«Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



Дата18.08.2020
өлшемі23,68 Kb.
#76366
Байланысты:
K 1241 sibi ba 1171 yttal 1171 an shet tili TEST SPETsIFIKATsIYaSY


«Кәсіби бағытталған шетел тілі»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)


1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

M019 Шет тілдері педагогтерін даярлау

Шифр білім беру бағдармалар тобы



3. Тест мазмұны: Тест «Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес келесі тақырыптар бойынша оқу материалын қамтиды. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.




Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсырмалар саны

1

Әлемдік сахнада балалардың «KVO» мәртебесі: қоғамдағы балаларға дұрыс көзқарас

А-2, В-1, С-1

4

2

Қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік проблемалары және жаһандық мәселелері: студенттердің жаһандық құзыреттіліктері мен әлемдік көзқарасын қалыптастыру; көші-қон; адам құқықтарын қорғау

А-1, В-3, С-1

5

3

Жастар және олардың мүмкіндіктері: мамандықты таңдау, академиялық ұтқырлық, тәжірибе.

Ғылымды, білім беруді, өндірісті интеграциялау



А-2, В-2, С-1

5

4

Мәдениет және қазіргі әлем: мәдениетаралық қарым-қатынас; ғаламдық әлемдегі мәдени сәйкестікті сақтау

А-1, В-1, С-1

3

5

Білім беру жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының трендтері: smart - білім беру және электронды білім беру технологиялары; шет тілін оқытудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі

В-1, С-2

3

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

20


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Кәсіби бағытталған шетел тілі пәні бойынша тест тапсырмаларының мазмұны типтік оқу бағдарламасына жəне C1 тілдік білім деңгейінің (IV ұлттық стандарт) талаптарына сай. Тест тапсырмалары «M019 - Шет тілдері педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша магистратураға түсетін талапкерлердің кәсіби-коммуникативтік құзыреттіліктерінің қалыптасуын тексеруге арналған.



5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:


  • жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.



9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Tuyakaeva D.Sh., Seliverstova I.A., Ainabayeva Z.M., Alpysbayeva S.T. Profession-oriented foreign language in the context of intercultural communication" Coursebook for the 3rd -year students. / Almaty, 2018.



2. Mann M, Taylore Knowles S. Destination C1&C2. – Macmillan, 2008.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет