Кесінді түзудің екі нүктесі аралығында жатқан және әлгі екі нүктені де қамтитын бөлігі Бұрыш



бет1/2
Дата08.02.2020
өлшемі93,19 Kb.
#57419
  1   2
Байланысты:
Сұрақтар


Кесінді - түзудің екі нүктесі аралығында жатқан және әлгі екі нүктені де қамтитын бөлігі
Бұрыш–— бір нүктеден шыққан әр түрлі екі сәуледен құралған геометриялық фигура.

Сәулелер бұрыштың қабырғалары, ал олардың ортақ нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады.

Бұрыштың өлшем бірлігі градус деп аталады.

Егер бұрыштың қабырғалары түзу құраса онда мұндай бұрыш жазыңқы бұрыш делінеді.



Жазыңқы бұрыш 180о –қа тең.

Жазыңқы бұрыштың жартысына тең бұрышты – тік бұрыш деп атайды. Ол 90о-қа тең.



Тік бұрыштан кіші бұрыш сүйір бұрыш деп аталады. Ол 0о-тан үлкен, 90о-тан кіші болады. Мыс: 35о

Тік бұрыштан үлкен бұрышты доғал бұрыш деп атайды. Ол 90о-тан үлкен, бірақ 180о-тан кіші болады. Мыс: 150о

Егер екі бұрыштың төбесі мен бір қабырғасы ортақ болып, ал қалған екі қабырғасы түзу құраса, онда мұндай бұрыштар сыбайлас бұрыштар деп аталады. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180о-қа тең.

Биссектриса деген не? Биссектриса бұрыштың төбесінен басталатың және бұрышты қақ екіге бөлетін сәуле:


Үшбұрыш - үш нүктеден, үш қабырғадан және үш бұрыштан тұрады

Үшбұрыш - бір түзу бойында жатпайтын үш нүктені қосатын кесінділермен шектелген фигура

Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты түрлері:
1) қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі болатын үшбұрыш әр қабырғалы үшбұрыш
2) екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш
3) үш қабырғасы өзара тең болатын үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыштың бұрыштарына байланысты түрлері:
1) үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш
2) бір бұрышы тік болатын тік бұрышты үшбұрыш
3) бір бұрышы доғал болатын үшбұрыш доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады.

Барлық қабырғаларының ұзындықтары тең болатын үшбұрышты – тең қабырғалы үшбұрыш деп атайды. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары 60о –тан яғни тең болады

Теңбүйірлі үшбұрыш  дегеніміз —екі қабырғасының ұзындықтары бірдей, ал үшінші қабырғасы өзгеше болатын үшбұрыш. Тең болатын екі қабырғасын бүйір қабырғалары деп атайды. Ал ұзындығы өзгеше қабырғасы табаны деп аталады. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болады.

Қабырғаларның ұзындықтары әр түрлі болатын үшбұрышты әр түрлі қабырғалы үшбұрыш деп атайды
Үшбұрыштың бір төбесінен, қарсы жатқан қабырғаның қақ ортасымен қосатын кесінді, осы төбеден жүргізілген үшбұрыштың медианасы деп аталады.

Мына суретте BD кесіндісі осы үшбұрыштың B төбесінен жүргізілген үшбұрыштың медианасы болады:



D нүктесі AC кесіндісін ұзындықтары бірдей AD және DC кесінділеріне бөледі.
Үшбұрыштың бір төбесінен жүргізілген биссектрисаның бойында жататың, және бұл төбеге қарсы жатқан қабырғаны осы төбемен қосатың кесінді үшбұрыштың биссектрисасы деп аталады.

Төмендегі суреттегі BR кесіндісі, B төбесінен түсірілген үшбұрыштың биссектрисасы деп аталады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет