Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 7.
Қосымша әдебиеттер: 4, 5.
І бөлім
КӘСІБИ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2-дәріс. Кәсіптік әрекет процесі
Белгілі психолог Е.А. Климов «кәсіп» түсінігінің бірнеше аспекті- лерін қарастырады:
кәсіп жақын мәселелермен айналысатын және шамамен бірдей қалыпта өмір сүретін адамдардың жиыны ретінде (белгілі болғандай, қайткенмен кәсіп адамның бүкіл өмірінде өзінің «ізін» қалдырады);
кәсіп маманның кәсіби іс-әрекетінің объектісі мен пәнін айқындау және нақтылаумен байланысты күштерді қолдану саласы ретінде;
кәсіп тұлғаның іс-әрекеті мен танылу саласы ретінде. Кәсіби іс- әрекет тек қандай да бір өнімді немесе қызметтерді жай ғана өндіруге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, ең алдымен ол адамның шығармашылық потенциалын жүзеге асыратынын және осы потенциалдың дамуы үшін жағдай жасайтынын жиі естен шығарып аламыз (К. Маркс айтқандай, еңбектің негізгі нәтижесі – бұл өндірілген өнім емес, «қоғамдық қатынастардағы адамның өзі»);
кәсіп тарихи дамушы жүйе ретінде. «Профессия» сөзінің өзі латынша profiteri – «көпшілік алдында сөйлеу» деген сөзіне сәйкес келуі тегін емес. Осылайша, кәсіп феноменінде ежелден – ақ жалпы және әлеуметтік психологияның пәні болатын оқиғалар жасырылған,- деп анықталады;
кәсіп еңбек субъектісінің өзі шығармашылықпен қалыптастыратын ақиқат ретінде (біздің жағдайда – психологтың өзі). Бұл мәдени – тарихи жағдайдың өзі жаппай доминантты болмайды, көбісі нақты адамдардың өздеріне тәуелді дегенді білдіреді.
«Кәсіп» ұғымынан басқа, оған жақын өзге түсініктерді талдау да қажет болады. Көбінесе, «мамандық» түсінігі – бұл өз күшін жұмсайтын, анағұрлым нақты сала. Мысалы, психолог кәсібіндегі мамандықтар
«әлеуметтік психология», «клиникалық психология» және т.б. бола алады. Тағы бір нақтырақ түсініктер «қызмет» немесе «еңбектегі посты». Мұнда нақты мекемедегі жұмыс және нақты қызметтерді атқару анықталады. «Іс» ұғымы, керісінше, өзіне кәсіпті де, мамандықты да және нақты қызметті де қосып алатын жеткілікті кең ұғым. Мысалы, бір мамандар мектептегі кәсіби бағдарлану мәселелерімен айналысады деп айтуға болады. Мұның ішінде жасөспірімдердің жас ерекшелік – психологиялық даму мәселелері, бала – ата-ана қарым - қатынасы мәселесі, тұлға әлеуметтенуінің жалпы мәселелері және бұлармен байланысты қоғамның әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктерін түсіну мәселелері, дамудағы ауытқумен байланысты мәселелерді қарастыру да жатады.
Тұтастай «кәсіп» түсінігінің сипаттамасы төмендегідей:
бұл, кәсіби маман үшін аралас мамандықтармен ажырамас байланыстағы іскерлікті білдіретін шектеулі еңбек түрі;
бұл, арнайы дайындық пен үнемі қайта дайындықты талап ететін еңбек;
бұл, марапаттау үшін орындалатын еңбек (мұнымен кәсіп кәсіби емес іс-әрекет түрлерінен ажыратылады);
бұл, қоғамдық пайдалы еңбек (бұл сипаты жөнінде шын мәнісінде психологтардың өздері де әлі күнге толық ойланған жоқ);
бұл, адамға қоғамда белгілі бір статус беретін еңбек (көп адамдар үшін «мен – психологпын» деп айту – бұл көп нәрсені білдіреді...).
«Кәсіптің» мәнін жақынырақ одан әрі түсіну үшін ХХ ғасырдың басында белгілі психолог С.М. Богословскийдің берген анықтамасын еске түсірген жөн: «Кәсіп-әрекет және кәсіп арқылы адам қоғам өміріне қаты- сады, сондай-ақ кәсіп адамның өмір сүруіне қажетті материалдық құрал- дардың ең негізгі қайнар көзі ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар адамның жеке өзіндік санасының кәсібі ретінде қарастырылады».
С.М. Богословскийдің соңғы тұжырымы («берілген адамның жеке өзіндік санасының кәсібі ретінде түсіндіріледі») кәсіби іс-әрекеттің ең маңызды психологиялық аспектісін айқындауға және маманданудың кейбір «парадокстарын» белгілеуге мүмкіндік береді. Көбінесе, адам өз міндеттерін (одан талап етілетіндердің барлығын) өте жақсы орындай алады, бірақ соның өзінде өз жұмысын жек көреді. Бұл жағдайда «берілген адам» үшін мұндай жұмысты «кәсіп» деп айту өте қиын.
Бұл анықтамаларды жалпылай келе, мынадай сипаттамаға тоқтай- мыз. Мамандық (латынша professio) – еңбек іс-әрекетінің тарихи қалыптас- қан формасы, мұны орындау үшін адам нақты білім, дағдыны игеріп, арнайы қабілеттер мен дамыған кәсіби маңызды сапаларды меңгеруі қажет.
Кәсіп атқару жолындағы еңбек орны мамандық атқарушы адамның белсенділігінің басты формасы болы табылады. Кәсіп атқару жолындағы еңбек және жұмыс орындарының негізгі сипаттамасы мекемелердің құқық- тық құжаттары және еңбекке байланысты объективті мұқтаж-мүдделер мен әлеуметтік-психологиялық жәйттердің индивидуалды өзгешеліктері арқы- лы анықталады. Осындай индивидуалды өзгешеліктер мен объективті мұқтаж-мүдделер бірыңғай кәсіби іс-әрекетті істейтін адамдардың өзара байланысында пайда болады.
Кәсіп атқару жолындағы еңбек орны білімнің жүйелік сипатына ие болады және ол көп қырлы болып жүзеге асады.
Психологиялық тұрғыда енбек орнына сай мынадай бөлшектерін анықтауға болады:
Әлеуметтік тұрғыда орнатылған мақсаттар мен еңбектің түп нәти- жесіне байланысты ойлар;
Еңбектің істелінуі үшін керекті тапсырылған зат (еңбек шығын- далатын материалдар, еңбек етудің объектілері, еңбек затына байланысты ақпараттық, заттық, әлеуметтік, тіршілік процестері);
Еңбекті атқарудағы құралдар жүйесі;
Кәсіпке тиісті қызметтік міндеттердің арнайы жүйесі, орнатылған еңбек әрекетінің функциялары;
Еңбек атқарушының құқықтар жүйесі;
Өндірістік орта (еңбектің заттық және әлеуметтік жағдайлары).
Әлеуметтік тұрғыда орнатылған мақсаттар мен еңбектің түп нәтижесі жұмыс орындау үлгілері, оның құжаттық сипаттамасы, істеудің
көрінісі және еңбек талаптарының қалыптасуы арқылы тіркелініп отырады. Осымен бірге, айтылған мақсаттар мен міндеттер әрқашанда құжат түрінде тіркелмей, мемлекеттік стандарттарда көрініс алмауы да мүмкін. Мысалы: басшының еңбек әрекетінің нәтижесі ретінде оның басқарған еңбек ұжымының тиімді қызмет етуі болып табылады; ал оркестр дирижерының, вокалды ұжымның өнер әрекетінің нәтижесі ән-күй туындыларын шығармашылықпен орындау болса, ұшқыш пен штурман атқаратын кәсіби әркетінің нәтижесі ұшу процесін оптималды және қауіпсіз басқару болып табылады. Әрине, «тиімді», «оптималды», «шығармашылық» сияқты си- паттамалар әр уақытта бірыңғай объективті өлшемдермен сипатталмай, олар еңбектің тек нақты белгілердің жиынтығында ғана айқындалады. Еңбек әрекеті соңынан шығарылатын өнім мен нәтиже ізденіспен байла- нысты әрекеттерде жиі кездеседі (мысалға: ғылыми-зерттеу әрекетінде, өнер мен шығармашылықта). Бірақ кейбір жағдайларда еңбек әрекетінің нәтижелерін қатаң «объективті» түрде тіркеп отыру формализмге апаруы мүмкін.
Еңбек әрекетінің заты ретінде біз адамның еңбек процесіндегі қажетті және өңделінетін объектілер мен құбылыстардың арасындағы өзара байланыстарымен және олардың еңбек әрекетіне маңызды болатын ерекшеліктерін еңбек әрекеті затының ресми көрінуі ойша атқарылатын – материалды өңдеумен байланысты мамандықтарда құжаттық түрде тірке- лінеді. Мамандықтар қатарында еңбек әрекетінің заты ретінде түрлі белгісіздік жағдайлар да болуы мүмкін. Мысалға, автокөлік жүргізушісіне жол жағдайлары сондай болуы мүмкін. Тәрбиеші еңбек әрекетінің заты ретінде баланың тәрбиеленудегі ықтималды және сапалы өзгеруін айтуға болады; спорт саласындағы бапкер еңбек әрекетінің заты – спортшы- лардың организм жағдайлары мен олардың арнайы дайындық арқылы қалыптасатын жетістіктері; басшы еңбек әрекетінің заты - қол астындағы еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық қолайлылығы және кәсіби дамуындағы жетістіктері болып табылады. Ал, ғылыми-зерттеу және өнер- шығармашылық әрекеттерінде еңбектің заты – бұл ізденіс әрекетінде керекті ақпараттар мен көркем эстетикалык көріністерді қалыптастыру болады. Басқа сөзбен айтқанда – осындай еңбек әрекеттері әлеуметтік маңызы бар өнімдерді тудыруы тиіс. Мысалға, мемлекеттік қызметкер еңбегінің заты ретінде «әлеуметтік процестердің реттелу жағдайы» болса, сол еңбектің нәтижесі – әлеуметтік процестердің реттеліну деңгейі болады. Сонымен, еңбек әрекетінің заты дегеніміз түрлі құбылыстар, процес-
тер, объектілер және еңбек белгілерінің өзара байланысты жиынтығы мен заттық өрісін айтамыз.
Еңбек құралы ретінде адамға еңбек әрекетінің заты мен еңбек мақса- тына сай заттың өзгеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін объективті (мате- риалды, виртуалды) тәсілдерді белгілеуге болады. Педагог, басшы,
мемлекеттік қызметкердің (жалпы «адам-адам», «адам-әлеуметтік топ» сияқты мамандықтың өкілдері ретінде) еңбек құралына үлгілер, эталондар және басқару әдістерімен қоса, олардың табиғи мүмкіншіліктер мен индивидуалды қабілеттерін жатқызуға болады. Мысалы: басшының дауыс ерекшеліктері негізгі қабылданған ережелер секілді бағынушылар мен оқушылардың көзқарастары мен өзіндік сезінулеріне (қолайлы-қолайсыз) әсер етеді. Басқарушы еңбегінің тиімді құралдары ретінде (оқытушының, мұғалімнің, бапкердің, дирижердің, режиссердің, басшының) жестику- ляция мен мимика, поза (өзіндік ұстанымы), қимыл-қозғалыстармен бірге түрлі вербалды емес құралдарды айту жөн.
Айтылған жағдай басқа да мамандықтар өкілдеріне де тән болуы мүмкін. Дәрігер мен емделушінің арақатынасы (деонтология) науқастың не жазылуына, керісінше не аурудың ұшыға түсуіне ықпал етеді. Еңбек ұжымында компьютерлермен жұмыс жасайтын инженердің вербалды емес әрекеті қызметкерлердің техника мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдала- нуына мүмкіндік береді немесе кедергі туындатады.
Жалпы алғанда, еңбек құралдарын сыртқы және ішкі деп ажыратуға болады. Олардың жіктемесін төменгідей түрде көрсетуге болады:
Затты өңдеу құралдары мен жалпы еңбек құралдары:
ақпаратты қабылдау мен бейнелендіру құралдары (ақпараттық шартты сигналдар, бейнелерді ұсыну құралдары);
ақпаратты өңдеу құралдары (оргтехника);
ақпаратты тасымалдау және жеткізу құралдары;
белгілер жүйесіне негізделген техника мен тіршілік жүйелерінде тәжірибелік әрекеттерді жүзеге асыратын құралдар (қолмен істелінетін еңбек құралдары, қол көмегімен басқарылатын автокөлік, ұшақ, жартылай және толық автоматтандырылған жүйелер).
Еңбек әрекетінің сыртқы функционалдық құралдары:
адамның сөйлеу әрекеті мен жүріс-тұрысындағы бейнелеуіш құралдары (басшының, мемлекеттік қызметкердің, педагогтің, әртістің, радиотеле жүргізушілердің жұмысында орын алатын табиғи құралдар);
адам организмінің табиғи мүмкіндіктері (бапкер, балет, цирк әртістері);
орындаушылар тобын басқару (басқаратын дирижер, режиссер, ұйымдастырушы);
Еңбектің ішкі функционалдық құралдары:
білімдер, жаңалықтар, іскерліктер мен дағдыларды жүзеге асыру қабілеттері;
іс-әрекет нәтижелері мен өнімдері туралы болжамды көріністер, әрекет, мақсаттар мен орындау үлгілері;
еңбек әрекетінің мотивтері;
адамның жекеленген және интеллектуалды ерекшеліктері немесе кең мағынасында жеке дара және кәсіби потенциалы.
Еңбектің ішкі және сыртқы құралдарының өзара байланысы "кері байланыспен" сипатталынады: еңбектің сыртқы құралы неғұрлым азырақ көрініс тапса, ішкі құралдары кеңірек жетіледі.
Кәсіп атқару жолындағы еңбек орнын сипаттайтын еңбек субъекті- сінің міндеттемелер жүйесі еңбек етушіге негізгі белсенділік формаларын жүктеп, оған талаптар жүктейді.
Еңбек қызметтерін адам еңбегінің жағдайлары мен мақсаттарына сәйкес реттелген адамның еңбек белсенділігін қамтамасыз ететін процес- тері деп түсінуге болады.
Әрекет атқарушы субъектілердің еңбек қызметтері мен функциялары тарих барысында түрлі өзгерістермен сипатталған. Адамзат тарихының алғашқы кезеңдерінде жүкті көтеру және оның орынын алмастыру үшін адамдар мен жануарлардың физиологиялық күштерін пайдаланып тұрған, яғни олардың күштерін көліктік функция ретінде жүзеге асырған. Қазіргі уақытта жалғыз адам механикалық құралдар мен аспаптар көмегімен дәл сондай жүктің орнын алмастыруға, көлікті жылжытуға мүмкіндігі бар (автоматтандырылған кешендер мен желілер операторы, экскаватор, кран, локоматив машинисі). Әдетте еңбек ұжымы ішінде жеке жұмыстарды және еңбек қызметтері мен функцияларын адамдар арасында үлестіруге болады (цехтарда, бригадаларда, экипаждарда). Осында құрылымдар ретінде атқарушылық және басқарушылық функциялар айқын болады. Еңбек қызметтері мен функциялары тікелей және жанама түрде бақылануы мүмкін (ақпаратты сынау мен ойша өңдеу, психикалық және фунцио- налдық жағдайларды қадағалау мен реттеу). Мысал үшін, ұжым басшысы қандай да бір шешім қабылдауда өзінің күмәндарын көрсетпей, сыртқы жайбарақаттылықты сақтап отырады; сатушы дүкенге келген клиентке өз тауарының артықшылығын көрсетіп, сендіріп, оны сатып алу ниетіне келтіруі тиіс; асыл бұйымдарды әрлеуші өз жұмысына тиянақтылықпен қарамаса, оны бар ынта-жігерімен жасай алмайды.
Еңбек функциялары мен қызметтері және сол еңбекке қатысты міндеттемелер нормативтік құжаттарда, инструкцияларда, ережелерде айқындалып тұруы тиіс. Әдетте ережелер, нормативтік актілер, инструк- циялар еңбектің жан-жақты өзгешеліктерін белгілей алмайды және осы- ларға еңбек субъектісінің қызметтері сайма-сай болмаған жағдайда объек- тивті қайшылықтар туындауы мүмкін. Сондай қайшылықтарды жұмысшы құқықтары мен міндеттерін ескеру арқылы қалыптастыруға болады.
Әр жұмысшының еңбек саласындағы құқықтары (заңды және норма- тивтік құжаттарда тіркелінген) объективті және нақтылы түрде жүзеге асуы тиіс. Еңбек әрекеті неғұрлым ұйымдастырылған және реттелген болса, соғұрлым әр жұмысшының оны орындауындағы әрекет көлемін
және сапасын байқауға болады. Осыны еңбек атқару тиімділігіне, еңбектің өнімділігі мен нәтижелеріне қанағаттануына, еңбек жағдайларын алдын ала болжау мүмкіндіктері еңбекке жағымды әсер болатын маңызды фактор болып саналады.
Еңбек тәртібі мен бағалау жағдайлары маңызды және өзекті шарт- тары болады. Себебі, еңбектің өзі экономикалық категория болып қана қоймай, әлеуметтік, мәдени, мүлдем рухани құбылыс боп көрінеді. Ол субъектінің кәсіби іс-әрекеті мен еңбек нәтижесінің бағалануының, «еңбек қызметтерінің атқарылуының», «қызметтік міндеттер орындалуының» және «жұмысшы құқықтарын» қорғау мен қызметкерлер арасында жұмысты үйлесімді бөліп беру мен олардың ауыспалылық жағдайларын ескеріп отырады. Бұл жағдайлар маңызы нақты еңбекті атқаратын жұмысшының білім деңгейі мен кәсіби шеберлігі өскен сайын жетіліп отырады. Сондықтан еңбек атқарушысы жай «субъект» болып қана қоймай, өзіне тән индивидуалдылығын сақтап, дамыта алатын тұлға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |