

Бұндай орналасу файлдар мен қалталарды іздеу, көшіру немесе жылжыту барысын оңайлатады. Каталогтар бұтағында дәл осы сәтте Сіздің компьютеріңізге қосылып тұрған дискілердің барлығы, соның ішінде С: жергілікті дискі, 3,5 А дискі, желілік қалталар көрініс табады.

Құралдар үстелінде мына батырмалар орналасқан:

• «Артқа» – алдыңғы бетке жылжу;

• «Алға» – келесі бетке жылжу;

• «Жоғары» – 1 деңгейге жоғары;

• «Іздеу» – файлдар мен қалталарды іздеу терезесін шақыру;

• «Қалта» – жетектегіштің сол жақ бөлігін реттеу, Windows қалыпталған терезесі;

• «Көрініс» – ашылма тізім көмегімен файлдар мен қалталарды көрсету түрін өзгерту.

Мекен жай жолағы ағымдағы қалтаға, мысалы, С: дискіне баратын жолды көрсетеді

Сөздік

сілтеуіш - проводник

көрініс - вид

жоғары - вверх

алға - вперед

артқа - назад



Сұрақтар

1. Сілтеуіш деген не, не үшін қолданылады?

2. Сілтеуіш терезесі неден тұрады?

3. Каталогтар бұтағы деген не?



Мәтінге берілген тапсырмалар:

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;

2) Сұрақтарға жауап беріңіз;

8- практикалық сабақ

1. Жарнама мәтінін жаза білу.

2. Базалық ақпараттық технологиялардың қосымша қандай жолдары бар екендігі туралы әңгімелесу, кәсіби біліктіліктерін ұштау, жаңа терминдермен танысу.

9- практикалық сабақ

1. Конкурс мәтінін жаза білу.

2. Мәтін: Ақпаратты қорғау. Электрондық цифрлық қолтаңба.

Жаңа терминдер мен ұғымдар біздің өмірімізге ақпараттық технологиялардың арқасында енеді, жаңа инфрақұрылымдарда негізгі терминдердің бірі – электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) термині болды. Құжаттардың заңды маңыздылығын сәйкестендіру және растау үшін құрал есебінде оны қолдану біздің өмірімізде стандарт болып қалыптасуда. Электрондық цифрлық қолтаңба – бұл электрондық құжаттың деректемесі, жасанды көшірмеден осы электрондық құжатты қорғау үшін арналған. ЭЦҚ ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) пайдалануымен ақпаратты қайта жасау нәтижесінде қалыптасады және кілттің қол қою сертификатының иесін сәйкестендіруге, сондай-ақ электрондық құжатта ақпараттың бұрмалануының жоқ болуын белгілеуге рұқсат етеді.

электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – тіркеу куәлігінің иесіне белгілі электрондық цифрлық рәміздерінің дәйектілігі және электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарын пайдалануымен электрондық цифрлық қолтаңбаны құру үшін арналған;

электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – электрондық цифрлық рәміздерінің дәйектілігі, кез келген тұлғаға қол жеткізілімді және электрондық құжатта электрондық цифрлық қолтаңбаны растау үшін арналған;

Қолтаңбаны пайдалану өте қарапайым. Ешқандай аранайы білім, дағдылар және икемділік бұл үшін талап етілмейді. Электрондық құжаттарды алмасуға қатысушысы, ЭЦҚ әрбір пайдаланушысына бірегей ашық және жабық (құпия) криптографикалық кілттер туындатады.

Негізгі элемент құпия кілт болып табылады, оның көмегімен электрондық құжаттардың шифрлеуі жасалады және электрондық цифрлық қолтаңба қалыптасады. Сонымен қатар құпия кілт пайдаланушыда қалады, оған бөлек тасығышта беріледі, бұл дискета, смарт-карта или touch memory болуы мүмкін. Оны басқадай пайдаланушылардың желісінен құпияда сақтау қажет.

ЭЦҚ жасанды көшіру мүмкін емес – ол үшін есептеп шығарудың орасан санын талап етеді, ол қолайлы уақытта заманауи деңгейдегі есептеу техникасы мен математиканы іске асыру мүмкін емес, яғни қол қойылған құжатта ұсталатын әзірге ақпарат, өзектілікті сақтайды

Сөздік

электронды цифрлы қолтаңба - электронно цифровая подпись

жасанды - подделка

құпия - секретный

қол жетімді - доступный

Сұрақтар

1. ЭЦҚ деген не, не үшін қолданылады?

2. ЭЦҚ ашық кілті, жабық кілті деген не?

Мәтінге берілген тапсырмалар:

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;

2) Сұрақтарға жауап беріңіз;

10- практикалық сабақ

1. Сенімхат жазу үлгісі.

2. Мәтін: Алгоритм, бағдарлама ұғымдары. Алгоритм түрлері, қасиеттері.

Алгоритм ұғымы тек матиматикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі. Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жаэып шығу керек. Алгоритмді орындаушының рөлін,негізінен,адам н/e автоматтандырылған құрылғы,яғни компьютер, робот т.б. атқарады.

.Алгоритм, аль- Хорезми ғалымның атынан — белгілі бір есепті шешуге арналған, дәл берілген инструкциялар тізімі. Алгоритм орындайтын құралдарға компьютер, бірақ алгоритмді ЭВМ- мен ғана біріктіруге болмайды. Мысалы тамақ пісіретін адам белгілі бір әрекеттер тізімін жасайды, яғни алгоритм орындаушы адам болып келеді.

Алгоритм қасиеттері:

Дискреттiк — алгоритм адымдардың кейбiр бос тұруларын бiртiндеп орындау сияқты есептiң шешiмiнiң процессi ұсынуы керек. Демек, алгоритмды әрбiр адымның орындаулары үшiн сонымен бiрге бастапқы деректердiң өрнектеуi түпкi уақыт мерзiмi керек болады дискреттi нәтижеде уақытында iске асады.

Детерминантылық (айқындық ). Жұмыстың әрбiр уақыт келесi адымына жүйенiң күйiмен бiрмәндi анықталады. Сайып келгенде, алгоритм ылғи бiр бастапқы деректер үшiн (жауап ) ылғи бiр нәтиженi бередi. Түсiнiктiлiк — орындаушы үшiн алгоритм тек қана сол (орындаушыға ) оған оның командалар жүйелерiне кiретiн түсiнiктi командалар қосуы керек.Аяқталымдық (шектiлiк )- жұмысты алгоритмның түзу тап қалған бастапқы деректерiнде бiтiруi және адымдардың түпкi санынан кейін нәтиже беруi керек. Басқа жағынан , ықтимал алгоритм және нәтиже ешқашан бермеуi мүмкiн, бiрақ ықтималдық бұл 0 — ге тең. Көпшiлiктік(әмбебаптық ). Алгоритм бастапқы деректердiң әртүрлi жиындарына қолданылуы керек.Нәтижелiлiк — белгiлi бiр нәтижемен алгоритмның аяқтау. Егер терiс нәтижелердiң алуына алып келсе немесе тiптi нәтиже бермесе алгоритм қателiгi бар.Егер ол кез келген мүмкiн бастапқы деректер үшiн дұрыс нәтиже берсе алгоритм қателiгi жоқ.



1. Сызықты немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. 2.Тармақталу алгоритмі.Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса,онда алгоритм бір тармақпен, ал орындалмаса екінші тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұнда алгоритмдерде шартты тексеру тармақталу командасы д.а. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, әйтпесе, онда, бітті түйінді сөздері пайдаланады. Орындалу тәсіліне байланысты тармақталу командасы таңдау және аттап өту болып 2-ге бөлінеді.3.Циклдік алгоритм. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымала мәннің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталану командасы құрайды. Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше, цикл басы және цикл соңы түйінді сөздер қолданылады. Қайталану саны алдын ала белгілі цикл-арифметикалық цикл деп, ал орындалу саны белгісіз цикл-қадамдық цикл деп аталады

Сөздік

әмбебап - универсальный

тармақталу - разветвление

қайталану - повторение

шарт - условие

Сұрақтар

1. Алгоритм деген не, не үшін қолданылады?

2. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?

3. Алгоритм түрлерін ата.



Мәтінге берілген тапсырмалар:

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;

2) Сұрақтарға жауап беріңіз;

11- практикалық сабақ

1. Қолхат жазу үлгісі.

2. Ақпараттық технологиялардың негізгі техникалық базасы туралы әңгімелеу, қызметкердің негізгі кәсіби біліктілігін сипаттау.

12- практикалық сабақ

1. Көпшілік ғылыми стиль. Іс қағаз стилі, айтылым үлгілері. Жазба тіл этикасы.

2. Компьютерлік вирустар, антивирустар туралы әңгімелеу, осы мәтіндердегі терминдерді теріп жазу, олардың қандай әдіспен жасалғанына қарай топтастыру, анықтамаларды түрлендіріп айтуға дағдыландыру.

13- практикалық сабақ

1. “IZET”, “Сөзкөмек” бағдарламалары арқылы жасалған компьютерлік аудармаларды редакциялау, стильдік түзету.

2. Мәтін: Желілердің құрылымы жəне негізгі компоненттері.Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер: жергілікті, аумақты, аймақты және корпаративті деп бөлінеді. Бүкіл әлемдік желіде әр сервердің өзіндік ерекше аты бар, ол домендік есім деп аталады. Негізінен домендер екі әріп қосындысынан тұратын географиялық аймақтарды қамтиды. Мысалы, Қазақстан- kz, Ресей- ru, бұрынғы КСРО- su, Франция- fr, АҚШ- us деп белгіленеді. Жергілікті желіден кейінгі ане иморынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл жүйелерді үй мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.

Компьютерлік желілер жергілікті, аймақтық және ауқымды болып түрлі түрге бөлінеді.

1. Жергілікті желі (LAN — Local Area Network) – бір бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер. Олар мекеме ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы компьютерлерді бір бірімен және сервермен байланыстырады.

2Аймақтық таратылған желілер (АТЖ) – WAN (Wide Area Network – широкомасштабная сеть). АТЖ – жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқарыла алады.

3 Ауқымды желі-GAN бұған желінің желісі болып келетін Интернет желісі жатады.

Желілердің құрылымы жəне негізгі компоненттері.

Жақын орналасқан ғимараттар кешенінде бір бөлмеде ғимаратта егер де пайдаланушылар қандайда бір мәселені бірігіп шешуге , мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады. Жергілікті желі — бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабельдер арқылы өзара қосылған бірнеше коьмпьютер тобы. Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған желілік орта қалтасының белгішесі лөрініс табады .Модем – жай телефон арналары арқылы интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. Модем деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол модулятор, демодулято сөздерінің қызқаша түрі. Модем дербес ком-ден шыққын цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын анологтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырадыҚашықтықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса,модем қажет болды.Модем(модулячтор,демодулятор сөздерінің қысқартылуы.) таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үзіктелген аналогтық сигналдарқа айналдыруды қамтамасыз ететін, қабылдаушы жағында сигналдарды осыңан кері түрлендіретін құрылғы.Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және комерциялық желілерг,интернетке қосылады.Содай ақ электронды поштаны пайдаланады телеконференцияларға қатыса алады

Сөздік

желі - сеть

жергілікті - локальный

дербес - персональный

мәліметтер - данные

Сұрақтар

1. Компьютерлік желі не үшін қолданылады?

2. Модем деген не?

Мәтінге берілген тапсырмалар:

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;

2) Сұрақтарға жауап беріңіз;

14- практикалық сабақ

1. Іскерлік хат жазысу түрлері: Шақыру, Құттықтау.

2. Интернет. Іздеу жүйелері. Интернеттегі іздеуді ұйымдастырутақырыбында әңгімелеу, осы мәтіндердегі терминдерді теріп жазу, олардың қандай әдіспен жасалғанына қарай топтастыру, анықтамаларды түрлендіріп айтуға дағдыландыру.

15- практикалық сабақ

1. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу. (Жағдаяттық сөйлесу, студенттердің ғылыми конференциясы)

2. "Қазақстан - 2050" бағдарламасына сай осы саланың келешегі туралы шығарма жазу.
Практикалық сабақ №16

Қазақстан жаһандану дәуірінде. Үндестік заңы.

Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • Жаһандану дәуірінде Қазақстан мемлекетінің қазіргі жай күйіне сипаттама беру;

  • Қазақ тіліндегі ең үлкен заңымыз үндестік заңынан өткенді еске тусіру, кәсіби тәжірибеде жүзеге асыру.


Әдістемелік нұсқау

Қазақстан жаһандану дәуірінде

Жаһандану дегеніміз не? Орыс ғалымы В.М.Межуев «Жаһандану әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы» деп атап көрсетеді. Оған ЮНЕСКО, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіл әлемдік қуатты корпорациялар. Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты, әлемдік қаржы институттары т.б. кіреді.

Жаһандануды былай сипаттауға болатын сияқты. Бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдастық мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық, салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады.

Жаһанданумен бірге өркениетке өріс ашар жаңалықтар келіп жетті. Технология дамыды, модернизация құлаш жайды, ақпараттық кеңістік кеңейді. Өмір сүру салтымыз бен мінез-құлқымыз да өзгеріс нышандары байқалды. Дүниенің төрт қырымен байланыс күшейіп, орныға түсті.

Қазір әлемдік қауымдастықта жаһандану үрдісі туралы оны жақтайтын және оны тіптен қабылдай алмайтын екі топ бар. Жақтаушылар, жаһандану нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде бағаның реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкіндігін алға тартады. Олардың пікірінше, жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету. Мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз. Егер бірнеше ел компьютер жүйесінің бір бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші бағдарламасын ұстанса, олар бір-біріне қиюласпаса, байланыстың қай түрі болмасын қиындайтыны сөзсіз.

Жаһандану – халықаралық қатынастарды біркелкілендіру. Халықаралық конвенциялар жүйесі қалыптасып, оған түрлі елдер мүше болып кіретін, соған сәйкес өздеріне түрлі міндеттемелер алып, құқықтарға ие болу – жаһанданудың нәтижесі.

Қазақстан мемлекетінде өзге ұлттардың да мәдениетінің өркендеуіне баса көңіл бөлінгені жөн. Жаһандастыру да жергілікті мәдениетті сөзсіз бағындырып алуды немесе жойып жіберуді мақсат етпейді, бірге дамуды ұсынады. Компьютер бағдарламаларының ұлт тілінде сөйлеуі, интернет жүйесінде ұлт тіліндегі сайттардың пайда болуы осыған дәлел.
1-тапсырма. Мәтіннен ғылыми-көпшілік терминдерді табыңыз.

2-тапсырма. Мәтінде келтірілген мәселеге байланысты өз ойыңызды ортаға салыңыз.

3-тапсырма. Мәтін бойынша түсінігіңізді баяндаңыз.

4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.... дегеніміз не ?

2. Орыс ғалымы В.М. Межеуов ... - деп атап көрсетеді.

3. Жаһандану – біркелкілендіру.

4. Қазақстан мемлекетінде .... баса көңіл бөлгені жөн.

5. Компьютер бағдарламаларыны..... осыған дәлел.


Үндестік заңы (буын, ерін)

Қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстар бір-бірімен үйлесіп құралады. Бұл үйлесім жеке сөздердің ішінде де, түбір мен қосымшалардың аралығында да, тіпті сөйлем ішіндегі сөздердің арасында да болады. Мұны ғылым тілінде үндестік заңы (уподобление звуков) дейді.

Бұл қазақ тілінде дауысты дыбыстардың арасындағы үндесу (синграмонизм) және дауыссыз дыбыстардың арасындағы үндесу (ассимиляция) (үндесу заңы) деп аталады.

Сингармонизм заңы – сөз ішінде, сөздер аралығында және түбір мен қосымшалардың арасында дауысты дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы.

А) Қазақ сөздері жуан дауысты дыбыстан не буыннан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жуан болуы керек. Мысалы,

бағдарлама+шы+лар+ға

ұя-шық+тан

Ә) Қазақ сөздері жіңішке дауыстылардан, не буындардан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жіңішке болуы керек. Мысалы,



тақта-ның

түйме-ше+лер+дің

Бұлардан басқа есте мықты ұстап, сөзді қатесіз, өз үйлесімімен айту үшін қолданылатын сингармонизм заңы бар. Мәселен, сөздің басында еріннің қатысуымен айтылатын о,ө, ұ, ү ерін дауыстылары келсе, олардан кейін келетін езулік дауыстыларға жақындап айтылады, бірақ ол жазуда сақталмайды. Мысалы, орын-айтуда: орұн; өзен – айтуда: өзөн; күрек-айтуда: күрөк. Сөйтіп, о дыбысынан кейін келген ы дыбысы айтуда ұ-ға жақындап айтылады; ал е ө-ге, і ү-ге жуықтап айтылады. Жазуда бұлар алғашқы қалпында жазып, айтқанда соңғы жазылғандай етіп айту керек.



Ықпал (ассимиляция) – дауыссыздарда болатын үндестік заңы. Бұл заңдылық бір сөз ішінде, түбір мен қосымшалардың аралығында, тіпті бүтіндей сөйлем ішінде сақталуға тиісті заң. Қазақ тілінде мұның екі түрі бар: ілгерінді (ғылым тілінде прогрессивті) ықпал және кейінді (регрессивті) ықпал.

Ілгерінді ықпал

(Прогрессивная ассимиляция)

а) Егер түбірдің соңғы дыбысы ұяң (звонкие) ж, з болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да ұяң болып келеді. Мысалы, қыз+дар, қаз+дар т.б.

ә) түбірдің соңғы дыбысы қатаң (глухие) және орыс тілінен енген сөздердегі б, в, г, д дыбыстарына аяқталып тұрса, оған жалғанатын қосымшалар да қатаң дыбыстардан басталады: университет+ке, студент+пін т.б.

б) Түбірдің соңғы дыбысы дауысты (гласные) не үнді (сонорные) болып келсе, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы көбінесе ұяң (звонкие) не үнді болып келеді: оқытушы+ға, инженер-ге, бағдарламашы+мын т.б.
Кейінді ықпал

(Регрессивная ассимиляция)

Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының біріне аяқталып, жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, оған қ ғ-ға, к –г-ге, п б-ге айналып кетеді.

Мысалы, ұяшық + ы – ұяшығы

қорап +ы – қорабы

жүрек +і - жүрегі

Бұл құбылыс сөз тіркестерін айтқанда да, біріккен сөздердің аралығында да байқалады. Айтуда болмаса, жазуда бұл ескерілмейді. Мысалы, керек екен (айтылуы: керегекен), ақ ешкі (ағешкі) т.б.



5-тапсырма. Төменгі сөз және сөз тіркестерінен буын үндестігін табыңыздар.

Жаһандану, әлемдік қауымдастық, ұлттық мемлекеттер, аймақтар, тәуелділік, жалпыға ортақ, саяси, мәдениет, ережелері, бір жүйе, бағдарламалар, ғарышты игеру, бүкіләлемдік сауда ұйымы, туристік ұйым, әлемдік ұйым, әлемдік қаржы, кедергі, ақпараттар, қаржылық, біртұтас, кеңістік жүйесі, жаһандану үрдісі, нарықтық жүйе, халықаралық қатынастар, біркелкілендіру.



6-тапсырма. Төменгі сөздердің жуан, жіңішкелігін анықтап, қосымша жалғаңыз.

Университет, факультет, республика, президент, турист, агент, заңгер, компьютер, техника.


№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жаһандану дегеніміз не ?

2. Жаһандану біздің елде қалай жүріп жатыр ?

3. Жаһандану кезінде қоғам дамуы қандай жағдайда болады ?



Практикалық сабақ №2

Білім де бәсекеге түседі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • Бүгінгі таңдағы білім мен ғылымды бағыттау және халыққа білім беру реформаларынан мағұлмат алу;

  • Сөздің тура ауыспалы мағынасы тақырыбынан өткенді қайталау және кәсіби тәжірибеде қолдану.


Әдістемелік нұсқау

Білім де бәсекеге түседі

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізіне сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.

Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.

Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек. (Егемен Қазақстан газеті, 2008 ж).


1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.

Ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы, білім беру, басты талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын қор, білімді болу, қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік.


Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құбылыс. Осымен байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады.

Сөздің айтушы мен тыңдаушыға ортақ мәндегі бір ұғымды білдіруі оның тура мағынасы деп аталады. Ол кейде сөздің негізгі мағынасы түрінде де атала береді. Мысалы, адам, қол, шөп, кел т.б. осы сияқты сөздерді жеке алғанда да, сөйлем ішінде үнемі білдіретін ортақ мағынасын келтіруге болады.

Сөздің ауыспалы мағынасы деп оның тура мағынасынан дамып, өрбіп кейін қосылған мағыналары аталады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың (ты моя правая рука), қолы жеңіл (легкая рука), үйдің қабырғасы (стена дома) т.б.



2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар.

Қалың (киім, дәптер, бет), суық (су, сөз, қару, хабар), қара (қарындаш, ниет, жүрек), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос).



3-тапсырма. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.

  1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы студент, жақсы өмір.

  2. Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.

  3. Долы, дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз.

4-тапсырма. Мақалдарды оқып, ауыспалы мағынадағы сөзі бар мақалдарды теріп жазыңдар.

Ғаламның шырағы – күн, адамның шырағы – білім. Сөз де кілт, көңіл құлпын ашады. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. Адал достық алтыннан қымбат.

* * *

Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген сөз.



Әл-Фараби

Шын білім – әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

Әл-Фараби

Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді.

Ә.Жами

Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді.



М.Горький

&&&


№2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Білім қалай бәсекеге түседі ?

2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек ?

3. Білімді болу деген не ?

4. Жас мамандар қандай болуы қажет ?
Практикалық сабақ №3

Ақпарат. Диалект және кәсіби сөздер.

Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:




  • ақпарат тақырыбында жаңа білімдерді игеру;

  • Диалект сөздер мен кәсіби сөздерден өткенді қайталау.


Әдістемелік нұсқау

Ақпарат

Ақпарат термині арабтың хабар сөзінің (ахбар) көпше түрі, яғни қазақша баламасы “хабар беру, түсініктеме, баяндама”. Ал орыс тіліндегі «информация» термині латын тілінен (“information”) енген.

Ақпарат дегеніміз – адамдардың, жануарлардың, электронды машиналардың бір-бірімен алмасатын әртүрлі мәліметтер.



Кибернетика – ақпарат, басқару, байланыс туралы ғылым. Кибернетика ғылымы XX ғасырдың ортасында пайда болған. Оның заңдарын алғаш рет американдық ғалым Норберт Винер (1894-1964) жазды.

Ақпаратты кодтау – әртүрлі кодтарды пайдалана отырып, кез-келген ақпаратты жазып алып, есте сақтап, жібере алады.

Кодтар – қандай да бір белгілерді қалай пайлану керектігі туралы ереже. Белгілердің түрлері көп: әліппенің әріптері, сандар, бағдаршамның түстері, нүкте және сызықшалар т.б. Әлемдегі қоршаған туралы ақпарат біздің санамызға еніп, жүйке импульстары ретінде кодталған.

Ақпаратты сақтаушы құралдар – дискілер, компакт-дискілер, флешкалар.

Компакт-диск - оның беткі қабаты миллиондаған майда бөліктерден тұрады. Компьютер құралдарының бірі лазерлі сәуле осы бөліктерден өтеді. Кейбір бөліктер лазерлі сәулені көрсетеді, кейбір бөліктері көрсетпейді. Осылайша сигналдар пайда болады. Бұл сигналдар компьютердің жүйесіне түсіп, оның жұмысын басқарады. Сосын дискіде жазылған музыка қосылады.

Сигналдардың осы екі түрі дискіге кез-келген дыбыстарды, бейнелерді, кинофильмдерді жаза алады.



Ақпараттар санының көп не аз екенін өлшеуге болады. Өлшеудің бірлігін бит деп атайды.

Бит – ақпараттың ең аз саны. Ақпараттың 8 биті байт деп аталады. Бұл битке қарағанда ең ірі бірлік. Бір байтпен кез-келген әліппедегі әріптерді, сандарды кодтауға болады. 1024 байтты – килобайт, 1024 килобайтты –мегабайт, 1024 мегабайтты – гигабайт деп атайды. 1 гигабайтты компакт-дискіге көптеген кітаптарды, мәтіндерді суреттерімен енгізуге болады.


Жаңа сөздерді жаттаңыз.

мәлімет - сведения

ақпарат туралы ғылым - наука об информации

басқару - управления

байланыс - связь

ақпаратты сақтаушы құралдар – носители информации

жүйе -система


лазерлі сәуле – лазерный луч

жүйке импульстары – нервный импульс

майда бөліктер - крохотные участки

бейнелер - изображения

компьютер құралдары – устроиства компьютера

оның беткі қабаты – его поверхность






1-тапсырма. Берілген мәтіннің негізінде диолог құрастырыңыз?


Диалект және кәсіби сөздер

(Слова диалекты и профессиональные слова)

Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданылатын сөздер (актив лексика), сирек қолданылатын сөздер (пассив лексика) деп бөледі. Алғашқы топқа жалпыхалықтық лексикадағы, барлығымызға түсінікті сөздер кірсе (мектеп, қала, көше, кітап, қол), сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсіби сөздер мен терминдер кіреді.

Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз. Диалект сөздердің басым көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, шалбар – сым (оңтүстікте), денелі – жоян (шығыста), орындық – тақ (солтүстік облыстарда). Диалект сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері болады.



Бәдірен-әгүршік – қияр (огурец);

Бақыр –шелек (ведро);

Шыны, пиала – кесе (чаша для чая);

Шақпақ, күкірт, шырпы – сіріңке (спичка) т.б.

Белгілі бір кәсіп, шаруашылық саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.

Балық аулау кәсібіне байланысты сөздер (слова связанные с рыболовным ромыслом): табан (лещь), шортан (щука), бекіре (осетр) т.б.

Ауыл шаруашылығына байланысты сөздер (слова связанные с сельским хозяйством): шабу (косить), шалғы (коса), орақ (серп), мал жаю (пасти скот), қой қырқу (стрижка овец) т.б.


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Ақпарат термині арабтың ..... сөзінің (ахбар) көпше түрі Кибернетика – ақпарат, басқару, байланыс туралы ......Өлшеудің бірлігін ..... деп атайды. Ақпараттың 8 биті ...... деп аталады. Әлемдегі қоршаған туралы ақпарат біздің санамызға еніп, ........ретінде кодталған. Компакт-диск - оның беткі қабаты миллиондаған ..........тұрады. 1 гигабайтты компакт-дискіге көптеген ..........суреттерімен енгізуге болады.
3-тапсырма. Достарыммен әңгімелесіп, олардың істейтін кәсібіне байланысты термин сөздерді жинастырып жазыңыздар.

4-тапсырма. Компьютерді меңгерудің өз келешектерің үшін қандай пайдасы бар?
* * *

Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға қулау жолдасы келіп:

- Қожеке, мына бір затты қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, ешкім білмейтін бір түске бояп беріңізші, - дейді.

Қожанасыр бұл қалжыңды түсіне қояды да:

- Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет, - дейді.

- Қашан келейін, - дейді жолдасы қулығын асырдым деп мәз болып.

- Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, - дейді сонда Қожанасыр.
№3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Ақпарат термині қай тілден енген ?

  2. Ақпарат дегеніміз не?

  3. Кибернетика қандай ғылым ?

  4. Ақпаратты сақтаушы құралдарды атаңыз ?

  5. Ақпараттар саны немен өлшенеді ?


Практикалық сабақ №4

Ақпараттық жүйе. Жалпылама қолданылатын терминдер мен сөздер.

Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • Ақпараттық жүйе құрылымын топтастыру, жаңа сөздермен танысу;

  • Жалпылама сөздердің қолдану аясын анықтау, терминдерді қолданыс аясына талдау жасау.

Әдістемелік нұсқау

Ақпараттық жүйе
Ақпарат жүйесі дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік сала.

Ақпарат жүйесін келесі ішкі кластарға бөлуге болады:



  • ақпараттық-анықтамалық жүйелер;

  • ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;

  • ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.

Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.

Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.

Ақпаратты-қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.

Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді компьютер алады.



Жаңа сөздерді жаттаңыз.

жаңарту – обновление

өңдеу - правка

ақпараттық-анықтамалық жүйелер – информационно-справочная система

ақпараттық-қадағалаушы жүйелер - информационно-контрольная система


тығыз байланысты – тесно связано

ақпаратты өңдеу үрдісінде – в процессе обработки информации

автоматты түрде – атоматический

техникалық құралдар – технические средства








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет