Кәсіпкерлік саласынадағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
Нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Сонымен:
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады.
Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады.
Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке хұқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа хұқықтары бар.
Біріккен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік хұқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу хұқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады. Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс. Салық мөлшері кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимімен анықталады. Патент негізінде құрылған қызметте кәсіпкер кірісі 3 проценттік табысқа негізделеді. Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі 3-7 проценке дейін оның сомасына байланысты бөлінеді.
Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебі патент пен жеңілдік декларациясын қолданатын болса, заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінен жеңіл болып келеді. Патентепн жұмыс кезінде ол мүлде болмайды. Бұл артықшылық жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есепті бухгалтер жалдамай-ақ өзі жүргізуіне мүмкіндік береді. Жеңілдік декларациясын қолдану заңды тұлғаға да болады, бірақ көп жағдайда бухгалтер жалдауды қажет етеді.
Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС бола алмайды. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге шығын өте аз.